М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректораты
20.01.2012 ж.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Тарих және құқық, экономика және басқару факультеттерінде БҚМУ түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету мақсатында элективті пәндер каталогы, мамандану, оқу үрдісінің кестесін қалыптастыру бойынша жұмыс берушілер және сараман базасымен жұмысты ұйымдастыру туралы. Ғиззатов Саялбек Махамбетұлы, Нестеренко Галина Ивановна - факультет декандары
Сарапшылар:
А.С.Қыдыршаев - педагогикалық факультет деканы м.а.
Г.С.Қайсағалиева - академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры
Қ.Д.Айтқалиева – театрлық-хореографиялық өнер және кітапханатану кафедрасының меңгерушісі
Қаулы:
Есеп қаулысы айтылған ұсыныстарды ескере отырып, келесі ректоратта бекітілсін.
2010-2011 оқу жылында ПОҚ-ның республиканың жетекші оқу орындарында біліктілік арттыруының нәтижесі мен жетілдіру жолдары туралы. Ломоносов Илья Матвеевич - кадрларды қайта даярлау және қосымша білім беру орталығының директоры
Қаулы:
Ақпарат негізге алынсын.
Ағымдағы мәселелер
Тарих және құқық факультеті түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету мақсатында элективті пәндер каталогы, мамандану, оқу үрдісінің кестесін қалыптастыру бойынша жұмыс берушілер және сараман базасымен жұмысты ұйымдастыру туралы
І Жұмыс оқу жоспары және элективті пәндер каталогы бойынша комитет жұмысы.
Тарих және құқық факультеті бойынша жұмыс оқу жоспары және элективті пәндер каталогы (ЖОЖ және ЭПК) бойынша комитет 2010 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс жасап келеді. Аталған комитет факультеттің оқу-әдістемелік кеңесі жанынан қызмет етеді. Комитеттің 2011 жылдың 14 қыркүйегінде өткізілген отырысында комитет құрамы және жұмыс жоспары бекітілді. Комитет құрамында 9 адам бар: комитет төрағасы, факультет деканының орынбасары – Б.М.Мырзабаева, факультет деканы м.а. С.М.Гиззатов, Құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к. Л.С.Серикова, ДТ және ӘСП кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент К.М.Науанова, ҚР тарихы кафедрасының меңгерушісінің орынбасары Б.Н.Бактыгулова, ДТ және ӘСП кафедрасының оқытушысы Г.Н.Есеева, т.ғ.к., Құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы Т.М.Муттаирова, ҚР тарихы кафедрасының оқытушысы Ж.К.Тастаева, Г.Т.Жалекенова.
Комитет жоспарына сай оның жұмысы барысында төмендегідей мәселелер қамтылған: мамандықтар бойынша элективті пәндер тізімін құрастыру бойынша жұмыс; 2011-2012 оқу жылына элективті пәндер каталогын бекіту; атқарылған жұмыстар туралы есеп беру.
2010 жылдың қараша айынан бастап 2011 жылдың ақпан айына дейін 2011-2012 оқу жылына элективті пәндер каталогын құрастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, құрастырылған элективті пәндер каталогы университеттің оқу-әдістемелік кеңесіне бекітуге ұсынылды. Элективті пәндер каталогында пән атауы және таңдау пәнінің пререквизиттер және постреквизиттерінің көрсетілуімен қысқаша аннотациясы берілген. Таңдау пәні болып табылатын пәндер тізімін және мазмұнын құрастыру кезінде мамандықтың ерекшеліктері, студенттер ұсыныстары, жұмыс берушілердің талаптары және жоғары білікті мамандар дайындау үшін қажетті инновациялар есепке алынды. Факультет кафедраларында бекітілген мамандықтардың барлық курс студенттері үшін элективті пәндер каталогы бар. Элективті пәндер каталогына кафедра мамандықтары бойынша студенттердің қол жеткізуі Офис тіркеуші бөлімінің және эдвайзерлер қызметі арқылы ұйымдастырылды, оқу жылының соңында міндетті компоненттер бойынша да, таңдау пәндері бойынша да пәндер презентациясы өткізіледі. Таңдау нәтижелері студенттердің жеке оқу жоспарынан көрініс тапқан. Элективті пәндер каталогы ақпан айында университеттің оқу-әдістемелік кеңесіне бекітуге ұсынылды. Комитеттің соңғы отырысында атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.
2011-2012 оқу жылындағы оқу үрдісі мамандықтардың типтік және оқу жұмыс жоспарына сай ұйымдастырылды. Оқу жүктемесінің көлемі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келеді және семестрге байланысты 13-20 кредитті құрайды.
Құқықтық пәндер кафедрасына қарасты құқықтану және құқық және экономика негіздері мамандықтарына элективті пәндер каталогы құрастырылды. Құқықтану мамандығының элективті пәндер каталогына ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ. Құқық және экономика негіздері мамандығының элективті пәндер каталогына мемлекеттік білім беру стандарттарына өзгерістер енгізілуіне байланысты Құқық негіздері пәнінің орнына 1 семестрге Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (2 кредит), 3 семестрге Шетелдердің конституциялық құқығы (2 кредит) пәндері енгізілді.
Дүниежүзі тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасында 2011-2012 оқу жылына арналып әлеуметтану, аймақтану және халықаралық қатынастар мамандықтары бойынша элективті пәндер каталогы құрастырылды. Әлеуметтану мамандығына мамандандыруға қажетті пәндер енгізілді. Атап айтатын болсақ, 1 семестрге Әлемдік діндер тарихы (2 кредит), 2 семестрге Әлеуметтік психология (2 кредит), 2 семестрге Әлеуметтік педагогика (2 кредит), 6 семестрге Жарнама әлеуметтануы (2 кредит), 7 семестрге ТМД елдерінің тарихы (2 кредит). Халықаралық қатынастар және аймақтану мамандықтарына: 3 семестрге Мамандану елдерінің мәдениті тарихы (1 кредит), 3 семестрге Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік-саяси географиясы (1 кредит), 8 семестрге Аударманың теориялық-қолданбалы аспектілері (3 кредит), 5 семестрге Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу Шығыс (2 кредит), 7 семестрге Саяси дискурс (мәтін) негіздері (1 кредит), 7 семестрге Тілдердің салыстырмалы типлогиясы (2 кредит).
ҚР тарихы кафедрасы бойынша – 5В011400 тарих және 5В020300 тарих мамандықтарына элективті пәндер каталогы құрастырылды. Элективті пәндер каталогын құрастыру барысында сараман кезіндегі студенттермен және мектеп оқытушыларымен жүргізілген сауалнама нәтижелері есепке алынды. Екі мамандықтың да элективті пәндер каталогына төмендегідей пәндер жаңадан енгізуді ұсынылды: 5 семестрге Қазақ халқының мәдениетінің тарихы (материалдық және рухани) (2 кредит), 7 семестрге Тарих ғылымының теориясы мен методологиясы (2 кредит), ҚР сыртқы саясаты мен дипломатиясы (2 кредит), 8 семестрге ҚР саяси жүйесі (2 кредит).
Элективті пәндер каталогын жасақтауда әр түрлі мамандықтар бойынша жұмыс берушілермен жүргізілген сауалнамалар маңызды рөл атқарады. Олардың қорытындысын төмендегіше келтіруге болады.
Тарих мамандығы бойынша жұмыс берушілер сауалнамасының сараптамасы
1. Сауалнама жүргізген ұйым білім саласына жатады - 100%
2. Қазіргі кездегі тарих саласындағы жоғары білімді мамандарға сұраныс қажеттілігі:
Жауап бергені: жалпы Қазақстанда - 70% - көпшілік жағдайда өте жоғары, 30% - көпшілік жағдайда жоғары; БҚО аудандарында - 80 % - көпшілік жағдайда өте жоғары, 20% -көпшілік жағдайда жоғары; Орал қаласында - 40% - көпшілік жағдайда өте жоғары, 60% - көпшілік жағдайда жоғары
3. Алдағы бес жыл ішіндегі білім саласында жоғары білімді маманға қажеттілік:
Жалпы Қазақстанда - 60 % - ия, көпшілік жағдайда артады ,40% - жоқ, көпшілік жағдайда өзгеріссіз қалады
БҚО аудандарында және Орал қаласында - 70 % - ия, көпшілік жағдайда артады, 30% -жоқ, көпшілік жағдайда өзгеріссіз қалады
4. Қазіргі кездегі ұйымның жоғары білікті мамандарға қажеттілігі: ия - 45%, жауап беруге қиналамын - 55%
5. Маңыздылық деңгейі бойынша жоғары білікті маманның неғұрлым маңызды қасиеттері:
1. Базалық кәсіби білімінің болуы, теориялық дайындығы (1 орын – 70%, 2 орын – 30%)
2. Кәсіби құзіреттілігінің дамуына, білім беру саласында өсуіне қабілеттілігі (6 орын – 100%)
3. Жалпы мәдениеті (2 орын – 50%, 8 орын – 50%)
4. Бастамашылдығы, жаңа идеяларды ұсынуға қабілеттілігі (7, 8 орын –70%-дан)
5. Нәтижеге жұмыс істеу, өз еңбегінің нәтижесін көрсете білу (3, 5 орын –50%-тен)
6. Ұжымда жұмыс істеу қабілеті (4 орын - 100%)
7. Еңбек тәртібі (3,5 орын - 50%-дан)
8. Кәсіби біліктілігі және дағдысының болуы, тәжірибелік дайындығы (1,7 орын –30%-дан)
6. Төмендегідей мінездемелер бойынша ұйымда жұмыс жасаушы М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлектеріне баға
Базалық кәсіби білімінің болуы, Теориялық дайындығы - 20 %- «1», 80% - «4»
1. Кәсіби біліктілігі және дағдысының болуы, тәжірибелік дайындығы 20 %- «1», 20%- «3», 60%-«4»
2. Кәсіби құзіреттілігінің дамуына, білім беру саласында өсуге қабілеттілігі 20 %- «1», 80% - «4»
3. Бастамашылдығы, жаңа идеяларды ұсынуға қабілеттілігі 20% - «3», 80% - «4»
4. Жалпы мәдениет - 20% - «3», 20% - «4», 60% - «5»
5. Еңбек тәртібі - 60% - «4», 40% - «5»
6. Ұжымда жұмыс істеу қабілеті – 20% «3»,80%-«4»
7. Нәтижеге жұмыс істеу, өз еңбегінің нәтижесін көрсете білу – 40 % «3», 60% «4»
7. БҚМУ-нің түлектеріне жұмыс беруші ретінде университетте жүзеге асқан білім беру бағдарламаларының қалыптасуына ықпал етуге ұйымның мүмкіншілігі:
1 Ия -60%
2 Жоқ-20%
3 Жауап беруге қиналамын -20%
8. Сіздің ұйымыңыздың БҚМУ-нің түлектері үшін жұмыс беруші ретінде университетте жүзеге асқан білім беру бағдарламаларының мазмұнының қалыптасуына ықпал ету мүмкіншілігінің болғанын калайсыз ба деген сұраққа жауап берушілердің жауабы:
1 Ия-50%
2 Жауап беруге қиналамын -50%
9. Қазіргі тарихшы-мамандарды дайындау үшін неғұрлым маңызды элективті пәндер тізімі келтірілген:
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы - 60%
Қазақстан халықтарының этнографиясы-70%
Тарихи демография-30%
Дүниежүзілік демография-30%
Батыс Қазақстан аймағының тарихы-100%
Қазақстанның экономикалық тарихы-40%
Әлемдік экономика тарихы-10%
Қазақстан тарихы бойынша деректер-70%
Әлемдік діндер тарихы-100%
Қазақстан саяси партиялар тарихы -70%
10. Қазіргі тарихшы-мамандарды дайындау тиімділігін арттыру үшін «Тарихты оқыту әдістемесі мен теориясы» пәнін қосу ұсынылды.
Әлеуметтану мамандығы бойынша жұмыс берушілер сауалнамасының сараптамасы
Қазіргі әлеуметтанушы-мамандарды дайындау үшін неғұрлым маңызды элективті пәндер тізімі келтірілген:
ҚР тұрғындарының әлеуметтік қорғалуы - 100%
Басқару әлеуметтануы - 90%
Нарық әлеуметтануы - 90%
Жанжал әлеуметтануы -60%
Ұйым әлеуметтануы -100%
Дін әлеуметтануы -100%
Саяси әлеуметтану -100%
БАҚ әлеуметтануы -90%
Әлеуметтанудағы математика -70%
Құқық әлеуметтануы -100%
Аймақтану мамандығы бойынша жұмыс берушілер сауалнамасының сараптамасы
Қазіргі аймақтану мамандарды дайындау үшін неғұрлым маңызды элективті пәндер тізімі келтірілген:
Ресей және Кенес мемлекетінің тарихы - 70%
Келіссөздер жұргізу тактикасы - 80%
Саяси билік – 80%
Электрондық үкімет – 50%
Посткеңестік кеңістіктегі саяси процестер – 80%
Әлемдік интеграция үрдістері – 60%
Геосаясат – 70%
Әлемдік саясат – 40%
Әлеуметтік басқару -70%
Дипломатиялық консулдық қызмет -70%
Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша жұмыс берушілер сауалнамасының сараптамасы
Қазіргі халықаралық қатынастар және аймақтану мамандарды дайындау үшін неғұрлым маңызды элективті пәндер тізімі келтірілген:
Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихы - 70%
Келіссөздер жұргізу тактикасы - 80%
Саяси билік – 80%
Электрондық үкімет – 50%
Геосаясат – 70%
Әлемдік саясат – 40%
Әлеуметтік басқару -70%
Дипломатиялық консулдық қызмет -70%
Тарих мамандығы бойынша студент-машықкерлер сауалнамасының сараптамасы
Қазіргі кездегі жоғары білікті маман-тарихшыларға қажеттілік:
жалпы Қазақстанда - 70% - көпшілік жағдайда, өте жоғары, 30% - көпшілік жағдайда жоғары; БҚО аудандарында - 90% - көпшілік жағдайда жоғары, 10% - көпшілік жағдайда өте жоғары; Орал қаласында - 50% - көпшілік жағдайда өте жоғары, 40%- көпшілік жағдайда жоғары, 10% - баға беруге қиналамын.
2 Алдағы 5 жыл ішінде тарих профилінің жоғары кәсіби білімді мамандарына қажеттілік:
жалпы Қазақстанда – 50% - ия, көпшілік жағдайда артады, 10% - ия, көпшілік жағдайда төмендейді, 10% - жоқ, көпшілік жағдайда өзгеріссіз қалады, 30% - баға беруге қиналамын;
БҚО аудандарында - 60 % - ия, көпшілік жағдайда артады, 10% - жоқ, көпшілік жағдайда өзгеріссіз қалады, 30% - баға беруге қиналамын;
Орал қаласында - 60 % - ия, көпшілік жағдайда артады, 10% - жоқ, көпшілік жағдайда өзгеріссіз қалады, 30% - баға беруге қиналамын;
3. Оқу бітіргеннен кейін Тарих мамандығы бойынша жұмыс табу мүмкіндігі: өте жақсы - 70%; жаман емес - 30%;
4. Қазіргі жұмыс берушілермен неғұрлым жоғары бағаланып отырған жоғары білікті маманның неғұрлым маңызды қасиеттері:
1 Базалық кәсіби білімінің болуы, теориялық дайындығы (1 орын - 70%, 3 орын - 20%, 4 орын - 10% )
2 Кәсіби құзіреттілігінің дамуына, білім беру саласында өсуіне қабілеттілігі (1 орын-20%, 3 орын - 50%, 6 орын - 20% 8 орын - 10%)
3 Жалпы мәдениет (1 орын - 20%, 2 орын - 40%, 5 орын - 30%, 8 орын - 10%, )
4 Бастамашылдығы, жаңа идеяларды ұсынуға қабілеттілігі (1 орын - 40%, 2 орын - 30%, 7 орын - 30%)
5 Нәтижеге жұмыс істеу, өз еңбегінің нәтижесін көрсете білу (1 орын - 20%, 2 орын -20%, 3 орын - 30%, 4 орын - 30% )
6 Ұжымда жұмыс істеу қабілеті (1 орын - 30%, 2 орын-10%, 3 орын-40%, 4 орын-20% )
7 Еңбек тәртібі (6 орын-40%, 7 орын-60%)
8.Базалық кәсіптік біліктілігі мен дағдыларының болуы, тәжірибелік дайындығы (1 орын-30%, 2 орын-40%, 3 орын-30%)
5. Төмендегідей мінездемелер бойынша маман ретінде өз-өзіне баға беруі::
Базалық кәсіби білімінің болуы, теориялық дайындығы – 40% - «1», 30 % - «4», 30% - «5»
Базалық кәсіптік біліктілігі мен дағдыларының болуы, тәжірибелік дайындығы – 20% - «1», 10% - «3», 30% - «4», 40% - «5»
Кәсіби құзіреттілігінің дамуына, білім беру саласында өсуіне қабілеттілігі – 10%- «2», 20% - «3», 20% - «4», 50% - «5»
Бастамашылдығы, жаңа идеяларды ұсынуға қабілеттілігі 20% - «1», 20% - «4», 60% - «5»
Жалпы мәдениет - 30% - «4», 80% - «5»,
Еңбек тәртібі - 30% - «4», 70% - «5»
Ұжымда жұмыс істеу қабілеті – 60% - «5», 40% - «4»
Нәтижеге жұмыс істеу, өз еңбегінің нәтижесін көрсете білу – 10 % - «2», 20% -«4», 70% - «5»
6. Университетте жүзеге асқан білім беру бағдарламаларының мазмұнын қалыптастыруға ықпал етуге мүмкіншілігі:
1 ия -20%
2 жоқ -60%
3 жауап беруге қиналамын-20%
7. Университетте жүзеге асқан білім беру бағдарламаларының мазмұнының қалыптасуына ықпал етуге шынайы мүмкіншілігініздің болғанын калайсыз ба деген сұраққа сауалнамаға қатысушылар жауап берді:
1 ия- 70%
2 жоқ-10%
3 жауап беруге қиналамын-20%
8. Тарих бойынша қазіргі мамандарды дайындау үшін неғұрлым маңызды элективті пәндер:
Мәдениеттану- 30%
ӨҚН-40%
Психология-20%
Мәдениет теориясы және методологиясы - 10%
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы -30%
Қазақстан халықтарының этнографиясы-40%
Қазақстанның экономикалық тарихы-50 %
Қазақстан тарихы бойынша деректер-20%
Шет елдер тарихы бойынша деректер -30 %
Халықаралық қатынастар тарихы-30%
Қазақстан саяси жүйесінің тарихы -40%
Электронды үкімет-50%
Қазақтардың рухани мәдениеті -30%
Әлемдік тарихтың өзекті мәселелері -10%
ҚР саяси жүйесі -30%
9.Қазіргі тарихшы-мамандарды дайындау тиімділігін арттыру үшін элективті пәндер тізіміне оқыту әдістемесін және педагогика және психология негіздерін қосу ұсынылды
Әлеуметтану мамандығы бойынша студент-машықкерлер сауалнамасының сараптамасы
Әлеуметтану мамандығы бойынша қазіргі мамандарды дайындау үшін неғұрлым маңызды элективті пәндер:
Дін әлеуметтануы -100,0%
ҚР тұрғындарын әлеуметтік қорғау – 100,0%
Саяси әлеуметтану -100,0%
Құқық әлеуметтануы -100,0%
Мәдениеттану- 100,0%
Басқару әлеуметтануы -80,0%
Психология-70,0%
Нарық әлеуметтануы -60,0%
Жанжал әлеуметтануы -60,0%
Ұйым әлеуметтануы -50,0%
БАҚ әлеуметтануы -40,0%
Әлеуметтанудағы математика -10,0%
Аймақтану мамандығы бойынша студент-машықкерлер сауалнамасының сараптамасы
Қазіргі аймақтану мамандарды дайындау үшін неғұрлым маңызды элективті пәндер тізімі келтірілген:
Ресей және Кенес мемлекетінің тарихы - 70%
Келіссөздер жұргізу тактикасы - 80%
Саяси билік – 80%
Электрондық ұкімет – 50%
Посткенестік кеністіктегі саяси процестер – 80%
Әлемдік интеграция үрдістері – 60%
Геосаясат – 70%
Әлемдік саясат – 40%
Әлеуметтік басқару -70%
Дипломатиялық консулдық қызмет -70%
Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша студент-машықкерлер сауалнамасының сараптамасы
Қазіргі халықаралық қатынастар және аймақтану мамандарды дайындау үшін неғұрлым маңызды элективті пәндер тізімі келтірілген:
Ресей және Кенес мемлекетінің тарихы - 70%
Келіссөздер жұргізу тактикасы - 80%
Саяси билік – 80%
Электрондық ұкімет – 50%
Геосаясат – 70%
Әлемдік саясат – 40%
Әлеуметтік басқару -70%
Дипломатиялық консулдық қызмет -70%
Осылайша, Тарих және құқық факультетінде 4 курс студенттері оқу сараманынан өту барысында жүргізілген сауалнама нәтижесінде және жұмыс берушілердің ұсыныстары бойынша элективті пәндер каталогі жасақталады.
ІІ. Мамандану
Тарих және құқық факультетіне қарасты мамандықтар мамандандандыру үрдісінен тыс қалмады.
2011-2012 оқу жылында төменде көрсетілген мамандықтар бойынша мамандандандыру жүзеге асырылды:
1. 5В050100 әлеуметтану мамандығы бойынша мамандандырылу «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер мұғалімі»;
2. 5В050500 аймақтану мамандығы бойынша мамандандырылу «Аудармашы-референт»;
3. 5В020200 халықаралық қатынастар мамандығы бойынша мамандандырылу «Аудармашы-референт»;
4. 5В030100 құқықтану мамандығы бойынша мамандандырылу «Азаматтық құқық», «Қылмыстық құқық»;
Бұл мәселе 2011 жылдың 15 ақпанында университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып, 2011 жылдың 25 наурызында Ғылыми Кеңесте бекітілді.
ІІІ. Оқу үрдісінің кестесі
Оқу үрдісінің кестесі университеттің жобалау бөлімінде мамандықтарға сәйкесті әрбір курсқа арналып жасалады. Әр топқа жасалған семестрлік оқу графигі оқу үрдісінің кестесіне сүйеніп жасалады.
Жүргізілетін сабақтардың сапалығына бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетін ПОҚ-ның сабақтарға өзара қатысуы ықпал етеді және де оның нәтижесі кафедраның отырыстарында талқыланып, арнайы журналда көрсетіледі. Қазақстанның басқа жоғары оқу орынан келіп дәріс оқитын заң ғылымдарының кандидаттарына кафедра оқытушыларымен келісе отырып, арнайы кесте жасалды.
Сонымен қатар Оқу үрдісінің кестесін жасауда жұмыс берушілер және сараман базаларының пікірі құнды болмақ. Дегенмен аталған тараптардан Оқу үрдісінің кестесіне қатысты ешқандай сын айтылмады.
ІҮ. Түлектерді жұмысқа орналастыруды қалыптастыру бойынша жұмыс берушілер және сараман базасымен жұмыс.
Факультет өз түлектерін жұмысқа орналастыруды қалыптастыру бойынша жұмыс берушілер және сараман базасымен жұмыстанып келеді. Осы мақсатқа жетуде қамқоршылар кеңесі және университет түлектері қауымдастығымен арадағы жұмыс жанданып келеді.
050114 – тарих және 050203 – тарих мамандықтарына қазіргі таңда сұраныс берушілер қатарында Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласының орта жалпы білім беретін мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, мұрағаттар, мұражайлар т.б. болып табылады.
050203 – тарих мамандығы бойынша сапалы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін БАҚ-да жарнамалар беру (аймақтық баспасөз беттеріне мақалалар шығару, облыстық телеарналардан хабарлар беру), облыс пен қала мектептерінің бітіруші түлектерімен тығыз байланыс орнату жұмыстары жүргізіледі.
Факультет кафедралары Орал қаласындағы №34, №42 ОЖББМ және облысымыздың 4 ауданының филиалдарындағы жұмыстарының нәтижелілік деңгейін көтеру, кәсіптік бағдар беру мен үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру үшін ғылыми-методологиялық семинарлар мен ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастырып келеді.
2010-2011 оқу жылы түлектерін кейіннен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін Тарих және құқық факультеті бірқатар іс-шаралар жоспарлады. Осы шара шеңберінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Атап айтсақ, БҚО прокуратурасының өкілдері Р.С.Мажитов пен А.Сүйінәлиев студенттерге құқық қорғаушылардың кәсіби этикасы туралы дәріс өткізді. Бұл шараға «Құқықтану» мамандығының 4-курсының барлық студенттері қатысты. Дәріс құқық қорғаушылардың, атап айтсақ, прокуратура қызметкерлерінің, сот қызметкерлерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің, адвокаттардың, нотариустардың қызметтік міндеттері туралы, олардың азаматтармен жұмыс жасау кезіндегі өзін-өзі ұстау ерекшеліктері туралы т.б. мәліметтерді толық қамтыды. Дәріс студенттерде қызығушылық тудырды.
2010-2011 оқу жылында құқықтану мамандығы бойынша бітірген көптеген түлектердің жартысы «Жол картасы» бойынша тәжірибеден өтуде. Бітіруші түлектер өз ауыл, аудандарына барып басқа сала бойынша да жұмысқа орналасуда.
Студенттерді өндірістік сараманға дайындау мақсатында «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби әдебі» тақырыбында Ғ.А.Асильбекова, Ж.Н.Набиев, З.Б.Ауелбаевтар 10 сағат көлемінде дәріс өткізді. 08402 топта желтоқсан айында топ басшысы Дьяконова Л., топ кураторы Л.С.Серикованың ұйымдастыруымен «Менің болашағым қандай?» атты кураторлық сағат оздырылды. Оған қалалық құқық қорғау оргындарының өкілдері шақырылып, органдарды жұмыс істеудің маңыздылығын, жетістіктері мен қиыншылықтарын айтып берді.
2011 жылдың қаңтар айында мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің БҚО бойынша комитеті төрағасының орынбасары Е.А.Әжібаев университет студенттеріне мемлекеттік қызмет жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді; «Бүгінгі студент - ертеңгі жас маман!», «Мамандық ерекшеліктері», «Жоғары білімді жас маманның алғы қадамдары» тақырыптарда жұмыс берушілермен кездесу мақсатында ашық есік күндері өткізілді.
Негізгі жұмыс берушілер ретінде ашық есік күндеріне БҚО Нотариаттық палатасы, Адвокаттар алқасы, облыстық (қалалық) жұмыспен қамту басқармасы, БҚО прокуратурасы, миграциялық полиция, Ішкі Саясат Басқармасы, т.б. құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызмет өкілдері де қатысты.
Жыл бойғы өткізілген дөңгелек үстелдер мен жұмыс берушілермен кездесулердің ең көлемдісі сәуір айында ұйымдастырылған 2010-2011 оқу жылының түлектерін жұмыспен қамтамасыз етуге көмектесу мақсатында жоспарланған «Қазіргі заман жұмыс орын нарығы және жоғары оқу орындары түлектеріне қойылатын талаптар» тақырыбындағы жұмыс берушілермен кездесу. Кездесудің мақсаты – еңбек нарығының өзгеріп отыратын сұраныстарын айқындау және осы мәселер бойынша жұмыс берушілермен пікір алмасу.
Шараға 20-дан астам мекеме қатысты, олардың ішінде «Атамекен» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы кеңесі» БҚО филиалынан А.М.Акашаева, М.М.Капышева, Қалалық жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан Б.Х.Сулейменов, БҚО прокуратурасынан М.Р.Сейдағатұлы, БҚО Нотариаттық палатасынан Н.Г.Елегенова, БҚО Сотынан А.Т.Мазалиева, Орал қ. сотынан Ғ.С.Ищанов, облыстық биологиялық-экологиялық орталығынан Ф.Сағынбайқызы, Қазақстан бизнесмендерінің тәуелсіз Ассоциациясынан М.Мунайдарұлы, зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының БҚО бойынша филиалынан А.Т.Кожумов және басқалары бар.
Дөңгелек үстел барысында БҚО әлеуметтік-экономикалық салаларының сұраныстары негізінде мамандарды даярлау және қайта даярлау, кәсіби сараман уақытында жас мамандарды сынақтан өткізіп, алдағы уақытта жұмысқа орналасуы, 2011-2012 жылы жас мамандарға қажеттік мәселелері кеңінен талқыланды. Шараға қатысқан барлық мекеме өкілдері өз пікірлерін ортаға салды.
Шара соңында дөңгелек үстелде қаралған сұрақтар мен мәселелерді қорытындылай келе, ұсыныстар жобасы жасалды.
Жоба бойынша жұмыс берушілерге университетпен әлеуметтік байланысын жетілдіруге (мақсатқа бағытталған мамандарды даярлауға гранттар мен шәкіртақылар бөлу, оқу-ғылыми зертханалық база құруға көмектесу); студенттерге кәсіби және дипломалды сараманнан өту кезінде көмектесуге; ұзақ мерзімді келісім-шартқа отыруға ықыласты болуға; мүмкіндігінше Мансап күні, жастар практикасы және тағы да басқа осы бағыттағы шараларға демеуші болуға; жоғары оқу орындарының түлектерін белгілі бір мақсатта мамандандыруды көздейтін ортақ бағдарламалар жасауға ұсыныстар жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |