Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі



жүктеу 4,07 Kb.
Pdf просмотр
бет30/83
Дата05.03.2018
өлшемі4,07 Kb.
#11558
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83

73
пайдалану керек. Өлшем нүктелерінде термометрлі гильзалары жоқ болса, өлшем айырық  
түріндегі  тетікті  немесе  инфракүлгін  түйіспесіз  термометрлерді,  мысалы  КМ  826,  КМ 
801/1000,  сондай-ақ  басқаларын  қолдану  арқылы  жүргізілуі  мүмкін.  Айырық  түріндегі 
тетіктерді қолданғанда сырдан жəне таттан тазартылған құбыр желісінің үстіне тетіктің 
нығыз орнатылуын қамтамасыз ету керек. 
а) цифрлық жылу тұтқырлық өлшеуіш; б) шуыл өлшеуіш; в) цифрлық мультиөлшеуіш.
4.10 сурет – Цифрлық мультиөлшеуіштер мысалдары
а)
б)
в)
Қарапайым  көрсетілімді  немесе  жазба  құралдарының  көмегімен  тексеріс 
жүргізген  тиімсіз  жəне  өте  жұмысы  ауқымды,  өйткені  бір  мезетте  үлкен  көлемдегі 
параметрлерді  ұзақ  уақытқа  тіркеу  қажет  болады.  Сондықтан  энергиялық  аудит  үшін 
бірінші  кезекте  ақпаратты  жинақтайтын  шағынпроцессорлы  портативті  құралдарды 
қолдану керек. 
Мына параметрлер өлшенеді: 
1) желі суының шығыны; 
2) желі суының температурасы; 
3) жылытылатын үй-жайлардағы ауаның орташа температурасы; 
4) желі суының қысымы. 
Жылу  жүйесіне  кететін  судың  нақты  шығыны  өлшем  құралдарындағы 
нұсқаманың келесі тəсілдерімен анықталуы мүмкін:  
а) міндетті түрде шығынөлшегіштің көмегімен; 
б) элеватордың шүмегінің белгілі диаметріне жəне шүмек алды жəне элеватордың 
сорғы келте құбырындағы өзгермелі қысымның өлшемі.
Түрлі қабаттарда орналасқан жəне əлемнің əр қиырына бағытталған үй-жайдағы 
ауаның  температурасын  өлшегенде  ғимараттағы  ауаның  температурасын  орташа 
арифметикалық  бағалау  арқылы  бірнеше  үй-жайда    тексереді.  Бұл  температура  жылу 
жүйесінің нақты жəне есептік жүктемесін салыстыру үшін қажет. Қысымды жылу пунктіне 
дейін  жəне  кейін  жылу  жүйесіне  кіретін  жəне  шығатын  жерінде,  ал  тəуелсіз  жылу 
жүйесінде  де  сол  сияқты  жылытқышқа  дейін  жəне  кейін  өлшейді.  Өйткені  жылудың 
тəуліктік жүктеме кестесі тұрақты, жылу таратушының параметрлерін тəулігіне арасына 2-
3 сағат салып өлшеген дұрыс. Мақсатты түрде өлшемді бірнеше тəулік бойы сыртқы ауа 
температурасы мен желідегі судың температурасына сəйкес өлшеу керек. 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


74
Желдету жəне салқындату жүйелеріндегі өлшеу. 
Желдеткіш  жүйелерін  құралмен  өлшегендегі  негізгі  сипатталамар  мыналар: 
желдеткіш  құралдарының  өнімділігі  жəне  кернеуі;  желдеткіш  құрылғыларының  бір 
тəуліктегі  жұмыс  уақыты,  үй-жайлардың  ішіндегі  ауа  температурасы,  сыртқы  ауаның 
орташа температурасы, үй- жайдың көлемі. Осы сипаттамаларды өлшеу құралдары мен 
тəсілдері  жоғарыда  көрсетілген.  Ғимараттарды  желдету  жүйесін  құралмен  өлшегендегі 
негізгі  сипаттамалар  мыналар:  үй-жайдың  көлемі,  ауаның  ылғалдылығы,  үй-  жайдың 
ішіндегі ауа температурасы, ауа ауысымының жылдамдығы, жазда жəне қыста берілетін 
ауаның температурасы, ауаны сүзу. Ылғалдылық пен температураны өлшеу үшін КМ 8004 
түріндегі құралды немесе балама құралдарын пайдалануға болады. 
4.6 Бу, газ жəне сұйықтық шығынын өлшеу
Будың,  газдың  немесе  сұйықтықтың  шығынын  өлшегенде  мыналар  талап         
етіледі [49]: 
џ
Тəулігіне, ауысымда жəне т.б өлшем учаскесі арқылы өтетін заттардың санын 
өлшеу. Мұндай жағдайда өлшем құралын сан есептегіш деп атайды.  
џ
Бір  сағат,  минут,  секундта  өлшем  учаскесі  арқылы  өтетін  заттардың  санын 
өлшеу. Мұндай жағдайда өлшем құралдарын шығынөлшеуіштер деп атайды.  
Шығынды  өлшеудің  жиырмадан  астам  тəсілдері  бар,  бірақ  кең  тараған 
шығынөлшегіштер  болып  саналатындар:  ультрадыбыстық,  тахометриялық,  электр 
магниттік шығын өлшеуіштер, тұрақты жəне ауыспалы қысым өлшеуіштер. 
а) ультрадыбыстық шығынөлшеуіш; б) тахометриялық шығынөлшеуіш;
г) электр магниттік шығынөлшеуіш; г) тұрақты жəне ауыспалы қысым өлшеуіш.
4.11 сурет – Шығын өлшеуіштер мысалдары
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


75
Ыстық  сумен  жабдықтау  жүйелеріндегі  өлшемдер. 
Ыстық  сумен  жабдықтау 
жүйесінде келесі параметрлерді өлшеу керек: екінші сатыда жылытылған су құбырындағы 
ыстық судың шығыны; температурурасы ( су құбыры аузындағы судың жолы бойынша; 
жылытқышқа  кіретін  жəне  шығатын  жердегі  желідегі  жылытылатын  судың  жолы 
бойынша); жылытқышқа дейінгі жəне кейінгі су құбыры желісіндегі жəне желідегі судың 
жолы бойынша қысымы). 
Өйткені  ыстық  сумен  жабдықтау  жүктемесінің  кестесі  біркелкі  емес  айқын 
көрінетін суайрықты сипатқа ие болғандықтан, барлық өлшем параметрлерін портативті 
шағынпроцессорлы құралдар арқылы 5 минут айырмасымен өлшеу керек.  Өлшеуді жұмыс 
күндері де, демалыс күндері де жүргізу керек. 
Су тұтыну жүйелері
Сумен жабдықтау кетесін құбырлардың, сорғылардың өлшемдерін жəне олардың 
сипаттамасын беру жəне суды тұтынушылардың тізімін құру арқылы жасау керек. Сумен 
жабдықтау жүйесінде келесі өлшемдерді жасау қажет: судың шығыны, қысымы, ағып кетуі 
жəне өндірістік емес жоғалтулар/шығындар. 
 
Өлшеу аппаратурасы 
Өлшеу үшін ұйымдарда орнатылған су есептегіштері қолданылады, ал олар жоқ 
болған жағдайда алып жүруге ыңғайлы құралдар қолданылады. Өлшеуді арасына тəулік 
салып жүргізу керек.  
 Өлшем қателігі мынадан жоғары болмау керек: 
1) шығындар үшін - 2,5 %; 
2) қысым үшін - 0,1 кгс/см  ; 
Өлшеу əдістемесі
 
Энергиялық  аудит  процесінде  негізгі  параметрлердің  нақты  мəні  анықталады 
(судың,  қысымның  тəуліктік  шығыны),  олар  осы  параметрлердің  есептік  мəнімен 
салыстырылады  жəне  есептік  жəне  нақты  шаманың  айырмашылықтары  анықталады. 
Қысымды өлшеу тəсілдері мен шығыны бөлімде көрсетілген өлшемдерге ұқсайды.  
Өйткені суық сумен жабдықтау жүктемесінің кестесі айқын көрінетін су айрықты 
сипатқа  ие  болғандықтан,  барлық  параметрлерді  арасына  5  минут  салып  портативті 
шағынпроцессорлы құралдардың көмегімен өлшеу керек.   Өлшемді жұмыс күндері жəне 
демалыс күндері де жүргізу керек.  
Жылу тұтыну 
Өлшеу аппаратурасы 
 Жылу энергия көздерінің түрлеріне орай зерттелетін кəсіпорындар мен ұйымдар 
үш түрге бөлінуі мүмкін:  
1) жеке бу қазандығы бар; 
2) жылу энергиясын орталық жылу жүйесінен алатын;  
3)  жеке  бу  қазандығы  бар  жəне  бірқатар  ғимараттары  орталық  жылу  жүйесіне 
қосылған. 
Екінші  типтегі  кəсіпорындарға  жылу  энергиясын  қосу  жылу  пункттеріне 
(абоненттік кіріс) қосу арқылы жүруі мүмкін, олар жеке (ЖЖП) бір ғана ғимаратқа, жəне 
бірнеше ғимаратқа қызмет көрсететін орталықтандырылған (ОЖП) жылу пункттері болуы 
мүмкін.  
Өлшеу  үшін  ұйымдарда  орнатылған  өлшем  құралдары  (жылуесептегіштер, 
манометрлер, термометрлер жəне т.б.), ал олар жоқ кезде – қолға алып жүруге болатын 
портативті энергиялық аудит құралдары қолданылуы мүмкін.   
2
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


жүктеу 4,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау