Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет6/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

14 
 
қабілеттілігін  сақтайды,  яғни  тұлғаны  әлеуметтендіру  шеңберінде  де, 
айтарлықтай  кең  этногенез  барысында  уақытты  (тарихты),  кеңістікті 
(ландшафт)  және  халықтың  мінез-құлқының  дәстүрлі  этникалық  стереотипін 
(дүниетанымын) кең ауқымда қамтитын терең  бейімделу әлеуетін құрайды. 
Туристік-өлкетану  қызметі 
— 
оқу-тәрбие  жұмысының  бұрыннан 
қалыптасқан,  өз  бетінше  қызмет  атқарып  келетін  бағыт,  оның  жалпы  және 
қосымша  білім  беруде  өзіндік  толыққанды  ғылыми-әдістемелік  негіздері,  бай 
тәжірибесі,  кадрлары,  ұйымдастыру  формалары,  салт-дәстүрі  бар.    Соңғы 
жылдарда  орын  алған  сындарлы  экономикалық  және  саяси  реформалар 
кезеңінде  бұл  бағыттағы  өлкетануды  ұйымдастыру  жұмыстары  да  елеулі 
өзгерістерге  ұшырады.  Алайда,  өтпелі  кезеңнің  заманауи  сатысында  өлкетану 
мәселесінің  мүмкіндіктерін зерттеу өз мәресіне жетті деп санауға болмайды. 
Қоғамда өтіп жатқан демократиялық үдерістер өлкетануды жаңа деңгейге 
көтерді,  оның  білімдік  әрі  тәрбиелік  рөлін  арттырды.  Өлкетану  қызметіне 
қызығушылықтың  пайда  болуына  ықпал  етті.  Жоғары  оқу  орындарында  жаңа 
және  қызықты  өлкетану  өзекті  мәселесін  таңдауға,    өлкетану  қызметінің 
нәтижелерін  жариялауға    кең  таралуы  жаңа  білімнің  осы  саладағы  қызметінің 
нәтижелерін  пайдалануда  және  оларды  практикаға  енгізуде  қолдана  білу 
мүмкіндігі  туындады.  Қоғамның  экономикалық  және  әлеуметтік  даму 
динамикасы  болашақ  мұғалімдердің    кәсіби  дайындығын  күшейту,  олардың 
мектеп  қабырғасында  оқушылармен  зерттеушілік  жұмыстар  жүргізе  білу 
білімдері  мен  біліктерін  көтеруді  көздеуде.  Сонымен  қатар,  әрбір  болашақ 
маманның  өз  өлкесіне  деген  сүйіспеншілігін,  маңайына  адами  қарым-
қатынасының    қалыптасуына    өлкелік  зерттеушіліктің  тигізетін  әсерінің 
молдығы  да  ескерілуге  тиісті.  Осы  аталған  міндеттерді  шешуде  өлкетану 
жұмысының алатын орны  және атқаратын рөлі жоғары.   
Жоғары оқу  орындары  белгілі бір аймақта  қызмет жасайтын  мамандарды 
дайындайды,  олай  болса,  сол  аймақтың  табиғи  жағдайын,  қоршаған  ортаның 
ерекшеліктерін, мәдениетін игеру тәжірибесін зерттеу, оны танып білу, әсіресе 
жас ұстаздар қауымы  үшін өте маңызды мәселе. Болашақ мұғалімдерді кәсіби 
дайындауда өлкелік материалдарды зерттеуге, оның нәтижесін жинақтап, білім 
беру  ісіне  қолдана  білудің  жолы  мен  әдіс-тәсілдерін  меңгерту  арқылы  қазіргі 
таңда  білім  жүйесінің  алға  қойып  отырғаны 

  берілетін  білімді  тұлғаға 
бағыттау  принципі  жүзеге  асырылады.    Білімді  өлкелік  материалдармен 
байланыстырудың  тиімділігі  жайындағы  көзқарастар    ертеден-ақ  педагогтар 
мен  психологтар  қауымының  қолға  алған  мәселелерінің  бірі  екенін  бәрімізге 
айғақ. 
Өлкелік  зерттеулер  жүргізу,  одан  жиналған  материалдарды  білім  беру 
үдерісінде пайдалану жаңадан пайда болған көзқарас емес. Бұл мәселе белгілі 
педагогтар: 
Я.А.Коменскийдің, 
Ж.-Ж.Руссоның, 
М.В.Ломоносовтың, 
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық еңбектерінде көрініс тапқан болатын [65-68]. 
Орыстың  атақты  педагогі  К.Д.Ушинский  өзінің  педагогикалық 
көзқарасында  нақты  деректері  мен  дәлелі  жоқ  теорияның  ешқандай  пайдасы 
жоқтығын, сол сияқты  деректер мен тәжірибенің де ғылыми дәлелдеуді жоққа 


15 
 
шығара алмайтындығын атап көрсетті. Бұл зерттеушілік арқылы қол жеткізген 
нақты деректердің  құндылығын көрсетеді [69]. 
Ал,  қазақ  ағартушысы  Ы.Алтынсарин  болса,  өзінің  өлеңдері   мен 
әңгімелерінде  жастарды  табиғаттың әсемдігін  сезім арқылы қабылдап, түсіне 
білуге  тәрбиелеуді  уағыздайды.  Маңайда  және  мектеп  жанындағы  алаңдарда 
жастардың  бақылау  жүргізуін,  бақылау  нәтижелерін  сабақта  пайдалануын 
талап етеді. 
Педагогикалық  үдерісті  жетілдіруде  өлкетанудың  мүмкіндіктері    мен 
тиімділіктері  туралы    белгілі  педагогтар:  И.Д.Рожанский,  Н.Н.Моисеев, 
Э.В.Гирусов,  В.В.Глазачев,  Д.С.Лихачев,  Н.М.Мамедов,  С.В.Алексеев, 
В.А.Караковский, Л.Я.Новикова, Н.А.Селиванова, Е.И.Соколова, Е.А.Рипачева, 
Н.М.Семчук, 
В.В.Сериков, 
М.И.Морозова, 
Е.А.Власова, 
И.Т.Гайсин, 
Б.С.Гершунский,  С.Д.Дерябо,  Д.С.Ермаков,  В.И.Загвязинский,  И.Д.Зверев, 
Л.Я.Зорина, 
Е.П.Ильин, 
Д.Н.Кавтарадзе, 
М.Г.Казакина, 
С.С.Кашлев, 
М.В.Кларин, Н.И.Корякина, Т.В.Кузовкова, Н.В.Кузьмина, М.К.Куприяновалар 
өз еңбектерінде қарастырған [70-103]. 
Қазақстандық  білім  беру  және  тәрбиелеудің  базалық  әдіснамалық 
ережелердің  бірі 

  қоғам  мен  табиғаттың  өзара  байланыс  тұжырымдамасы. 
Өлкетану  туралы  білім    аталған  аспектінің  өзекті  мәселелерін  өлкелік  білім 
және  өлкетану  арқылы  жас  ұрпақтың  көп  жылдық    әлеуметтік-мәдени 
тәжірибесі мен этноэкологиялық бейімдеуге сүйене келе қарастырады.   
  Өлкетану  жұмысы  табиғат,  болмыс  пен  адамды    мәдениет  аспектісінде 
көруге  мүмкіндік  береді  («табиғат  -  әлемдік  мәдениет,  ұлттық  және  туған 
өлкенің мәдениеті  мен мәдениеттің жасампазы ретінде»), ол жеке тұлғаға білім 
беру мен тәрбиелеуде, оның кәсіби маман және азамат ретінде қалыптасу үшін 
жолдарды іздеуді мақсаты деп көздейді. 
Болашақ  мұғалімдер 

  студенттерді  кәсіби  даярлау  үдерісіне  өлкелік 
компонентті енгізу қажеттілігі  теориялық алғышарттарға ғана емес,   сондай-ақ 
жоғары  мектеп  іс-тәжірибесіне  негізделген 

  білім  беруді  гуманитарландыру, 
студенттерді  жалпы  және  кәсіби  даярлау  мәселелерін,  аймақтандыру 
үдерістерін,  осыған  байланысты,  жоғары  кәсіптік  білім  берудің  мемлекеттік 
стандарт қойып отырған жаңа талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету.  
Г.В.Аверкиева  көрсеткендей,    педагогиканы  құрайтын    практикалық-
бағдарланған  аспектісінде  өлкетануды  қарастыру,    бірінші  кезекте  қазіргі 
заманғы  білім  беру  шындықтың  қажеттіліктерімен  анықталған.  «Біз 
анықтағандай,  -  деп  жазады  зерттеуші,  -  бұл  педагогикалық  өлкетану 
сипатындағы  мәліметтер  мектептер  желісін  жоспарлауда,  педагог  кадрлардың 
қажетті  санын  есептеуде,  қосымша  білім  беру  мекемелерінің  қызметін 
үйлестіру үшін, оқыту және тәрбиелеуде жергілікті ерекшеліктерді  есепке алу 
мақсатында пайдаланылады» [104]. 
Болашақ  мұғалімдерді  кәсіби  дайындау  үдерісінде  өлкетану  келесідей 
ықпал етуі мүмкін:  
-  біріншіден,  ғылымның  үдемелі  саралауында  пәндік  бағдарлауды  еңсеру 
және мәдениетке бет бұру;  


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау