2. Өндірістік/дипломалды тәжірибенің мазмұны мен көлемі
Өндірістік/дипломалды тәжірибеден өту кезінде студент кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыруда келесі мәселелерді зерделеуге назар аударуы тиіс.
1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
ТАҚЫРЫП 1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу
Тәжірибе кәсіпорынның өндірісімен, технологиясымен және қызметінің негізгі бағыттарымен танысудан басталады. Кәсіпорын тарапынан тағайындалған тәжірибе жетекшісі студентке кіріспе түсінік жүргізіп, ұйымның бөлімдері, цехтары мен басқа да бөлімшелерімен таныстырады. Одан кейін тәжірибент кәсіпорынның Жарғысымен, оның қызметін реттейтін басқа да нормативтік құжаттармен мұқият танысады.
ТАҚЫРЫП2. Бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау мен аудиттің ұйымдастырылу негіздері
Кәсіпорынмен танысу негізінде оның ұйымдастырушылық құрылымының сызбасы дайындалады. Ерекше назар есептік-талдау қызметінің құрылуына, олардың негізгі міндеттерімен танысуға бөлінеді. Есептік-талдау қызметінің міндеттері өндірістің көлеміне, технологиялық үдерістердің кезектілігіне, Есеп саясатында көрсетілген есеп, талдау мен ішкі аудиттің әдістеріне байланысты.
Студент бухгалтерияда, қаржы-экономикалық бөлімде және басқа да құрылымдық бөлімшелерде құжаттарды толтыру нұсқасымен танысады, бухгалтерлік есептің, экономикалық талдау мен аудиттің озық технологиялары мен әдістерін қолданудың мүмкіншіліктерін зерттейді.
ТАҚЫРЫП3. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі кәсіпорынның өндірістік/дипломалды, сауда қызметінің барлық тұстарын сипаттайды.
Студент «Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері» кестесін құрып, өткен және есепті жылдардағы мәліметтерді талдауы қажет.
Кесте 1 – Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Базисті
жыл
|
Есепті
жыл
|
ауытқу, (+,-)
|
Абсолютті+,-
|
%
|
1. Өнім өткізуден табыс, мың теңге
|
|
|
|
|
2. Жұмыскерлердің орташа жылдық саны, адам
|
|
|
|
|
3. Негізгі қорлардың орташа жылдық құны, мың теңге
|
|
|
|
|
4. Ағымдық активтердің орташа жылдық құны, мың теңге
|
|
|
|
|
5. Еңбек өнімділігі, мың теңге
|
|
|
|
|
6. Қор қайтарымы, теңге
|
|
|
|
|
7. Қор сыйымдылығы , теңге
|
|
|
|
|
8. Өнімнің өзіндік құны, мың теңге
|
|
|
|
|
9. Жалпы табыс, мың теңге
|
|
|
|
|
10. Кезең шығындары, мың теңге
|
|
|
|
|
11. Салық салынғанға дейінгі табыс, мың теңге
|
|
|
|
|
12. Корпоративтік табыс салығы, мың теңге
|
|
|
|
|
13. Күтілмеген жағдайлардан табыс, мың теңге
|
|
|
|
|
14. Таза табыс
|
|
|
|
|
15. Активтердің айналымдығы, рет
|
|
|
|
|
16. Ағымдық активтердің айналымдығы, рет
|
|
|
|
|
17. Ағымдық активтердің 1 айналымының ұзақтығы, күн
|
|
|
|
|
18. Сатудың рентабельділігі, %
|
|
|
|
|
19. Активтердің рентабельділігі, %
|
|
|
|
|
20. Меншікті капиталдың рентабельділігі, %
|
|
|
|
|
Студент келесідей сұрақтарды қарастыруы қажет:
Өнім өндіру мен өткізуді талдау.
Өнім өндіру шығындарын талдау.
Өндірістік/дипломалды ресурстарды пайдалануды талдау (негізгі қорлар, материалдық және еңбек ресурстары).
Баланстың өтімділігі мен төлем қабілеттілікті талдау.
Рентабельділік пен қаржылық тұрақтылықты талдау.
Жоспарланған қаржылық шаралардың жүзеге асырылуын бағалау.
Талдау барысында анықталған кемшіліктерді жою мен алдын алу
шараларын дайындау.
ІІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП, ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ
ТАҚЫРЫП 1. Кәсіпорынның меншікті капиталының есебі, талдауы мен аудиті
Аталған тақырып студенттің төмендегі сұрақтарды қарастыру үшін құрылтай құжаттарын қолдануын қажет етеді:
• жарғылық капиталды қалыптастыру мен өзгерту тәртібін оқу;
• капиталдың қозғалысын есепке алу тәртібін оқу;
• резервтік капиталды қалыптастыру мен пайдалану тәртібін оқу;
• қосымша төленген және төленбеген капиталды есепке алу тәртібін, оларды қалыптастыру мен пайдалануды оқу;
• субъектінің мүлкінің құралу көздерімен танысу, баланс негізінде меншікті және тартылған капиталдың құрамы мен құрылымын бейнелейтін кестелер құру;
• қаржылық коэффициенттерді есептеу және талдау.
Субъектінің шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесін қалыптастыру тәртібін оқу үшін:
1. негізгі қызметтен есептелген табыс сомасын есепте көрсетуді негіздеу;
2. өткізілген дайын өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау;
3. кезең шығыстарының құрамын талдау;
4. 5710 «Қорытынды пайда (қорытынды шығын)» шоты бойынша дебеттік және кредиттік айналымдарды жинау»;
5. «таза табыстың есебі» кестесін толтыру;
6. таза табыстың өсуі мен өсу резервтерін анықтау.
ТАҚЫРЫП 2. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі, талдауы мен аудиті
Негізгі құралдардың кірісі мен шығысы бойынша бастапқы есеп құжаттарымен танысу:
• негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің тозуын (амортизациясын)16 ҚЕХС (IAS) «Негізгі құралдар есебі» ұсынатын әдістермен есептеу;
• негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің құрамын, қозғалыс динамикасы мен пайдаланылуын талдау;
• негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қозғалысы бойынша бастапқы құжаттарды толтыру мен өңдеудің тәртібін оқу;
• негізгі құралдарды ағымдық және күрделі жөндеу шығындарын есептеу мен иесепке алу тәртібін оқу;
• меншікті және ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдардың, материалдық емес активтер объектілерінің қозғалысы бойынша бастапқы құжаттардың жинақталуы мен жүйеленуін, олардың есеп регистрлері мен құжаттарда көрсетілуін оқу.
Есепті жазу барысында жоғарыда келтірілген сұрақтар бойынша есептеулерді , материалдар мен талдау нәтижелерін жазбаша мәтін түрінде келтіру керек.
Есептің мәтінінде не қосымшаларда келесідей толтырылған құжаттар мен есеп регисрлерін келтіру не тіркеу керек:
• негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі НҚ-1;
• негізгі құралдардың ішкі қозғалысының накладнойы НҚ-2;
•жөнделген, реконструкциядан (модернизациядан) өткен негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі НҚ-3;
• негізгі құралдарды есептен шығару актісі НҚ-4;
• автокөлік құралдарын есептен шығару актісі НҚ-5;
• негізгі құралдарды есепке алудың инвентарлық карточкасы НҚ-6;
• жалға алынған (ұзақ мерзімді жал) негізгі құралдарды есепке алу карточкасы НҚ-7;
• негізгі құралдарды түгендеу тізімі НҚ-8;
• жабдықты қабылдау актісі НҚ-9;
• Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісі МЕА-1;
• Материалдық емес активтерді есепке алу карточкасы МЕА-2;
• 16 ҚЕХС (IAS) «Негізгі құралдар есебі» ұсынылған әдістермен бөлінбеген табыс есебіне жатқызылатын негізгі құралдардың тозуы мен қайта бағалау сомасынын есептеу кестесі.
ТАҚЫРЫП 3. Инвестициялар есебі, талдауы мен аудиті
Инвестициялық қызметпен танысу барысында келесілерге назар аудару керек:
• инвестициялық жобаларды дайындау мен жүзеге асыруға қатысу формалары;
• еншілес, тәуелді және бірлесіп басқарылатын ұйымдарға салынған инвестициялар есебінің ерекшеліктері;
• акция, облигация және құнды қағаздар мен қаржылық инвестициялардың басқа да түрлерінің есебі және бағалаудың ерекшеліктері;
• инвестицияларды есепке алудың кәсіпорында қолданылатын әдістері;
• қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдық құнын анықтау тәртібі;
• №39 «Қаржылық құралдар: тану және бағалау» ҚЕХС, №32 «Қаржылық құралдар – ақпаратты ұсыну» ҚЕХС сәйкес қаржылық инвестицияларды бағалау мен есепке алу тәртібі»;
• қаржылық инвестициялармен операциялардың нәтижесін қалыптастыру мен есепке алу бойынша құжаттар;
• қаржылық есептілікте №32 «Қаржылық құралдар – ақпаратты ұсыну» ҚЕХС сәйкес инвестициялар туралы ақпараттың көрсетілуі.
Қаржылық инвестициялар аудиті барысында студент келесілерді оқуы керек:
• аналитикалық есепті жүргізу мен бухгалтерлік жазбаларды жүргізудің дұрыстығын;
• бастапқы құжаттардағы жазбалардың шоттардағы жазбаларға сәйкестігін;
• құнды қағаздардың сатып алу мен номиналды бағасы арасындағы айырманы есептен шығарудың дұрыстығын;
• құнды қағаздарды сатып алу мен сатудың есепте дұрыс көрсетілуін;
• капиталдың таза құнын, ішкі пайыздық ставканы, орташа жылдық түсімдер сомасын есептеудің қаржылық әдістерін.
Тәжірибент инвестициялар портфелін талдауға қажетті мәліметтерді жинауы қажет. Инвестициялар портфелін талдауды оңтайландыру үлгілерін қолданудың мүмкіндіктерін қарастыру қажет: капиталдың таза құны негізіндегі жылдық және көпжылдық үлгілер, интеграциялық, селективті үлгілер және т.б.. Кәсіпорында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін тәуекелдерді бағалауы керек. Қаржылық және өндірістік/дипломалды инвестициялардың тиімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар дайындап, инвестицияларды табыстылық және тәуекелдік критерийлері бойынша оңтайландыру мүмкіндігін қарастыруы керек.
ТАҚЫРЫП 4. Қорлар есебі, талдауы мен аудиті
Студент бухгалтериядағы материалдық есеп бойынша топтың, сақтау орындарындағы жауапты тұлғалардың жұмысымен танысады, бухгалтерлік және қойма есебін салыстыру әдістері мен тәртібін оқиды.
Студент өз бетінше ай ішінде пайдаланылған қорлардың, ай соңындағы қорлардың қалдығының нақты өзіндік құнының есептік бағалар бойынша құннан ауытқуын есептейді. №2 «Босалқылар» ҚЕХС ұсынылған қорларды бағалау әдістерінің қолданылуын талдайды. Материалдық қорлардың қозғалысы бойынша құжаттарды толтырады. Жабдықтаушылармен жеткізілген материалдық қорлар бойынша есеп айырысулардың жағдайын, олардың төленуін талдайды. Түгендеу жүргізу тәртібін, түгендеу нәтижесін бухгалтерлік құжаттарда көрсету тәртібін оқиды. Қорларды қайта бағалау мен қайта бағалау нәтижесін есепке алуды зерттейді. Қаржылық есептілікте ТМҚ бойынша көрсетілген ақпараттың толықтығын оқиды.
Есепте жоғарыда аталған сұрақтарды мәтін түрінде жазып, келесідей алғашқы құжаттар мен есеп регистрлерін толтырылған түрде қосымша ретінде тіркеу қажет:
• Қ -1 үлгісіндегі сенім хат;
• берілген сенім хаттарды тіркеу журналы Қ-2;
• қорларды қабылдау актісі Қ-4;
• қорларды есепке алу карточкасы Қ-5;
• запастардың ішкі қозғалысының накладнойы Қ-6;
• қоймадағы қорлардың қалдығының ведомості Қ-7;
• қорларды босату накладнойы Қ-8;
• қоларларды есептен шығару актісі Қ-9;
• негізгі құралдарды демонтаждау мен бұзу кезінде алынған қорларды кірістеу актісі Қ-10.
Экономикалық талдау мен аудит сұрақтарын қарастыру барысында келесілерге көңіл бөлу керек:
• өндірістік/дипломалды қорлардың сақталуы мен қойма шаруашылығының жағдайының талдауы мен аудиті;
• қорлардың уақытында кірістелуі мен кірістеудің толықтығының аудиті;
• қорларды дайындау мен сатып алу шығындарын тексеру;
• қорлардыпайдалану тиімділігін талдау мен қорларды есептен шығарудың дұрыстығының аудиті;
• қорлардысатумен байланысты операциялардың талдауы мен аудиті;
• өндірістік/дипломалды қажеттілік пен жөндеу жұмыстарына қажетті материалдық құндылықтар көлемін анықтау;
• материалдық ресурстар көлемін жоспарлау мен басқарудың жағдайын бағалау;
• қорлардыпайдалану тиімділігін жоғарылатуға ықпал ететін факторларды талдау.
ТАҚЫРЫП 5. Ақшаның есебі, талдауы мен аудиті
Студент ағымдық, корреспонденттік шоттар мен кассадағы ақша қозғалысының бастапқы құжаттары негізінде аналитикалық есеп құжаттарын толтырып, оларды есеп регистрлеріне тіркеуі керек.
Есепті жазу барысында ақша қаражаттары есебінің ұйымдастырылуы, жағдайы туралы мәліметтер есеп мәтінінде баяндалғаннан кейін, келесідей толтырылған бастапқы құжаттар мен есеп регистрлерін тіркеу қажет:
• кассалық кіріс ордері КО-1;
• кассалық шығыс ордері КО-2;
• кассалық кіріс құжаттарын тіркеу журналы КО-3;
• касса кітабы КО-4;
• кассирдің ақшаны қабылдап алуы мен өткізуін тіркеу кітабы КО-5;
Барлық қажетті есеп регистрлері мен бастапқы құжаттар негізінде кассалық операциялар мен есеп айырысу шотындағы операциялардың жүргізілуін тексеру керек. Жабдықтаушылар мен мердігерлермен, алынған аванстар, есеп беруге тиісті тұлғалармен, қойылған талаптар, басқа да дебиторлар мен кредиторлармен есеп айырысулардың дұрыстығын тексеру керек.
Ақшалай операциялар мен кассалық операцияларды тексеру бойынша аудиторлық қорытынды дайындау керек. Ақша қаражаттарының қозғалысының есебін, «Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі» №7 ҚЕХС пайдалана отырып, операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер бойынша ақша қаражаттарының кірісі мен шығысына талдау жасау керек.
ТАҚЫРЫП 6. Дебиторлық берешек есебі, талдауы мен аудиті
Бұл тақырыпты қарастыру барысында студент мына құжаттарды пайдалануы керек:
• берілген аванстар бойынша есеп айырысуларды есепке алу тәртібін оқу;
• есептелген сыйақылар, алынған вексельдер бойынша дебиторлық берешекті есепке алу тәртібін оқу;
• еншілес, тәуелді және бірлесіп басқарылатын ұйымдармен есеп айырысулар есебінің тәртібін оқу.
Сонымен бірге, студент есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың аналитикалық есебін, жұмыскерлердің ссуда мен займдар бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерінің пайда болу мәліметтерін қолдануы керек.
Білім алушы зерттеу үшін мына деректерді пайдалануы тиіс:
• күмәнді талаптар бойынша резервтерді қалыптастыру тәртібі, пайдаланылуы мен есебі;
• болашақ кезеңнің шығындарын есептеу тәртібі, оларды есепке алу.
Студент дебиторлық берешекті қалыптасу мерзімі бойынша талдап, дебиторлық беректің айналымдылығын, өтелу мерзімін есептеуі, дебиторлық берешек құрамындағы күмәнді берешектің үлес салмағын анықтауы керек.
ТАҚЫРЫП 7. Міндеттемелер есебі, талдауы мен аудиті
Студент осы тақырып аясында банктер мен банктік емес мекемелер алдындағы қысқа және ұзақ мерзімді, ұзартылған несиелер мен займдар бойынша есеп айырысулардың аналитикалық есебін оқу үшін №4 журнал-ордерді қолданады.
Кәсіпорын мәліметтерін қолдана отырып, келесілерді зерттеу керек:
• бюджетпен корпорациялық табыс салығы, ҚҚС, жеке табыс салығы және басқа да салықтар бойынша есеп айырысулар есебінің тәртібі;
• бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысулар тәртібі.
Кәсіпорын мәліметтері негізінде алынған аванстар бойынша келесі жағдайларды қарастыру керек:
• сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың аналитикалық есебін тауарлы-материалдық құндылықтар, қызметтер мен жұмыстар түрлері бойынша көрсету;
• болашақ кезеңнің табыстарын қалыптастыру мен есепке алу тәртібі;
• жал төлемдері, төленуі тиісті пайыздар мен басқа да кредиторлық берешектер бойынша есеп айырысулардың аналитикалық есебінің тәртібі.
Міндеттемелерді талдау барысында кредиторлық қарызды пайда болу уақытына байланысты талдауға, кредиторлық қарыздың айналымдылығы және оны жоғарылату жолдарын қарастыруға көңіл бөлу қажет.
ТАҚЫРЫП 8.Еңбек және еңбек ақы есебі, талдауы мен аудиті
Осы тақырып аясында студент:
• жұмыс уақытын есепке алуды ұйымдастыру тәртібін;
• жұмыскердің істеген жұмысын есепке алуды құжаттаудың ұйымдастырылуын, жұмыс орындалмаған уақытты құжаттық рәсімдеуді, ұсталдымдар мен шегерімдерді оқуы;
• жалақыны есептеу бойынша алғашқы құжаттарды, есеп айырысу ведомостінде әр жұмыскер бойынша мәліметтерді топтауы;
• есептелген жалақы және жұмыскерлермен есеп айырысулардың мәліметтерін жинақтауды, «Жалақының шығындар бағыты бойынша бөлінуі» кестесін құрастыруы;
• дайындалған жинақтама кестелердің мәліметтерін есептелген салықтар мен ұсталымдар бойынша есеп регистрлерінің мәліметтерімен салыстыруы керек.
Есеп мәтінінде еңбек пен еңбекақы төлеу есебінің кәсіпорында ұйымдастырылуына, жағдайына баға беріп, келесідей толтырылған бастапқы құжаттар мен есеп регисрлерін тіркеу қажет:
• жеке карточка;
• жұмыс уақытын есепке алу табелі;
• есеп айырысу ведомості Т-1;
• төлем ведомості Т-2;
• депоненттелген жалақының реестрі.
Еңбек ресурстарын талдау барысында:
• кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
• жұмыс уақытының пайдаланылуы;
• еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі;
• еңбек өнімділігі;
• жұмыскерлердің жалақысы мен жалақы қоры талданады.
Персоналмен жалақы бойынша есеп айырысуларды тексерген кезде келесілерге назар аудару керек:
• еңбекті ұйымдастыру мен оған ақы төлеу бойынша нормативтік-құқықтық актілердің талаптарының сақталуы;
• жалақы төлеу бойынша бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі:
• жұмыскерлер құрамының қозғалысы, жұмыс уақытын есепке алу, өндірілген өнімді (жұмыс, қызмет) есепке алу мен жалақыны есептеу бойынша бастапқы құжаттардың шынайылығы мен дұрыс толтырылуы;
• жалақыдан ұсталымдардың дұрыс есептелуі;
• сыйақылар мен әртүрлі өтемақылардың есептелуінің негізділігі мен дұрыстығы, оның ішінде нормадан тыс жұмыс уақыты, ауыр және зиянды шарттардағы еңбек үшін және т.б.
ТАҚЫРЫП 9. Табыстар мен шығындар есебі, талдауы мен аудиті
Студент осы тақырыпты ашу үшін:
• 18 «Табыс»ҚЕХС ережелерін;
• негізгі қызмет түрлері және негізі емес қызмет түрлері бойынша табысты тану тәртібін қарастыруы керек.
Табыс алу бойынша жоспардың орындалуын, оның динамикасын қызмет түрлері бойынша талдау қажет. Табыстың өзгеруін, оған әсер еткен факторларды (өзіндік құн, баға, сату көлемі, құрылымдық өзгерістер) жүйелеу қажет. Зиянсыздық деңгейіне баға беру керек.
ТАҚЫРЫП 10.Қаржылық есептілік:, талдау мен аудитін жүргізу әдістемесі мен тәжірибесін жүргізуді дайындау
Осы тақырып бойынша студент бухгалтерлік балансты дайындаудың кезектілігімен, техникасымен танысып, баланс көрсеткіштерінің қаржылық есептіліктің басқа формаларымен байланысын зерделеуі, баланс баптарын бағалау қағидаларын қарастырыуы керек. №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» ҚЕХС бойынша есепті ұсыну мен бекіту тәртібін оқуы тиіс.
Қаржылық-экономикалық талдау және аудит сұрақтары бойынша:
• баланстың бөлімдері, баптары арасындағы негізгі байланыстарды талдау, бухгалтерлік балансты экономикалық тұрғыдан оқу;
• баланстың, пайда мен зиян туралы есептің шынайылығын, ондағы мәліметтердің ағымдық есепке сәйкестігін тексеру;
• ақша қаражаттарының қозғалысының есебі негізінде операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер бойынша ақша қаражаттарының ағымының ашып көрсетілу әдістерін оқу;
• меншікті капиталдың өзгерісі есебінің ашылып көрсетілуін оқу;
• негізгі құралдарды, қорлар мен есеп айырысуларды түгендеу нәтижелерімен танысу;
• кәсіпорынның әрекет етуінің ішкі және сыртқы шарттарын бағалау;
• баланс активтері мен міндеттемелердің құрамы мен құрылымын, төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылықты талдау;
• ағымдық және ұзақ мерзімді өтімділік көрсеткіштерін есептеу, мүлікті пайдалану тиімділігі мен өндірістің рентабельділігіне баға беру қажет.
Бухгалтерлік баланс
Кірістер мен шығыстар таралы есеп
Ақша қозғалысының туралы есеп
Достарыңызбен бөлісу: |