Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


Энергоблок қуатын қазандықтық реттеуді енгізу



жүктеу 4,07 Kb.
Pdf просмотр
бет80/83
Дата05.03.2018
өлшемі4,07 Kb.
#11558
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83

222
Энергоблок қуатын қазандықтық реттеуді енгізу
Энергоблокты  автоматты  реттеу  жүйесін  реттеу  сəтіне  БКҚ  айналымдарын  дəл 
реттеу  мүмкіндігі  болмады,  онсыз  қуатты  қазандықты  реттеу  (ҚҚР)  мүмкін  емес. 
Энергоблоктың орташа жөндеуін жүргізген кезде БКҚ қолданыстағы эл.қозғалтқыштары 
айналымдары бойынша дəл кері байланысты жиілік жетектерімен ауыстырылды. Оттыққа 
берілетін көмірдің мөлшерін реттеу мүмкіндігі пайда болды жəне ҚҚР алгоритмін жүзеге 
асыру сұрағы туындады. 
Енгізу нəтижелері жəне тиімділігі 
џ
берілген жəне өндірілген қуат мониторингі, ауытқу белгісін беру; 
џ
қосымша өндіруге тапсырманы жүзеге асыру мүмкіндігі;
џ
энергоблоктардың өзгерістерге ептілігінің артуы; 
џ
оттек құрамының бергіштері бойынша жағу үрдісін басқару есебінен отынды 
үнемдеу;
џ
қазандықтың  қызу  беттері  металының  қызмет  ету  мерзімін  реттеу  сапасын 
жақсарту есебінен ұзарту; 
џ
қазандықтың  қызу  беттері  металының  қызмет  ету  мерзімін  өз  ресурсын 
пайдаланып  біткен,  техникалық  жəне  моральдық  жағынан  ескірген 
техникалық  құралдарды  ақпаратты  көрсете  жəне  жинай  алатын  заманауи 
цифрық кешендерге ауыстыру есебіне ұзарту; 
Шариктік  тазалауды  қолдану  арқылы  конденсаторларды  пайдалануды 
оңтайландыру 
Турбина конденсаторындағы вакуумның нормативтік мəндермен салыстырғанда 
(90%  дейін)  нашарлауының  негізгі  себебі  сулы  жағындағы  түтіктердің  ластануы  болып 
табылады.  Конденсаторлық  түтіктерде  жиналған  қалдықтар  жылу  беруді  нашарлатады 
жəне олардың каррозиялық бүліну себептерінің бірі болып табылады. Шариктік тазалау 
жүйесі (18.3 сурет) – тез жəне пəрменді экономикалық тиімділік беретін бірегей энергия 
үнемдеу технологиясы. 
Шешімнің техникалық ерекшеліктері. Конденстор түтіктерін тазалау үшін кеуекті 
резеңкеден жасалған қаттылығы түрлі диаметрі түтіктердің ішкі диаметрінен 1-3 мм үлкен 
шариктер пайдаланылады. Шариктер партиясы (100÷2000 дана) тегеурінді су таратқышқа 
беріледі,  су  ағынымен  конденсатордың  құбыр  тақтасы  бойынша  таратылады  жəне  су 
тегеурінімен түтіктер арқылы бір мезгілде оның ішкі беттерін тазалай отырып өтеді. Одан 
кейін шариктер ұстайтын қондырғымен (ШҰҚ) қағып ұсталады, қондырғы суды шығарып 
тастайтын  су  таратқышқа  орнатылады,  одан  шариктер  арнайы  сорғымен  (НШО-80/13) 
тартып  алынады  жəне  тегеурінді  су  таратқышқа  бағыттап  жіберіледі.  Шариктерді 
сорғыдан кейін жинау жəне айналым желісіне жүктеу үшін жүктеу камерасы деп аталатын 
арнайы  қондырғыға  орнатылады.  Жүктеу  камерасынан  кейін,  калибрлеу  қондырғысы 
орнатылуы мүмкін, ол тозған шариктерді бөліп алып, контурдан шығарады. 
Экономикалық тиімділік:
џ
Энергия өндірудің отындық құрамы төмендейді,
џ
Пайдалануға жəне меншікті қажеттіліктерге шығындар азаяды.
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


223
18.3 сурет - Шариктік тазалау жүйесі
Экологиялық тиімділік 
џ
Жағылатын отынды үнемдеу есебінен SO
2
, NOx, CO
2
 шығарылуы төмендейді. 
Сумен  жабдықтау  жүйесі  тік  ағысты  станциялардың  айналасындағы  су 
бассейнінің экологиясына оң ықпал етеді, өйткені:
џ
Суытатын су шығыны жоғары емес,
џ
Қоршаған ортаны жылулық ластау төмендейді,
џ
Суды хлорлау жəне басқа арнайы өңдеу көлемдері елеулі төмендейді [69]. 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


224
19-ТАРАУ. «СИНЕРГИЯ» СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОЙЫНЫ
Мақсаты: Энергиялық тиімділік саласында білімді бағалау.
«Синергия»  стратегиялық  ойын  Қазақстандағы  AES  компаниялар  тобы  (GIZ) 
ГмбХ  Халықаралық  Серіктестік  бойынша  Герман  Қоғамының,  Д.  Серікбаева  атындағы 
Шығыс  Қазақстан  мемлекеттік  техникалық  университетінің  жəне  Өскемен 
Политехникалық  Колледжінің  арасындағы  серіктестік  туралы  Меморандум  аяасындағы 
«Шығыс Қазақстан аймағының тұрақты дамуына энергияны қолданудағы тиімділік жəне 
жұмыс орнының қауіпсіздігінің техникасын оқытуға» халықаралық қатысуымен бірлескен 
жобалар нəтижелерінің бірі болып табылады.
Қолданылу  саласы:  оқыту  үрдісі,  дербес  компьютерлерде,  оның  ішінде  үй 
жағдайында.
Ойын энергиялық тиімділік туралы білімді бағалау жəне тарату үшін қазақ, орыс 
жəне  ағылшын  тілдерінде  жасалған  (жұмыс  аяқталып,  қабылданған  кезде  Д.Серікбаев 
атындағы ШҚМТУ - http://www.ektu.kz/synergy.aspx -, сонымен қатар Қазақстандағы AES 
бизнесті  басқарушы  компаниясы  «Иртыш  пауэр  энд  лайт»  ЖШС  сайтында  ашық 
қолжетімділікпен орналастырылатын болады).
Ойын «картаны» білдіреді, яки барлық сахналық əрекеттер орын алатын шектеулі 
кеңістікті білдіреді. Күрделілік деңгейіне байланысты оқиғаны дамыту сценарийлері де əр 
алуан:
1.  Базалық  деңгей-  Ел
  –  Аталмыш  деңгей  қорытындылары  бойынша  осы 
ойынның пайдаланушыларында «ойыншының» электр энергиясының үнемдеуі мен жалпы 
табыспен  ресурстар  үнемділігінің  өзара  байланысының,  сонымен  қатар  энергиялық 
тиімділік  пен  тұрмыстық  заттар  өндірісі,  ғимараттар  мен  құрылымдар  құрылысы, 
экспортталатын  материалдар  мен  энергетикалық  ресурстар  өндірісінің  негізгі  түсінігі 
жатыр.  Бұл  деңгей  энергетика  саласында  дипломы  бар,  техникалық  білімді  игерген 
адамдарға арналған.
Аудитория - колледж бітірушілері, университеттің 1-2 курс студенттері.
2.  Тəжірибелі  деңгей  –  Инфрақұрылымы  жəне  көршілері  бар  мемлекет.
 
Аталмыш  деңгей  қорытындылары  бойынша  осы  ойынның  пайдаланушыларында 
«ойыншының» энергиясының үнемдеуі мен жалпы кіріспен ресурстар үнемділігінің өзара 
байланысының,  сонымен  қатар  энергиялық  тиімділік  пен  тұрмыстық  заттар  өндірісіне 
арналған  энергияны  үнемдеу,  ғимараттар  мен  құрылымдар  құрылысы,  сонымен  қатар 
экспортталатын  материалдар  мен  энергетикалық  ресурстар  өндірісінің,  энергиялық 
айырбас саласында елдер арасында өзара тиімді қатынастар құрудың негізгі түсінігі жатыр. 
Бұл  деңгей  электр  энергиясы,  энергиялық  ресурстар  жəне  сыртқы  экономикалық 
байланыстардың барлығымен толыққанды «мемлекетті» модельдеу жəне мен құрылымдау 
үшін ойыншының толық заттық жиынтығын көрсетеді. 
Аудитория – университет 3-4 курс, жоғары оқы орнынан кейінгі білім 
Ойынның барлық деңгейінде ойыншыға энергиялық тиімділік бойынша бірнеше 
тұжырымдамалық сауалдардан өту ұсынылады: əр деңгейге 200 сұрақтан 400 сынақтық 
сауалдар  жасалған,  болашақта  əр  деңгейге  400  сұраққа  дейін  сауалдар  санын  арттыру 
мүмкіндігін қарастыруда.
Ойынның  əр  деңгейі  аяқталған  кезде,  күрделілік  деңгейіне  қарай  сауалдарға 
дұрыс  жауап  берген  ойыншыларға  сəйкес  нəтижелер  туралы  белгіленген  есеп  беру 
ұсынылатын  болады.  Сонымен  қатар  ойыннан  өткен  ойыншылардың  ең  жақсы 
нəтижелерін көрсететін 100 баллдық жүйе бойынша рейтинг шығарылатын болады. 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


жүктеу 4,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау