14. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде іске асыру осы Бағдарламаның 13-тармағында көзделген барлық жұмыс түрлері мен объектілері бойынша, ал қалаларда – осы Бағдарламаның 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері бойынша жүзеге асырылады.
Саяжай кенттерінде осы Бағдарламаның 13-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері коммуналдық меншікте тұрған объектілер бойынша іске асырылады.
15. Жергілікті атқарушы органдар жобаларды іріктеуді:
1) жеткізілген қаржыландыру лимиттері;
2) мемлекеттік сараптамадан өткен объектілерді салуға және күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
3) жобалар шеңберінде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған ақаулар ведомосінің, сметалық құжаттаманың, орындалатын жұмыс көлемінің шығыстар сметасының болуы;
4) мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдері және отандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігі;
5) жобаларды іске асыруды бастау және аяқтау мерзімдері;
6) жобалардың іске асырылуын жергілікті бюджет есебінен қоса қаржыландыру мүмкіндіктері;
7) құрылатын жұмыс орындарының саны және ұсынылған жобалар бойынша есептелген орташа айлық жалақының мөлшері;
8) жобаларды іске асыруға әсер ететін өңірдің табиғи климаттық жағдайлары және басқа да ерекшеліктері негізінде дербес жүзеге асырады.
16. Халықты жұмыспен қамту орталықтары осы ауданда (қалада) тұратын Бағдарламаға қатысушыларды, уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші – мердігерлерге жібереді.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тетігі.
17. Жергілікті атқарушы органдар денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті органға – фельдшерлік-акушерлік пункттердің, дәрігерлік амбулаторийлердің құрылысы бойынша жобаларды, өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органға Бағдарлама шеңберінде іске асыру ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды, қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерін негіздей отырып, жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.
Тиісті техникалық құжаттамасыз және жобаның таңдалуы, құрылатын жұмыс орындарының саны мен орташа айлық жалақының көрсеткіштері негізделмей ұсынылған жобалар қаралмайды.
18. Жобаларды қарау барысында өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган жобалардың осы Бағдарламаның 13-тармағы 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері мен объектілерге, денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті орган 13-тармақтың 4) тармақшасына сәйкестігін тексереді және тиісті қорытындылар әзірлейді.
19. Жобаларға теріс қорытындылар берілген кезде өңірлік даму мәселелері жөніндегі, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы орталық уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдарға бас тарту себептері көрсетілген уәждемелі жауап жібереді.
Оң қорытынды берілген кезде өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Бағдарлама операторына қаржыландыру көлемдерін, құрылатын жұмыс орындарының саны мен орташа айлық жалақы мөлшерінің күтілетін көрсеткіштерін қоса бере отырып, инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін жібереді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
20. Бағдарлама Операторы өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған қорытынды негізінде және құрылатын жұмыс орындары санының, орташа айлық жалақы мөлшерінің күтілетін көрсеткіштерін ескере отырып, жобаларды қарайды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
21. Жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:
1) жаңа жұмыс орындарын құруды;
2) құрылыс кезінде кемінде 30 %, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру бойынша кемінде 50 % инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын ауданда (қалада), оның ішінде уақытша тіркеумен тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жұмыс орындарын ұсынуды қамтамасыз етеді.
Инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқан ауданда (қалада) қажетті еңбек ресурстары болмаған кезде аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту орталықтарының жазбаша келісімі болған жағдайда оны сырттан тартуға жол беріледі.
22. Жобаларды күрделі, ағымдағы жөндеу бойынша бюджет қаражаты үнемделген жағдайда жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органның және Бағдарлама операторының келісімімен көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша іске асырылатын өзге де жобаларға немесе жобалардың соңғы нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға жібере алады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
23. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органға, ауылдық жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу бойынша Келісімге қосымшада көрсетілген нысан бойынша есепті денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті органға ұсынады.
Есептерде:
1) жобалар бөлінісінде орындалған жұмыстардың көлемі;
2) құрылған жұмыс орындарының саны және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны, сондай-ақ олардың орташа айлық еңбекақысының мөлшері;
3) бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі, уақтылы игерілмеудің себептері және төмен тұрған бюджеттен қаржыландыру көлемдері;
4) жіберілген бұзушылықтар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Бағдарлама операторына құрылған жұмыс орындары және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың саны, олардың орташа айлық жалақысының мөлшері туралы ақпаратты қосымша ұсынады.
24. Өңірлік даму мәселелері жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы орталық мемлекеттік органдар жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне Бағдарлама операторына Бағдарламаның 23-тармағы 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес есептер ұсынады.
Инфрақұрылымдық жобаларға қатысу тетігі.
25. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысуға тілек білдірген және оған мүмкіндігі бар Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтінішпен жүгініп, мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкімдердің анықтамасы), уақытша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) болған жағдайда, білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом) және/немесе оқу курстарынан өткенін растайтын басқа да құжаттар (куәлік, сертификат).
26. Халықты жұмыспен қамту орталығы еңбек ресурстарына жұмыс берушілердің қажеттілігін есепке алып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылдайды және оларды іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жібереді.
27. Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады. Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.
28. Инфрақұрылымдық жобаны іске асыратын жұмыс беруші әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы басшысының не қол қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен куәландырылған жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасуды растайды.
29. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
30. Өңірлік даму жөніндегі орталық уәкілетті орган мен Бағдарлама операторы өз құзыреттері шегінде Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға мониторинг жүргізеді.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
2. Екінші бағыт:
кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды
дамыту
31. Екінші бағыт жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды және экономикалық белсенділікті арттыруды, тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамытуды көздейді.
Жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау
32. Жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдарда, шағын қалаларда, қалалық әкімшілік бағыныстылық аумағындағы кенттерде жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін тірек ауылдық елді мекендер басым елді мекендер болып табылады.
33. Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:
1) жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту және бизнес-жоспарды әзірлеуге жәрдемдесу;
2) микрокредиттер беру;
3) бір жылға дейінгі мерзімге жобаларды сүйемелдеу жөнінде сервистік қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлері) көрсету;
4) 500 мың теңгеге дейінгі сомаға микрокредиттер алған адамдарды қоспағанда, жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алу.
Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
34. Қатысу және Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларымен айқындалады.
35. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерді іріктеу және кредит ресурстарын беру, оларға осы бағыт шеңберінде бөлінген кредит ресурстарының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларымен айқындалады.
36. Микрокредит беру шарттары:
1) республикалық бюджеттен бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға беріледі;
2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту;
3) микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға берiлмейдi;
4) 500 мың теңгеге дейінгі сомаға микрокредит беру мерзiмi – 3 жылдан аспайды, 500 мың теңгеден жоғары сомаға – 5 жылдан аспайды;
5) микрокредиттiң ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды;
6) 500 мың теңгеге дейінгі сомаға микрокредит алған алушыларды қоспағанда, түпкілікті қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге микрокредит бойынша негiзгi борышты өтеу бойынша микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бiрiнен аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн;
6-1) 500 мың теңгеге дейін микрокредит бойынша түпкілікті қарыз алушыға негiзгi борышты өтеу бойынша алты айдан аспайтын мерзімге жеңiлдiктi кезең ұсынылады;
7) микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары және/немесе кредиттiк серiктестiктер үшiн уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын микрокредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі өңiрлiк комиссиямен келiсу арқылы уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі мен оның микрокредит берудi ұйымдастыруға байланысты жоспарланған шығыстарын негізге ала отырып белгіленеді;
8) соңғы қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi мөлшерлемені өңiрлiк комиссиямен келiсу арқылы уәкiлеттi өңiрлiк ұйым белгiлейдi;
9) қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын соңғы қарыз алушы үшін кредиттік ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі өңірлік комиссиямен келісім бойынша белгіленеді. Бұл ретте 500 мың теңгеге дейінгі микрокредиттер бойынша түпкілікті қарыз алушы үшін жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі 5 %-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді;
10) микрокредиттерін мерзімінен бұрын өтеген Бағдарламаға қатысушылардың жеке ісін кеңейту үшін микрокредит алуға қайта өтініш беруге және 5 млн. теңгеге дейін микрокредит алуға құқығы бар;
11) түпкілікті кредит алушылардың бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша қайтарған қаражаты есебінен осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес қайта кредит беруге жол беріледі.
Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
37. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін жабдық алу шарттары:
1) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және/немесе салу Бағдарламаға қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн қолданыстағы жүйелерге: жолдарға, кәрiзге, жылумен және сумен, газбен жабдықтауға, телефон және электр желiлерiне жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізуді болжайды.
Жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізу елдi мекендi дамытудың бас жоспарына (ауылда – инженерлiк-коммуникациялық желiлердiң жергiлiктi схемаларына) сәйкес келуге тиiс және бiр немесе бiрнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкiн.
Жүргізілген инженерлік инфрақұрылым жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігінің теңгеріміне беріледі.
Жетіспейтін инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
2) Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін жабдық сатып алу кәріз, жылумен және сумен, газбен жабдықтау желілерін, телефон және электр желiлерiн алмастыратын жабдықпен, сондай-ақ жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін блок модульдермен (арнайы жабдықталған жылжымалы үйлер) жарақтандыруды көздейді.
Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын жабдық қабылдау-беру актісі арқылы Бағдарламаға қатысушының меншігіне беріледі. Бұл ретте микрокредитті қайтару мерзімі ішінде Бағдарламаға қатысушы технологиялық жабдықты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді және растайды.
38. Жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе салуды Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырады.
Нысаналы трансферттерді жергілікті атқарушы органдар айқындалған техникалық шарттарға немесе заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және бизнес-ұсыныстарға сәйкес пайдаланады.
39. Жергілікті атқарушы органдар жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға арналған жабдықтарды сатып алу жөніндегі уәкілетті органды айқындайды.
Бұл ретте инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын жабдықтардың құны жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны мен мемлекеттік сараптама жүргізу құны есепке алынбай, берілетін микрокредиттің сомасына қарамастан, Бағдарламаның бір қатысушысына 3 млн. теңгеден аспауға тиіс.
Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның iске асырылуына мониторинг жүргiзу инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға жүктеледi.
40. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына, кредиттік серіктестіктерге және қаржы агенттігі мәртебесіне ие ұйымдарға кредиттік ресурстар беру тетігі:
1) Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит бередi;
2) аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес Кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлейді және оны облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша бекітеді. Кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру өңірлік комиссиялар айқындаған өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады;
3) облыстардың жергілікті атқарушы органдары микрокредит беруді ұйымдастыру үшін уәкілетті өңірлік ұйымдарды айқындайды;
4) уәкiлеттi өңiрлiк ұйымдар микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге кредит берудiң белгiленген қағидаларына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарын және/немесе кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу бойынша конкурс өткiзедi.
Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктер арасында конкурс өткізбей, соңғы қарыз алушыларға кредит беруді қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның өзі жүзеге асыруы мүмкін;
5) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым мен микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарының және/немесе кредиттiк серiктестiктердiң арасында кредит беру туралы шарт жасалады.
Уәкілетті өңірлік ұйымның қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда, микрокредит ұсыну туралы шарт тікелей соңғы қарыз алушымен жасалады.
41. Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі:
1) Бағдарламаның екiншi бағытының бірінші құрамдас бөлігіне қатысуға тілек бiлдiрушiлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға Бағдарлама шеңберінде микрокредит алудың ықтимал нұсқалары туралы консультация беріледі;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына енгізілген адамдармен әлеуметтік келісімшарттар жасасады;
3) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымға жібереді, онда оларды кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесу қамтамасыз етіледі.
Уәкілетті жұмыспен қамту органдары Бағдарламаға қатысушыға тұруына және жол жүруіне материалдық көмек төлеуді қамтамасыз етеді.
Жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтіп жатқан немесе бұдан бұрын кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен адамдар не микрокредит алар алдындағы үш жыл ішінде кәсіпкерлік негіздеріне оқудың тиісті курстарынан өткені туралы растайтын құжаттары бар адамдар кәсіпкерлік негіздеріне оқытусыз микрокредит алуға үміткер бола алады;
4) микрокредиттер беру:
Бағдарламаға қатысушы сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымның жәрдем көрсетуімен бизнес-жоспар әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру құқығын алған қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді;
микрокредитті кредиттік серіктестік арқылы алған жағдайда, Бағдарламаға қатысушы жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларына сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым өткізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын кредиттік серіктестікке жүгінеді;
5) Бағдарламаға қатысушы микрокредит алуға оң қорытынды алғаннан кейін сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйыммен бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы;
6) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту:
халықты жұмыспен қамту орталықтары қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымнан не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымынан немесе кредиттік серіктестіктен оң қорытынды алған кезде инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жобалары инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе жетіспейтіндерін салуды және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуды талап ететін Бағдарламаға қатысушылардың тізімдер жібереді;
Бағдарламаға қатысушылар жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту үшін қажет болса, техникалық паспортты, жер актісін, жер учаскесін бөліп беруді және техникалық жағдайларды ұсынады;
инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қаржыландыру немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алу мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) және қажетті қаржыландыру көлемі туралы қорытынды дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етеді;
7) оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында тиiстi шарт жасалады.
Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.
Тірек ауылдарды кешенді дамыту
42. Тірек ауылдарды кешенді дамыту ауылдарды мемлекеттік қолдау шараларын шоғырландыру есебінен тірек ауылдық елді мекендерде тұратын азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
43. Тірек ауылдық елді мекен – ауылдық елді мекендердің белгіленген тобына мемлекеттік, білім беру, медициналық, қаржылық-делдалдық, мәдени-демалыс және сервистік қызметтердің кең ауқымын көрсететін дамыған әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымы бар жайластырылған елді мекен.
44. Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
45. Әзірленген әдістемеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар тірек ауылдарды айқындау, тиісті қорытындыны келісу әдістемесінде айқындалған критерийлерге сәйкес баға беру үшін өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелерді қоса тірек ауылдар тізбесінің жобасын жібереді.
46. Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға енгізу үшін және тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын әзірлеу үшін өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген тірек ауылдық елді мекендердің тізбесінен тірек ауылдарды таңдап алады.
47. Тірек ауылдың мастер-жоспары тірек ауылдық елді мекенді дамытудың кешенді жоспарының құрамдас бөлігі болып табылады, ол кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау арқылы экономикалық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану есебінен азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге бағытталған.
Тірек ауылдың мастер-жоспары:
Достарыңызбен бөлісу: |