Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет15/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51

32 
 
систематикалық  және  экологиялық  ұғымдарды  анықтау  мақсатында 
қарастырамыз.  Себебі,  зерттеу  нәтижесінде  алынған  ғылыми  деректерді     
ЖОО-ның  биолог  бакалаврларын  дайындау  мазмұнына  қосу  мүмкін  әрі 
мақсатты деп білеміз. 
 
Бауырымен  жорғалаушылар  –  қарапайым  жер  үсті  тіршілік  ететін 
омыртқалы  жануарлардың  алғашқы  класы  және  оларда  Amniota-ның    барлық 
негізгі  белгілері  айқын  көрініс  табады.  Олар  тек  қана  өкпемен  тыныс  алады 
және  арнайы  тыныс  алу  жүйесінің    жолдары  бар;  тыныс  алу  механизмі  – 
сорғыш типті, кеуде қуысы көмегімен жүзеге асырылады. Жүрегі үш камералы. 
Толық  емес  бөлінген  қолқалы  қарыншадан  үш  дербес  қантамырлар  бағаны 
жіктеледі: екі қолқа доғасы мен өкпе артериясы. Үлкен және кіші қанайналым 
шеңберлері  толық  жіктелмеген,  бірақ  олардың  оқшаулану  дәрежесі  қос 
мекенділерге  қарағанда  жоғары.  Бауырымен  жорғалаушылардың  денесі 
қатпарланған  қабыршақтармен  қапталған,  тері  бездері  жоқ.  Оларда  қатты 
субстратпен қозғалуды және қоректік белсенділікті қамтамасыз ететін қаңқасы 
мен  бұлшықеттері  қарқынды  өзгеріске  ұшыраған.  Азоттық  айналым 
өнімдерінің бөлініп шығуы және су балансы оларды метанефрикалық (жамбас) 
бүйректерімен 
жабдықтайды. 
Көбею 
ерекшеліктері 
ішкі 
ұрықтану, 
жұмыртқалық  және  ұрықтық  қабықтардың  дамуымен,  ұрпаққа  қамқорлықтың 
күшеюімен сипатталады  [146-148].
 
Бауырымен 
жорғалаушылардың 
бірқатар 
ерекшеліктері 
олардың 
ұйымдасуының  қарапайымдылығын  дәлелдейді:  сыртқы  ортаға  байланысты 
дене  температурасының  өзгеруі,  зат  алмасу  үдерістерінің  төмен  деңгейі, 
жүректе қанның араласуы және т.б.  
Жыландар отряд тармағы (Ophidia немесе Serpentes
Жыландар  –  ерте  кезден  адамдарда  мистикалық  қорқыныш  және  үрейді  
тудыртқан ең қызықты және көп жағдайда әлі толық зерттелмеген жануарлар.  
Жыландарды  дәстүрлі  түрде  жеке  отряд  тармағы  ретінде  бауырымен 
жорғалаушылар  (Reptilia)  класының  қабыршақтылар  (Squamata)  отрядына 
жатқызады.  
Теориялық  тұрғыдан  қарастыру  кезінде  мына  төмендегі  мәселелер 
айқындалады.  
Жақсы  маманданған  аяқсыз  қабыршақтылар,  қалың  өсімдіктер,  ағаш 
бұтақтары  мен  бұталар  арасын  мекендеп,  қорегін  бүтіндей  жұту  қабілетіне 
орай,  салыстырмалы    түрде  алғанда  ірі  және  тірі  қорекпен  қоректенуге 
бейімделген.  Аяқсыз  кесіркелерден    жыландар  қозғалмалы  сол  және  оң  жақ 
сүйектерінің  бөлінуімен,    қозғалмалы  қабақ  пен  дабыл  жарғағының,  иық 
белдеуі  және  еркін  қимылдай  алатын  аяқ-қолдарының    болмауымен    және 
кейбір  басқа  да  белгілерімен  ерекшеленеді.  Тек  айдаһар  жыландарда  жамбас 
және  мықын  сүйектерінің  шағын  рудименттері  сақталған.  Жамбастың 
қалдықтары сондай-ақ, соқыр жыландарда да кездеседі.   
Жыландардың  денесінің  үстіңгі  жағы  ұсақ  қатты  қабыршақтармен 
қапталған,  ал  төменгі  жағында  қалқандар  орналасады.  Тері  бездері  болмайды 
(кейбір  жыландар  түрлерінен  басқа).  Жыландардың  түлеуі    ерекше  өтеді. 


33 
 
Терінің  ескі  қабаты  жақтарынан  бастап  ажырап,  біртіндеп  бүкіл  денесінен 
түлеп, сыпырылып түседі. Түлеу барысында өсіп кеткен қабақтың беті де түсіп 
қалады,  сол  себептен  түлеуден  соң  жыландардың  көздері  айтарлықтай 
мөлдірлене  түседі [149-151]. 
Қозғалыс  сипатына  орай  омыртқа  жотасы  көп  санды  бір  типті 
омыртқалардан  (140-435)    тұрады.  Олардың  құрылымы  беріктік  бере  отырып, 
сол арқылы денені жиырып өрмелеуге маңызды омыртқа жотасының қимылды 
болуына  септігін  тигізеді.  Омыртқаларға  бос  аяқталатын  қабырғалар  бекінеді. 
Қабырғалар  өздерінің  бос  орналасқан  ұштарымен  құрсақтың  мүйізді 
қабыршақтарымен  байланысатын  бұлшықеттің  қабатына  еніп  орналасады. 
Қабырғалардың қимылы әсіресе, жыландардың тар індерде қозғалуында үлкен 
роль атқарады.  
Жыландардың  бас  сүйегі  өзіне  тән  бірнеше  белгілерге  ие.  Жақ 
сүйектерінің  қозғалмалы  қосылуы  және  онымен  таңдай,  қанат  тәрізді  және 
қабыршақ  сүйектерінің  байланысуы  ірі  жануарларды  толығымен  жұтып 
жіберуге  мүмкіндік  береді.  Қорегін жұту  барысында  жылан  кезекпен  астыңғы 
жақты біресе оң, біресе сол жартысын қозғалтады.   
Жыландардың  іріленген  тістері  жоғарғы  жақ  сүйегінде  алдыңғы,  ортаңғы 
немесе  артқы  жағына  орналасуы  мүмкін.  Олардың  көптеген  тістері  бүтін 
(біртегіс), бірақ кейбір жыландарда түтікше тәріздес немесе ішкі жағынан терең 
ми сайы болуы мүмкін.  Әдетте тістер қоректі ұстап тұруға ғана емес, сонымен 
қоса қорегіне ерекше улы тістерінің каналдары арқылы келетін уды енгізу үшін 
де  маңызды.  Улы  тістер  өзге  тістердің  қатарларынан  тіссіз  аралықпен 
(диастема) бөлініп тұруы мүмкін.   
Ірі  қоректік  бөлшекті  жұту  сілекей  бездерінің  қарқынды  бөлінуі  арқылы 
жеңілдетіледі.  Көпшілік  жыландар  усыз  келеді,  олар  өз  қорегін  тістерінің 
механикалық  әрекеті  арқылы  немесе  оны  орап  тастаумен  өлтіреді.  Улы 
жыландарда  алдыңғы  айтарлықтай  ірі  тістері  түрі  өзгерген  сілекей  бездерінің 
бөліндісі саналатын у ағатын каналдары болады.  
Улы  бездер  өзгеріске  ұшыраған  сілекей  бездері  саналады.  Жыландардың 
улары  ферменттердің  (гидролазалардың),  ерекше  қызмет  атқаратын  белоктар 
мен  бейорганикалық  заттардың  қосындысы  бар  күрделі  қоспа  іспеттес. 
Қоректің  организміне  оның  құрамы  мен  әрекетінің  әсеріне  қарай,  уларды 
шартты түрде нейротоксиндік және гемолитикалық деп жіктейді [152-153]. 
Жыландардың  көздері  дөңгелектенген  және  мөлдір  қабықпен  қапталған. 
Ауа  арқылы  таралатын  дыбыстарды  жыландар  нашар  қабылдайды,  алайда 
ауаның кейбір төменгі жиіліктегі тербелістері мен топырақтағы дірілдерді олар 
жақ  сүйектерімен  сезіп  ары  қарай  квадратты  сүйекке  жеткізеді,  ал  ол  жақтан 
ортаңғы  құлақтың  есту  сүйекшесіне  жеткізеді.  Жыландарда  иіс  сезу  қабілеті 
жақсы дамыған және оларда якобсон мүшесі болады. Бұл химиялық анализатор 
жыландардың  негізгі  сенсорлы  құралы  болып  саналады,  оның  көмегімен 
қоршаған ортаны дұрыс қабылдауға қабілетті.  Якобсонов мүшесі жұп қуыстан 
тұрады, ол жоғарғы таңдайдың екі қуысы арқылы түсетін ішкі жақтағы сезімтал 
эпителийдің  көмегімен  иіс  молекулаларын  қабылдауға  қабілетті.  Осылайша 


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау