139
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ететін мынадай сыртқы факторлар көрсетілген: Орталық Азия өңіріндегі же-
текші халықаралық субъектілердің геосаяси мүдделері; өңірде, оның ішінде
Қазақстан шекарасына тікелей жақын жерлерде, əскери-саяси жəне этностық
тұрақсыздық факторларының болуы; діни идеяларды жамылған экстремистік,
лаңкестік жəне радикалды топтардың құқықбұзушылық əрекеттерінің өрісте-
уі; əлемнің əр түкпірінде дəстүрлі құндылықтар жүйелері мен өскелең ұлттық
жəне мəдени-тарихи қауымдастықтар арасындағы жанжалды жағдайдың өр-
шуі; көшіп-қонушыларға деген төзімділік шегінің жəне бұқаралық сана-сезім
толеранттылығының төмендеуі; қазақстандық идеалдар мен құндылықтарға,
дүниетанымға, ділге ықпал ете алатын шетелдік ақпараттық ағымдардың
өсуі; елдің заңнамасын сақтамайтын діни бірлестіктер мен ағымдардың қыз-
меті; шет мемлекеттердің диаспоралық саясаты; трансұлттық қылмыстың
өсуі; конфессиялар мен этносқа бағытталған ұйымдардың саясилануы.
Аталмыш факторлар Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынас-
тардың жай-күйіне, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге,
ұлттық бірлікті қалыптастыру үдерісіне ықпалын тигізуі мүмкін (қар. Ұлт-
тық келісім, Этностық үдерістер, Этносаясат қағидаттары, Этностық
қақтығыс, Адам құқығының жалпыға ортақ декларациясы).
ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА (ор.
Законодательство в сфере межэтнических отношений, ағыл. The legislation
in the sphere of the interethnic relations). Э.Қ.С.З. – Қазақстан Республикасы-
ның 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «Нормативті құқықтық актілер тура-
лы» Заңында белгіленген тəртіппен (осы Заңның 3-4-баптары) қабылданған
жəне этносаралық саладағы қатынастарды реттейтін нормативті құқықтық ак-
тілердің жиынтығы. Осы заңнаманың қатарына ҚР Конституциясы да кіреді.
Онда елдің конституциялық құрылысының, адам мен азаматтың құқықтық
жағдайының, мемлекеттік органдарды қалыптастыру реті мен жүйесінің
тіректік негіздері, тұтастай алғанда, мемлекеттік ұлттық саясаттың бастау
негіздері орын алған (кіріспе, 1-10-, 12-14-, 19-, 20-, 22-, 23-, 26-, 30-, 33-, 34-,
36-39- жəне басқа баптар).
Осы саланың ережелері мен нормалары ҚР конституциялық заңдарынан
– 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сай-
лау туралы», 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 «Қазақстан Республикасы-
ның мемлекеттік рəміздері туралы» заңдарынан, сондай-ақ 2008 жылғы 20
қазандағы № 70-IV «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», 1997 жылғы 11
шілдедегі №151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», 1999 жылғы 23
шілдедегі №451-І «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», 1996 жылғы 31
мамырдағы №3 «Қоғамдық бірлестіктер туралы», 2011 жылғы 22 шілдедегі
№477-IV «Көші-қон туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім ту-
ралы» т.б. заңдарынан орын алған.
140
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Ұлттық қатынастар саласындағы құқықтық ұйғарымдарды бұзғаны үшін
жауаптылық ҚР Конституциясында, ҚР Қылмыстық кодексінде жəне ҚР
Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген.
Заңдармен қатар ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, атқарушы биліктің
басқа да орталық жəне жергілікті органдарының, сондай-ақ мəслихаттардың
актілері қолданылады. Бұлар арқылы мемлекеттік ұлттық саясатты іс жүзіне
асыруға бағытталған тиісті мемлекеттік стратегиялар, тұжырымдамалар мен
бағдарламалар, басқа да нормативті құқықтық кесімдер бекітіліп, жүзеге асы-
рылады.
Мұндай құжаттардың қатарында ерекше орын 2013 жылғы 18 сəуірде ҚР
Президентінің №552 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқының бірлігі
президенттік доктринасына (2010 жыл), ҚХА дамуының тұжырымдамасына
(2020 жылға дейін), «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына т.б. тиесілі.
ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС МƏДЕНИЕТІ (ор. культура межэтни-
ческого общения, ағыл. culture of interethnical communication) – этносаралық
қатынастар аясында өзара түсінушілік, келісім, тұрақтылық, ынтымақтас-
тықты қамтамасыз ететін жеке идеялық жəне моральдық бағдар, əлеумет-
тік-өнегелі құндылықтар, нормалар мен талаптар, ережелер, білім, əрекет,
əдеттер жиынтығы. Э.қ.м. – қоғамның рухани өмірі мен адами қарым-қа-
тынас мəдениетінің бөлінбестей табиғи негізгі бөлігі. Э.қ.м. мазмұны əр
түрлі Этностық қоғамдастық өкілдерінің қарым-қатынасын реттейтін ха-
лықаралық деңгейдегі нормалар мен ережелерді білуден ғана емес, сонымен
бірге осы нормалар мен ережелерді сақтай білуден, басқа Этностар мен
Этностық топ өкілдерінің əдет-ғұрыптарының ерекшеліктеріне лайықты
реакциясынан, тəжірибеде қақтығыссыз өзара түсінушілік пен ынтымақтас-
тықтың келісілген принциптерін бекітуден, ұлттық өресіздік пен тұйық-
тыққа, ұлттық ағат пікірлілік пен алауыздыққа, ұлттық сенбеушілік пен жат-
сынушылыққа, ұлттық өзімшілдік пен Этноцентризмге қарама-қарсы тұру-
дан құралады (қар. Тіл, Ұлтаралық қатынас тілі, Тіл құқығы).
ЭТНОСАРАЛЫҚ НЕКЕ (ор. межэтнический брак, ағыл. interethnic
marriage) – əр түрлі этностық топтарға жататын ер адам мен əйел адамның
арасындағы тарихи негізді, əлеуметтік, ал кейде заңмен расталған одақ (қар.
Ассимиляция, Аккультурация). Адам қоғамының дамуымен бірге Ұ.н. саны
да артады. Алайда бірқатар əлеуметтік жағдайлармен шектелген Ұ.н. мо-
ноұлттық некелерге қарағанда анағұрлым аз болады. Бұл түрлі себептермен
осылай қалыптасқан əрі жалғасып келеді. Ұ.н. санын азайтатын объективті
факторлар – этностардың орын тебу ерекшеліктері, олардың белгілі бір тіл-
де сөйлеуі жəне белгілі бір кəсіпке бейімділігі, əр халықтың өмір салты мен
ойлау ерекшеліктері, мəдени, діни жəне əлеуметтік заңдары мен ұйғарымда-
рының айырмашылығы, салт-дəстүрлері, тарихи өткені мен басқа да бірқатар
Достарыңызбен бөлісу: |