133
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
орналасуында, орын ауыстыруында жəне өсіп көбеюінде болып жататын
үдерістер мен құбылыстардың заңдылығын зерттейді. Э. əртүрлі қоғамдық
ғылымдармен, ең алдымен əлеуметтанумен тығыз байланысты, екеуінің де
нысанасы қоғам болып табылады. Əлеуметтануда да Э. бастапқы бірлік адам
болып табылады. Олардың арасындағы айырмашылық сонда, əлеуметтану
адамды индивид, жеке тұлға, даралық (адамның үш белгісі) жəне қоғам мү-
шесі ретінде қарастырады, ал Э. адамды қауымдастық элементі, əлеуметтік
«дененің» – халықтың молекуласы ретінде қарайды. Кез келген басқа ғылым
секілді, Э. тəсілдердің белгілі бір кешенін пайдаланады. Бұған Э. əдістері,
онымен шектес кейбір ғылымдардың жалпы ғылыми (талдау, саралау, салыс-
тыру, жинақтау жəне басқалар) əдістері де, арнайы əдістер де кіреді. Негізі-
нен, этностық статистика, яғни этностық тегін (ұлтын) ескеретін халық са-
нағы мен жаппай зерттеулердің материалдарын, сондай-ақ əртүрлі этностық
топтардың демографиялық тəртібінің ерекшеліктерін түсіндіретін басқа да
материалдар пайдаланылады (қар. Демография, Этноəлеуметтану, Халық
санағы).
ЭТНОКОНФЕССИЯЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚ (нем. тілінен Ethnokon-
fessionalle Gemeinschaft, ор. этноконфессиональная общность, ағыл. ethno
confessional unity) – этностың немесе оның жеке бөліктерінің дінмен тығыз
байланысынан түзілетін құрылым. Этнос пен діннің септесуінің негізгі екі түрі
бар: 1) этностың кейбір бөлігінің қандай да бір конфессиямен бірігуі жəне сол
бірігудің нəтижесінде этноста ерекше мəдени қасиеттердің пайда болуы (субэт-
ноконфессиялық топ); 2) мəдениеті жағынан жақын жəне ықшам қоныстанған
бірнеше этностардың бір конфессиямен қосылуы жəне сол этностарда ортақ са-
наның пайда болуы (метаэтноконфессиялық топ).
Субэтноконфессиялық топты этностың ішіндегі қарапайым конфессия-
лық топпен бірдей деп санауға болмайды. Мысалы, лютеран-немістерді,
реформатор-немістерді жəне католик-немістерді неміс этносының субэтно-
конфессиялық топтары деп санауға болмайды, өйткені конфессиялық айыр-
машылықтар бар демесеңіз, бұл топтарда оларды бір-бірінен ажыратар-
лықтай бір өзгеше мəдени сипаттар пайда болған жоқ. Орыс баптистерін де
ерекше субэтноконфессиялық топ деп атауға болмайды. Алайда православ
болгарлардан тек дін жағынан ғана емес, мəдениетінің көптеген ерекше си-
паттарымен де өзгешеленетін мұсылман болгарларды ешқандай күмəнсіз
субэтноконфессиялық топ деп атауға болады. Сонымен қатар, субэтнокон-
фессиялық топтарға Латвиядағы латгалдар, Италиядағы вальденстер, Ирак-
тағы араб-мандейлер, Ирактағы, Түркиядағы, Ирандағы жəне Сириядағы
курд-йезидтер (йазидтер), Ирандағы гебрлер (парсы-зороастрийлер), Индия-
дағы панджаб-сикхтер мен малаяли-христиандар, Бирмадағы аракандар,
Мысырдағы араб-коптар, АҚШ-дағы меннониттер мен мормондар, орыс
ескі дəстүршілері жəне басқалар жатады.
134
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Этноконфессиялық топтар құрылғанда конфессиялық жəне этностық
ерекшеліктер тығыз байланысып жатады. Ұзақ уақыт өзара əрекеттескен соң
этностық құбылыстар мен қасиеттер діни құндылықтармен астасып кетеді,
яғни «конфессияланады» жəне керісінше, құндылықтар кешенінің жекелеген
құрамдас бөліктері этностық құбылыстар сипатын қабылдайды, этностық өң
алып «этностанады». Метаэтноконфессиялық топтардың анағұрлым айқын
мысалы ретінде Филиппин халықтарының діни жағынан айырмашылығы
бар үш тобын алуға болады: христиан халықтары (тагалдар, илоктар, пан-
гасинандар, пампангандар, биколдар жəне басқалар); мұсылман халықтары,
əдеттегі атауы – моро (магинданаолар, маранаолар, сулулар жəне басқалар);
негізінен тайпалық діндер ұстанатын тау халықтары (канканаилар, ифугао-
лар жəне басқалар).
Этноконфессиялық топтар уақыт өте келе дербес этностарға айналып ке-
туі мүмкін, осындай жағдай кезінде бір тілде сөйлеген, бірақ түрлі конфессия-
ларды ұстанатын оңтүстік славян халықтарында – сербтер, хорваттар жəне
мұсылман славяндар да – болған. Дербес этностарға айналудың айқын үрдісін
осы күні аракандықтардан, йезидтер мен кейбір басқа да этноконфессиялық
топтардан байқауға болады.
Қазақстанда толық дербес этноконфессиялық топқа қытай тілді мұсыл-
мандар – дүнгендерді жатқызуға болады. РФ-ның Челябі облысында тұратын
шоқынған татарлар тобы – нағайбақтар дербес этносқа айналды деуге бола-
ды. 1989 жылы жүргізілген санақ кезінде бұл қауымдастықтың түгелге дерлік
өкілдері өздерін татар емес, нағайбақ деп атаған (қар. Этностық топ, Саны
аз халықтар, Бөлінген халықтар, Субэтнос.)
ЭТНОЛОГИЯ (грек. ethnos халық, тайпа + logos ғылым, ілім, ор. этно-
логия, ағыл. ethnology) – осымен бірдей: Этнография. Батыстың қазіргі əде-
биеттерінде Э. термині «этнография» терминімен қатар қолданылады (қар.
Этностық топ, Этностық сана-сезім).
ЭТНОМƏДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР - (ethnos деген грек сөзі – халық, тай-
па, ор. этнокультурные объединения, ағыл. ethnic groups) – этностық мəде-
ниетті, тілді дамытуға, этностық топтардың солардың тұратын елдерінде
салт-дəстүрлерін сақтауға бағытталған қоғамдық бірлестіктер түріндегі
ұйымдар.
Əрбір елде «этномəдени бірлестіктер» мазмұнын «этнос» сөзінің мəніне
байланысты заңнамалық тұрғыдан толықтырудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Мəселен, посткеңестік ғылыми дəстүрде «этнос» бір тіл, бір аумақ, бірегей
мəдени дəстүрлер мен психологиялық мінез біріктіретін, сол себепті өздерінің
тұтастығын жəне басқа мəдени қоғамдастықтардан өзгешелігін сезінетін
адамдар қауымдастығы ретінде түсіндіріледі. Этнос объективті шындық,
биологиялық табиғаты да, əлеуметтік табиғаты да бар өзінше бір «ұжымдық
Достарыңызбен бөлісу: |