8
С. Торайғыров атындағы облыстық. Кітапхана энциклопедиясы
Кітапхана ісі «Кітапхана және өлкетану», «Экология жизнь», «Жана-
шыр», «Открытая библиотека», «Библиотека – новые технологии», «Биб-
лиотека – центр культуры и досуга», «Шаңырақ» бағдарламаларына
бағытталған. Бағдарламаның жүзеге асуына кітапхананың әр бөлімі өз
үлестерін қосады. Кітапхананың шығармашылық бастауы «Қазақ тілі»
қоғамы, экология және биоресурс басқармасы, ұлттық-мәдени орталықтар,
Қ. Сәтбаев атындағы республикалық қордын филиалы, салауатты өмір
сүру Орталығы және басқа да әр түрлі ресми жөне қоғамдық ұйымдардың
серіктестерінің қолдауына ие.
БАҚ-ның қызметкерлерімен, И. Байзақов, П. Васильев атындағы
әде би-бірлестік өкілдерімен кітапхана көп жылдар бойы достық қарым-
қатынаста.
Кітапхана – Павлодар өмірінің мәдени орталығы. Қала тұрғындарын
ретроспективті және жаңа түсімдерге жасалған кітап көрмелері, «My
Englich», «Наш очаг», «Фиалочка», «Өлкетану», «СӨС» клубтарындағы
қарым-қатынас, «Визит» музыкалық қонақжайындағы танымдық кештер,
тіл мен әдебиет мәселелерін көтеретін «Тіл өнері» халық университетінде
өтетін пікір-сайыс пен лекциялар қызықтырады. Бейнелеу мен қолданбалы
өнер туындыларының тұсау кесері өтетін «Аinа» галереясынан керемет әсер
алады. «Әділет» әлеуметтік-құқықтық ақпарат орталығы құқықтық дерек-
тер қорына енуді ұйымдастырады.
1998 жылы кітапхана Қазақстан Кітапханалар қауымдастығына,
2002 жылы Қазақстан кітапханалар Ақпараттық Консорциумға мүше бол-
ды. 2003 жылы Қазақстан кітапханалар астанасы байқау қорытындысы бой-
ынша Павлодарда облыстық кітапханалар негізінде «Жаңа ақпараттық
қоғамның жаңа кітапханасы. Үлгілік ауыл кітапханасы» атты республикалық
конференциясы өтті. Алғашқы рет Қазақстанда үлгілік ауылдық кітапхана
(Шарбақты ауданы, Орловка ауылы) тұсау кесер рәсімі өтті.
2000-шы жылдары облыстық кітапхана кітапханаларды ақпарат-
тандыру саласындағы аймақтық саясатты құруға, аймақтық мақсатты
бағдарламаларды даярлауға белсенді қатысады.
2004 жылы республикада алғашқы рет С. Торайғыров атындағы
облыстық кітапхана әзірлеген, 2004-2006 жылдарға арналған «Ауыл кітап-
ханасы» облыстық бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама мақсаты – ауыл
тұрғындарын ақпаратпен, біліммен, мәдени құндылықтармен қамтамасыз
ету, ауылдық кітапханаларды ақпаратты, білім, мәдени орталық ретінде
дамыту. Жүзеге асыру жылдары 57 ауылдық кітапхана ашылды. Барлық
орталық аудандық, қалалық және үлгілік ауылдық кітапханалар компью-
терленген. Олар Интернетке шығады, өзіндік деректер қорын құрады,