Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі



жүктеу 4,07 Kb.
Pdf просмотр
бет3/83
Дата05.03.2018
өлшемі4,07 Kb.
#11558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83

6
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1. «Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігін арттыру туралы» 2013 жылғы 13 
қаңтардағы № 541-IV ҚР Заңы
2.  2010ж.  Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму 
жоспары 
3. 2012ж. «Қазақстан 2050» стратегиясы 
4.  2013ж.  Қазақстан  Республикасының  «Жасыл  экономикаға»  көшуі  жөніндегі 
тұжырымдамасы
5. 2015ж. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны 
жүзеге асыру жөніндегі ұлт жоспары - 100 нақты қадам» 
6. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 
шілдедегі № 165-ІV Қазақстан Республикасының Заңы
7. ҚР СТ ISO 50001:2012 «Энергетикалық менеджмент жүйелері  – Талаптар мен 
қолдану жөніндегі нұсқаулық»
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


7
ҚЖТ
 – қолжетімді ең жақсы технологиялар
ҚЖТК
 - қолжетімді ең жақсы технологиялар каталогы (BREF)
БЖ
 – базалық жыл
ЭАӨ
 – энергияның аралас өндірімі
CO
   - көмірқышқыл газы
CUSUM
 - жинақталған сома (өспелі жиын)
ОЖЖ
 – отын жанудан жылу
ЭЕО
 – энергия ресурстарын есепке алу орталығы
ЭҮШ
 – энергия үнемдегіш шаралар
ЭЖЖ
 – электр жетекті жүйе
ЭНМАЖ
 – энергетикалық менеджменттің ақпараттық жүйесі
ЭБК
 – энергияны басқару командасы
ЭМЖ
 – экологиялық менеджмент жүйесі
ЭнМЖ
 - энергетикалық менеджмент жүйесі
ЭСК
 – энергиялық сервистік келісімшарт
ЭНК
 – энергетикалық нəтижелілік көрсеткіші
EnPI
 - энергетикалық нəтижелілік көрсеткіші
ЭСК
 - энергиялық сервистік компания
ЖГ
 - жылыжай газы
ЖААБ
 - жылыту, ауа алмасу мен ауа баптау
ХЭА
 – Халықаралық  Энергетикалық Агенттік
ТІН 
– табыстылықтың ішкі нормасы
ИСО (ISO)
 – Сертификаттау жөніндегі халықаралық ұйым
кВт*сағ(в)
 - кəсіпорында өндірілген (= сатып алынған) энергия мөлшері
кВт*сағ(и)
 - өндірілген энергияны өндіру үшін қажетті бастапқы энергия мөлшері
кВт*сағ
 - киловатт сағ
ЖӨЦҚБ
 – жобаның өмірлік циклінің құнын бағалау
МжМБ 
- мониторинг жəне мақсаттар белгілеу
нм
   - қалыпты куб метр
ТДҚ 
– таза дисконтталған құны
ҮО
 - үрдістерді оңтайландыру
ИР
 - инвестициялар рентабельділігі
ЕЖ
 – есептік жыл
SAP
 - Systems Application Product (from SAP AG, Germany)
ҮЭТ
 – үлестік энергия тұтыну
ЖБ
 – жоғарғы басшылық
ЖО
 – жүйені (лерді) оңтайландыру
ҮТҚ
 – үшінші тұлғалар тарапынан қаржыландыру (сыртқы)
ЖРЖ
 - жиіліктік-реттелетін жетек
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР
2
3
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


8
КІРІСПЕ
Оқу  құралы  «Энергия  тиімділігінің  негіздері»  пəнінен  теориялық  мəліметтер 
алуды мақсат тұтады. Осы оқу құралы білім алушыларға энергетикалық менеджменттің 
əдістері  мен  құралдары  туралы  түсінік  алуға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  мұнда 
энергетикалық менеджмент жүйесінің негізгі ұғымдары мен əдістері ғана емес, сондай-ақ 
энергия аудиті əдістері, энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігін арттыру іс-шараларын 
əзірлеу, энергия тиімділігінің қол жеткізілген деңгейін бағалау тəсілдері қарастырылады.
Оқу құралының бірегейлігі мен практикалық маңыздылығы ШҚО металлургиясы 
мен энергетикасының энергия тиімділігі саласында шешілетін мəселелермен байланысты, 
сондай-ақ  осындай  жағдай  жалпы  Қазақстан  Республикасы  бойынша  мысал  келтіріліп 
қарастырылады,  сонымен  қатар  энергия  үнемдеу  жəне  энергетикалық  менеджмент 
практикасы  едəуір  ерте  дамыған  жəне  қызметтің  барлық  салаларына  ендірудің  жоғары 
дəрежесіне жеткен Германияның тəжірибесі келтіріледі, сондай-ақ посткеңестік кеңістікте 
құрылған кейбір елдердің тəжірибесі туралы айтылады.
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


9
Қазіргі  таңда  əлемнің  барлық  елдері  өз  энергетикасы  барынша  тұрақты  əрі 
қауіпсіз болып, климаттың өзгеру тəуекелдері жəне салдарларын еңсере алуы үшін ортақ 
жауапкершілікте  екенін  түсіне  бастады.  Əлемдік  энергетиканы  дамытуда  маңызды 
шарттардың  бірі  қазіргі  күні  өндірісте,  сондай-ақ  энергияны  тұтыну  кезінде  энергия 
тиімділігі концепциясы болып табылады. Осы концепцияны қалайша неғұрлым жақсы əрі 
тиімді  етіп  іске  асыруға  болады?  Бұл  жерде  озық  технологиялар  мен  инновациялар, 
қоғамның əрбір мүшесінің энергиялық жəне ресурстық тиімділікке үлес қосу қажеттілігін 
түсінуі  маңызды.  Жақын  болашақта  энергия  тиімділігі  шараларын,  жаңғыртылатын 
энергия  көздерінің  көптеген  түрлерін,  энергияны  сақтау  технологияларын,  атом 
энергетикасын,  жаңа  көлік  технологияларын  жəне  қазып  алынатын  отынды  барынша 
тиімді  пайдалану  технологияларын  кең  ауқымда  ендіру  қажет  етіледі.  Сонымен  қатар 
ұлттық  ауқымда  энергетикалық  инфрақұрылымды  түбегейлі  өзгерту  жəне  энергияны 
соңғы тұтыну жабдығын ауыстыру күрделі əрі қымбат тұратын іс-шара болып табылады. 
Шектелген  ресурстардың  қысқа  мерзімде  үлкен  ықпал  ететін  жəне  ұзақ  мерзімді 
жақсартуларға негіз болатын едəуір басым салаларға бөлінуі үшін, мұқият жоспарлау жəне 
технологияны таңдау кезінде дұрыс бағалау қажет етіледі [59]. 
Энергияның  бейберекет  тұтынылуын  төмендетуге,  энергетикалық  қауіпсіздікті 
нығайтуға жəне жылыжай газдарының лықсымасын қысқартуға ұмтылып жатқан шақта, 
энергия  тиімділігі  маңызды  орын  алады.  «Жасырын»  немесе  «нөмір  бірінші  отын»  деп 
аталатын энергия тиімділігін арттыру көзге айқын көрініп тұрған ақиқат болып табылады, 
өйткені  ол,  əдетте,  инвестицияларды  ақтайды  жəне  əрқашан  қолжетімді  болып  келеді. 
Алайда,  энергия  тиімділігін  бағалау  үшін  тиісті  көрсеткіштерді  əзірлейтін  деректердің 
болмауы  кəсіпорындардың  мəлімдемелерін  іс-əрекетке  айналдыруына  жиі  кедергі 
жасайды.  Сонымен  қатар  деректер  мен  көрсеткіштерсіз  энергия  тиімділігі  саясатын 
оңтайландыру жəне ілгерілеу мен сəтсіздіктерді қадағалау қиынға соғады. Деректер мен 
көрсеткіштердің  жоқтығын  түсіндіруде,  көбіне,  білім  мен  тəжірибенің  жоқтығы  себеп 
болып жатады. Алайда, сұрау жүргізу, өлшеу жəне модельдеу тəжірибесі дүние жүзінде 
орын алып отыр [60]. Мұндай білімдерді, атап айтса, тəжірибені баршаға қолжетімді ету – 
осы оқу құралының негізгі мақсаты. Осы оқу құралы ғимарттар мен өнеркəсіптегі энергия 
тиімділігі  бағыты  бойынша  қазақстандық  жоғары  оқу  орындарының  іргесінде  кадрлар 
дайындау кезінде тиісті энергия үнемдеу шараларын іске асыру мен оларды бағалау үшін, 
энергия тиімділігін арттыруда негізгі трендтерді түсіну жолындағы бастау нүктесі ретінде 
əзірленген.  Түпкі  мақсат  –  энергия  тиімділігін  арттыруды  концепцияға  ғана  емес, 
шындыққа  айналдыру.  Энергия  тиімділігі  бағыты  бойынша  білікті  кадрлар  дайындау 
энергетикалық сектордағы қауіп-қатерлерді еңсеруде ерекше маңызға ие болып келеді. 
Қазіргі таңда энергетик-мамандар əлемдік энергетиканың даму трендтерінің саны 
жағынан келісе алмай отыр, бірақ үш негізгі үрдіс жақсы байқалады:
- дəстүрлі, жаңартылмайтын энергия көздерінен алшақтау жəне жаңаратылатын 
энергияны қарқынды дамыту – күн, жел, гидро- , биоэнергетика жəне басқа түрлері;
-  энергияны жинау мен сақтау технологияларын дамыту;
-  интеллектуалдандыру  негізінде  ғылыми  қамтымды  энергиялық  тиімді 
технологияларды ендіру.
Энергетиканың даму болашағы мен сценарийі болашақ энергия көздерімен жəне 
технологияларымен  байланысты,  мұнда  іргелі  жəне  перспективалық  аспектілер,  оның 
1 БӨЛІМ
1 ТАРАУ. ƏЛЕМДІК ТƏЖІРИБЕ, ДАМУ ҮРДІСТЕРІ, ЖЭК
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


жүктеу 4,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау