10
ішінде форсайт-зерттеулер маңызды болып келеді.
Адамзаттың дамуы энергияның қолжетімділігі мен оның экологиялығына
байланысты. Бұл энергияны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманғы трендтердің бірі жүйелердің оқшаулануы мен жаһандануы
теңгерімін іздеуден көрінеді. Энергетикалық қауіпсіздік, оның ішінде болашақ қауіпсіздік
энергетикалық жүйелердің өзара əрекеттесуінен жəне энергияның жаһандық деңгейде
дамуынан жинақталатынын назарға алу қажет.
Энергетикалық қауіпсіздік жəне дəстүрлі энергетика көздерінен тəуелділікті жою
міндеттері қазіргі таңда жасыл технологиялар арқылы шешіледі. Мұнда мəселелер жетіп
артылады, əсіресе, инженерлік шешімдер жəне осындай технологиялардың экономикалық
қолжетімділігі мəселесі жеткілікті.
Жасыл технологиялармен байланысты экология мəселелері де сырт қалып жатқан
жоқ. Ауыл шаруашылығындағы антропогендік фактор біздің планетамызға келтірілетін
зиянның жинақталуында негізгі фактор болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл
техногендік үдерістер мен өнеркəсіптік өндірістерден келетін зияндардан басым түседі.
Сондықтан ауыл шаруашылығындағы қалдықсыз өндіріс, оның ішінде оның энергиямен
қамтылуы мəселелері қазіргі таңда ғылымның басым бағыттарының бірі болып келеді.
Энергия тиімділігі жəне энергияны пайдалану қауіпсіздігі саласындағы тəжірибе
Германияда жүйелі негізде жақсы дамыған. Германия Үкіметінің 2014 жылғы 3
желтоқсандағы «2020 жылға дейінгі климат саласындағы іс-қимыл бағдарламасы туралы»
Қаулысына сəйкес [65], энергетикалық секторда лықсымалардың қалаулы қысқартылуына
қол жеткізу үшін, лықсымаларды саудалау жүйесі реформасына толықтыру ретінде келесі
өндіріс аспектілерін қарастыру қажет:
- жаңғыртылатын энергия көздерін кеңейту;
- қазбалы отынға негізделген энергетикалық станциялар үшін паркті жаңғырту;
- жылу мен электр энергиясының құрамдастырылған өндірісін дамыту.
Элекр энергиясын деген сұранысты қысқарту жəне жылу сақтау жүйелерін
пайдалану жүктемесіне тəуелді шаралар сонымен қатар еуропалық деңгейде электр
энергиясын өндіруден туындаған лықсымалардың қысқаруына ықпал етеді.
Егер артық лықсымалар нарықтық тұрақтылық резерві схемасының есебінен
жабылмайтын болса, лықсымалар саудасы схемасымен қамтылатын Германиядағы
қондырғылардың лықсымаларын қысқарту лықсымаларға арналған үстемелерге
сұранысты азайтып, ЕО басқа елдеріндегі қосымша лықсымаларға əкелуі мүмкін. Жылдам
əрі тиімді жұмыс істейтін ЕС-ETS шеңберіндегі нарықтық тұрақтылық механизмі
энергетикалық секторда саясаттың түрлі аспаптарының өзара əрекеттесуін қамтамасыз
етіп, синергиялық байланыстар жасауы үшін, артық үстеме мəселелерді шешуге
бағытталған маңызды тиісті шараларды білдіреді.
Сонымен қатар электрлік мобильділікті кеңейту нəтижесінде өндірілетін кез
келген қосымша лықсымаларды ескеру қажет (2020 жылы 1 млн. электромобиль).
Жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану қазірдің өзінде жылыжай
газдарының лықсымасын қысқартуға орасан зор үлес қосып келеді. 2014 жылғы
жаңғыртылатын энергия көздері туралы заңға түзету жаңғыртылатын энергия көздерінің
кеңеюін жоспарлау мен бақылауды жеңілдете түседі. Мысалы, мұнда электрмен
жабдықтауда жаңғыртылатын энергия жүйелерінің үлесі 2025 жылы 40-тан 45%-ға дейін
құрауы тиіс, мұның өзі 2035 жылы 55-тен 60%-ға дейін құрайды. Жалғастырылуы
жоспарланып отырған тəсілдердің бірі жаңғыртылатын энергия көздерін қолдау деңгейін
анықтау үшін конкурстық сауда-саттық жүйесін пайдаланудан көрінеді. Бұл санды
бақылауды жеңілдететін аспап, сондықтан белгіленген мақсатты дəліздердің сақталуын
Энергия үнемдеу жəне
энергия тиімділігі
11
қамтамасыз ете алады. Германия үкіметінің ұйғарымы бойынша Жаңғыртылатын энергия
көздері туралы заңның жаңа қағидалары жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалануды
одан əрі кеңейте түседі, 2020 жылы өндірілетін электр энергиясының көлемі 2013 жылғы
болжам туралы баяндамада айтылған шамада болады. Жаңғыртылатын энергия көздерін
табысты интеграциялау үшін, Германия үкіметі энергетикалық жүйені қайта
ұйымдастыратын болады. Бұл шараға электр желісін тиісінше жаңғырту кіреді.
1.1 Германия үкіметінің 2020 жылға дейінгі климатты қорғау бойынша іс-қимыл
бағдарламасы [65]
Германиядағы энергия тиімділігі бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспары (ҰІЖ).
Энергиямен жабдықтау жүйесінде көмірқышқыл газ лықсымасын қысқарту
қарқындылығын азайтудан басқа (оның бір бөлігі генерация тиімділігін арттырумен
байланысты, энергия тұтынуды азайту (тұтыну тиімділігі) де негізгі маңызға ие. Осы
себепті Германия үкіметінің энергия тиімділігі бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспары (ҰІЖ)
18-шақырылым үшін тиімділік стратегиясын белгілейді. ҰІЖ-да жазылған шаралар келесі
салаларда шоғырланған:
- ғимараттардағы энергия тиімділігі;
- энергия үнемдеу бизнес үшін мүмкіндік жəне инвестициялардан пайда табу
тəсілі ретінде;
- энергия тиімділігі үшін жеке жауапкершілік.
Жалпы алғанда, көлік секторын қоспағанда, энергия тиімділігін арттыруға
бағытталған шаралар 2020 жылы жылыжай газдарының лықсымасын болжанғаннан 25-30
млн. тонна-эквивалентке артық қысқартады. Сөйтіп, ҚІЖ климат саласындағы үкіметтің
мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізуде маңызды үлес қосады (атап айтқанда, 25 - 30
миллион тонна көмірқышқыл газының эквиваленті).
Инвестициялардан қайтарымды алу тəсілі ретінде энергия үнемдеумен жəне
энергия тиімділігі үшін жеке жауапкершілікпен байланысты ҰІЖ аралық салалары 2020
жылы энергия үнемдеу үшін көптеген басқа ұзақ мерзімді шаралармен қатар энергия
тиімділігін жылдам арттыруға бағытталған бірқатар шұғыл шаралардан тұрады.
ҰІЖ тікелей əрекеттері:
- Энергия тиімділігі бойынша конкурстық сауда-саттық жүйесін ендіру (жылыжай
газдарының лықсымасын қысқарту: 1,5 - 3,1 млн. тонна көмірқышқыл газының
эквиваленті);
- Энергия тиімділігі бойынша келісімшарттар жасауға ықпалдасу – энергия
ресурстары бойынша келісімшарттарды қаржыландыру үшін кепілгер-банктер ұсынатын
кепілдік қамтамасыз ету / энергия тиімділігін арттыруға арналған қаржыландыру
бағдарламалары (жылыжай газдарының лықсымасын қысқарту: 0,3 - 0,5 млн. тонна
көмірқышқыл газының эквиваленті);
- KfW энергия тиімділігі бағдарламасын күшейту (жылыжай газдарының
лықсымасын қысқарту: 2,0 млн. тонна көмірқышқыл газының эквиваленті);
- Жылу энергиясын пайдалану диапазонын кеңейту;
- Энергия үнемдейтін есептеуіштер бойынша пилоттық бағдарлама;
Энергия тиімділігі саласындағы бастамалар (жылыжай газдарының лықсымасын
қысқарту: 5,0 млн. тонна көмірқышқыл газының эквиваленті);
- жергілікті билік органдарының энергия үнемдеу желілері мəселелері бойынша
консультациялары;
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі