Әож 371. 134: 51. 004 Жоо-да және орта мектепте информатиканы оқытудың қазіргі жағдайы Адылбекова Эльвира Тулепбергеновна



жүктеу 83,2 Kb.
Дата28.11.2017
өлшемі83,2 Kb.
#2047

ӘОЖ 371.134:51.004

ЖОО-да және орта мектепте информатиканы оқытудың қазіргі жағдайы
Адылбекова Эльвира Тулепбергеновна

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент
Резюме

В статье рассматриваются проблемы нынешнего состояния обучения информатики в средней школе и в ВУЗах, а так же несколько предложения для решение этих проблем.

Summary

The article examines the problems of the current state of teaching Informatics in secondary schools and in Universities, and several suggestions for solving these problems.
Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап информатика ғылым ретінде пайда болды және қалыптасты. Ақпараттардың жалпы қасиеттері мен құрылымы, адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында ақпараттарды іздеу, жинау, сақтау, өңдеу, тарату және пайдалану үдерістерімен байланысты мәселелер информатиканың зерттеу саласы болып табылады. Коммуникация жүйесі мен автоматтандырудың көмегінсіз үлкен ақпараттардың көлемі мен ағымдарын өңдеу мүмкін емес, сондықтан қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электронды есептеуіш машиналар информатиканың іргелі ядросы, әрі материалдық базасы болып табылады.

Алғашында жалпы білім беретін «Информатика және есептеуіш техника негіздері» курсын енгізудің мақсаты компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болды және оған төмендегідей міндеттер койылды:

- оқушыларды компьютермен таныстыру, оларға қазіргі қоғамдағы «ақпараттандыру үдерістері» туралы түсінік беру;

- әрбір оқушыны ақпараттық технологияны пайдалануға үйрету;

- ақпараттық саланың болашақ мамандарын даярлау;

- бағдарламалауды, компьютердің құрылысын, электрониканы оқыту;

- оқушылардың алгоритмдік ойлауын қалыптастыру;

- мектепте информатика кабинетін құру, информатика мұғалімі кызметін енгізу. Жаңа педагогикалық мәдениеттің дүниеге келуін қамтамасыз ету, мазмұнын жаңарту, ең бастысы - информатика пәніне катысты басқа оқу пәндерінде жүргізілетін оқу жұмысының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін қалыптастыру [1].

1998 жылы Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін орта мектепте оқытылатын информатика курсы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты құрылып, оқу үдерісіне енгізілді.

Орта мектептің сатылары бойынша информатика курсын оқытуды екі кезеңге бөліп қарастырады. I кезең (7-9-сыпыптар) - негізгі курс, II кезең (10-11 сыныптар) - бағдарлы курс деп аталынады.

I кезең, яғни негізгі курс - информатика пәні бойынша оқушыларды міндетті жалпы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады. ЭЕМ-нің архитектурасы және ақпараттық технологиямен жұмыс істеу тәсілдерін үйрене отырып, оқу үдерісінде компьютерді жан-жақты, тиімді пайдалана отырып, өзіндік танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырады. Негізгі курсты оқытуда басқару ісіндегі ақпараттың мәні акпараттық үдерістердің жалпы заңдылықтары және жүйелі-ақпараттық тәсілдер туралы түсініктер қалыптасады. Сондай-ақ, оқушылар алгоритм, алгоритмнің құрылымдары (сызықтық, тармақталған, кайталану), программалау тілдерімен танысып, оны алгоритм жазуда және қолданбалы есептерді шешуде пайдалану жолдары мен мүмкіндіктері туралы мағлұматтар алады.

II кезең, яғни бағдарлы курста оқушылар кәсіптік бағдар бойынша оқытылады. Ол оқушылардың сұранысына, қабілетіне және қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп кәсіптік мамандық деңгейіндегі дәрежеде білім беріледі. Мысалы, оқушы жаратылыстану-математика бағдары бойынша оқыса, онда программалау тілі тереңдетіліп оқытылады және т.б.

Қазіргі кезде информатика - коршаған әлемді талдауға жүйелі ақпараттық тәсілді қалыптастыратын ақпараттық үдерістерді - ақпаратты алу, түрлендіру, тарату, сақтау, және пайдаланудың әдістері мен құралдарын зерттейтін ғылыми білімнің іргелі салаларының бірі; ақпараттық технологияларды пайдалануға байланысты адамның практикалық іс-әрекетінің айтарлықтай дамып, үнемі кеңейіп келе жатқан саласы.

Қазақстан Республикасында информатика пәні бойынша жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған оқу бағдарламасында (09.07.2010 ж. №367) бұйрығымен аталған пәннің жалпы мақсаты мен міндеттері анықталған.

Оку пәнінін жалпы мақсаты - оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану үдерістері туралы іргелі білімді жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде оқушыларға қазіргі кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық үдерістердің мәнін және ақпараттық қоғам дамуындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияның рөлін ашу.

«Информатика» оқу пәнінің міндеттері:

- информатика саласы бойынша негізгі ұғымдар мен білімдерді қалыптастыру;

- информатика саласы бойынша біліктіліктері мен дағдыларын калыптастыру;

- ақпараттық қоғамда өмір сүретін өскелең ұрпактың адамгершілік және құқықтық негіздерінің қалыптасуын анықтау [2] болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында (ҚР МЖБС 2.3.4.01-2010) ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 7-9 сыныптарындағы «Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: әр сыныпқа аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат болса, 10-11 сыныптарда 68 сағат.

2013-2014 оқу жылына таратылған өтпелі бағдарлама бойынша 6-7-8-сыныптарда информатика 34 сағаттың орнына 51 сағаттан өтілетін болды.

Информатиканың мазмұны оның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес төмендегідей бірнеше ірі блоктарға бөлінген:

- Ақпаратты бейнелеу және ақпараттық үдерістер.

- Компьютер.

- Ақпараттық технологиялар.

- Әлеуметтік информатика.

- Windows ОЖ, оның қосымшалары, Office-тік бағдарламалар тобы.

- Компьютерлік телекоммуникациялар (интернет, интранет, аймақтық желі, электронды пошта, т.б.).

- Алгоритмдеу және бағдарламалау.

- Деректер қорымен жұмыс.

- html-де программалау.

Осы блоктар бойынша тақырыптардың көпшілігі дерлік әр сыныпта қайталанып келеді. Мысалы алгоритмдеу және программалаудың өзі 7-сыныпта 7 сағат, 8-сыныпта 15 сағат, 9-сыныпта 28 сағат, ал 10 сыныпта 12 сағат өтіледі екен. Осы сияқты жоғарыда келтірілген ірі блоктар туралы да айтуға болады. Сонда да оқушылардың көпшілігінің информатика пәнінен алған білімі саяз, яғни басқа пәндер сияқты жоғары деңгейде емес.

Ал жоғары оқу орындарына түскен 1-курс студенттерінің барлығына информатика пәні бүгінге дейін міндетті компонент ретінде 3 кредитпен мамандықтардың ерекшеліктеріне қарай бейімдеп оқытылады. Ол пәннің мазмұнының көпшілігі дерлік, мысалы, ақпаратты бейнелеу және ақпараттық үдерістер, компьютер, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік информатика, Windows ОЖ және оның қосымшалары, Office-тік бағдарламалар тобы, компьютерлік телекоммуникациялар және т.б. мектепте оқытылатын информатика пәнінің мазмұнына сәйкес келеді. Яғни ЖОО-да да бұл тақырыптар бағдарлама бойынша қайта оқытылады. Дегенмен студенттердің көпшілігі дерлік осы тақырыптарды мектепте жетік меңгермегендіктен көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Ал «Информатика» мамандығына түскен 1-курс студенттерінің 70-80 пайызы дерлік программалаудан хабарсыз. Орта мектепте әр жыл сайын кейбір тақырыптар қайталанады, бірақ балалардың көпшілігі ол тақырыптарды жетік меңгермей қалады. Неліктен? Бұл информатика пәніне бөлінген сағаттың аздығы ма, әлде басқа да мәселелер бар ма? деген сауал туындайды. Әрине пәнді оқытуда мұғалімдер әртүрлі әдістер мен әдістемелерді қолдануда. Мүмкін информатиканы оқытудың жаңаша әдісін қолдану керек шығар?

Жоғары оқу орнына тоқталатын болсақ, бір ғана мысал «Информатика» мамандығының стандартында информатиктер үшін негізгі пән болып келетін «Программалау тілдері» міндетті компонент қатарынан алынып тасталынған, ол бұрын кем дегенде 4-6 семестр, одан кейін оның жалғасы ретінде «Объектіге бағытталған программалау» курсы 2-4 семестр оқытылған болатын. Қазір міндетті компонент ретінде «Информатиканың теориялық негіздері» пәні 3 кредитпен оқытылады. Алайда бұл пәннің мазмұнында программалау тілдерінің негіздерін толық қамтитын мәселелер қарастырылмайды. Мектепте оқытылатын информатика пәнінің мазмұнында түрлі ақпараттармен жұмыс қана емес, программалау тілдері де оқытылады. Ал «Программалау тілдерін» жетік меңгермеген болашақ мұғалім оқушыларға программалау бойынша қандай білім бермек. Осы сияқты келеңсіз мәселелер интернетте программа құру, қолданбалы программалық қамсыздандыру, компьютерлік графика, Wев-программалау және т.б. пәндерде де кездесетінін атап өтуге болады. Сонда студент бір пәнді таңдаса, екіншісі меңгерілмей қалып қоятыны тағы бар.

Осындай мәселелерді шешудің бір жолы ретінде, әрі студенттерді шығармашылыққа баулу мақсатында біздің «Информатика» кафедрасы информатика мамандығында оқитын студенттерге арналған «Бағдарламалаушы» үйірмесін құрған. Үйірмеде студенттер Web-бағдарламалауда түрлі Web-сайттар құруды, Macromedia Flash технологиясы бойынша анимация жасауды, бағдарламалау тілдері мен объектіге бағытталған бағдарламалау бойынша жұмысты автоматтандыруды, компьютерлік графикада графикалық объектілермен жұмыс жасауды, математикалық бағдарламалар пакетімен модельдеуді және т.б. автоматтандыру жұмыстарын үйренеді. Нәтижесін түрлі ғылыми конференциялар мен конкурстарда жариялайды.

Осы сияқты үйірмелер мектептерде де ашылып, оған көптеп көңіл бөлінсе оқушылардың информатикадан білім деңгейі көтеріліп, пәнге деген қызығушылығы арта түсер еді деп есептейміз.

Сонымен қатар елімізде спорт, ән мектептері сияқты мемлекет тарапынан қаржыландыратын орта мектеп қабырғасынан тыс «Информатика шебері» мектептері ашылып, онда бағдарламалаушы, web-бағдарламалаушы, графикалық дизайнер, компьютерлік аниматор және т.б. деңгейлерін оқып-бітірген білімді маман даярланса деген ұсынысымыз бен үмітіміз де бар. Сол мектепті бітірген оқушы информатика мамандығына келсе, сонда ғана өз мамандығын жетік меңгерген маман шығатыны сөзсіз.

Осы және одан өзге мәселелерді орта мектеп және ЖОО арасындағы тығыз байланыс арқылы, педагогикалық іс-тәжірибелер барысында, ЖОО-да мектеп мұғалімдері ұсынған арнайы таңдау пәндерін қосу арқылы жүзеге асыруға болады деп есептейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. А.П. Ершов. Школьная информатика // Информатика и образование, 2005. - №1. -3 c.

2. Бидайбеков Е.Ы., Нұрбекова Ж.Қ., Мұхамбетжанова С.Т., Сағымбаева А.Е., Ермеков Н.Т., Стифутина Н.Ф. Жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған «Информатика» оқу бағдарламасы .– ҚР БҒМ Астана, 2010. – 14 б.
жүктеу 83,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау