181
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Нганасан тілі – Қазақстан нганасандары этностық тобының экзогенді тілі.
Нганасан тілі оралдық тілдер семьясының самодий тобына жатады.
Православие дінін ұстанады, бір бөлігі дəстүрлі наным-сенімдердің жо-
лында.
НЕГИДАЛДАР, өз атауы – элькан бэйэнин, набэйэненин. Амур бойындағы
тұңғыс-мəнжүрлік аз халық.
Қазақстандағы негидальдар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 1 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 6 адам.
Негидал тілі – Қазақстан негидалдары этностық тобының экзогенді тілі.
Негидал тілі тұңғыс-манчжур тілдер семьясына жатады.
Діни көзқарасы жағынан негидалдар – шаманизм түріндегі анимистер.
НЕМІСТЕР, өз атауы – дойче; австриялықтар остеррайхер деп аталады.
Қазақстандағы немістер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 353462 адам,
2013 жылғы мəлімет бойынша 181348 адам.
Неміс тілі – Германияның ресми тілі; Австрияның, Швейцария конфеде-
рациясының, Люксембург ұлы герцогтығының, Лихтенштейн князьдығының
ресми тілі; Еуропалық Одақтың 25 ресми тілінің бірі; əлем тілдері қатарына
кіреді жəне БҰҰ-ның ресми жұмыс тілі, əртүрлі тілді адамдардың қарым-қа-
тынасы үшін lingua franca.
Неміс тілі (жоғарғы неміс тілі жəне төменгі неміс тілі диалектілері) – Қа-
зақстандағы неміс этностық тобының экзогенді тілі.
Неміс тілі үндіеуропалық тілдер семьясының герман тобының батысгер-
ман ішкі тобына жатады.
Дінге қатысы жағынан Қазақстандағы немістер, Германиядағы сияқты
біртұтас емес; лютерандық, католик, меннонит, баптист, пятидесятник, ад-
вентист, Иегово куəлары т.б. бағыттарды ұстанады. Жекелеген оқиғалар бол-
маса, ислам мен православиені қабылдаулары көрінбейді.
2014 жылғы мəліметтер бойынша бұл этностың шоғырланып қоныстанған
жерлері Қарағанды облысында – 18,28%, Қостанай облысында – 15,51%,
Ақмола облысында – 14,49%, Павлодар облысында – 11,65%, Солтүстік Қа-
зақстан облысында – 11,23%.
Қазақстан аумағында неміс республикалық, облыстық мəдени бірлестік-
тері, қалалар мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді.
НЕНЕЦТЕР, өз атауы – ненець, ненэй, ненець «нағыз адам» мағынасында
(еск. самоед, юрак).
Қазақстандағы ненецтер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 83 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 7 адам.
Ненец тілі – Ямал-Ненец автономиялы округының мемлекеттік тілі (орыс
тілімен қатар); Таймыр (Долган-Ненец) автономиялы округының мемлекет-
182
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тік тілі (орыс тілімен қатар); Қазақстан ненецтері этностық тобының экзоген-
ді тілі.
Ненец (юрак-самоед) тілі оралдық тілдер семьясының самодий тобына жа-
тады.
Діни сенімі православие, дəстүрлі наным-сенімдерінің сипаттары
сақталған.
НИВХТЕР, өз атауы –нивхгу (амур диалектісі), нивгун (Шығыс Сахалин
диалектісі) адам, адамдар мағынасында; еск. гиляктар.
Қазақстандағы нивхтер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 8 адам, 2009
жылғы мəлімет бойынша 4 адам.
Нивх тілі – Қазақстан нивхтері этностық тобының экзогенді тілі.
Нивх тілі (еск. гиляк тілі) палеоазиялық тілдер семьясының оқшауланған тілі.
Ресми түрде православиеліктер болып саналғанмен дəстүрлі наным-сенім-
дері (табиғатқа, аюға табыну, шамандық т.б.) сақталған.
НИДЕРЛАНДЫҚТАР, өз атауы – холандерс.
Қазақстандағы нидерландықтар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 21
адам.
Нидерланд тілі – француз тілімен қатар Нидерланд Корольдігінің мем-
лекеттік тілі; Бельгия Корольдігінің, Суринам жəне нидерландтық Антиль
аралдарының ресми тілдерінің бірі; Еуропа Одағының 25 ресми тілінің бірі;
Қазақстан нидерландықтары этностық тобының экзогенді тілі.
Нидерланд (голланд) тілі – үндіеуропалық тілдер семьясының герман тар-
мағының батысгерман ішкі тобының төменгі неміс тармағына жатады.
Голландтықтардың шамамен жартысы өздерін христианға жатқызады: олар –
католиктер мен протестанттар, негізінен, кальвинистер мен лютерандар. Осын-
дай шамада (жартысына жуық) голландықтар өздерін дінге қатысты емеспіз
деп санайды.
НОҒАЙЛАР, өз атауы – ноғай. Соңғы тарихи кезеңде Қырымды, Сол-
түстік Кавказды, Еділдің оңтүстігін мекен етіп келе жатқан халық.
Қазақстандағы ноғайлар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 350 адам,
2013 жылғы мəлімет бойынша 295 адам.
Ноғай тілі – Қарашай-Черкес Республикасының бес мемлекеттік тілінің
бірі; Дағыстанның он төрт мемлекеттік тілінің бірі; Қазақстан ноғайлары эт-
ностық тобының экзогенді тілі.
Ноғай тілі алтай тілдері семьясының түркі тілдерінің батыс ғұн бұтағын-
дағы қыпшақ тобының қыпшық-ноғай ішкі тобына жатады.
Ноғайлардың дəстүрлі діні – ханафи мазхабындағы ислам.
Қазақстанның кейбір қалаларында (Астана қ.) ноғай мəдени орталығы жұ-
мыс істейді.
183
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ОРОКТАР, 1991 жылдан бастап ульта (орон «бұғы» сөзінен шығады) деп
аталады.
Қазақстандағы ороктар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 1 өкілі тір-
келген, Қарағанды облысында өмір сүреді.
Орок тілі – Қазақстан ороктары этностық тобының экзогенді тілі.
Орок тілі алтай тілдері семьясының тұңғыс-манчжур тобының оңтүстік
ішкі тобына жатады.
ОРОЧИЛЕР, өз атауы – нани, орочиян, орочисел.
Қазақстандағы орочи этностық тобының саны: 1999 жылғы мəлімет
бойынша 4 адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 3 адам.
Орочи тілі – Қазақстан орочилері этностық тобының экзогенді тілі.
Орочи тілі алтай тілдері семьясының тұңғыс-манчжур тобының оңтүстік
ішкі тобына жатады.
ОРЫСТАР, өз атауы – русские.
Қазақстандағы орыстар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 4480675
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 3701713 адам.
Орыс тілі – Ресей Федерациясының, сонымен қатар Ресей Федерациясы-
ның субъектісі болып саналатын республикалардың мемлекеттік тілі; Қырғыз-
стан Республикасының қырғыз тілімен қатар, Беларусьтің белорус тілімен
қатар ресми тілі; Молдованың бір бөлігінің, Қазақстанда ресми тіл ретінде
қолданылады (мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті басқару органдарында
орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады); 6 əлем тілдері қата-
рында; ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз тілдерімен қатар БҰҰ-
ның ресми тілі; Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына, Еуразия экономикалық
қауымдастығына, Кеден Одағына қатысушы-мемлекеттердің дəнекер тілі;
əлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да оқыту тілі, үй-
ретілетін тіл (екінші тіл, шет тілі).
Орыс тілі үндіеуропалық тілдер семьясының славян тобының шығыс сла-
вян ішкі тобына жатады.
Орыс православие шіркеуі Қазақстандағы ірі діни бағыттардың бірі: екі
жүздей приходы бар, Мəскеу патриархатының құрылымдық бөлімшесі бо-
лып табылады. Орыстардың аздаған топтары протестант қауымына, дəстүрлі
емес діни жаңа бірлестіктерге енген.
2014 жылғы мəліметтер бойынша шоғырланып қоныстанған жерлері
Шығыс Қазақстан облысында – 14,36%, Қарағанды облысында – 13,92%, Қос-
танай облысында – 10,07%, Алматы облысында – 8,19%, Алматы қаласында
– 12,14%.
Қазақстан аумағында облыстық орыс мəдени орталықтары жəне қалалар
мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді.
ӨЗБЕКТЕР, өз атауы – өзбек.
Достарыңызбен бөлісу: |