Ескерту. Жол картасы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31. 12



жүктеу 294,5 Kb.
бет1/5
Дата14.11.2018
өлшемі294,5 Kb.
#19503
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 636 қаулысымен    
бекітілген      

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы



      Ескерту. Жол картасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1548 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Бағдарлама паспорты



      Ескерту. Бағдарламаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.

Бағдарламаның атауы

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңестің № 01-7.1 хаттамасы


Әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Бағдарлама мақсаты

Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздықты қысқарту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу

Бағдарламаның міндеттері

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту;
кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту;
атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.


Бағдарламаны іске асыру мерзімдері және кезеңдері

1-кезең – 2013 – 2015 жылдар
2-кезең – 2016 – 2020 жылдар

Нысаналы индикаторлар

Жұмыспен қамту 2020 жол картасында қойылған міндеттерді іске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:
2016 жылға қарай:
кедейлік деңгейі 6,0 %-дан аспайтын болады;
жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады;
өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін ұлғаяды.
2020 жылға қарай нәтижелерге қол жеткізу индикаторлары Жұмыспен қамту 2020 
жол картасының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін айқындалатын болады.

Қаржыландыру көздері және көлемі

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыруға республикалық бюджетте:
2013 жылға – 102,9 млрд. теңге;
2014 жылға – 98,3 млрд. теңге;
2015 жылға – 94,6 млрд. теңге;
2016 жылға – 95,7 млрд. теңге көзделген.
Келесі жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджетті тиісті жоспарлы кезеңге қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.


2. Кіріспе

      1. Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында өнімді жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту, еңбекке ынталандыруды арттыру және халықтың табысын өсіру мақсатында халықты жұмыспен қамту саясатын жаңғырту қажеттілігін көрсетті.
      Бұл үшін қажетті шарттар Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің бар қарқынымен әзірленген. Елімізде серпінді дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі тұрақты арттырылуда.
      Дағдарыс қарсы реттеу тәжірибесі жинақталған. Жол картасы (2009 – 2010 жылдары) шеңберінде әзірленген жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс ықпалына байланысты уақытша экономикалық қиындықтар жылдарында да жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді.
      Соған қарамастан, әлемдік дамудың тұрақсыздығы және әлеуметтік жаңғырту жағдайларында серпінді өзгеріп отыратын ішкі болмыстар еңбек нарығын реттеуге және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге жаңа талаптар қояды.
      Осы бағдарлама – Жұмыспен қамту 2020 
жол картасы (бұдан әрі – Бағдарлама) аталған талаптардың жауабы болып табылады. Ол 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.
      Бағдарлама дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін, еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығын болжау және мониторингін жүргізу, табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту тетіктерін қамтиды.

3. Ағымдағы ахуалды талдау

      2. 2001 жылмен салыстырғанда 2012 жылдың соңында жұмыспен қамтылған халықтың саны 6 698,8 мың адамнан 8 507,2 мың адамға дейін көбейді, ал жұмыссыздық деңгейі 12,8 %-дан 5,3 %-ға төмендеді.
      Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елімізде:
      1) 474,8 мың жұмыссыз, олардың ішінде ең үлкен топ – 34 жасқа дейінгі адамдар;
      2) 1,1 млн-ға жуық нәтижесіз жұмыспен қамтылған өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер (тіркелмеген өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлер, жеке қосалқы шаруашылығында тек өзінің тұтынуы үшін өнім өндірумен айналысатын адамдар және отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін жұмыскерлері);
      3) 2,8 млн. жұмыспен қамтылған адам жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылмаған және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайды;
      4) жұмыс орындарына тапшылық проблемасы ауылдық жерлерде аса өткір болып отыр. Бұл:
      жұмыстардың маусымдық сипаты мен санаулы өндірістік базаға;
      көліктік, өндірістік және коммуналдық инфрақұрылымның дамымағанына;
      өткізу нарықтарынан шалғайлығына;
      ауылда тұратын тұрғындар біліктілігінің төмендігіне;
      қаржылық қызметтердің жеткілікті қолжетімді болмауына (ауылда екінші деңгейдегі банктер жоқ) байланысты.
      Әлемдік практикада осындай проблемаларды шешу үшін еңбек нарығының белсенді бағдарламалары қолданылады. Олар:
      еңбек ресурстарын дамытуды (кәсіптік даярлау және қайта даярлау);
      жұмыс күшіне сұранысты ұлғайтуды (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, жаңа жұмыс орындарын құру);
      жұмыспен қамту саясатын институционалдық және ақпараттық қамтамасыз етуді (жұмыспен қамту қызметтерін, ақпараттық жүйелерді құру, ақпараттандыруды ұйымдастыру);
      еңбекке ынталандыруды күшейтуді (кәсіби бағдар, келісілген әлеуметтік көмек көрсету) болжамдайды.
      Орын алған проблемаларды шешу және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін әлемдік тәжірибені бейімдеу мүмкіндігін ескере отырып, осы Бағдарлама әзірленді.

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және нысаналы


индикаторлары

1. Бағдарламаның мақсаты

      3. Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.

2. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары

      4. 2016 жылға қарай:
      1) кедейлік деңгейі 6,0 %-дан аспайтын болады;
      2) жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады;
      3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін ұлғаяды;
      2020 жылға қарай күтілетін нәтижелер индикаторлары Бағдарламаның бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін айқындалатын болады.
      5. Бағдарлама шеңберінде:
      1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдар: 2013 жылы – олардың санынан 3,0 %, 2014 жылы – 3,8 % және 2015 жылы – 6,1 %;
      2) жұмыссыздар: 2013 жылы – 15,0 %, 2014 жылы – 18,0 % және 2015 жылы – 21,0 %;
      3) табысы аз отбасылардың еңбекке жарамды мүшелері: 2013 жылы – олардың жалпы санынан 18,0 %, 2014 жылы – 19,0 % және 2015 жылы – 20,0 % мемлекеттік қолдаумен қамтылатын болады.

3. Бағдарламаның міндеттері

      6. Бағдарламаның негізгі міндеттері:
      1) өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы тобына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту;
      2) кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту.
      3) атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.
      Бағдарламаны іске асыру оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге және еңбек ресурстарының ұтқырлығын дамытуға бағытталған.
      7. Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
      2) ауылдағы жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау және тірек ауылдарды кешенді дамыту есебінен ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу арқылы жұмыс орындарын құру;
      3) жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту және жұмысқа орналастыруға және қоныс аударуға жәрдемдесу.
      8. Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды:
      республикалық деңгейде:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК);
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Бағдарлама операторы);
      облыстық (астаналық, республикалық маңызы бар қала) деңгейде – Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі – өңірлік комиссиялар) және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар;
      аудандық (қалалық) деңгейде – Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрі – аудандық (қалалық) комиссиялар), жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтары;
      кент, ауыл және ауылдық округтер деңгейінде – кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.
      Тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын әлеуметтік келісімшарттар Бағдарламаны орындауды ұйымдастырудың маңызды құралы болып табылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
      

5. Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету



      9. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Бағдарлама операторы мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын 1 ақпанға дейін алдағы үш жылға арналған қаржыландыру лимиттерін айқындайды және қаражатты өңірлер бойынша бөлу жөнінде ВАК-қа ұсыныстар енгізеді.
      Қаржыландыру лимиттері өңірлер арасында мынадай тәртіппен бөлінетін болады:
      80 % – халықтың санына барабар, бұл ретте Астана және Алматы қалалары халқының саны статистика жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша бөлу алдындағы тоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы халқының жалпы санында елдің қала халқының үлесі ретінде есептелетін түзету коэффициентіне түзеледі.
      20 % – өткен жылғы жұмыстың нәтижелеріне байланысты бөлу алдындағы тоқсандағы жағдай бойынша. Жұмыс нәтижелері ретінде Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру және жұмыссыз, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған, табысы аз халықтың санын қысқарту бойынша көрсеткіштер ескеріледі.
      Бұл ретте, алдағы үш жылға жоспарланған қаражаттың 20 %-ы шартты есептеу сомасы болып саналады, ол өткен жылғы жұмыстың іс жүзіндегі нәтижелері бойынша басталған қаржы жылында қайта қаралуға жатады.
      Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар жеткізілген лимиттің жалпы сомасының:
      кемінде 10 %-ын Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беруге;
      50 %-ынан асырмай, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың кемінде 70 %-ын ауылдық жерге жібереді.
      Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында (әр өңірде бір тірек ауылдан) пилотты режимде әзірленген тірек ауылдарды дамытудың мастер-жоспарлары шеңберінде тірек ауылдарды дамытуды қаржыландыруға арналған қаражат жеткізілген қаржыландыру лимиттерінің сомасына кірмейтін болады және аталған қаражаттың (жеткізілген лимиттердің) 10 %-ынан аспайтын мөлшерде қосымша жоспарланатын болады.
      Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жобаның жалпы құнының кемінде 10 %-ы жергілікті бюджет есебінен қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.
      Көппәтерлі тұрғын үйді, сондай-ақ жеке, екі (үш) пәтерлі тұрғын үйлерді салу және сатып алу кезінде жұмыс беруші тұрғын үйдің жалпы сметалық құнының кемінде 10 %-ы мөлшерінде қоса қаржыландыруды жүзеге асырады.
      Қызметтік тұрғын үйлер мен жатақханалар салуды және (немесе) сатып алуды қаржыландыру «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына сәйкес айқындалған жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйдің 1 шаршы метрі құнының мөлшерін негізге ала отырып, республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасында айқындалған құннан асатын шығыстар жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылады.
      Жергілікті атқарушы органдар белгіленген лимиттерді негізге ала отырып, Бағдарламаның негізгі параметрлері бойынша күтілетін нәтижелерді (нысаналы индикаторларды) көрсете отырып, Бағдарламаның бағыттары, бюджеттік заңнамада белгіленген нысандар бойынша алдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді қалыптастырады және тиісті орталық мемлекеттік органдарға жыл сайын 15 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынады.
      Тиісті орталық мемлекеттік органдар Бағдарламаның негізгі параметрлері бойынша күтілетін нәтижелерді (нысаналы индикаторларды) көрсете отырып, Бағдарлама операторына бюджет заңнамасында белгіленген нысандар бойынша бюджеттік өтінімдерді жыл сайын 1 мамырға дейінгі мерзімге ұсынады.
      Бағдарлама операторы жыл сайын 15 мамырға дейінгі мерзімде бюджеттік өтінімдерді бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органға ұсынады.
      Облыстық бюджеттерге, төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерінің сомаларын бөлуді қоса алғанда, Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға республикалық бюджетте тиісті кезеңге көзделген қаражатты республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бөлу Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
      Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін төмен тұрған бюджеттерге аударуды бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      Өңірлер бөлінген және (немесе) бөлінетін қаражаттан бас тартқан, сондай-ақ инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға тиісті құжаттаманы ұсынбаған жағдайда, Бағдарлама Операторы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті құжаттама қоса берілген қосымша өтінімдерінің негізінде халықтың саны бойынша критерийлерді және жұмыс нәтижелерін есепке алмай, ВАК-тың қарауына қаражатты қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізеді.
      Республикалық бюджетті нақтылаған кезде жоғарыда көрсетілген рәсімдер сақталады, бюджеттік өтінімдерді ұсыну мерзімін Бағдарлама операторы белгілейді.
      Лимит бойынша ұсынылған қаражатты нысаналы пайдалануды және Бағдарламада көзделген нәтижелерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар арасында мынадай негізгі параметрлер бойынша нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімдер (бұдан әрі – Келісім) жасалады:
      1) жұмыссыздық деңгейі;
      2) тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғандардың қатысушылардың жалпы санындағы үлес салмағы;
      3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесін ұлғайту;
      4) еңбекке қабілетті азаматтардың халықтың аз қамтылған құрамындағы үлесін қысқарту;
      5) Бағдарлама бағыттарының әрқайсысында мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған Бағдарламаға қатысушылардың үлесі;
      6) әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына жұмысқа орналастырылған, оның ішінде Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқудан өткен адамдар қатарынан Бағдарламаға қатысушылардың үлесі;
      7) инфрақұрылымдық жобалар бойынша құрылатын жұмыс орындарының (тұрақты және уақытша) саны және орташа айлық жалақының мөлшері.
      Республикалық меншіктегі объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 2013 жылы басталған жобалар жұмыстар толық аяқталғанға дейін қаржыландырылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 726 қаулысымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

6. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың мониторингі

      10. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа мониторинг жүргізу үшін:
      1) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
      2) мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамасы шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындары және жұмыс орындарын құру болжамы туралы ақпаратты қамтитын жалпыұлттық дерекқорды (бұдан әрі – Жалпыұлттық дерекқор) қалыптастыру және дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Жалпыұлттық дерекқор:
      1) нақты кәсіпорындар мен мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындарын;
      2) нақты мамандықтар мен елді мекендер бөлінісінде еңбек ресурстарына қажеттіліктің жедел (1 жылға арналған) болжамын;
      3) мамандықтар топтары және облыстар бөлінісінде еңбек ресурстарына қажеттіліктің орта мерзімді (5 жылға арналған) болжамын қамтитын болады.
      Жалпыұлттық дерекқорды және ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамдалатын жұмыс орындары, сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметтерді ұсыну нысандарын қалыптастыру тәртібін Бағдарлама операторы мүдделі орталық мемлекеттік органдардың келісімімен бекітеді.

7. Бағдарламаға қатысушылар

      11. Жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдылығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
      12. Бағдарламаға қатысу үшін басым құқық мынадай санаттарға:
      1) оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде жалпы білім беру мектептерінің 9, 11-сыныптарын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілерді және оқушыларын қоса алғанда, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға;
      2) он сегізден жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
      3) еңбек қызметімен айналысу үшін денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ мүгедектерге;
      4) ауылды жерлерде тұратын әйелдерге;
      5) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдарға;
      6) жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге;
      7) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда бұрын істеген және мемлекеттік жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдарға;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдарға;
      9) бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлі емдеуден босатылған адамдарға;
      10) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына, жұмыс беруші – жеке тұлға қызметін тоқтатқанға немесе қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдарға беріледі.
      Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізу кезінде дәйексіз деректер ұсынған адамдар Бағдарламаға қатысушылар құрамынан шығарылады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған мемлекеттік шығыстар сомаларын бюджетке өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен өтейді.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 726 (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.10.2014 № 1066 қаулыларымен.

8. Бағдарламаның негізгі бағдарламаларын іске асыру

1. Бірінші бағыт:
инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

      13. Аталған бағыт мынадай жұмыс және объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді көздейді:


      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері);
      2) әлеуметтік-мәдени объектілерді (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі және ағымдағы жөндеу. Сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол беріледі;
      3) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);
      4) ауылдық жерлердегі фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу (ауылдағы авариялық, бейімделмеген және саман объектілердің проблемаларын шешетін объектілерге баса назар аударылады);
      5) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңшаларын жайластыру);
      6) Мүгедектердің және халықтың іс-қимылы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-мәдени объектілерді, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды күрделі, ағымдағы жөндеу жүргізіледі.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.

жүктеу 294,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау