Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет67/180
Дата17.02.2018
өлшемі6,97 Kb.
#10028
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   180

141
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
жағдайлар. Этностар жағынан аралас отбасылардың құрылуы халықтың эт-
ностық құрамын өзгерту үдерісінде маңызды рөл атқарады. Ұлтаралық неке 
əлеуметтік əрекеттестіктің күрделі жүйесіне жатады, оның динамикасы көп-
теген  əлеуметтік  шарттарға  тəуелді.  Ұлтаралық  некелердің  оң  динамикасы 
этносаралық қатынастың тұрақтылығын, оның қолайлы ахуалда дамып келе 
жатқанын растайды, сонымен қатар жалпы əлеуметтік-экономикалық ахуал-
дың тұрақтылығының оң көрсеткіші болып табылады.
ЭТНОСАРАЛЫҚ 
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ 
ПЕН 
ҚОҒАМДЫҚ 
КЕЛІСІМНІҢ  ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  ҮЛГІСІ  (ор. – казахстанская  мо-
дель  межэтнической  толерантности  и  общественного  согласия,  ағыл. – 
Kazakhstan’s model of interethnical tolerance and social harmony) – Қазақстан-
ның көпэтносты қоғамындағы этностар арасындағы қатынастардың дамуы-
ның  теориялық  тұрғыдан  негізделген,  тəжірибемен  қорытындыланған  Қа-
зақстан Республикасы саясатында жүзеге асқан үлгісі (моделі). 
Əлемдік  тəжірибеде  этносаясаттың  бірнеше  үлгісі  бар.  Ассимиляция 
–  этностық  топ  мүшелері  басқа  этностық  я  ұлттық  қоғамдастықтың  мəде-
ни жəне құрылымдық сипаттарын қабылдап алады. Соның салдарынан өз-
дерінің  ұлттық  я  этностық  сəйкестігін  ауыстырады.  Əдет-əдеп,  құндылық 
пен арман-тілектері басқа этносқа ұқсап шыға келеді, рəміздер мен əлеумет-
тік  кедергілердің  теңгерімі  ортаға  бағытталады. «Балқыту  қазаны» «түрлі 
халықтар мен олардың ұлттық мəдениеттері тоғысады, осындай тоғысудың 
нəтижесінде  тұтас  америкалық  ұлт  қалыптасты.  Бұл  аталым  алуан  түрлі 
парадигмалар  сақталатын  «ыдыс»  мағынасында  қолданылады). «Мəдени 
бостандық»  тұжырымдамасы  (жеңілдіктер  мен  санкциялардың  арқасында 
иммигранттардың қабылдаған қоғамдастықпен бірігіп кетуі). Этностық ие-
рархия, «басым этнотоп» - саяси я мəдени/онтологиялық жақтан басым эт-
ностық топ. Сондай-ақ, саяси я мəдени жақтардан ғана емес, экономикалық 
жақтан да басымдық болатын жайттар болады. Кең таралған əрі даулы үл-
гілердің бірі көпмəдениеттілік (мультикультурализм) тұжырымдамасы («та-
рихи эпизод», «қысқа мерзімді «кері толқынның» көрінісі» сияқты түрлерге 
жіктеледі). 
 Қазақстан Президенті алғашқылардың бірі болып этносаралық толерант-
тылық  пен  қоғамдық  келісімнің  үлгісін  жасаудың  қажеттігіне  алғашқылар-
дың  бірі  болып  назар  аударды:  қазіргі  проблемаларды  əділдікпен  көрсете 
отырып, түрлі этностар мен конфессиялардың өзара ықпалдасуы жолындағы 
қазақстандық тəжірибені ашық əйгіледі. Қазақстан халқы Ассамблеясының 
(мұнан ары - ҚХА) 2003 жылдың желтоқсан айындағы Х сессиясында Пре-
зидент аталмыш модельдің құрамы мен мəнінің, оны түсінудің ыңғайларын 
белгілеп берді.
 ҚХА Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 1 наурызын-
дағы Жарлығымен құрылды, оны Мемлекет басшысы басқарады. ҚХА этно-


142
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
саралық қатынастар мен қоғамдық келісімді жарастыратын институт, мемле-
кеттің ұлттық саясатын жүзеге асырудың шешуші құралы болып табылады.
Бұл  үлгіге  Қазақстанды  мекен  ететін  барлық  этнос  өкілдерінің  өзара 
түсіністігі мен толеранттылығын, патриотизм мен ел тағдыры үшін азаматтық 
жауапкершілігін қалыптастыратын бес негізгі ұстаным тірек, негіз болып отыр. 
  Əлемдік  тəжірибеде  жұрттың 95%-нан  кем  емес  бөлігі  бір  этностық 
дəстүрдің өкілінен құралатын мемлекет моноэтносты деп танылады. Ондай 
мемлекеттер бірнешеу ғана: Исландия, Норвегия, Португалия, Албания, Ар-
мения, Мальта, Ямайка, Йемен, Венгрия т.б. 
 Қазақстан үлгісін кейде Азия үлгісімен немесе Канада тəжірибесімен са-
лыстырып жатады. Азиядағы басқа модельдер сияқты, Қытайға күшті мем-
лекетке  сүйену,  көрінеу  идеология,  ұстамды  консерватизм  мен  азаматтық
ұлтшылдықты сабақтастыру, титулсыз этностарға жалпыұлттық құндылық-
тарды телу тəн. Ал Канадада Қазақстанмен ұқсас бірқатар географиялық жəне 
саяси  сипаттар  бар.  Алайда  Канада  алуан  түрлілікті  бір  тұтастыққа  салуға 
ұмтылса, Қазақстан көп түрлі бола отырып бірігу саясатын ұстанып отыр. 
  Сонымен  қатар  қазақстандық  үлгінің  қағидаттық  маңызы  бар  бірқатар 
ерекшеліктері бар. 
  Біріншісі.  Ел  басшыларының  саяси  ерік-жігерінің  нəтижесінде  қан-
дай  этнос  пен  қандай  дінге  қатыстылығына  қарамастан  азаматтардың  тең 
құқылығын  жүзеге  асырудың  ықпалды  тетіктері  жасалып,  жетілдірілуде. 
ҚХА Төрағасы – ел Президенті, ал Президент – Конституция кепілі, осының 
өзі-ақ ҚХА мəртебесінің жоғарылығын білдіреді. 
  Екіншісі.  Қазақстандық  үлгі  азаматтардың  бастамасымен,  азаматтық 
қоғам мен мемлекет институттарының сындарлы үнқатысудың, елдің тұтас-
тай  қоғамдық-саяси  жүйесі  қатыстырылған  үнқатысудың  нəтижесінде, 
«төменнен»  қалыптасып  шықты.  Қоғам  мен  мемлекетті  қатыстырған,  бұл 
күнде осы екі институтты бірлестіруші алаңға айналған ҚХА болды.
 Үшіншісі. Қазақстанның бірегей ерекшелігі сол, этностық топтар азамат-
тық-құқықтық  жəне  қоғамдық  тұрғыдан  бірдей,  айрықша  жоғары  мəртебе-
ге ие. Этнос өкілдері ұлттық азшылық өкілдері ретінде емес, Қазақстанның 
тұтас халқының азаматтары ретінде құқықтардың бəріне де толықтай ие бола 
алады.  Ел  Конституциясының  он  бір  нормасы  этносаралық  қатынастар  са-
ласындағы стандарттарды белгілеген, ал «ұлттық азшылық» дейтін ұғым іс 
жүзінде қолданылмайды. Санының аз-көптігіне қарамастан Қазақстан халқы-
ның  құрамындағы  этностар  тең  құқықпен  жəне  мемлекеттің  қорғауымен 
қамтамасыз етілген.
Төртіншісі.  Қоғамдық  келісім  ең  бір  маңызды  саяси-идеологиялық  құн-
дылық болып саналады. Негізгі Заңның бұл қағидаты Қазақстан Республи-
касы  Конституциясының  сарқылмас  мүмкіндігін  ашады.  Онда  қоғамдық 
келісім  мен  саяси  тұрақтылықты,  азаматтардың  қоғамдық-саяси  өмірге  то-
лық араласу мүмкіндіктерінің бірдейлігін қамтамасыз етуде жəне шешімдер 


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау