Ерте жастағы және күштеп қиылатын некелердің алдын алу



жүктеу 0,99 Mb.
Pdf просмотр
бет9/37
Дата18.05.2018
өлшемі0,99 Mb.
#14254
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37

23

Әдістемелік құрал 



Ресми ислам қыз балалар мен әйелдердің 

кез келген кемсітушілігіне қатаң түрде қар-

сылық білдіреді. Сонымен бірге, қасиетті жаз-

баларда  өз  қыздарын  зорлық-зомбылықтан 

қорғаудағы отбасының ролі алдыңғы орынға 

шығарылған

5

.

Ислам әйелдердің отбасындағы ролі және әйелдер мен қыз 

балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсылығы туралы 

4

 



Сондықтан  да  тұрғындар  арасындағы  түсіндіру 

жұмыстары құқықтық сауаттылықты көтеруде, жет-

кіншектер  мен  олардың  ата-аналарына  мәлімет 

беруде  ерекше  роль  атқаруы  керек. Ал тұрғындар 

күш  көрсету  мен  келіннің  келісімінсіз  ерте  жаста 

неке  қидыруға тыйым  жөніндегі  мұсылман дінінің 

негізгі қағидаларымен келіседі. 

4

Материалдар Қазақстан мұсылмандары Басқармасының қолдауымен, БҰҰ ел халықтары жөніндегі Қордың (ЮНФПА) қолдауымен құрастырылды



және құрастырушының пікір көзқарасын білдіреді. Материалдар пайдаланылған жағдайда міндетті түрде сілтеме жасау керек.

5

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өкілі, Алматы бас мешітінің имамы Е.Әбдірамановтың сөзінен.



Қазақстанда ислам дәстүрінің тара-

луы мен өркендеуі кейбір жағдайларда 

ерте жастағы және мүжбүрлі некелерді 

шариғат қолдайды деген қоғамдағы сте-

реотиптердің өрбуіне әсер етті. Ал бұл 

қыз балалар мен әйелдердің құқықтары 

мен бостандықтарына ықпал етеді. 

Алайда, ешқандай ұлттық әдет-ғұрып-

тар мен дәстүрлер зорлық-зомбылықтар, 

жасөспірім қыз балаларды келін етіп алу 

үшін алып қашу немесе оны келісімін-

сіз күйеуге ұзату фактілерін ақтап ала 

алмайды.

Құранда еркектер мен әйелдер туралы не айтылады?

Ислам келгенге дейін әйелдер адам ретінде есептелмеген, оларға күң 

ретінде  қараған,  бірақ  ислам  оларға  тәуелсіздікті,  әлеуметтік  және 

са

яси құқықтарын сыйлады. Қасиетті Құранда: «Ей сенушілер! 



Өз  әйелдеріңмен  жақсы  және  лайықты  қарым-қатынаста 

болыңдар» (Ән-Ниса, 19) делінген.

Әйелдерге  қатысты  Исламда  Әбу  Хурайра  жеткізген  Хадисте 

былай  дейді:  «Бір  адам  Пайғамбардан  (оған  Аллаһтың  игілігі 

мен сәлемі болсын): «Менің ең жақсы қарым-қатынас жасауым 

үшін  оған  кім лайықты?» деп  сұрайды. Алланың  елшісі  «Сенің 

анаң» деп жауап берді. Әлгі кісі тағы да сұрады: «Ал одан соң 

кім?»  деп  сұрады.  Ол  «Сенің  анаң»  деп  жауап  берді.  Тағы  да 

әлгі кісі: «Одан соң кім?» деп сұрағанда, «Сенің анаң» деді. Әлгі 

кісі одан соң ше дегенде, Алланың елшісі, Аллаһтың игілігі мен 

сәлемі болсын, «Сенің әкең» деп жауап берді делінеді.

Өкінішке  қарай,  соңғы  жылдары  көбінесе  үйдегі  зорлық-зом-

былықтар мен оның салдары – ажырасулар, өзіне өзі қол жұмса-

ушылар туралы жиі естіліп қалады. Үйдегі зорлық-зомбылықтар 

сәтсіз отбасылардың санын арттыра түсіп, ажырасуға, ата-ана-

ЖА

ЛПЫ 



АҚПАР

АТ

ТАР



 


24

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

лық құқықтан айыруға, балалар қылмысының өсуіне, суицидке, 

жақын  адамның  қаза  табуына,  денсаулығына  зиян  келтіруіне 

алып  келеді.  Әрбір  екінші  жағдайда  әйелдер  үшін  денесіне 

жарақат  алумен  аяқталады  және  көп  жағдайда  күш  көрсетуші 

жазаланбай қалады. Отбасындағы зорлық-зомбылықтар

дың әрбір 

үшіншісі  қару  қолданумен  өтеді. Үйдегі  зорлық-зомбылыққа  ұшыраған  немесе 

таяқ жеген әрбір бесінші әйелдің аяғы ауыр болады.



Ислам әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты теріске 

шығарады, бұл ислам негіздеріне қарама-қайшы.

Исламдағы отбасы институты өзара 

құрметке, махаббатқа, мейірімділік пен 

сүйіспеншілікке негізделеді. Еркектер 

тарапынан да, әйелдер тарапынан да 

күш көрсету мен моральдық зорлық-зом-

былыққа тыйым салынады. Күйеуі мен 

ағасы өз әйелдеріне күш көрсетіп, мораль-

дық зардап келтірмеуі керек, ал әйелдер өз 

жағдайын теріс мақсатта пайдаланбауы 

және бауырлары мен күйеулеріне зиян кел-

тірмеуі тиіс. 

Бейбітшілік пен келісім – сенуші мұсылман отбасының 

негізі

Отбасылық өмір ылғи да бірқалыпты бола бермейді. Көзқарастар әр-  

алуандығы,  материалдық  проблемалар,  туысқандармен  қарым-қа-

тынас  және  басқа  да  жағдайлар  отбасы  үшін  нағыз  беріктікке 

сынақ  болады.  Бірақ,  сенушілер  отбасылық  бақыт  Құдайдың  бер-

ген  сыйы  болып  табылады  және  оған  игі  қадамдар  мен  құдайдан 

қорқушылықтың арқасында қол жеткізіледі. Сондықтан да ерлі-зай-

ыптылар арасында кикілжің болып қалған жағдайларда да, олар отба-

сында татулықты, жарасымдылықты сақтап қалуға ұмтылады. 

Мұсылман отбасындағы күйеуі мен әйелінің ролі 

Алдыменен  нағыз  мұсылмандар,  ерлер  мен  әйелдер  өз  құқықтары 

мен  міндеттерін  білуі  тиіс.  Мұсылман  қоғамында  күйеуі -  от  ағасы, 

ал әйелі – оның толыққанды әріптесі және серігі саналады. Ерлердің 

басым болуын Құранда оларды қамқоршылар деп көрсетеді: «Ерлер 

– әйелдердің қамқоршылары» (4-сүре, «Ән-Ниса», 14-аят). Еркектер 

белгілі бір тәндік және психологиялық қасиеттерімен отбасын қамта-

масыз етіп отыру үшін жаратылған. 



Некеге тұрған 

мұсылман өзіне 

жұбайының өмірі 

үшін толық жауап-

кершілік алады. Күй-

еуі жақсы өмір сүру 

үшін әйелін барлық 

қажеттіліктермен 

қамтамасыз етеді 

және оның жақсы 

өмір сүруі үшін 

қамқорлық таны-

тады, әйеліне маха-

ббатпен және құр-

метпен қарайды. 


жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау