ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС № 1
WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС
Жұмыстың мақсаты: Windows ОЖ-нің негізгі түсініктері - тышқан, тышқанмен жұмыс істеу машықтары, Рабочий стол, Пуск батырмасы, есептер панелі, меню (негізгі және контекстік) түсініктерімен танысу; Windows ОЖ-нің командаларын жаттау.
1-жаттығу. Тышқанмен басқару әдістерін өңдеу.
Тышқан графикалық операциялық жүйедегі объектілерді басқарудың негізгі құралы болып табылады.Тышқанмен жұмыс істеу тәсілдері көп емес:
Егер тышқан көрсеткішін объектіге апарып бірнеше секунд бойы ұстап тұрса, онда көрсеткіш жанында осы объект туралы қысқаша мәлімет шығады.
Тышқан көрсеткішін Пуск батырмасына апарып көрінген мәлімет мазмұнын көруге болады.
Жаңа программаны оқытуды бастағанда басқару элементтеріне апарып көрсеткішті орнату арқылы объект туралы мәліметті шақырып, соны оқып алу арқылы жүргізіледі.
|