32
Кесте 6 - Ғалымдардың «кәсіби құзыреттілік» ұғымына
берген анықтамалары
Автор
Анықтама
В.А.Сластенин
жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқару мақсатында теориялық және
практикалық дайындығы мен қабілеттерінің бірлігі
Н.Н. Тарасевич
кәсіби педагогикалық әрекетті
өзіндік ұйымдастыру
А.К.Маркова
педагогикалық іс-әрекет пен педагогикалық қарым-қатынас жоғары
деңгейде атқарылатын, мұғалім тұлғасы іске асырылушы, білім
алушылардың тәрбиелілігі мен білім беру нәтижелері жақсы нәтиже
беруші
Н.В.Кухарев
психологиялық-педагогикалық даярлықтың жоғарғы деңгейімен
ерекшеленетін жеке тұлғаның белгілі сапаларының жиынтығы
Н.Н. Лобанова
кәсіби- білім
берушілік, кәсіби-әрекеттік, кәсіби-жеке тұлғалық
М.И. Лукьянова
педагогикалық өзара әрекет процесінде көрінетін білім мен
практикалық іскерлік, мінез-құлық арасындағы
өзара келісімділік
Л.Ю. Кривцов
маманның білім, іскерлік және дағдыларды меңгеруін көрсететін
сапаларының жиынтығы
Б. Т. Кенжебеков
өз әрекетiмен кәсiби iс-әрекеттiң түпкi нәтижесiне сай талаптарға
жауап беретiн жұмыстарды
орындау
С.Г.Вершловский мұғалімнің таным процесінде алынған білім мен тәжірибе негізінде
пайда болған проблемалар мен міндеттерді тез шешуге қабілеттілігі
Т.М.Сорокина
педагогикалық қызметті жүзеге асыруға теориялық және практикалық
дайындығының бірлігі
И.А.Зязуна,
Л.Г.Семушина
құндылық бағдарлар жүйесі, өнімді жұмыс үшін тікелей қажет болатын
білім-білік, дағдылар, қоғамда оңтайлы өмір сүруді қамтамасыз ету,
жұмыс және коммуникация субъектілерінің жайлылығы, сондай-ақ
жеке тұлғаны толықтай дамыту
Ю.К.Бабанский
В.М.Монахов
еңбек нәтижесіне қатысты функцияларды атқаруға мүмкіндік беретін
жағдай
Аталған ғалымдар еңбектерінде педагог құзыреттілігінің негізгі бағыттары
көрсетіледі:
-
жеке және
гуманистік бағыттылық;
-
кәсіби-педагогикалық жағдайдағы жүйелік әрекеттерге қабілеттілік;
-
пән шеңберіндегі бағыттылық;
-
заманауи педагогикалық технологияларды игеру;
-
ақпаратпен өзара әрекеттесу және
білім туралы ақпарат беру;
-
кәсіби саладағы шығармашылық;
-
рефлексиялық мәдениеттің болуы;
-
эмпатия;
-
толеранттылық [54].
Сонымен, құзыреттілікке адамның бағыты, оның стереотиптерді жеңу
қабілеті, түсінігін, ойлау икемдігін көрсету жатады. Құзыреттілік тиісті
құзыреттілігі бар адамға, соның ішінде оған және оның қызмет субъектісіне
деген жеке көзқарасына ие бола алу [55]. Кәсіби құзыреттілік деп маманның
жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық
білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнаға тоғысуы
деуге болады [50, б.190].