44
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
қысымнан ғана емес, нағыз репрессиялар мен тірлігіне төнетін қатерлерден
қауіптеніп үстем, билеуші элита мен оған бағынышты көпшілікті қарама-қар-
сы қоюға қорқатын құрылыста айқын көрінеді.
Жеке тұлға деңгейінде конформизм əлеуметтік психология дəстүрінде
конформалылық деп аталатын сипаттан жиі байқалады. Мұндайда жеке
тұлға топтың нақты қысымына да, топ қысым жасайды дейтін долбарға
да берілуге дайын тұрады, мұндайға ұмтылмайды деген күннің өзінде өз
тұрғысын һəм көзқарасын өзгертуге, оларды көпшіліктің пікірімен үйлес-
пейді деп санап тұруға бейім болады. Мұндай «көнгіштік» бір жағдай-
ларда өз тұрғыларын нақты қайта қараумен байланысты болса, екінші
бір жағдайларда өзін мейлі шағын, мейлі үлкен топ болсын нақты бір
қоғамдастыққа қарсы қойып, жағымсыз шараларға тіреліп, істің насырға
шабуын болдырмауға сырт қылығымен ұмтылуына байланысты болаты-
ны – түсінікті жағдай. Осыған орай, сыртқы жəне ішкі конформалылық
деп бөліп айту дəстүрі бар ( қар. Ұлттық келісім, Ұлттық психология,
Пассионарлық).
КОСМОПОЛИТИЗМ (грек. cosmopolitis — əлем азаматы, ор. космополи-
тизм, ағыл. cosmopolitanism) – кез келген адамның тұтас адамзатқа тиесілігін
сезінуін, басқа барлық əлеуметтік байланыстардан гөрі мұның үстем болуы
керек екендігіне сендіретін əлемдік азаматтық идеологиясы. Ұлттық негіз,
ұлттық мəдениет, патриотизм идеяларын қабыл алмайды, ал саясат саласында
мемлекеттік жəне ұлттық егемендіктен, ұлттық мүдделер мен дəстүрлерден
бас тартуды насихаттайды. К. негізінде əлемдік мемлекет немесе мемлекет-
тердің əлемдік федерациясын құру идеясы жатыр, міне, осы үшін мемлекет-
тік егемендіктен, этносқа жəне ұлтқа қатыстылықтан, мəдениет пен дəстүр-
ден бас тарту керек деп санайды.
Бұрынғы өткен дəуірлерде пайда болған космполиттік идеялар қазіргі за-
манда да құлашын кеңге жайған. Космополитизм идеологтары ұлт-азаттық
қозғалыстарға қарсы пікір айтып, ұлттық егемендік дегенді ескірген түсінік
деп санайды. Қазіргі космополитизм ұлттық мəдениеттердің «индустриялық
прогрестің жалпы тасқынында» іріп, сіңіп кетпей қоймайтынын уағыздауда.
Космополитизм арнасындағы ақыл-ойдың шалқуы əуел бастан қай-
шылықтан «жапа шегіп» келеді: оның идеологтары «өңіршілдік» тар
қыспағынан еркін əмбебап көзқарас туралы айта тұра ғаламдық мəдениет жа-
сауды жан сала жақтайды. Алайда бұған орай əмбебаптықтың сүйенетіні мə-
дениеттердің жақындасуының объективті үдерісі емес, ең бастысы, əлемнің
барлық өңіріне америкалық мəдениетті, кейбір ескертулермен еуропалық мə-
дениетті орнату. Космополиттік бағыт «неоглобализм» доктринасында бар.
Бұл доктрина түрлі өңірлер мен мəдениеттердің ұлттық ерекшеліктерін еле-
мей, ең жаңа бір əлеуметтік құрылымдар мен өркениеттік стандарттарды жа-
санды түрде орнатуды көздейді.
45
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Космополитизмге қарама-қарсы интернационализм патриотизм, ұлттық
сезімді теріске шығармай-ақ негізінен адамзаттық мүдделерді ұлттық мүдде-
лермен сабақтастырады, сол себепті де оны космополитизммен ұқсастырып
теңестіруге болмайды. Интернационализм қоғамдық өмірді жаһандастыруға
объективті үдеріс ретінде қарайды. Дегенмен, ұлттық мəдениеттерді интер-
националдандырудың болашағы ұзаққа созылмақ, бұл ұлттық ерекшелік-
тер мен дəстүрлерді шығарып тастауды емес, олардың құнды əлеуетін бүкіл
адамзаттың терең де дəйекті түрде меңгеруін көздейді (қар. Мемлекеттік
сəйкестілік, Интернационализм, Ұлттық егемендік, Патриотизм).
КӨПТІЛДІЛІК (ор. мультилингвизм, многоязычие, ағыл. multilingualism,
лат. multum көп + lingua тіл) – осымен бірдей: мультилингвизм; дара адамның
я қоғамның екіден көп тілді пайдалануы (қар. Билингвизм, Қостілділік).
КСЕНОФОБИЯ (грек. xanos – бөтен + phobos – қорқыныш, ор. ксено-
фобия (бейтаныс адамдардан, биіктіктен қорқушылық), ағыл. xenophobia) –
бейтаныс адамдардан қорқудың меңдеуі, бөтендерден қорқу; басқа дін, мəде-
ниет, ұлтты, жатжерліктерді, басқа аймақ өкілдерін, сонымен бірге бейтаныс,
бөтен, кез келген үйреншікті емес зат я құбылысты жақтырмау, жек көру, оған
төзбеу, өшігу. Этноəлеуметтанудағы ксенофобия – өз этностық бірлестігін өз-
геше деп танумен, басқа қауымдастықтарға дұшпандық көзқараспен байла-
нысты психология, идеология жəне əлеуметтік тəжірибе.
Əдетте, ксенофобия адам меңгерген этноцентризм бағдарлары мен жалған
сеніміне, иланып қалған этнонəсілдік стереотиптеріне байланысты пайда
болады. Ксенофобияның əлеуметтік негізі – өз қауіпсіздігі үшін өзімшілдік
қорқыныш тудыратын бəсекелестік, тіршілік етудің тұрақсыздығы, өмір сүру
жағдайларының жетіспеушілігі. Осыдан келіп адам өзін-өзі сақтауға түйсі-
гімен талпынатын болады. Барлық бақытсыздықтың себептерін өзінен тап-
пай, оны қандай да бір шеттен келгендердің, жат жерліктердің, басқа ұлт
өкілдерінің тіміскі əрекеттерінен іздеу ксенофобияның психологиялық көзі
болып табылады. «Бөліп ал да билей бер» саясатын жүзеге асыру үшін социум-
нан сырт тұратын саяси топтардың жасанды түрде ксенофобияға арандатуы
– жиі кездесетін жайт.
Алайда, ксенофобия рудың, тайпаның, халықтың, ұлттың өз салт-дəстүрін,
əдет-ғұрпын, тілін, мəдениетін жат əсерлерден қорғауға табиғи талпынысы,
қорғаныш реакциясы екенін де ескерген жөн. Тарихта жатжерліктердің мұн-
дай əсер-əрекеттерінің ушыққан кезі көп болған, басқыншылықты көздейтін
топтар мен елдер қандай да бір халықтың өзіндік ерекшелігін жою мақсатын-
дағы, кемсіту жəне геноцидтік мақсаттағы жымысқы əрекеттерін іске асырып
отырған.
Бір этностық қауымдастықтың өз ішінен, тысқары тараптан болатын екі-
жақты ықпалдан пайда болатын ксенофобияға ортақ мəдениеті мен санасы,
Достарыңызбен бөлісу: |