Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет78/180
Дата17.02.2018
өлшемі6,97 Kb.
#10028
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   180

163
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ҚАЗАҚСТАН ЭТНОСТАРЫ
(қысқаша анықтамалық мəліметтер)
(Сүлейменова Э.Д., Садуақасова А.К., 
Шаймерденова Н.Ж., Калмыков С.К.,)
АБАЗИНДЕР, өз атауы – абаза.
Қазақстандағы  абазиндер  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 64 адам, 
2009 жылғы мəліметтер бойынша 27 адам. 
Абазин  тілі – Қарашай-Черкес  Республикасының  мемлекеттік  тілі;  Қа-
зақстан абазиндері этностық тобының экзогенді тілі. 
Абазин тілі иберий-кавказ тілдері семьясының абхаз-адыг (батыс кавказ-
дық) тобының абхаз-абазин ішкі тобына жатады.
Дінге сенетіндері – сүннит мұсылмандар.
АБХАЗДАР, өз атауы – апсуа.
Қазақстандағы  абхаздар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 185 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 76 адам.
Абхаз тілі – Абхазия Республикасының мемлекеттік тілі, Қазақстан абхаз-
дары этностық тобының экзогенді тілі. 
Абхаз  тілі  иберий-кавказ  тілдері  семьясының  абхаз-адыг  (батыс  кавказ-
дық) тобына жатады.
Абхаз топтарының діни санасында христиандықтың, исламның жəне жер-
гілікті дəстүрдегі көне нанымның сипаттары бар, елеулі бөлігі дінге бейтарап 
қарайды.
АВАРЛАР, өз атауы – маарулал.
Қазақстандағы  аварлар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 1407 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 1228 адам.
Авар тілі – Дағыстанның он төрт мемлекеттік тілінің бірі; Қазақстан авар-
лары этностық тобының экзогенді тілі. 
Авар  тілі  иберий-кавказ  тілдері  семьясының  нах-дағыстан  тармағының 
авар-цез тобының авар-анд ішкі тобына жатады. 
Дінге сенетін аварлардың басым көпшілігі – шафиқ мазхабындағы сүннит 
мұсылмандар.
АВСТРИЯЛЫҚТАР: өз атауы – остеррайхер.
Қазақстандағы  австриялықтар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 45 
адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 61 адам.


164
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Неміс тілі (неміс тілінің жоғарғы неміс жəне төменгі неміс диалектілері) – 
Қазақстан австриялықтары этностық тобының экзогенді тілі.
Неміс тілі – Германияның ресми тілі, Австрияның, Швейцария конфеде-
рациясының,  Люксембург  ұлы  княздігінің,  Бельгия  Корольдігінің,  Бельгия 
князьдігінің,  Лихтенштейін  князьдігінің  ресми  тілдері;  Еуропалық  Одақ-
тың 25 ресми тілінің бірі; əлемдік тілдердің қатарына кіреді жəне БҰҰ рес-
ми жұмыс тілінің бірі; туған тілі əр түрлі адамдардың тілдесуі үшін lingua 
franca.
Неміс  тілі  үндіеуропа  тілдік  семьясы  герман  тобының  батыс  германдық 
ішкі тобына жатады.
Діни санасы жағынан австриялықтар, Қазақстанның немістері сияқты, ка-
толик, лютеран, қазіргі протестанттық жəне басқа бағыттарды ұстанады.
АҒҰЛДАР, өз атауы– агъул шуй, агъул.
Қазақстандағы  ағұлдар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 126 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 94 адам. 
Ағұл тілі – Дағыстан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан ағұл-
дары этностық тобының экзогенді тілі. 
Ағұл  тілі  иберий-кавказ  тілдері  семьясының  нах-дағыстан  тармағының 
лезгин ішкі тобына жатады.
Дінге сенетін ағұлдар – шафих мазхабындағы сүннит мұсылмандар.
АДЫГЕЙЛІКЕР, өз атауы – адыге.
Қазақстандағы адыгейлер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 130 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 87 адам.
Адыгей тілі – Адыгей Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан ады-
гейлері этностық тобының экзогенді тілі. 
Адыгей  (кях)  тілі  иберий-кавказ  тілдері  семьясының  абхаз-адыг  (батыс 
кавказдық) тобына жатады.
Қазіргі  адыгейліктердің  көбі,  тарап  кеткен  басқа  да  адыгтар  сияқты,  өз-
дерін мұсылманға жатқызады.
ƏЗІРБАЙЖАНДАР, өз атауы – азербайджанлы, азери
Қазақстандағы  əзірбайжандар  саны: 1999 жылғы  мəліметтер  бойынша 
78 295 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 96 179 адам. 
Əзірбайжан тілі – Əзірбайжан Республикасының мемлекеттік тілі; Дағыс-
тан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан əзірбайжандары этностық 
тобының экзогенді тілі. 
Əзірбайжан тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының оңтүстік-батыс 
оғыз тармағына кіреді. 
Этностық топтың шағын қоныстануы Оңтүстік Қазақстанда 33,04%, Ал-
маты  облысында 17,42%, Жамбыл  облысында 12,1%. Қазақстан  аумағында 


165
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
əзірбайжан ұлттық-мəдени бірлестіктері жəне олардың бөлімшелері қалалар 
мен аудандарда жұмыс істейді.
Барлық əзірбайжанның тоқсан пайыздайы шейіт мұсылмандарға жатады, 
ал  сүннит  мұсылмандығындағы  аздаған  əзірбайжандар  ханафи  мазхабын 
ұстанады.
АЛБАНДАР, өз атауы – шкиптар.
Қазақстандағы албандардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 46 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 459 адам. Соңғы жылдары құрылыс жұмыс-
шылары мен олардың отбасыларының есебінен он есе көбейді.
Албан тілі – Албан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан албан-
дары этностық тобының экзогенді тілі. 
Албан тілі үндіеуропа тілдері семьясының оқшауланған тіліне жатады.
Діни сенімі жағынан алғанда, Албаниядан келген албандықтар христиан-
дықты (православие, католик) ұстанады, едəуір бөлігі – мұсылмандар. Сер-
бияның Косово автономиясынан шыққан албандықтардың басым көпшілігі 
– сүннит мұсылмандар. 
АЛЕУТТЕР, өз атауы – алеут.
Қазақстандағы алеуттердің саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 8 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 4 адам.
Алеут тілі – Қазақстан алеуттерінің эндогенді тілі. 
Алеут тілі палеоазиаттық тілдері семьясының эскимос-алеут тобына жа-
тады. 
Дінге сенетін алеуттер православиені ұстанады.
АЛТАЙЛЫҚТАР, өз атауы – алтай кижи, еск. ойрот
Қазақстандағы алтайлықтардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 462 
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 210 адам. 
Алтай тілі – Алтай Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан алтай-
лықтары этностық тобының экзогенді тілі. 
Алтай тілі – алтай тілдері семьясының түркі тобы шығыс-ғұн тармағының 
қырғыз-қыпшақ тобына жатады. 
Алтайлықтардың  дəстүрлі  діні – шамандықты.  ХІХ  ғасырдың  соңында 
Алтайға православие миссионерлері келді. ХХ ғасырда алтайлықтардың ара-
сында ламаизмнің бір түрі ретінде бұрқандық кең тарайды. Солай бола тұра 
шамандық жолын ұстануға ден қойылады.
АРАБТАР, өз атауы – əл-араб.
Қазақстандағы арабтардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 533 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 717 адам. 


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау