219
Айналмалы сепараторлар дайындалатын шаңның сапасын жақсартады. Шаңның
долаң фракциясының шығуын барынша азайту үшін шаңды жүктеу жағындағы төменгі
ернемекте тығыздайтын торлар қатары пайдаланылады. Ағынның оңтайлы жағдайына қол
жеткізу үшін ауаны кіргізіп шығаратын тангенциалды ауақұбыры қолданылады.
18.1 – сурет. Реттелетін айналмалы айыру (сепарациялау) қондырғыларын қолдану
Қазандыққа отын беру үрдісін жақсарту
Отын беру реттегішін орнату есебінен оттықтар бойынша отын шығынының
біркелкі бөлінбеуіне қол жеткізуге болады 5÷7%, мұның өзі қазандық агрегатының
анағұрлым тұрақты жұмыс істеуін жəне жүктелуін қамтамасыз етеді. Қазандық
жүктемесінің азаю жағына қарай 10% ауытқуы отынның 0,2% артық жұмсалуына алып
келеді, ал 10% көбейген жағдайда - отынның меншікті шығындарынан 0,5÷0,6%.
Оттықтар жұмысының оңтайлы режимге сəйкес болмауы салдарынан отын
шығындары отынның меншікті шығындарынан 2÷3% құрайды.
Қазандықты жану жəне коректендіру үрдістерін автоматты реттеу жүйесімен
жабдықтау отынды отынның меншікті шығындарынан 1-2% үнемдейді.
Жоғарыда айтылғандардан қазандыққа отынды оттықтар бойынша біркелкі беру
оңтайлы режимін тұрақты ұстап отырған кезде отынның болжанбалы азаюы 1,5% құрауы
мүмкін.
Ауақыздырғыштардың күл қалдықтарын шектеу бойынша іс-шаралар
ҚЖА (қосалқыстанциялық желдеткіш ажыратқыш) аэродинамикалық
кедергісін азайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру
3-ОЭШ сəйкес блоктардың көпшілігінде ауаның сорылу мəндерінің артуы
байқалады, мұның өзі оттықтағы температураның төмендеуіне, ал ол өз кезегінде шығатын
газдардың температурасының төмендеуіне алып келеді. tшығ.газдардың=1300С÷1400С
болғанда ҚЖА оған шық нүктесінің түсуінен бітеліп қалуы мүмкін жəне онымен
аэродинамикалық кедергі артады.
«№2 ст.энергоблогының ПК-39-2м қазандығының режимдік-реттеу жұмыстары
мен сынақтары нəтижелері бойынша техникалық есептің» деректері бойынша 0,76…0,98,
жүктеме диапозонындағы газ жолдары телімдерінің кедергісі ауақыздырғыштар үшін
60…70 кгс/м2 құрады (есептелген 36 кгс/м2 болғанда).
Кедергінің өсу қарқынын шектеу үшін шығатын газдардың температурасын
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
220
оңтайландырған орынды.
Оттықтағы оттек құрамының мəнін бақылауды жақсарту
Қазіргі кезде станция қазандықтарында ауаның сорылуы бас корпустың ішінен
қамтамасыз етіледі, бұл түтікті ауақыздырғыштардың кірісіндегі ауа температурасына
қойылатын қатаң талапқа байланысты. Қалған қазандықтар қыс мерзімінде үрленбелі
желдеткіштерге ауаны сырттан алады.
ҚЖА «қысқы мерзімде» пайдалану режимін жақсарту мақсатында, ҮЖ
сорғысында ауа температурасының 6°С төмендеуін қамтамасыз ететін іс-шаралар
əзірленуі тиіс:
А) ЭС бас корпусы ғимаратының «А» қатары бойынша 9,6 м белгіде қысқы
уақытта, ҮЖ сорғысында «ауыспалы шиберлерді» «цехтан» жағдайына ауыстыру кезінде,
ұйымдасқан түрде желдетілуін қамтамасыз ететін іс-шаралар;
Б) немесе, ҮЖ сорғысында қысқы мерзімде ауаны қыздыруды ұйымдастыру,
мұның өзінде бастапқы жоба бойынша қарастырылған бас корпустың жылыту жүйесінен
қоректендірілетін колориферді монтаждау немесе электрокалориферді қолдану арқылы
ауаның кем дегенде 15°С температурасы қамтамасыз етіледі.
Ауақыздырғыштардың күл қалдықтарын шектеу бойынша іс-шаралар
қазандықтардың ҚЖА жөндеулеріне байланысты жоспарлы жəне апаттық тұрып
қалуларының санын қысқартуға мүмкінді береді.
ҮЖ сорғысындағы ауа температурасының мəні ҚЖА қыздырылыған ауаның
елеулі көлемін ҮЖ сорғысына «көшеден» қысқы уақытта келіп түскен ауаны қыздыруға
пайдалану есебінен қазандықтың үнемділігіне елеулі əсер етеді. Қазандықтың үнемділігіне
əсер ету Тхв 1°С көбейгенде ПƏК бруттосы 0,05% көбеюімен бағаланады. Жоғарыда
көрсетілген ҮЖ сорғысындағы қысқы уақыттағы ауа температураларынан есептеу үшін -
8°С аламыз жəне мұның өзінде ҮЖ сорғысындағы ауа температурасы үнемі 15°С түспеуі
есепке алынуы тиіс, температураның артуы 23°С құрайды, сəйкесінше қазандықтың ПƏК
бруттосы 1,15% болады.
Шығатын газдармен бірге шығатын жылу шығындарын азайту
мақсатында, ҚЖА пакеттері тығындамаларын ауыстыру
ҚЖА температуралық режимін жақсарту үшін тығындамалардың орналасуын
оңтайландыру талап етіледі. Тығындамалар тангенциалды орналастырылған пакеттерде
ұсынылады.
Еркін қима үлесінің азаюына қарай ҚЖА пайдалану коэффициенті артады жəне
жылытқыштардың жылулық тиімділігі 3-8% артады.
Оң əсерлерлі нəтижелер:
- Аэродинамикалық кедергінің азаюы, мұның өзі ЖЖ электр энергия шығынын
азайтты,
Регенерация коэффициентінің 2% артуы, мұның өзі шығатын газдардың
температурасын 12°C төмендетті жəне ыстық ауа температурасы 12-13°C көтерілді.
ҚЖА сенімділігін арттыру үшін олардың тығыздамаларын ауыстыру бойынша іс-
шараларды өткізгеннен кейінгі қазандықтың ПƏК күтілетін үлкею шамасы - 0,6%.
Жағу үрдісін жүргізуді жақсарту
Шаң фракцияларына тұрақты бақылау жүргізу.
Оттықтарда қажетті ауа режимін
қамтамасыз ету үшін шаң фракцияларына бақылау жүргізу қажет. Қатты заттар
бөлшектерінің көлемдеріне жəне суспензиялардың барлық түрлеріне мата немесе микро –
дəлдеуші електерден өткізіп сүзу арқылы талдау жасау үшін Analysette 3 Pro құралы (18.2 –
сурет) ұсынылады.
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
221
18.2 сурет - Analysette 3 Pro құралы
Қазандықтарда алғашқы жəне екінші реттік ауаның қажетті үлестік
қатынастарын реттеу арқылы режимдік – реттеу жұмыстарын жүргізудің оңтайлы
жоспарын жасау
«№2 ст.энергоблогының ПК-39-2м қазандығының режимдік-реттеу жұмыстары
мен сынақтары нəтижелері бойынша техникалық есепте» НРЧ-2,3 аймағының жылу
қабылдау жеткіліксіздігі атап өтілген. W2/W1 жылдамдық режимі де осыған нұсқайды.
Алғашқы ауа үлесінің төмендігі (0,31÷0,29) шығындарға q4 елеулі түрде əсер етеді.
Блоктар бойынша 2,3%, кейде 2,5% асады, жоғары көлемде механикалық жете
жанбау есебінен жылу шығындары. ЖЭС пайдланылатын көмір үшін көрсеткішті 1,5%
дейін төмендетуге болады. Мерзімді түрде қазандықтарда алғашқы жəне екінші реттік
ауаның оңтайлы үлестік қатынастарын реттеу арқылы режимдік-реттеу жұмыстарын
жүргізіп отыру ұсынылады.
Үрдісті жүргізуді жақсарту бойынша ұсыныстарды тұрақты орындай отырып,
механикалық жете жанбау шығындарын азайтуға болады. 2 блокта бұл мəн 2,09% құрайды.
Ауаның артықтығы коэффициентінің нормадан тыс 0,2 артуы шығып кетіп жатқан
газдармен жылу шығынын 1-2% арттырады, қазандық агрегатының ПƏК 2% төмендейді,
отын шығыны 2,5-3% артады. Түтінді газдардағы О2 құрамының 1% төмендеуі α көбеюіне
алып келеді, бұл өз кезегінде отынды1,5% шығындандырады.
Жасалған талдауларға сəйкес жағу режимін жақсарту бойынша ұйымдастыру іс-
шараларын өткізу арқылы шығып кетіп жатқан газдармен шығындарды шамамен 0,5÷1%
төмендетуге, ал механикалық жете жанбау шығындарын 0,5÷0,75% азайтуға болады, яғни
қазандықтың ПƏК станция бойынша орташа есеппен 1,0÷1,5% көбейтуге болады.
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
Достарыңызбен бөлісу: |