«Тәжірибиелі - экспериментальді оқыту» атты үшінші тарау 3 тараушадан тұрады. Бұл тараудың «Қазақ әдебиеті шығармаларын орыс тілді мектептерде түсінік беру арқылы оқыту жайы бойынша оқушылардың білімі мен ептілігін анықтайтын эксперимент көрсеткіштері» деп аталатын тараушасында Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Торайғыровтың шығармаларының орыс мектептеріндегі оқытылу жайын анықтау және білімі мен білігін тексеру барысында жүргізілген тәжірибелер көрсеткіштері көрініс тапты. Осы орайда, С.Торайғыровтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың шығармаларын оқытудағы дайындалған сабақ жоспарлары бойынша төрт жыл (2004-2005, 2005-2006, 2006-2007, 2007-2008) - экспериментальді Алматы қаласындағы №82 және № 65 мектептерде, Екібастұз қаласында №11 және №18 мектеп, Баянауыл №2 және №3 және Қ.И.Сәтбаев ауылындағы Шадыра орта мектептерінде тәжірибе жүргізіліп, әдебиетті түсінік беру арқылы оқытудың тиімділік көрсеткіші анықталды. Осы мақсатты жүзеге асыруда 222 оқушы қатысты. Тәжірибеге қатысуда әр түрлі контингентті сыныптар болды, оның ішінде ана тілін білетін де қатысушылар болды. Мысалы, № 2 Баянауыл мектебінде 10 “Б” сыныбының анкетаға қатысушы 16 оқушының 10-ы қазақ ұлтынан (62,5%), өзге ұлт өкілдері - 6 (37,5%); №3 мектепте 11 “А” сыныбындағы 22 қатысушының 10-ы қазақ (45%), өзге ұлт өкілдері 12 (55%); Шадыра орта мектебіндегі 11-сыныптағы 35 қатысушының 20-ы қазақ (57%), өзге ұлт өкілдері 15 (43%).
Контингентте негізінен орыс тілді сыныптар болды. Алматы қаласында №82 мектеп 11 “А”сыныбындағы 30 қатысушының 4-і қазақ (13%), өзге ұлт өкілдері - 26 (87%); № 65 мектептегі 11 “А” саны 30, 5-і қазақтар (16%), өзге ұлт өкілдері 25 (85%); 11“Б” сыныптағы 30 қатысушының , 4-і қазақтар (13%), өзге ұлт өкілдері - 26 (87%) және т.б.
Біз өз зерттеуімізде осы аталған тәжірибеге қатысты ғана статистикалық мәліметтер 1-кестеде берілді.
Кесте 1 - Зерттелген топтар
Мектеп
|
Сынып
|
Қатысушы саны
|
Қазақ тілі
|
|
|
|
Ана тілі
|
Ана тілі емес
|
Алматы қ. №82
|
11 “А”
|
30
|
4(13%)
|
26 (87%)
|
Баянауыл №2
|
10 “Б”
|
16
|
10(62,5%)
|
6(37,5%)
|
Баянауыл №3
|
11 “А”
|
22
|
10(45%)
|
12(55%)
|
Шадыра орта мектебі
|
11
|
35
|
20(57%)
|
15 (43%)
|
Екібастұз қ.
|
10”А”
|
28
|
4 (14%)
|
24 (86%)
|
Екібастұз қ.
|
11 “31”
|
31
|
7 (23%)
|
24 (77%)
|
Алматы қ.
|
11 “А”
|
30
|
5 (16%)
|
25 (85%)
|
Алматы қ. №65
|
11 “Б”
|
30
|
4 (13%)
|
26 (87%)
|
Сонымен қатар осы аталған мектеп оқушыларынан түрлі сауалнама сұрақтарына жауаптар алынды. Орыс мектептеріндегі оқушылардың білімін анықтаудағы зерттеу жұмыстарына Алматы қаласындағы № 82 және № 65, Екібастұз қаласы №11 және №18, Баянауыл қалашығындағы №2, №3 және Павлодар облысындағы Қ. И. Сәтбаев ауылындағы Шадыра орта мектептері қатысты. Бұл эксперимент қорытындысын 2 кестеде берілді.
Кесте 2 - Экспериментальді анкетаға қатысушылардың шешімі
Жауаптар саны:
№
сұрақ
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Жауап жоқ
|
Барлық сұралғандар
|
1
|
154(69%)
|
68(30%)
|
|
|
222
|
2
|
50(22%)
|
88(40%)
|
80(36%)
|
4(2%)
|
222
|
3
|
40(18%)
|
50(22%)
|
130(58%)
|
2(1%)
|
222
|
4
|
56(25%)
|
100(45%)
|
60(27%)
|
6(2,7%)
|
222
|
5
|
90(40%)
|
87(39%)
|
40(18%)
|
5(2,25%)
|
222
|
6
|
95(43%)
|
69(31%)
|
50(23%)
|
8(3%)
|
222
|
7
|
82(36%)
|
93(41%)
|
40(18%)
|
7(3,15%)
|
222
|
8
|
125(56%)
|
70(31%)
|
21(10%)
|
6(2,7%)
|
222
|
9
|
78(35%)
|
84(37%)
|
52(10%)
|
8(3,6%)
|
222
|
10
|
80(36%)
|
109(49%)
|
31(14%)
|
2(1%)
|
222
|
Оқушылармен сауалнама жүргізу барысы нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиеттен оқушылардың білімдер мен біліктерін анықтауға көп мүмкіндік болды.
Білім деңгейлеріне қарай 5 бөлікке (жоғары, жеткілікті, қанағаттанарлық, төмен, нөлдік) төмендегі сындар бойынша бөлдік:
- қазақ тілі бойынша білімі, қазақша сөйлеуді меңгеру;
- қазақ әдебиеті бойынша білімі, қазақ халқының тарихы мен мәдениеті;
- шығармаға талдау жасау іскерлігі;
- әдебиет бойынша теориялық білімі;
- шығарманы жатқа білу;
- аударма білім
3 кестеде көрсетілген тәжірибе арқылы орыс тілді мектептердегі әдебиет бойынша оқушылардың білімі мен ептілігін анықтайтын экспериментальді белгілер анықталды.
«Оқыту әдістемесі негізінде құрылған сабақтар үлгісі» аталатын тараушада М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына қатысты түрлі сабақ құрылымдары көрсетілді. Әр сабақ мұғалімнің сабақ барысындағы түсінік беруді, оқушылардың мәтінді оқуды және түсінік беру арқылы талдауды, қазақ тілінің синонимия/антонимияға байланысты орындалатын тапсырмаларды, әдеби теориялық білімдерін жетілдіруді көздейді. Оқушыларға сұрақтар мен тапсырмалар беріледі, мәтінді мазмұндау, дискуссиялық мәселерге өз көзқарастарын білдіру және өзіндік жұмыс көлемінде оқылған ақын–жазушылардың шығармаларынан мазмұндама мен шығармалар жазу ұсынылады.
Кесте 3 - Қазақ әдебиетін түсінік беру арқылы оқыту бойынша қатысушылардың білімі мен білігінің құрылу деңгейі:
Мектеп
|
Сынып
|
Деңгей
|
Қатысушы
|
|
|
Жоғары
|
Жеткілікті
|
Қанағат-тан-арлық
|
Төмен
|
Нөлдік
|
|
№83
Алматы қ.
|
11 “а”
|
|
8 (26,6%)
|
16(53,3%)
|
4(2%)
|
2(6%)
|
30
|
№2
Баянауыл
|
10 “б”
|
|
4 (25%)
|
11 (62,5%)
|
1(0.16%)
|
|
16
|
№3 п. Баянаул
|
11 “а”
|
|
5 (22,7%)
|
15 (76,3%)
|
2(0,44%)
|
|
22
|
Шадрин-ская СШ
|
11
|
|
20(57%)
|
10(28,5%)
|
3(1%)
|
2(0,7%)
|
35
|
№11 г. Екібастұз
|
11 “а”
|
|
12 (43%)
|
13 (43%)
|
2(0,28%)
|
1(0,28%)
|
28
|
№18г. Екібастұз
|
11“б”
|
|
10(32%)
|
18(67%)
|
2(0,68%)
|
1(0,31%)
|
31
|
№65г. Алматы
|
11 “а”
|
|
13(43%)
|
15(50%)
|
2(0,68%)
|
|
30
|
№65г. Алматы
|
11 “б”
|
|
9(30%)
|
18(60%)
|
2(6%)
|
1(3%)
|
30
|
Барлығы
|
|
|
81(36%)
|
115(52%)
|
18(8%)
|
7(3,15%)
|
222
|
«Тәжірибелі - экспериментальді оқытудың нәтижесі» атты тараушада М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов мұраларының орасан молдығына қатысты олардың көпшілігін сабақтан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастыру керек: үйірмелер, сыныптан тыс оқулар, аудармашылармен кездесулер, конференциялар, олимпиядалар, диспуттар, конкурстар, викториналар, әдеби кештер, мұражайға, театрға бару, қойылымдарды, кинофильмдерді қарау және талдау, т.б. қажет екендігі айтылды.
Ұсынылған әдісті қабылдау үшін біз оқу экспериментін жүргіздік.Оқу экспериментінің мақсаты - оқу орыс тілінде жүретін мектептерде жоғарыда аталған авторлар шығармаларын оқытуда ұсынылған әдістің тиімділігі мен зерттеудің жұмыс гипотезасын тексеру.
Экспериментальді оқу барысында біз М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов шығармашылығына байланысты Алматы қаласындағы № 65 және № 83-ші мектептерде, Екібастұз қаласының № 11, 18-ші мектептерінде және Баянауыл ауданының мектептерінде ашық сабақтар өткіздік. Экспериментте 10-11 сынып оқушылары қамтылды (4 экспериментальді және 4 бақылау). Экспериментальді сабақтардың ұтымдылығын мұғалімдермен әңгімелер, педагогикалық бақылаулар, жазбаша жұмыстар, ауызша сұраулар, сауалнамалар, берілген мектеп оқушыларының өздік аудармалары растады.
Экспериментальді оқу барысында оқушылар реакциясын бақылау күрделі оқу материалын саналы қабылдауға қазақ әдебиеті - қазақ тілі - орыс тілі - музыка сияқты пәнаралық сабақтар қалыптастыратынын көрсетті. Ашық сабақтар барысында оқушылар өздігінен авторлардың өмірі мен шығармашылығын әңгімеледі, ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарының тарихын түсіндірді, шығарманы талдау барысында географиялық және этнографиялық түсінік берулер жүргізді, жолма жол аудармалар жасады, Ж.Аймауытов әндерін орындады, М.Жұмабаев лирикасын түпнұсқа түрінде мәнерлеп оқыды және аудармалар арқылы лингвистикалық түсіндірулер жасады. С.Торағыров сатирасын оқу барысында әдебиет теориясы бойынша талдады.
Экспериментальді оқу барысында біз қазақ тілі мұғалімдерімен келісімді жұмыс жүргіздік. Қазақ тілшілері оқушыларға қазақ әдебиеті сабағында жұмыс жасайтын мәтіндер таратты.
Оқушылар қиналған тұстары мәтіндегі фонетикалық, лексикалық, граматикалық жақтары. Орыс тілі мамандары оқушыларды автордың шығармаларының бірнеше аудармаларымен таныстырды. Оқушылар түпнұсқа мен аударманы салыстырып, өздерінің жауаптарына түсініктеме берді, өздерінің қателерін тапты. Кейбір қатысушылар эксперимент жүзінде қазақ тілінен орыс тіліне аударма жасады және жаман да емес. Мұндай жұмыстың түрлері оқушыларды көркем шығармаларды белсенді оқуға, ойлауға және оқу материалдарын қабылдауға жеңілдік әкелді.
Кесте № 4. Қатысушылардың басында және соңындағы білімі мен білігінің тәжірибелі - экспериментті айқындаудың шешімі.
Қалыптасу деңгейінің кезеңдері
|
Анықтайтын тәжірибенің нәтижесі
|
Оқытатын тәжірибенің нәтижесі
|
Жоғары
Жеткілікті
қанағаттанарлық
төмен
нөлдік
|
36%
54%
8%
2,70%
|
(60%)
(35%)
(6%)
|
Біз оқушылардың жасаған жұмыстарының жеткіліксіз жақтарын іздеп, қатаң түрде талқылаған жоқпыз. Себебі, біз үшін ең басты нәрсе – қатысушыларды өзіндік шығармашылығын тексеру және соған талпынысын көру.
Экспериментальды сауалнаманың сұрақтары аздаған өзгерістермен бақылау сауалнамасына енгізілді:
Сауалнама:
Ж. Аймауытов кім?
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы.
М. Жұмабаев туралы не білесіз?
М. Жұмабаев пен Ж.Аймауытов не үшін сотталды?
М. Жұмабаевтың қандай поэмасын атай аласыз?
1917жылы жазылған Ж.Аймауытовтың “Сарыарқа сәлемі” атты шығармасындағы Сарыарқа қайда орналасқан?
С.Торайғыровтың лирикаларын атаңыз.
“Бір адамға” өлеңінің мағынасы неде? Сатира дегеніміз не?
Жоғарыда аталған авторлардың қандай шығармаларын атай аласыз?
“Қазақ әдебиеті” пәні ұнайды ма?
Жүргізілген сауалнама бойынша оқушылар әдебиет теориясынан білім және тіл дамыту жұмыстарының деңгейінің қаншалықты екендігін көрсетті.
Сонымен, үшінші тарауда М.Жұмабаевтың, С.Торайғыровтың, Ж.Аймауытовтың шығармаларын тәжірибелі-экспериментальді оқыту арқылы орыс мектептерінде оқыту тиімді болып табылатыны анықталды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қоғам қайраткерлерінің көркем шығармаларын өзге ұлт өкілдеріне таныстыру - маңызы зор істердің бірі. Өзге ұлт өкілдерінің тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ әдебиетін ана тілінде оқыту - қазіргі қоғамдық - әлеуметтік сұраныс талабынан туындап отырған мәселе. Орыс мектебіндегі оқушыға жеке тұлға ретінде назар аударып, оның ішкі әлеміне барлау жасап, психологиялық мүмкіндіктерін зерттей отырып, жұмыс жасаудың әр түрлі жолдарын қарастыру – бүгінгі күннің басты мәселесі. Қазіргі түбегейлі өзгерістер орыс тілді мектептерде қазақ әдебиетін оқытуда енген шағында дидактикалық принциптер сабақ берудің әдіс–тәсілдерімен тығыз байланысқа түсіп, түрлі технологияларды енгізуге кеңінен жол ашты. Қазақ әдебиетін өзге ұлт өкілдеріне оқыту барысында мынадай қорытындылар жасалды:
- Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің жоғары сыныптардағы қазақ әдебиеті оқулығындағы берілген әдеби материалдар көлемі қазақ әдебиетінің мазмұнын және әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Көркем әдеби шығарманы оқудағы негізгі әрекетін ескере отырып, тәсілдерді саралау тізімін түсінік беру арқылы оқыту тәсілімен толықтыруға болады;
- Қазақ әдебиеті пәнін түсінік беру арқылы оқыту орыс тілді мектептерде ерекше орын алуы керек. Орыс тілді мектеп оқушысы әдеби шығармаларда бұрын таныс емес қазақи тұрмыстың суреттелуін, түсіндіруді қажет ететін тарихи-мәдени және саяси өмір фактілерін кездестіреді. Оның үстіне тілдік кедергілер және қазақ әдебиетінің орыс мектебінде басқа ұлт тілі ретінде оқытылуы - көркем шығарманы түсінік беру арқылы оқытудың рөлін арттырады;
- С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов шығармаларын орыс мектебі оқушыларына түпнұсқа арқылы меңгертуде түсінік беру арқылы оқыту әдісін қолданудың тиімділігі зор екендігі тәжірибе арқылы дәлелденді;
- Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров шығармаларына оқушылардың қызығушылығын қалыптастырудың тиімді жолдары көрсетілді;
- зерттеу жұмысында ұсынылған түрлі әдіс–тәсілдерді орыс сыныптарында қосымша материал ретінде пайдалануға болатыны белгілі болды;
- ұсынылған түсінік беру арқылы оқыту әдісі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жаңа бір әдіспен толықтырады;
- орыс мектебіндегі әдебиет пәнінің материалдары негізінде оқушылардың санасына қазақ халқына деген құрмет сезімін ұялатып, өзі тұратын еліне патриоттық рухты сіңіру болып табылатындығы дәлелденді;
- аталмыш ақын-жазушылардың шығармаларын түсінік беру арқылы оқыту әдісінің жетілдіру жолдары, сабақ барысындағы лингвистикалық комментарий, тарихи комментарий, географиялық комментарий, этнографиялық комментарий үлгілері ұсынылды;
- әдіскер-ғалымдардың авторлығымен шыққан бағдарламалар мен оқулықтарға, хрестоматияларға талдаулар жасалды;
- Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтың шығармаларының орыс мектептеріндегі оқытылу жайын анықтау және білімі мен білігін тексеру барысында тәжірибелер жүргізіліп, көрсеткіш деңгейлері анықталды;
- М.Жұмабаевтың, С.Торайғыровтың, Ж.Аймауытовтың шығармаларын тәжірибелі-экспериментальді оқыту арқылы орыс мектептерінде оқыту тиімді болып табылатыны анықталды;
- жүргізілген эксперимент оқушылардың қазақ әдебиетінен, негізінен С.Торайғыров, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов шығармаларын үйренуден білім мен ептілік деңгейін анықтауға көмектесті;
- орыс тілді мектептерде жүргізілген тәжірибелер қорытындылары сарапталып, статистикалық мәліметтері берілді;
- М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына қатысты түрлі сабақ құрылымдары көрсетілді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. // Астана, 2005 ж 18 ақпан. 6б
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Сарыарқа самалы, 2004ж 8 қаңтар
Қирабаев. С «Қазақ әдебиеті оқулығына методикалық нұсқау» /Алматы, «Мектеп», 1987, 6б
Черкезова В.М. Русская лит-ра в нац. Школе: Принцип общности и нац. Своеобразия лит-р народов в препод. Русс. Лит-ры в нац. Школе М., 1981
Қирабаев. С Жүсіпбек Аймауытов (өмірі мен шығармашылығы), 1993, 4б 30б,185б
Кәкішев. Т. Әр дарынның өз орны бар.-“Қазақ әдебиеті”, 1990, 2 наурыз 4б).
Қожакеев.Т. Көк сеңгірлер. А., 1992, 41-бет
Елеукенов. Ш. Мағжан Жұмабаев. Алматы: Қазақ ССР «Білім» қоғамы.-1990;152б
Шанский Н. М. Программа курса “ Лингвистический анализ худ. Текста М., 1984, с 272
Скаткин М. Н. Совершенствование процесса обучения –М., 1971 171б.
Голубков В. В. Методика преподавания литературы. –М., 1962. – с 69-70
Жұмабаев М. “Педагогика” .Ташкент, Орынбор 1922 69б
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР:
”Уроки по творчеству М. Жумабаева”//Русский язык и литература в национальной школе, №5, 2000. –Б.57–58
С.Торайғыров. “Қамар сұлу”//Қазақ тілі мен әдебиеті, 2003. №8. –Б.–86–89
“Ж. Аймауытов шығармаларындағы мәтел – мақалдардың алар орны”//Қазақ тілі мен әдебиеті, 2004. №9. –Б. –12–13
“Комментированное чтение при изучении казахской литературы в школах с русским языком обучения” атты методикалық құрал. //ПМБАИдың бірлескен отырысында бекітілген авторлық бағдарлама.2005ж. .
Комментированное чтение – как один из основных приемов при изучении казахской литературы в русской школе. Лингвистический комментарий. // Материалы международной научно – практической конференции “Истоик и история: тернистый путь казахстанской исторической науки. Секция: актуальные проблемы науки и образования” - Павлодар, 28 қыркүйек 2005. –Б. – 453-457
Комментированное чтение при изучении лирических произведении М. Жумабаева и С. Торайгырова. // Материалы международной научно – практической конференции “Современные технологии и практика преподавания языка и литературы. – Алматы, 18 –19 қазан 2005. –Б. – 451-455.
Қазақ тілі сабағындағы комментарий.// Қазақ тілі мен әдебиеті , 2005. №5. –Б. –21–22
Ж.Аймауытов. “ Әнші” (комментированное чтение) // Казахский язык и литература в русской школе, 2005. №4. –Б. –9–10
Комментированное чтение при изучении поэмы. // Материалы международной научно-практической конференции «Глобализация и языковые процессы»-Алматы, 27 апреля, 2006 ж. –Б. –219–221
Поэманы оқытудағы комментарий. // Казахский язык и литература в русской школе, 2006ж, №9
Романдарды комментарий арқылы оқыту // «Қ.И.Сәтбаев оқулары» Ғылыми-практикалық конференция. ПМУ. Павлодар 2008, 28 наурыз.
Достарыңызбен бөлісу: |