«esil university» мекемесі «Есеп және аудит» кафедрасы



жүктеу 97,19 Kb.
бет2/9
Дата20.01.2023
өлшемі97,19 Kb.
#40980
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4-курс Программа практики 3к3г, 2к2г КАЗ 21- 2022г

1. Жалпы ережелер

Өндірістік/дипломалды тәжірибе кәсіптік жоғары білім берудің негізгі білім беру бағдарламасы бойынша оқу процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқытудың барлық түрлерінің оқу жоспарларына енгізіледі.


Тәжірибеның негізгі мазмұны болашақ маманның кәсіби қызметінің сипатына сәйкес кәсіпорында немесе мекемеде тәжірибелық, оқу немесе өндірістік/дипломалды тапсырмаларды орындау болып табылады. Ол теориялық білімді өндірістік/дипломалды жағдайда тәжірибелық дайындықпен тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді және студенттердің таңдаған мамандығына тән шеберлігі мен дағдыларын дарытуға бағытталған.
Өндірістік/дипломалды тәжірибе бағдарламасы студенттерді мамандық бойынша оқыту процесінің тәжірибелық кезеңін және «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасын әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады және «Esil University» Мекемесі студенттерінің тәжірибеден өтіп жатқан, университет пен кәсіпорыннан (ұйымнан) тәжірибе жетекшілерінің пайдалануына арналған.
Әр студент үшін өндірістік/дипломалды тәжірибе өту базасы ретінде нақты кәсіпорынды бекіту университет бойынша бұйрықпен бекітіледі.
Өндірістік/дипломалды тәжірибе қорытындысы бойынша баға қойылады.
Өндірістік/дипломалды тәжірибе бағдарламасы «Есеп және аудит» мамандығының студенттерін оқыту үдерісінің тәжірибелік кезеңін әдістемелік қамтамасыз ету құралы болып саналады және «Esil University» Мекемесі университетінің өндірістік/дипломалды тәжірибе өтетін студенттеріне, университеттен және кәсіпорыннан тағайындалған жетекшілеріне арналған.


    1. Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері:

Практиканың мақсаты «Esil University» Мекемесінде алған білімдерін одан әрі тереңдету және бекіту және кәсіпорынның шаруашылық қызметіне бухгалтерлік есепті, аудитті, экономикалық талдауды ұйымдастыру және жүргізу саласында қажетті практикалық дағдыларды меңгеру болып табылады.


Тәжірибе өту барысында студент:
• кәсіпорынның ұйымдастырылуымен, ұйымдастырушылық құрылымымен, саланың ерекшеліктерімен, кәсіпорынның өндірістік/дипломалды және басқарушылық құрылымдарының негізгі міндеттерімен танысуы тиіс;
• кәсіпорында бухгалтерлік есептің, талдау мен аудиттің ұйымдастырылуын зерттеуі тиіс: есеп саясаты; бухгалтерлік есеп формалары; есептің автоматтандырылуы; бастапқы құжаттар мен құжат айналымы; аналитикалық есеп формалары; қаржылық есептің құрамы мен формалары; есепті, қаржылық және басқарушылық талдауды, ішкі аудитті жүргізу мен ұйымдастырудың қолданылып жүрген жүйесі, оның кемшіліктері мен жетілдіру бойынша ұсыныстар;
• бухгалтерияда немесе экономикалық талдау мен аудит бөлімінде жұмыс істеп, оның ішінде материалдық құндылықтар, негізгі қорлар, еңбек пен жалақы, өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнының есебі мен талдауын жүргізетін қызметкерлердің міндеттерімен терең танысып, сол орындарда тәжірибеден өтуі тиіс;
• бухгалтерлік операцияларды дайындау мен өңдеуге, аналитикалық көрсеткіштерді есептеуге, түгендеу мен тексерулер жүргізуге қатысуы керек;
• мүмкіндігінше, кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен экономикалық талдау, аудит мәселелеріне байланысты өткізілетін жиналыстарына қатысуы керек;
• дипломдық жұмыс, ғылыми баяндама, тәжірибе бойынша есепті жазу мен ұсынуға қажетті материалдарды жинауы қажет.
Өндірістік/дипломалды практика қорытындысы бойынша білім алушылар тиісті кафедраға есеп береді, оны практика жетекшісі тексереді және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық - рейтингтік әріптік жүйесі бойынша сараланған сынақпен бағаланады.




    1. жүктеу 97,19 Kb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау