01-12 ӘН ШҚМУ СМЖ құжаттарды рәсімдеу талабы.
3 Негізгі терминдер және қысқартулар
3.1 Негізгі терминдер
Осы қызметтік нұсқаулықта нормативті құжаттамаларға сәйкес келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
Академиялық күнтізбе – оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;
Академиялық кезең – ұзақтығы 15 апта семестр түрінде көрсетілген теоретикалық оқу кезеңі;
Академиялық дәреже – қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже;
Академиялық сағат – 1 контактілі сағатқа (50 минуттан) тең дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтар немесе 1,5 контактілі сағатқа (75 минуттан) тең студиялы сабақтар, немесе 2 контактілі сағатқа(100 минуттан) тең зертханалық сабақтар және дене шынықтыру сабақтары, сонымен қатар, 1 контактілі сағатқа (50 минуттан) тең оқу практикаларының барлық түрі, 2 контактілі сағатқа(100 минуттан) тең педагогикалық практиканың барлық түрі, 5 контактілі сағатқа(250 минуттан) тең өндірістік практиканың барлық түрі;
Дескрипторлар –біліктілік шеңберіне қатысты термин. Біліктіліктің әр түрлі деңгейі үшін оқыту нәтижесі жалпылама түрде анықталады. Дескрипторлар жүйесі инвариантты болып табылады, яғни біліктілікті салыстыруды жеңілдететін, нақты білім беру контекстіне тәуелді емес. Болондық үрдісте Еуропалық жоғары білім біліктілік шеңберіндегі құрамды бөлігі болып табылатын Дублиндік дескрипторлар жүзеге асырылады. Дублиндік дескрипторлар жоғары білім берудің әрбір циклында оқыту нәтижелерін бағалауға келісімді талаптарын ұсынады және жоғары білім берудің ұлттық жүйесінде жоғары дәрежеде нақтылауды қолдану керек;
Жеке оқу жоспары - элективті пәндердің каталогы негізінде оқу жылына студенттің өзбетімен жыл сайын жасалатын құжат, жазылған пәні және кредит саны немесе академиялық сағат саны көрсетілген оқу пәндерінің тізімін қамтиды; жеке оқу жоспары оқу үрдісінің траекториясын көрсетеді;
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе көлемін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
Пәндер каталогы – оқу модульдері мен пәндер тізімі, олардың көлемі, аралық бақылау түрлері қамтылған құжат;
Таңдау компоненті – жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдай алатын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі;
Кредит - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;
Модуль - білім алушылардың білімі, білігі, дағдысы және құзыреттілігі бағалау критерийлеріне сәйкес келетін нақты тұжырымдалған, дербес, білім беру нәтижелері тұрғысынан аяқталған білім беру бағдарламаларының құрылымдық элементі.
Модульдік білім беру бағдарламасы - білім алушылардың қандай да бір академиялық дәреже және/немесе біліктілік алуы үшін қажетті негізгі құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын оқыту бағдарламасы;
Модульдік оқыту - білім беру бағдарламаларын, оқу жоспары мен оқу пәндерін модульдік негізде құрастыратын оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілі;
Білім беру бағдарламаларын модульдік негізде құрастыру - білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымын оқытудың мақсатына сай білім алушының кәсіби құзыреттілігінің жиынтығы болатын оқу үдерісін ұйымдастыру тұжырымдамасы негізінде кәсіптік оқыту мақсатына қол жеткізу құралы;
Міндетті компонент –оқыту бағдарламасы бойынша студенттердің міндетті тәртіппен оқитын және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен белгіленген, ең аз көлемдегі сәйкес кредиттер мен оқу пәндерінің тізімі;
Пререквизиттер - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер;
Постреквизиттер - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;
Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім; аралық аттестаттауды өткізудің түрі білім алушылардың модульді-рейтингтік білімдерін тексеру және жазбаша, тестік, ауызша, құрамдастырылған емтихан;
Білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде ақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді;
Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ) - бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОДӨЖ) болып бөлінеді;
Типтік оқу жоспары –білім алушылардың меңгеруіне қажетті ең аз кредитпен көрсетілген, ЖББ, БП, КП циклына біріктірілген міндетті компоненттерді оқу пәндерінің тізімі түрінде белгілейтін, мамандық бойынша негізгі құжат;
Білім беру бағдарламасының еңбек сыйымдылығы – кредит немесе байланыс сағатымен көрсетілген білім беру бағдарламаларын(оқу пәндерін, емтиханды, практикаларды, қорытынды мемлекеттік аттестацияға дайындық пен өткізуді, оқу семестрін, оқу жылын, модульді) жүзеге асыруға жұмсалған қаражат;
Оқу модулі - білім алушылардың құзыреттіліктері тұтас немесе жартылай қалыптасатын олардың нақты оқыту нәтижелерін меңгеруіне бағытталған білім беру бағдарламасының құрылымдық элементі;
элективтік пәндер - белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтік-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттіліктерін есепке алатын компонентке кіретін оқу пәндері;
Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жүйесі (ECTS) білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан жағдайда білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит мен бағаларын қоса алғанда) салыстыру және қайта сынақтан өткізуде пайдаланылатын білім беру бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие) белгілеу әдісі.
3.2 Қысқартулар
Осы қызметтік нұсқаулықта келесі қысқартулар қолданылады:
БП - Базалық пәндер;
ҚРМЖМБС – ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
АСжБББД – Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті;
ҚМА – Қорытынды мемлекеттік аттестация;
ЖОЖ – Жекелей оқу жоспары;
ЖББП – Жалпыға білім беру пәндері;
БББ - Білім беру бағдарламасы;
ОР - Офис регистратор;
МК - Міндетті компонент;
ОҮҰжББ – Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау бөлімі;
СІҚЖБ – Студенттер іс қағаздарын жүргізу бөлімі;
ЖООКБББ – Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы;
КҚ – Кәсіби құзіреттілік;
КП – Кәсіптендіру пәндері;
ОЖЖ - ОЖЖ;
СМЖ - Сапа менеджменті жүйесі;
БОӨЖ – Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысы;
ТОЖ - Типтік оқу жоспары;
ОӘЖ - Оқу-әдістемелік жұмыс;
ӘЖІТжЖОБ - Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі;
ПОӘК - Пәннің оқу-әдістемелік кешені.
4 Жауаптылық және өкілеттік
4.1 Осы Ереже университет ректорымен бекітіледі;
4.2 Осы ережедегі көрсетілген талаптарды енгізуге АСжБББД директоры, ОҮҰжББ бастығы, Ответственность за внедрение требований, указанных в настоящем положении возлагается на директора ДАПиУОП, начальника ООиКУП, ӘЖІТжЖОБ бастығы, тіркеу бөлімі бастығы, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері жауапты;
4.3 Осы рәсім жетекшісі рәсімді басқаруды жауапкершілігіне алатын АСжБББД директоры болып табылады;
4.4 Құжаттаманы басқару мен нақты соңғы нәтижелер сапасы кезеңдерінің үрдісін орындау бойынша ұйымдастыру және үйлестіру іс-әрекетіне бөлімше жетекшілері, сонымен қатар, нақты кезеңдерін орындайтын мүшелері болып табылатын лауазымды адамдар жауапты болады;
4.5 Құжатты сақтауға және рұқсатсыз көшіруге СМЖ жауапты, бөлімшелерде болатын, және қызметтік ақпараттардың жойылуына бөлімше жетекшілері жауапкершілігіне алады.
5 Негізгі ережелер
5.1 Жалпы ережелер
Ережеде кредиттік технологиямен оқыту ережесі мен басқадай нормативтік талаптар, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын ескеріп, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ бакалавриат, магистратура және докторантура дайындық бағытында білім беру бағдарламаларын жасау бойынша ұсынымдар беру мен жолдары қарастырылған.
- Білім беру бағдарламасы – біліктілік және академиялық дәрежесін(бакалавр, магистр, доктор) тағайындаудағы мамандарды даярлау бағытында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламасы.
- Оқу нәтижесі – бұл, білім алушының бүкіл жоспарды толық және оқу жоспарының жекелей компоненттерін бітіруі бойынша көрсете алатын, игерілген құзіреттіліктер мен меңгерген білім жиынтығы. Басқадай айтқанда, бұл білім алушының оқуды аяқтағаннан кейін нені білуі, түсінуі және не істей алуы керек екендігі.
Оқу нәтижесі – бұл меңгерілген білім мен игерілген құзіреттіліктер.
- Құзіреттіліктер – іскерлік талаптарына сәйкес мақсатты түрде әрекет ету қабілеті мен дайындығы, міндеттер мен мәселелерді әдістемелік ұйымдастыра өз бетімен шешу, сонымен бірге өз іс-әрекетінің нәтижесіне өзіндік баға бере білу.
5.2Білім беру бағдарламаларын жобалау
5.2.1 Білім беру бағдарламаларын қалыптастыру негізінде оқу нәтижелері жалпы және кәсіби құзіреттіліктер тізімі түрінде бітіруші кафедралармен жасалған, толықтай, дербес жағдайда сәйкес мамандықтардың модульденген оқу жұмыс жоспарлары жатады.
5.2.2 Оқыту нәтижелері білім берудің деңгейіне сәйкес Дублин дескрипторлары негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Бұл ретте оқытудың бес негізгі нәтижесі көрсетіледі:
-білім және түсіну;
-білім мен түсінгенін қолдану;
-пікір айтуды қалыптастыру;
-коммуникативтік мүмкіндіктер;
-оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік.
Оқыту нәтижелері барлық бағдарлама бойынша да, жеке модуль мен жеке пән бойынша да анықталады. Мұнда Блум таксономын қолдану қажет(Қосымша 2).
5.2.3 Оқу нәтижелері қол жетерлік болу керек және студент оқу модулін аяқтағаннан кейін көрсете білетіндей білім, білік, дағдылар түрінде көрсетіледі. Сонымен қатар, олардың жетістігінің бағалау әдістері мен оқыту әдістерін анықтау қажет. Нәтижелер әділ өлшемді болу керек.
5.2.4 Модульдік білім беру бағдарламалары мамандарды даярлаудың құзыреттілік моделінің контексінде әзірленеді. Бұл жағдайда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру барысында қалыптастырылатын құзыреттіліктер пән саласына қатысты және әмбебап (жалпы және пәннен тыс) құзыреттіліктерге бөлінеді.
Құзыреттіліктер білім мен түсінікті (академия саласындағы теориялық білім, білу және түсіну қабілеті), қалай әрекет етуді білуді (нақты жағдайларға білім мен дағдыларды практикалық және жедел қолдану) және қалай болатынын білуді (әлеуметтік контексте өзгелермен өмірдің ажырамас бөлігі ретіндегі бағалық аспект) қамтиды.
5.2.5 Модульдік оқытудың мазмұны дегеніміз оқытудың мазмұнын жеке ұйымдастыру-әдістемелік модульдерге айналдыру болып табылады. Олардың мазмұны мен көлемі дидактикалық мақсаттарға, білім алушылардың бейіндік және деңгейлік саралануына қарай өзгеріп отыруы мүмкін.
Модульдердің бірігуі білім алушылардың белгілі санаттарының оқуы (және өздігінен оқуы) үшін және арнайы дидактикалық, кәсіби мақсаттарда іске асуы үшін талап етілетін нақты оқу материалын таңдау және құрастыру еркіндігі мен икемділігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.
5.2.6 Кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыру барысында міндетті түрде жұмыс берушілердің ұсынымы ескерілді.
5.2.7 Білім беру бағдарламасын жасау БББ мақсаты мен міндетін анықтаудан және КП циклындағы пәндер мен модульдер тізіміндегі анықтамадан кәсіби және жалпы құзіреттіліктер тізімінен басталады. КП циклында 5 кредит көлеміндегі міндетті пәндер мамандықтың типтік оқу жоспарымен, ал қалған 27 кредит элективті пәндер түрінде анықталған(модульмен).
5.2.8 КП циклындағы элективті пәндер көлемі кредитпен анықталады. КП циклындағы элективті пәндер саны, олардың оқытылу реттілігімен көрсетілген, шамамен 8-10-ға тең.
5.2.9 КП циклындағы барлық белгіленген пәндер үшін міндетті тәртіппен 3 кредиттен кем емес көлемдегі пәндр түрінде пререквизиттері анықталады. Сол себепті КП циклындағы пәндерде тізбектей немесе параллельді оқылатын бірнеше пәндер болуы мүмкін. КП циклына симай қалған пререквизиттер БП циклына элективті курстар ретінде көшіріледі.
5.2.10 Оқу нәтижелерін модульдер мен пәндер бойынша, сондай-ақ нәтижелердің қолжетімді бағалау әдісімен тұжырымдау қажет.
5.2.11 Мамандықтың ОЖЖ жасау үшін, соңғы теориялық семестрде оқылатын 18-22 кредит көлеміндегі КП циклындағы пәндер тізімі анықталады. Содан кейін, КП циклындағы қалған пәндер санынан және БП циклына көшірілген олардың пререквизиттерінен сәйкесінше 6,5,4,3 семестрде оқылатын(соның ішінде БП циклындағы міндетті пәндер) пәндер тізімі жинақталады. Бір семестрде оқылатын пәндердің жалпы көлемі 18-22 кредитті құрайды. Сонымен, КП мен БП циклындағы пәндерден иерархиялық тізбек пайда болады (Қосымша3).
5.2.12 Мамандықтың нақты траекториясы(мамандануы) бойынша ОЖЖ модульдеу жүргізіледі. Әрбір модуль мен пәндер, сонымен бірге олардың жетістігін бағалау әдістері бойынша оқу(құзіреттілік) нәтижелері түзетіледі.
5.2.13 ОЖЖ барлық сандық және сапалық параметрлері анықталады.
5.2.14 ОЖЖ пәндерін модуляциялауды жүргізу барысында, модульді құрастыруда КП циклындағы пәндерден оларға пререквизиттерін енгізуден бастауды басшылыққа алу қажет. Мұнда пререквизиттер ретімен немесе параллельді оқытылуы керек. Модульге пәндерді біріктіру үшін басты шарт – нақты мамандықтан алуға болатын құзіреттіліктерді(оқу нәтижесі) тұжырымдау.
5.2.15 Оқу –әдістемелік пәндер кешенін жасау туралы ережеге сай силлабустарды жасау кезінде модульдер мазмұны мен олардың көлемін анықтау нақтыланады (Е ШҚМУ 027-13).
5.3 Оқу жұмыс жоспарын жасауда қойылатын жалпы талаптар
5.3.1 ОЖЖ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің МЖМБС(негізгі ережелер), мамандықтардың типтік оқу жоспары және білім алушының ЖОЖ негізінде жасалынады.
5.3.2 ОЖЖ келесі негізгі талаптарға жауап беру керек:
- ғылым мен техниканың қазіргі жетістіктеріне сай, ғылыми негізделген болу;
- жоғары теориялық, кәсіби және практикалық бағытта оқуды, мамандық пен мамандану бағдарының жоғары есебін, негізгі дайындықтың үздіксіздігі мен оның жүйелілігін қаматамасыз ету;
- модульді біріздендіру және оларға енетін компоненттерді(пәндер) және семестр бойынша жүктемеден тыс кафедра пәндерін топтар легін қамту мақсатында шығаруды қамтамасыз ету;
5.3.3 ОЖЖ әрбір мамандыққа, әрбір оқу түріне қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде бір түрде әзірленеді және мамандарды дайындаудың толық мерзімі кезеңінде әрекет етеді.
5.3.4 ОЖЖ автоматтандырылған жүйеде студенттің барлық оқу кезеңіне (базалық оқу жоспары)жасалынады. ОҮҰжББ қызметерлерімен базалық оқу жоспарының негізінде сәйкес курсына жұмыс оқу жоспары ашылады. Базалық оқу жоспарын, ҚР БҒМ нормативті құжаттары талаптарымен және студенттердің тілегімен, жұмыс берушілердің сұрауымен таңдау компонентіндегі пәндердің атауын қайта өзгертуге және ауыстыруға толықтыру ретінде түзетуге болады. БОЖ мен ОЖЖ түпнұсқасы ОҮҰжББ сақталады. ОЖЖ көшірмелері білім беру бағдарламаларын жасау үшін кафедраларға беріледі.
5.3.5 ОЖЖ модуль компоненттері (пәндер) құрамын, студенттің оның белгілі құзіреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз ететіндей нәтижені игеруді айқындайды.
5.3.6 Студенттердің элективті пәндерді ретсіз таңдауының алдын алу және жоғары оқу орны әзірлеген білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында студенттердің таңдауына ЭПК шеңберінде бірнеше білім траекториясын – еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұранысын есепке ала отырып, жоғары білім мамандығы бойынша қызметтің нақты бір саласына бағытталған білім беру бағдарламасын меңгеруге мүмкіндік беретін элективті пәндер тізбесін және оларды меңгеру ретін ұсынуға болады.
5.3.7 ОЖЖ-ы ТОБ сәйкес барлық міндетті пәндер енген негізгі бөлімнен және вариативті бөлімнен тұрады. Вариативті бөлім екіден кем емес траекториядан тұрады және маманданудың элективті пәндер тізімін қамтиды
5.3.8 Кредиттік технология бойынша оқу жұмысының бірізділік есебі оқылған материал көлемі бойынша, яғни қазақстандық және ECTS кредитпен жүзеге асады.
5.3.9 Бітіруші кафедралар білім, білік және дағды тізімін білу мақсатында тұтынушылар сұранысы көрсетілген потенциалды тұтынушылармен сауалнама жүргізеді. Бұл кәсіби құзіреттілігін қамтамасыз ету үшін, вариативті бөлімге қосымша компоненттер енгізу жолымен немесе ауыстырумен мамандануды кеңейтуге және жетілдіруге көмектеседі.
5.3.10 Модуль мен компоненттерді курстар мен семестр бойынша үлестіру оларды оқытудың логикалық реттілігін сақтауды ескере отырып жүргізіледі.
5.3.11 ОЖЖ вариативті бөліміндегі таңдау бойынша модуль компоненттері білім алушыға икемді және өзбетімен жан жақты оқу траекториясын анықтау мүмкіндігін туғызу үшін жасалынады. Таңдау бойынша модуль компоненттерінің тізімін бітіруші кафедра түлектің құзіреттілігі мен білім беру бағдарламаларын меңгеруді жобалау нәтижесіне сәйкес ұсыным негізінде айқындайды.
5.3.12 ОЖЖ жасау барысында модуль кредиттері мен сабақ түрін үлестіру, берілген пәнді оқытуды іске асыратын кафедрамен келісіледі. Модульді оқытуға бөлінген еңбексиымдылығы қалыптасатын құзіреттілік сипаты және көлемімен, модульдің даярлау жүйесіндегі мәнімен, ондағы теориялық материалдар мен практикалық жұмыс, тәрбиелік міндеттер және т.б. арақатынасымен айқындалады
5.3.13 Курстық жұмыстар мен ағымдық бақылау модуль компоненті бойынша оқу жұмысының түрі ретінде қарастырылады және оны оқытуға бөлінген еңбексиымдылығы шегінде орындалады.
5.3.14 Әрбір модульдің компоненттер көлемі бүтін кредиттер санымен жасалу керек. Сол себепті, компонент ережедегідей 3кредиттен кем емес көлемде бағаланады. Компонентті 2 кредитпен бағалауды алып тастауға рұқсат етіледі.
5.3.15 Модульдің әрбір компоненті, дене шынықтыру, тілдерді шығарып тастағанда, қайталанбайтын бір атауда болу керек. Модуль компонентін бір академиялық кезеңде оқып үйренеді.
5.3.16 ОЖЖ әзірлеу кезінде:
- пәнді оқытуды кәсіби оқу бағдарламасын игерудің логикасын бұзбай бір семестрден басқа семестрге ауыстыруға;
- міндетті компонент пәндерінің көлемін оқытудың қосымша түрлері есебінен ұлғайтуға рұқсат етіледі.
5.3.17 ОЖЖ әзірлеу кезінде:
- модуль компоненттерінің атауын еркінше қайта атауға;
- ҮОЖ-мен қарастырылған кредиттердің көлемін азайтуға; Шығарып тастау жоғары білім және жоғары білім берудің кәсіптік және техникалық базасында қысқартылған білім беру бағдарламасы болып табылады;
- модуль компоненттерін оқып үйренудегі реттілігін бұзуға рұқсат етілмейді.
5.3.18 Дайындау бағытындағы топтар бойынша университет, факультет ішінде ОЖЖ бірыңғайлы болу керек. ОЖЖ үйлестіру оқу корпустарының географиялық орналасуын, мүмкіндігінше ЖМП және ішінара БП циклы бойынша оқудағы топтар легінің санын ескеру керек. Негізгі талаптарды үйлестіру бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау бөлімі анықтайды.Мұндайда үйлестіру университет деңгейінде толығымен ЖМП циклы бойынша, БП циклы – дайындық бағыты мен мамандық топтары бойынша, КП циклы – мамандықтар тобы бойынша жүргізіледі.
5.3.19 Оқу жоспарының барлық нысандарында модуль мен кәсіби тәжірибенің компоненттерін кодтауда, оларға сәйкес код беру қарастырылатындай, кодтаудың бірыңғай жүйесін пайдалану ұсынылады.
Компоненттер коды әріптік-сандық алфавитті пайдаланумен белгіленеді. Әріптік бөлігі латын алфавитінің әріптерімен , ал сандық бөлігі – араб цифрларымен беріледі.
Егер компонент атауы бір сөзден тұрса, онда әріптік бөлігі латын алфавитін пайдаланып жазылған орыс тіліндегі алғашқы үш әріптен, мұндағы бірінші әріп бас әріптен, ал қалғаны кіші әріптен тұрады. Мысалы, Математика - Mat, Физика - Fiz.
Егер компонент атауы бір сөзден немесе бірнеше сөзден тұрса, онда кодтың әріптік бөлігі әрбір сөздің бастапқы үлкен әріптерінен тұрады (бірінші 4-5 сөзден артық емес). Ж, Ч, Ш, Ю, Я әріптері белгіленбейді, олар латын алфавитінің екі әрпі тіркесуімен белгіленеді Ж - Zh, Ч - Ch, Ш - Sh, Ю - Yu, Я - Ya. Мысалы, Қазақстан тарихы – IK, Қазіргі замандағы шетел журналистикасы - SZZh, Таным теориясы мен диалектикасы – DTP. Ағаштан жасалған конструкциялар мен пластикалық массаларды – PRDK жобалау және есептеу.
Кәсіби тәжірибе келесі түрде кодталады – кәсіби тәжірибенің атауына сәйкес латын алфавитінің екі әрпімен, қажет жағдайда 1 немесе 2 цифрымен қосымша реттік нөмірмен белгіленеді.
Барлық компоненттер мен модульдерді кодтау аралықсыз, «TimesNewRoman» түріндегі шрифтпен жүзеге асады.
Модуль компоненттерінің(пәннің) атауы мен кодын ААЖ(АИС)-не 3 тілдегі пәндердің тізімімен кафедра меңгерушісінің қызметтік жазбасы негізінде ОҮҰжББ қызметкерлері енгізеді.
5.3.20 Модульдің нөмірі мен атауын иелену келесі түрде іске асады:
- ОЖЖ үлгісінде келтірілген барлық мамандықтар үшін ЖМП барлық модульдерінің модуль атауы мен коды бірдей болады;
- ОЖЖ барлық қалған КП мен БП циклындағы модульдеріне модуль атауы мен кодын кафедра меңгерушісі белгілейді. Модульдің коды компонент модулінің коды сияқты тұжырымдалады.(п.5.3.21).
5.3.21 Бакалаврларды даярлау бойынша білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі критериясы студенттің теориялық оқытудың кемінде 129 кредитін игеруі, сондай-ақ практиканың кемінде 6 кредитін, диплом жұмысын дайындауға, жазуға және қорғауға кемінде 2 кредитті (жоба) және мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредитті игеруі болып табылады.
Жекелеген мамандықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, (арнайы жоғары білім бағдарламасын қоса алғанда) білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі критериясы студенттің меңгеруі 5В060500- Ядролық физика мамандығы бойынша теориялық оқу 160-180 кредит болып табылады.
5.3.22 Күндізгі оқу түрінде студент бір академиялық кезең ішіндегі семестрлікті ұйымдастыру кезінде 18-22 кредиттен кем болмайтындай кредитті меңгеруі керек.
5.3.23 Мамандықтарға байланысты ЖБП циклының жекелеген пәндері алынып тасталады немесе БП цикліне ауыстырылады. Бұл жағдайда, босатылған кредиттер таңдау компонентіне беріледі. Сол себепті, 5В011100- Информатика мамандығы бойынша ЖМП циклынан «Информатика» пәні, 5В011400 Тарих мамандығы бойынша «Қазақстан тарихы» пәні, 5В030100 – Құқықтану мамандығы бойынша «Құқық негіздері» пәні босатылады. Экономикалық мамандықтар бойынша «Экономикалық ілім негіздері» пәні ЖМП циклынан БП циклына ауысады.
5.3.24 ЖБП циклінде таңдау компоненті ретінде аталған пәндер базалық немесе бейіндеуші пәндер циклінің міндетті компонентіне енген мамандықтарды қоспағанда, Мәдениеттану, Психология, Өзін-өзі тану, Инновациялық менеджмент пәндерін қолдану ұсынылады.
5.3.25 Бакалавриаттың барлық мамандықтары үшін көлемі 2 кредиттен кем емес оқу іс -тәжірибесі, сонымен бірге, жалпы көлемі 4 кредиттен кем емес педагогикалық және/немесе өндірістік іс - тәжірибе жоспарланады.
5.3.26 Барлық мамандықтарда көлемі 2 кредиттен кем емес дипломалды іс -тәжірибе қарастырылады.
5.3.27 ОЖЖ жасау барысында іс-тәжірибе ұзақтығын ескеру керек. Бакалавриат жүйесінде 1 кредит:
- оқу іс-тәжірибесі үшін -15 сағатқа немесе 0,5 апта;
- педагогикалық іс-тәжірибе үшін – 30 сағатқа, немесе 1 апта;
- өндірістік іс-тәжірибе үшін – 75 сағатқа, немесе 2,5 аптаға тең.
5.3.28 Дене тәрбиесі бойынша сабақ Занятия по физической культуре должны планироваться в объеме:
1 курста 6 кредит (180 сағат), әрбір семестр бойынша 3 кредитке(90 сағат) тең;
2 курста 4кредит (120 сағат), әрбір семестр бойынша 2 кредитке(60 сағат) тең;
3 курста 4 кредит (120 сағат), әрбір семестр бойынша 2 кредитке(60 сағат) тең;
4 курста 7 семестрде 2 кредитке (60 сағат) тең көлемде жоспарлану керек, сонымен бірге барлық семестрде дифференциалды сынақ жүргізіледі.
5.3.29 Соңғы курста (4 немесе 5) оқу жылы бір академиялық кезеңнен және қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен іс-тәжірибені өткізу кезеңінен тұрады.
5.3.30 Бакалаврды даярлаудың бітіру кезеңінде (соңғы модуль) қорытынды мемлекеттік аттестаттау мемлекеттік емтихандарды тапсыру және дипломдық жобаны(жұмысты) қорғау түрінде қарастырылады.
5.3.31 білім алушыларға оқытушыны таңдау мүмкіндігін қамту, теориялық оқуына топтарды қалыптастыру және оқу жұмыс жоспарын үйлестіру мақсатында, сонымен бірге, кафедра ПОҚ оқу жүктемесін біркелкі бөліп беру мақсатында бакалавриаттың БП мен ЖМП циклындағы кейбір пәндерді әр оқу жылында Ғылыми кеңесте бекітілген ОЖЖ сәйкес сызбаға қою қажет.
Магистратура БП циклындағы міндетті компоненттегі пәндерді топтарға біріктіру үшін бір семестрден келесі семестрге көшіруге рұқсат етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |