ТАПСЫРМА:
Қысқаша конспект жазу және сұрақтарға жауап беру.
Ұзақөміршеңдік көрсеткіштерін есептеу әдістері.
Орташа 90%, 80% ресурстар.
Квантиля функциясы жайлы түсінік.
Бөлшектің ұзақөміршеңдігі туралы түсінік.
Көрсеткішті статистикалық бағалау.
ОСӨЖ №17, 18
Тақырып: Жөндеугежарамдылық көрсеткіштерін бағалау.
Мақсаты: Жөндеугежарамдылық көрсеткіштерін бағалау әдістерімен және оларға қойылатын талаптармен танысу.
Әдістемелік нұсқаулықтар.
Машинаның жөндеуге жарамдылығына талаптар.
Талаптарды екі топқа бөлуге болады: ортақ және жекеше.
Ортаққа эксплуатация және жөндеу шарттары кіреді: көрсеткіштердің құрамы мен сандық мәндері және оны толықтыратын жұмысқа қабілеттіліктің сандық сипаттамасы; эксплуатациялық және жөндеу құжаттаманың талаптары: сапалық сипаттамалар мен жөндеуге жарамдық көрсеткіштерін бағалау әдістері.
Жекешелік талаптар – стандарттау мен унификацияға талаптар: рационалды бөлшектеу мен құраушы бөлшектер бірлігінің талаптары.
Ауылшаруашылық техникаға жөндеуге жарамдылықтың нақты талаптары МЕҒЗТИ-мен жасалған.
Сақтау және тасымалдау кезіндегі талаптар.
Сақтауға және сақтаудан кейінгі жұмысқа еңбектің, қаржының минимум шығыны; тасымалдауға дайындық кезінде қажетті операциялар тізімімен машинаның шығарып салынуы; машинаны қажет сандал мен көтергіш құрылғыларымен қамтамасыз ету; бөлшектердің оймалы қосылыстарының коррозиясын және онда ылғалдың, жұмыс қалдықтарының, шаңының пайда болуын, сақтау кезіндеэлектрөткізгішітігін, аспаптарды тасымалдау кезіндегі бұзылуларды, тасымалдау, сақтау кезіндегі агрегаттардың, құраушы бірліктер мен бөлшектердің жеңіл демонтажының мүмкіндігін ескеретін шарттарды жасау; майлау кестелерінің ұзақ сақтанғыштығы.
Техникалық қызмет көрсету және майлау кезіндегі талаптар.
Құрылғының техникалық қызмет көрсету операциялары, оны орындау мерзімі және техникалық кезектілік жайлы инструкциялармен қаматамасыз етілуі; ауылшаруашылық өндіріс үшін қол жетімділік, олардың техникалық қызмет көрсетуі кезіндегі қажеттілік, жоспарлы ТБ және майлауды ауыстыруды жүргізудің ұзақ кезеңділігінің мүмкіндігі, жай және ұзақмерзімді құралдармен реттеулерді жүргізу және бекітпелерді тартуды жүргізудің мүмкіндігі және ыңғайлылығы, элементтің жеңіл алынуы, ТБ-ң типтік құралдарын қолдану және шаруашылықта және механизаторлармен жоспарлы ТБ-ң барлық операцияларын орындаудың мүмкіндігі.
Істен шығуларды жою кезіндегі талаптар.
Істен шығулардың мүмкін пайда болу орындарына қол жетімділік және оларды жою үшін және ұзақмерзімді емес элементтерді ауыстыру үшін уақыттың минимум шығыны; қиыстырмалы аяқтанғыш және агрегаттың қондырғыда, жинақтауыш бірліктердің агрегатта жеңіл бөлінуі, қондырғыны ыңғайлы және тез бөлудің мүмкіндігі.
Стандарттау мен унификацияға талаптар.
Машинаның қиыстырмасы ТБ және жөндеу кезінде арнайы құрал мен жабдықтардың, тапшы материалдардың минималды қолдануын қамтамасыз ету керек. Бір типті машиналарды қиыстыру, қосымша бөліктердің номенклатурасы минималды болу үшін машинаның жайғастыруында максималды қолданумен унифирленген қиыстырмалы бірліктердің параметриялық және тип өлшемді қатарларды құру тізбегі арқылы жүруі тиіс.
Машинаның бөлшектену және орналасу принциптеріне талаптар.
Қиыстырма оның жинақтауыш бөлшектерге бөлінуіне тәуелсіз ыңғайлылықпен жеңілдікті қамтамасыз етуі керек. Жинақталу мен бөлінуге шалдығатын жинақтау бірліктеріндегі қосылулар олардың жөндеу кезінде дұрыс емес монтаждалуын болдырмайтындай етіп орындалуы тиіс.
Бөлшектер мен құраушы бөлшектер жеңіл алынбалығының талаптары.
Бөлшектердің жеңіл алынбалығына талаптар мүлтсіздік, ұзақ мерзімділік және сақтанғыштық есебімен орнатылуы тиіс.
ТАПСЫРМА:
Қысқаша конспект жазу және сұрақтарға жауап беру.
Жөндеугежарамдылықты бағалау әдістері.
Жұмысқажарамдылықты қалпына келтірудің орташа уақыты.
Істен шығу салдарын жоюға соммалық және меншікті еңбексыйымдылық (шығындар) дегеніміз не?
Жөндеуге жарамдылықтың жақсы және қанағаттанарлықсыз мысалдарын келтіру.
ОСӨЖ №19, 20
Тақырып: Сенімділік көрсеткішін кешенді бағалау.
Мақсаты: Машинаның дайындық коэффициентін анықтау әдістерімен танысу. Өндіріс есептеулерін ақылдылықпен бекіту.
Әдістемелік нұсқаулықтар.
Ауылшаруашылықта жиі қолданылатын кешенді көрсеткіштер дайындық коэффициенті және техникалық қолдану коэффициенті болып табылады.
Дайындық коэффициенті Кг –объектілерді тағайындалуы бойынша қолдану қарастырылмайтын жобаланатын кезеңдерден басқа уақыттың еркін моментінде объектің жұмысқақбілетті болу мүмкіндігі.
Дайындық коэффициенті объектінің жұмысқақабілетті жағдайында болуының соммалық уақытының жұмысқақабілетті жағдайда болу уақытының соммасына және істен шығудан кейін қалпына келу уақытының соммасына қатынасы болып табылады.
Мұнда: tраб – объектінің жұмысқақабілетті жағдайда болуының соммалық уақыты;
tвос – істен шығудан кейін жұмысқақабілеттің қалпына келуінің соммалық уақыты.
Дайындық коэффициенті формула бойынша анықталады:
Мұнда: tотк ср–істен шығуға атқарым.
tвос ср–істен шығудан кейін жұмысқақабілеттіліктің қалпына келудің орташа уақыты.
Түрлі машиналар үшін атқарым жиі шартты гектармен ал қалпына келудің орташа уақыты уақыт бірлігімен өлшенетін болғандықтан, формуланы қолдану үшін атқарымды уақыт бірлігінде жазу керек. Онда дайындық коэффициенттің формасы:
Мұнда: k –атқарым бірлігін уақыт бірлігіне аударудың орташа коэффициенті.
Техникалық қолдану коэффициенті – эксплуатацияның кей уақытында объектінің жұмысқақабілетті жағдайда болу уақытының объектінің жұмысқақбілетті, тұрып қалу жағдайындағы уақыт соммасына қатынасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |