Энциклопедия indd


С. Торайғыров атындағы облыстық.   Кітапхана энциклопедиясы



жүктеу 2,93 Mb.
Pdf просмотр
бет2/116
Дата24.01.2020
өлшемі2,93 Mb.
#27241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116

5
С. Торайғыров атындағы облыстық.   Кітапхана энциклопедиясы
Павлодарда уездіктен басқа Жұмысшы клубы, Су жолын бақылаушы-
лар  клубы  мен  Теміржолшылар  клубы  жанында  кітапханалар  жұмыс 
жасады.  1925  жылы  айтылған  кітапханалар  уездікпен  бірігіп,  бірлескен 
кітапхана құрды.
Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  Павлодар  облыстық  кітапханасы  бірнеше 
рет  көшіп  (1938  ж.  Павлодар  облысының  құрылуына  байланысты  статус 
берілді),  қаһаған  қыстың  аязында  жылусыз  да  қалды.  Соған  қарамастан 
кітапханаға  жұмсалған  асқан  күштің  нәтижесінде,  қорды  сақтап, 
толықтырып отырды, кітап тасу жолымен үйлерге барып қызмет көрсету 
жақсарды,  кадр  4  қызметкерден  құралды.  Халықты  майдандағы  және 
тылдағы  оқиғалармен  таныстыруға,  алғаш  рет  кітапханашыларға  көмек 
болатын  газет  кесінділерінен  папкалар  әзірленіп,  журнал  мақалаларының 
картотекасы дайындалды.
1937-ден-1947  жылға  дейін  уездік,  одан  кейін  облыстық  кітапхана-
ны Т. Байділдин, В.П. Ветрова, Иванова, Коваленко, Рыжко, Фатфуллина 
бас қарды.  1947  жылы  И.Д.  Бурилов  директор  болып  тағайындалуымен, 
соғыстан  кейінгі  жылдары  жұмыстың  мазмұны  түбірімен  өзгерді.  
XX  ғасыр дың  I  онжылдығында  салынған  бұрынғы  көпес  Тумашевтың  
үйі  1948  жылы  кітапханаға  берілді.  Керемет  сәулет  ескерткіші  болған, 
бұл 1 қабатты ескі үйде облыстағы басты кітапхана елу жылдай орнықты. 
Қазіргі таңда облыстық кітапхананың балалар бөлімі орналасқан.
1951 жылы ОБҒК-на В.И. Ленин атындағы мемлекеттік кітапхананың 
абоненті болды және 11 кітап алды. Бірінші рет аудандық және қалалық 
кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін арнайы жоспар құрастырылып, 
әр қайсысына 7 аталым әдістемелік материалдар жіберілді, қалалық, ведом-
стволық, мектептік және партиялық кітапханалар үшін семинар өткізілді. 
Ермак  мәдени  –  ағарту  училищесі  (Ақсу  қ.)  ашылғанға  дейін  кітапхана 
жанынан  Павлодар  аймағында  ауылдық  кітапханашылар  даярлайтын 
кітапханалық оқушылық курсы ұйымдастырылды.
Жылжымалы кітапхана жұмысы үшін бірінші рет ГАЗ-51 автомобилі 
алынды және Рахимбабин Слям «автомобиль-кітапхана меңгерушісі» мін-
детіне бекітіліп, көп жылдар қызмет етті.
1957-ден – 1985 жылға дейін облыстық кітапхананы И.И. Айзенберг,  
С.Ф.  Кирисова,  Л.З.  Шаманина,  Л.С.  Лямзина,  Л.М.  Грезина  басқарды. 
Кітап хана  осы  отыз  жылға  жуық  тарихында  өлкенің  шежіресі  Павлодар 
аймағында үлкен индустрияның қалыптасуы мен дамуынан тыс қалмады.
Тың  игерушілерге  Кеңес  Одағының  түкпір-түкпірінен  посылкамен 
кітаптар  жіберді,  бір  бөлігі  кітапханаға  сыйға  тартты.  Кітапхана  кітап 


6
С. Торайғыров атындағы облыстық.   Кітапхана энциклопедиясы
сыйлау  дәстүрінің  арқасында  білімнің  әр  саласындағы  сирек  кездесетін 
кітаптармен толықты.
Өлкенің  қарқынды  өзгеру  кезеңінде  облыстық  кітапхана  мен  зия-
лы  қауым  өкілдері  арасында  тығыз  байланыс  орнаған.  1955  жылы  Сер-
гей  Музалевский  басшылығымен  журналистер  П.  Васильев  атындағы 
әдеби-бірлестік шығармашылық одақ құрды, алғашқы мәжілісі облыстық 
кітапханада өтті.
1959  жылдан  бастап  кеңестік  жазушы  Н.А.  Островский  атындағы 
облыстық кітапхана «ауданы бойынша мүлдем жарамсыз» ғимаратта бол-
ды.  Мәдениет  Министрлігі  үшін  дайындалған  ақпаратта:  «Абонементке 
адамдар жиналғанда каталогпен оқырмандардың жұмыс істеуіне мүмкіндік 
жоқ.  Оқу  залында  отыратын орын жетпеуінен оқырмандар  тұрып  оқиды, 
кейбіреуі кетіп қалуға мәжбүр болады», – деп бірнеше рет айтылды.
Басты  кітапхана  –  ғимараттың  жұмыс  жасауға  қолайсыздығына 
қарамастан,  өзінің  негізгі  міндеттерін  жүзеге  асырып  отырды.  Ең  алды-
мен көбейген кітапханалар жүйесінің әдістемелік орталыгы ретінде болды. 
1963 жылы 4 қызметкерден тұратын әдістемелік бөлімді кеңейту шаралары 
қолданылды. Одан басқа кәсіподақ, қалық және мектептік кітапханаларды 
жақсы  білетін  тәжірибелі,  білікті  6  қызметкерден  тұратын  штаттан  тыс 
әдіскерлер тобы құрылды.
Терең  кәсіптік  шеберлік  шыңдауға,  тәжірибе  бөлісуге  ғылыми-прак-
тикалық конференциялардың маңызы зор болды. 1965 жылы өткен бірінші 
облыстық  конференцияның  тақырыбы  оқуды  басқару  мәселесін  көтерді. 
Одан әрі конференциялар 1,5-2 жыл мерзімінде өтіп тұрды.
70  –  жылдары  кітапхана  дамуының  бір  кезеңі  орталықтандыру  бол-
ды. Оны жүзеге асыру үшін 1975 жылы 24 маусымда Павлодар облыстық 
халықтық  депутаттар  Кеңесінің  сессиясында  арнайы  жоспар  бекітілді.  
1980 жылы облыста жоспарды жүзеге асыру барысында 514 көпшілік кітап-
хана біріккен 14 орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрылды.
Облыстық  кітапхана  тығыз  жағдайда  тұрса  да,  орталықтандыру 
кезінде өз оқырмандарын ұмытқан жоқ. 70-ші жылдары мұнда көп жыл-
дар  бойы  халық  мойындаған  халықтық  мәдени  университет  ашылды.  
1976  жылы  кітапхана  халықтық  мәдени  университет  ұйымдастырғаны 
үшін КСРО мәдениет Министрлігі дипломымен марапатталды.
Облыстық  кітапхана  жергілікті  әскери  бөлімді  мәдени  қамқорлыққа 
алды. 70-ші жылдардың соңында кітапхананың Қарулы Күштермен мәдени 
байланысы  басталып,  үзілмей  әлі  де  жалғасуда.  1981  жылы  облыстық 
кітапхана  бастамасы  мәдениет  қызметкерлері  кәсіподағының  Орталық 


7
С. Торайғыров атындағы облыстық.   Кітапхана энциклопедиясы
Комитеті «Құрмет грамотасымен», қаланың әскери бөлімдері бірнеше рет 
кітапхананы  патриоттық  тәрбие  беру  үшін  Құрмет  грамоталарымен,  ди-
пломдарымен марапаттады.
1988 жылы «Қайта құру жағдайында облыстық кітапхана ісін дамытудың 
өзекті  мәселелері»  тақырыбында  өткен  ғылыми-практикалық  конференция 
облыстың мәдени өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Облыстық атқару комитеті 
председателінің орынбасары В.А. Шершнева, Қаз. ССР мәдениет Министрлігі 
кітапхана істері жөніндегі бөлім бастығы И.Д. Мукасеева, «Библиотекарь» 
журналының корреспонденті Л.Х. Иртуганова, облыстық кітап хананың ди-
ректоры М.Ә. Жиенбаева және т.б. баяндама жасады.
1988 жылы Павлодар облысының кітапханалары Қазақ ССР мәдениет 
Министрлігі бұйрығына сай біріктіру бойынша эксперимент сатысына енді. 
Бұрын  жеке  болған  жасөспірімдер  мен  балалар  кітапханасы  облыстық 
әмбебап  кітапханасы  құрамына  кірді.  Абонементте  жасөспірімдерге  қыз-
мет  көрсететін  кафедра  ұйымдастырылды,  балалар  бөліміне  –  бұрынғы 
облыстық әмбебап кітапхананың бас корпусы берілді. 
1996  жылы  100  жылдық  мерейтойына  байланысты  бас  корпус  саяси 
ағарту үйінің үлкен ғимаратына көшірілді. Сол жылы облыстық кітапхана 
қазақтың танымал ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімімен аталды.
Қазіргі  кезде  Павлодар  облыстық  біріккен  әмбебап  ғылыми  кітап-
хана – барлык жастағы оқырмандарға қызмет көрсететін, аймақтағы ақпа-
рат ты,  ағартушы,  мәдени,  компьютерлермен  жабдықталған  мекеме.  Кітап 
қоры – 700,0 мың қағазды және электронды ақпаратты таратады. Кітапхана 
жыл  сайын  32,0  мың  оқырманға  қызмет  көрсетеді.  Кітап  беру  саны  –  
1  млн.  дана.  Аймақта  мөдени  және  зиялы  орта  қалыптастыру  үшін  және 
жауапты  міндетті  атқаратын  білімді  де,  білгір  55  маман  қызмет  істейді.  
1998 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» мемлекеттік награ-
дасымен марапатталған М.Ә. Жиенбаева 1985 жылдан бастап кітапханаға 
басшылық етеді.
Облыстық  кітапхана  Республикада  бірінші  болып  грант  алу  үшін 
өтініш беріп, жоба жасауда жұмыс жүргізді. Бұл жұмыс өте нәтижелі болды. 
1997-1999 жылдар аралығында кітапхана «Сорос Қазақстан» және «Ашық 
қоғам «Институты қорынын: «Интернет. Электронды пошта», «Аймақтағы 
үлгілік  кітапхана»,  «Жанашыр»  атты  гранттарының  жеңімпазы  атанды. 
Грант  кітапхананың  компьютерлік  паркін  локалді  торапқа  біріктіруге, 
пайдаланушылардың  Интернетке  енуін  жүзеге  асыруға,  электронды 
каталогқа және Web-сайтқа жұмсалды. «Пушкин кітапханасы» мегажобасы-
на қатысып, Ресей баспасынан шыкқан ең жақсы әдебиеттермен, сондай-ақ 
электронды баспалармен қорды толықтырды. 


жүктеу 2,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау