36
Төрт жолақты сарыбас жылан (Elaphe quatuorlineata)
Денесінің жалпы ұзындығы
2000 мм дейін жететін, әдетте ұсақ жыландар.
Басы мойынынан әлсіз жіктелген. Көзінің алдында бір ірі қалқаны болады.
Еріннің астында үшінші және төртінші көзасты қалқаншасы орналасады.
Әдетте екі, кейде үш көз арты қалқаншасы болады. Төбе қалқаншасы төменгі
көз артымен байланысады. Денесінде 25-27 қатар қабыршақтар орналасады.
Құрсақ жағындағы қабыршақтары жылтыр болып, арқасындағылары сәл
мүйізденген. Қабыршақтарының әрқайсысында екі тесігі бар. Құрсақ
қалқаншалары құрсақтың бүйірінде қатпарлар түзбейді [161].
Денесінің жоғарғы жағы қоңырқай-сары реңді, қара қоңыр немесе қара
түсті көлденең орналасқан ұзынша қатарлар түзетін дақтары болады. Мұндай
рең жас сарыбас жыландарда анық байқалады да, ал ересектерінде мүлдем
байқалмайды. Денесінің екі жақ бүйіріндегі қабыршақтар қызыл немесе
қызғылт сары реңке ие болады.
Көздерінің сыртқы мөлдір қабығы қара түстес. Жас жыландардың басының
жоғарғы беткейінде қарақоңыр түсті доға тәріздес және көз үсті мен төбе
бөлімінде екі жалпақ жолақтары болады.
Ересек жылдарда бұл жолақтар мүлдем жойылып кетеді.
Қазақстанның шығысында төрт жолақты жыландар жиі кездеседі.
Сонымен қатар, бұл жыландар Каспий теңізінің шығыс жағалауларында да
тіршілік етеді.
Төрт жолақты жылан кез-келген экологиялық ортада тіршілік ете береді.
Адамға жақын жерлерді мекендеп, жүзімдіктер мен бақтар арасында да жүре
береді. Олар теңіз деңгейінен 1000 м дейін биіктіктегі тауларға көтеріле алады
және теңіз деңгейінен 2500 м дейін тереңдікке де түседі. Қазақтың үстіртті
даласында сексеуілді құмдарда, сазды шөлейттерде және төмпешікті сортаң
жерлерде де тіршілік ете береді.
Ол пана ретінде кеміргіштердің ұяларын, топырақтағы және тастардың
астындағы бос кеңістіктерді және ағаштардың діңдерін пайдаланады.
Көктемде жыландар күндізгі уақытта белсенді болады, өте ыстықта
белсенділігі таңғы және кешкі сағаттарда күшейеді [162].
Бұл жыландар ашуланған кезде олардың құйрығының ұшы дірілдеп,
немесе қатты заттарға тигенде сылдырлаған дыбыс шығарады. Кеудесін
көтеріп, айбат шегіп, қауіпті екенін байқатады. Осы кезде мойыны жуандап,
айбат шегіп, өзіне қауып төндірушіге тез қимылмен атылады.
Аналықтары маусым-шілдеде жұмыртқаларын басып шығарады. Ұяда 48-
70 мм пішіндегі 4-16 жұмыртқалары болады.
Төрт жолақты сарыбас жыландар орташа және ірі кеміргіштермен,
құстармен, олардың жұмыртқаларымен, өте сирек жағдайда кесірткелермен
қоректенеді. Құстардың жұмыртқаларын жегенде ол жемсауда жұмыртқаның
қабығын сындырып жібереді.
Боз жыландар туысы (Gloydius)
Боз жыландар – ұзындығы 80 см жететін, ұсақ және орташа көлемді
жыландар. Басы ірі және жалпақ, мойын бөлімі айқын байқалады. Денесі 9 ірі