43
қаптайтын қабыршақтар жылтыр немесе ортаға қарай мүйіздене орналасады
[173, 174].
Бұл қабыршақтардың даму деңгейі әртүрлі болады, қабыршақтардың
үстіңгі жағы анық көрінеді. Қабыршақтардың артқы жағында әдетте жиірек
лупамен ғана байқауға болатын аздап немесе жақсы тереңдеген 1-2 кішігірім
ойықтар кездеседі. Олар қабыршақтардың басқа бөліктеріне қарағанда ашық
түстес болып келеді. Бұлар апикальды шұңқырлар. Дене айналасындағы
қабыршақтардың саны әдетте жыланның белгілі түрін анықтау барысында
үлкен роль атқарады. Дене айналасындағы, құйрықасты және құрсақ
қабыршақтарын санауды түйрегіштің немесе иненің көмегімен оның әрбірінің
ұшына тигізіп санау қолайлы. Түйрегіш немесе ине көмегімен сондай - ақ
қандай да бір себептермен тоқтап қалған санау әдісін оңай тауып, ары қарай
жалғастыруға болады (мысалы анықталатын нысанды аударып қарау
қажеттілігі туып жатса).
Біз зерттеу кезінде далалық практиканы пайдаланып, студенттердің өзіндік
жұмыстарын орындатуды ұйымдастырдық. Ол үшін алдымен жыландар
тұқымдастарын қалай анықтауға болатындығын көрсететін сызба құрдық (кесте
2).
Кесте - 2 Қазақстанның жыландар тұқымдастарын анықтау
№
Сипаттамалары
Түрлері
1 Денесінің жоғарғы және төменгі жағынан бір
типті жылтыр қабыршақты, құйрық ұштары
дөңгелек қабыршақтармен қапталған. Қабақ
терілері көздерін жауып тұрады. Ауыз қуысы
тұмсығының төменгі жағында орналасқан
Соқыржыландар –
Typhlopidae
2 Құрсақ қабыршақтары денесінің төменгі жағын
түгел қамтымаған
Айдаһар жылан -
Boidae
3 Көз бен танаудың ортасында терең шұңқыр
орналасқан
Сылдырмақ
құйрық жыландар
-
Crotalidae
4 Көз бен танаудың арасында
шұңқыр жоқ
Улы сұр жыландар
–
Viperidae
5 Көз алмасы домалақ
Сарыбас жыландар
–
Corabridae
Ескерту
- Жыландардың құйрықүсті қабыршақтарын есептеу барысында
құйрықтың бүтіндігіне назар аударған дұрыс. Себебі, жыланның әртүрінің
қабыршақтарының орналасуы әртүрлі. Сондықтан бұл жылан түрлерін
анықтауда қателік жібермеу үшін керек.
Жыландардың биоценоздағы және адам өмірі мен шаруашылықтағы
маңызы туралы әлі толыққанды мәліметтер аз. Сондықтан, далалық практика
кезінде кездескен жыландарды жан-жақты талдай отырып, олардың