Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі



жүктеу 4,07 Kb.
Pdf просмотр
бет22/83
Дата05.03.2018
өлшемі4,07 Kb.
#11558
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83

54
бағдарламалары шеңберінде жасалған түрлі қорлар мен бағдарламалар орын алған. Оларға 
қол  жеткізу  қиын,  бұл  жерде  кəсіпорын  басшылығының  біліктілігі,  тəжірибесі  мен 
табандылығы  қажет.  Келесі  бір  жолы  —  бұл  кредит  алу.  Дегенмен,  экономистердің 
бағалауы  бойынша,  энергия  үнемдеуге  салынатын  инвестициялар  мұнай  өңдеуге 
салынатын инвестицияларға қарағанда 3...5 есе тартымды болып келеді.
-Энергия үнемдеу есебінен үнемделген қаражатты есепке алу мен бөлу:
Əдетте, энергия ресурстарының шығындалуын есепке алу энергия қызметіне, ал 
оларды есепке алу мен төлеу кəсіпорынның қаржы бөлімшелеріне жүктелген.
Энергетикалық  менеджмент  жүйесінде  энергия  ресурстарын  есепке  алу,  төлеу 
мен  үнемдеу  міндеттерін,  сондай-ақ  энергия  ресурстарына  үнемделген  қаражаттың 
бөлінуін біртұтас жүйеге келтіру қажет. Бұл «ортақ қазанда» жойылып кетуге жол бермей, 
үнемделген  қаражат  көлемін  білуге  мүмкіндік  береді,  мұның  өзі  энергетикалық 
менеджмент  жүйесін  жасау  бойынша  барлық  күш-жігерді  жоққа  шығарады. 
Энергетикалық  менеджмент  пен  инвестициялардың  ағымдағы  шығыстарын  өзін-өзі 
қаржыландыруға  арналған  энергия  үнемдейтін  кішігірім  іс-шараларға  көшіруге,  яғни 
үнемделген қаражаттан іске асыруға мүмкіндік береді. Олардың ішінен инвестициялауға 
арналған қаражаттың бір бөлігін энергия  үнемдеуде зор табысқа жеткен бөлімшелердің 
дамуына бөлген жөн.
Осы мəселелердің шешімі қаржы аспаптары мен тəуелсіз əдісті қолдануды қажет 
етпейді,  сондықтан  оларды  кəсіпорынның  қарды  бөлімшесінің  мамандарына  тапсырған 
жөн.
Нəтижелерді бақылау мен бағалау.
Қажетті түзетулерді уақтылы анықтау мен енгізуге мүмкіндік беретін нəтижелерді 
бақылау мен бағалау, кез келген жүйенің, əсіресе, энергетикалық менеджмент жүйесінің 
қызмет атқару мен дамуының негізі болып табылады.
Осы функциялар энергия ресурстарын тұтыну туралы ақпарат ағынын талдауға 
негізделеді.  Бүкіл  жүйенің  тіршілік  қабілеті  осы  ақпаратты  ұсынудың  дəйектілігіне, 
толыққандылығына, жеделдігі мен нысанына байланысты.
Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін
 
(ЭКЕАЖ)  құру  анағұрлым  тиімді  шешім  болып  табылады.  Ол  мəн-жайды  анықтаудың 
қажетті  дəрежесін  иелене  отырып,  жалпы,  кəсіпорын  бойынша,  сондай-ақ  жекелеген 
учаскелер  бойынша  энергия  ресурстарын  тұтыну  туралы  жедел  əрі  статистикалық 
деректер алуға мүмкіндік береді.
Мұндай жүйе:
џ
өткізілетін  іс-шаралардың  тиімділігін  жəне  уақтылы  түзету  енгізілуін 
бақылаудың негізін құрайды;
џ
энергия  үнемдеудің  тиімділігі  жоғары  қосымша  іс-шараларын  əзірлеудің 
негізіне айналады;
џ
үнемделген қаражатты есепке алу мен таратудың негізіне айналады;
џ
энергия ресурстарын үнемдеуге ұжының мотивациясын арттыру жұмысында 
қажетті буынға айналады.
Персоналдың  мотивациясына  оң  əсер  ету  мүмкіндігі  өте  нашар  əрі  епсіз 
пайдаланылады  (бұрынғы  социалистік  өткен  дəуірден  қалған  бай  тəжірибеге  қарамай), 
алайда,  энергия  үнемдеу  іс-шарасы  ретінде  мотивацияны  арттыру  аса  тиімді  іс-
шаралардың  бірі  болып  табылады.  Бұл  үшін  барлық  мүмкіндіктерді  пайдалану  керек: 
материалдық сыйақы, қоғамдық танылу жəне өзін-өзі бағалау факторлары (жалпы алғанда, 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


55
кез келген жетістіктер мен кемшіліктер жариялануы тиіс) жəне т.б. Алайда, материалдық 
сыйақы – өте күрделі мотивациялық аспап, оны өте сақтықпен пайдалану керектігін, ал 
мотивация жүйесі үшін есеп пен бақылау барынша мөлдір болуы тиіс екенін ескеру қажет.
Энергия  үнемдеу  туралы  қағиданы  əзірлеу  кезінде  барлық  бөлімшелерде  оны  кеңінен 
талқылау  маңызды  кезең  болып  табылады.  Бұл  оның  енгізілуін  қамтамасыз  етеді,  ал 
қағиданы  əзілеуге  қатысудың  өзі  маңызды  оң  ынталандырушы  фактор  болып  табылады 
[53].
Энергетикалық мониторинг
ЭнМЖ  құрудың  қазіргі  концепциялары  үдерістік  əдісті  пайдалануға 
негізделетіндігін  ескеретін  болсақ,  осы  қызметтің  декомпозициясын  едəуір  қарапайым 
үдерістерге көшіріп, осы үдерістердің мониторингін өткізу қисынды болып келеді [66 - 69]. 
Жалпы  жағдайда  «үдеріс»  кірудегі  əлдебір  нəрсені  шығудағы  əлдебір  нəрсеге 
түрлендіретін өзара байланысты немесе өзара əрекеттесуші қызмет түрлерінің жиынтығы» 
ретінде анықталуы мүмкін (4.6-суретті қараңыз). Бұл жағдайда келесілер үдеріс сапасы 
бола алады: 
џ
жоспарлау (ұйымдастыру, талдау, бақылау…), іс-шараларды ендіру үдерісі;
џ
бірлі-жарым қондырғылардың жұмысы;
џ
технологиялық желінің, учаскенің, цехтың жұмысы;
џ
жалпы, кəсіпорынның жұмысы жəне т.б.
Кіріс
Шығыс
4.6 - сурет. Үдерістің оңайлатылған схемасы
Əр уақыт сəтінде объектінің энергетикалық менеджмент саласындағы қызметінің 
нəтижелілігі (жекелеген процестердің жинағы түрінде)                             , көрсеткіштерінің 
жиынтығымен  сипатталады,  олар  сыртқы  жəне  ішкі  факторлардың  əсерімен  ұдайы 
өзгереді жəне белгілі бір мəндерге ие болады: 
(4.1)
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


56
мұнда  У
эф
  -  ЭМЖ  энергия  нəтижелілігі  деңгейі;  П
i.min
,  П
i.max
-  ЭМЖ  энергия 
нəтижелілігімен сипатталатын і-ші көрсеткіштің ең аз жəне ең көп мəні, i=1,N N - ЭМЖ 
энергия  нəтижелілігін  сипаттайтын  көрсеткіштердің  жалпы  саны;  П
i
  -  ЭМЖ  энергия 
нəтижелілігін сипаттайтын і-ші көрсеткіштің нақты мəні.
Маңыздысы  ЭМЖ-нің  берілген  критерийлерге  сəйкес  жұмыс  істейтін,  ал 
көрсеткіштері  жол  берілетін  шектерде  болатын  күйі  болып  табылады.  ЭМЖ  энергия 
нəтижелілігі көрсеткіштерінің жол берілетін шектерін бұзу оның қалыпты жұмыс істеуінің 
бұзылуына  əкеп  соқтыруы  мүмкін.  Сондықтан  кез  келген  ЭМЖ  оның  жұмыс  істеуінің 
нəтижелілігі  деңгейіне  жүйелі  бағалау  жүргізуді,  яғни  энергетикалық  мониторингтеу 
жүргізуді қажет етеді. 
Энергетикалық  мониторингтің  мақсаттары  мен  міндеттерін  көрсету  үшін 
«энергетикалық  мониторинг»  ұғымының  түсініктемесін  анықтап  алуды  ұсынамыз. 
Энергетикалық мониторинг – объектінің энергия нəтижелілігі көрсеткіштерінің берілген 
жинағы  бойынша  энергияны  үнемдеуді  басқару  саласындағы  (басқаша  айтқанда  – 
энергетикалық  менеджмент  саласындағы)  қызметінің  нəтижелерін  бақылау,  қадағалау, 
талдау жəне бағалау. Бұл ретте, жалпы жағдайда энергия нəтижелілігі көрсеткіштері:
џ
нақты; 
џ
қолжетімді (көрсеткіштің есептелімі маңызды шығындарды қажет етпеуі тиіс);
џ
ұғынықты (көрсеткіштің осы мəні нені білдіретінін түсіну қажет); 
џ
өлшенетін; 
џ
релевантты (процесті немесе мақсатты дəл көрсете алатын); 
џ
белгілі бір уақыт кезеңінее байланған болуы шарт. 
Энергия нəтижелілігі көрсеткіштері ретінде жалғыз-дара абсолюттік жəне/немесе 
қатысты көрсеткіштер де, сонымен бірге аса күрделі интегралдық көрсеткіштер немесе 
тіптен бір (көп) факторлық математикалық тəуелділіктер де танылуы мүмкін [66 - 69].
Энергетикалық  мониторингтің  басты  мақсаты  –  кəсіпорын  басшылығына 
оңтайлы басқарушылық шешімдер əзірлеуге жəне ОЭР тұтынудың жай-күйін жəне энергия 
үнемдеу  əлеуетін  пайдалану  деңгейін,  шығындардың  көздерін  жəне  өндірістік  жəне 
қосалқы  бөлімшелердің,  технологиялық  процестер  мен  жеке  тұтынушылардың  ОЭР 
ұтымсыз пайдалану көлемдерін, энергия үнемдеу шараларын ендіру нəтижелерін ұдайы 
бақылау  жəне  бағалау  арқылы  кəсіпорында  ОЭР  пайдаланудың  тиімділігін  арттыру 
жөнінде ұсынымдар əзірлеуге жəрдемдесу.
Энергетикалық мониторингтің негізгі міндеттері қатарына мыналарды жатқызуға 
болады [66 - 69]:
џ
кəсіпорынның  немесе  оның  жеке  құрылымдық  бөлімшелерінің  энергия 
тиімділігі деңгейін мониторингтеу; 
џ
ОЭР  шығындары  көздерін  жəне  осы  шығындардың  шамасын  бағалауды 
сəйкестендіру; 
џ
өнімнің  өзіндік  құнындағы  ОЭР-ға  шығындалған  қаражаттарды 
мониторингтеу; 
џ
компанияның энергия үнемдеу əлеуетін пайдалану деңгейін мониторингтеу; 
џ
ОЭР тарифтерін мониторингтеу; 
џ
өнім өндіруге ОЭР үлестік тұтыну нормаларының сақталуын мониторингтеу; 
џ
энергия үнемдеу шараларын жəне энергия үнемдеу бағдарламасын іске асыру 
жоспарын орындаудың уақтылығын жəне сапасын мониторингтеу; 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


жүктеу 4,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау