«esil university» мекемесі «Есеп және аудит» кафедрасы



жүктеу 97,19 Kb.
бет3/9
Дата20.01.2023
өлшемі97,19 Kb.
#40980
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4-курс Программа практики 3к3г, 2к2г КАЗ 21- 2022г

Тәжірибе базалары

Өндірістік/дипломалды тәжірибе университет бойынша бұйрықпен бекітілген және әдетте университетпен тәжірибеларды өткізу туралы келісім-шарты бар кәсіпорындарда жүргізіледі. Бұл ретте кәсіпорындар арасында қазіргі заманғы бизнесті ұйымдастыруда белгілі бір тәжірибесі бар, қызмет саласы мен басқару құрылымы қалыптасқан кәсіпорындар таңдалып алынады.


Қызметтің бағыттары бойынша тәжірибе базасы ретінде кәсіпорындардың әртүрлі нұсқалары болуы мүмкін:
- өндіруші кәсіпорын;
- коммерциялық фирмалар.
Кәсіпорынның нақты түрі – тәжірибе базасы әр студент үшін университет бойынша бұйрықпен жеке бекітіледі.
Өндірістік/дипломалды тәжірибені өту кестесі тәжірибе өтуге бөлінген уақытқа, тәжірибе өтетін кәсіпорынның ерекшелігі мен зерттеу тақырыбына байланысты университеттен және кәсіпорыннан тағайындалған жетекшімен дайындалады.



    1. Өндірістік/дипломалды тәжірибені ұйымдастыру және жетекшілік

Практикаға жалпы басшылық жасауды «Esil University» Мекемесі «Есеп және аудит» кафедрасы жүзеге асырады, студенттердің жұмысын ұйымдастыруды және басқаруды студенттің практикасының жетекшісі қамтамасыз етеді.


Кәсіпорынға экскурсияларды ұйымдастыру және өткізу үшін жауапкершілік өндірістік/дипломалды тәжірибе жетекшісі - оқытушыға және кәсіпорынның бас бухгалтеріне жүктеледі.
Өндірістік/дипломалды тәірибеден өту алдында студенттер бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі принциптерін, ҚР және ұйымдарда бухгалтерлік есепті нормативтік реттеу жүйесін, қаржылық сипаттағы ақпаратты жинау, өңдеу, дайындау жүйесін, бухгалтерлік құжаттаманы ресімдеу мен жүргізудің негізгі талаптарын білуі тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның есеп саясатын әзірлеу және негіздеу үшін бухгалтерлік есеп қағидалары туралы білім жүйесін қолдана білу; жұмыс барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын және оны жеке ұйымдардың есеп саясатының құрамдас бөлігі ретінде жұмыс жоспарлары түрінде модификациялауды қолдану; компьютерлік ортада бастапқы есепті жүргізу дағдыларын меңгеру керек.
Өндірістік/дипломалды тәжірибенің басталуынан үш күн бұрын университеттен тағайындалған жетекші-оқытушылардың міндетті түрде қатысуымен студенттердің жиналысы өткізіледі.
Студенттердің жиналысында тәжірибенің міндеттері, кәсіпорындағы жұмыстың мазмұны мен жұмыс жоспарына сәйкес тәжірибе өту уақыты айтылады. Студенттер өндірістік/дипломалды тәжірибені халық шаруашылығының түрлі салаларындағы әрүрлі меншік формасындағы кәсіпорындарда өтеді.
Өндірістік/дипломалды тәжірибені ұйымдастыру мен оқу-әдістемелік жетекшілік жүргізу «Esil University» Мекемесі кафедралары тарапынан жүргізіледі. Кафедра өндіріспен таныс оқытушыларды тәжірибе жетекшісі ретінде тағайындайды.
Кәсіпорын тарапынан студенттердің тәжірибесін ұйымдастыруға бас бухгалтер не оның орынбасары жауапты. Кәсіпорында жалпы жетекшінің тағайындалуымен қатар жекелеген жұмыс орындарында да жетекші тағайындалуы тиіс.
Бухгалтерлік есеп бойынша өндірістік/дипломалды практикадан өту кезінде студенттер алған теориялық білімдерін практикада қолдануды үйренеді, ұйымның бухгалтерлік қызметі жұмысының ерекшелігі туралы түсініктерді тереңдете түседі.
Оқытушының (практика жетекшісі) жетекшілігімен жұмыс істей отырып, студенттер негізгі шаруашылық операцияларды ресімдеу үшін бастапқы бухгалтерлік құжаттардың типтік нысандарын қолдану, белгіленген тәртіппен жинақтау және жүйелеу үшін оларда қамтылған деректерді өңдеу бойынша практикалық дағдыларды игереді, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес негізгі ережелерді есептік жұмыста пайдалану дағдыларын игереді.
Осылайша, бухгалтерлік есеп бойынша өндірістік/дипломалды тәжірибе таңдалған мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді және сол арқылы болашақ бухгалтердің одан әрі кәсіби дамуына негіз қалайды.

жүктеу 97,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау