Еліміздегі және шетелдегі ғылым мен технологиялардағы қызықты



жүктеу 306,85 Kb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата14.05.2018
өлшемі306,85 Kb.
#12749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



24 

Ал  егер  адам  өзінің  саусағына  қарайтын  болса,  саусақ  таңбаларын 

қалыптастыруға  қатысатын  ең  ұсақ  иірімдерді  көре  алатын  болады. 

Келешекте  имплантантты  өзгертуге  болады,  мысалы,  бейнені  тысқары 

құрылғының экранына шығару мүмкін болады. Жоба жетекшісі және Bionic 

Lens ойлап табушысы Гарт Уэббтің мәлімдеуінше, 

«Қазіргі таңда бұл линзаның оған қол жеткізе алмаудан басқа кемшілігі 

жоқ, ол өзінің иесіне ғажайып артықшылықтар сыйлайтын болады. Ашығын 

айтқанда,  бионикалық  линза  көз  ауруларының  барлығынан  құтқаратын  

панацея  деп  түсінбеу  керек.  Ол  дальтонизмнен,  миопатиядан  құтқармайды, 

торлы  қабық  және  көз  нервінің  зақымдалуын  емдей  алмайды.  Ал  алыстан 

көрмейтіндер  үшін  көзілдірікті  мәңгі  ұмыттырып,  күрделі  операцияларсыз 

көздің көру қабілетін жақсартудағы мүмкіндіктері өлшеусіз. 

Егер Bionic Lens клиникалық сынаудан сәтті өтетін болса, жуықтағы 2 

жылда  хирургтердің  қолына  түсері  анық.  Құрылғының  бағасы  да  белгілі 

болды:  бір  данасы  3200  доллар  тұрады.  Операция  шығындары  бұл  бағаға 

кірмейді. 

 

Дерек  көзі:  https://hi-news.ru/research-development/bionicheskaya-linza-implant-kotoryj-



vernet-zrenie-i-daruet-sverxsposobnosti.html 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



25 

ИННОВАЦИЯЛАР МЕН КОРПОРАЦИЯЛАР 

 

 

Google корпорациясы өзінің жеке қаласын тұрғызып жатыр. 



 

Google  корпорациясы  Павел  Дуровтың  болашақта 

өз тәуелсіз мемлекетін құру туралы кеңесіне құлақ 

асқан  сияқты.  Болашақтың  қаласын  құру  бірегей 

елді  мекенді  тұрғызудан  басталмақ.  Осы  жоба 

үшін  арнайы  жаңа  Sidewalk  Labs  компаниясы 

құрылып, 

оған 


Нью-Йорк 

қаласы 


мэрінің 

экономикалық даму жөніндегі бұрынғы орынбасары 

Дэниел Докторофф басшылық жасауға кірісті. 

Google эксперименттік қаласының құрылысына әртүрлі салалардағы ең 

озық  технологиялар  пайдаланылатын  болады.  Елді  мекен  экологиялық 

тазалығымен қатар, адамдардың өмірін мейлінше жайлы етпек.  

Құрылыс  көптеген  техникалық  шешімдерді  сынайтын  шағын  ауданды 

тұрғызудан  басталады.  Егер  жоба  өзін  ақтап  шығатын  болса,  ауданның 

маңында тағы бірнеше аудандар тұрғызылатын болады. 

Бұл  жобаның  мақсаты  инновациялық  қала  ортасында  халықтың  өмір 

сүру  сапасы  барынша  жақсартылып,  сонымен  қатар  ірі  қалаларда  орын 

алатын  экологиялық  қатерлерге  жол  берілмейтінін  дәлелдеу  болып 

табылады.  Озық  технологиялар  қалалық  транспорт  пен  инфрақұрылымда 

ғана емес, сонымен қатар қала басқару және әлеуметтік қызметтер саласында 

да  қолданылмақ.  Әзірше  Google  қаланың  іргетасы  қай  жерде  қаланатыны 

туралы  жақ  ашпай  отыр.  Компания  басшылығы  бар  ақпаратты  жуық  арада 

жайып салатындығын айтып бағуда.

 

 



Дерек  көзі:  https://hi-news.ru/technology/korporaciya-google-postroit-sobstvennyj-gorod-

budushhego.html 

 

 

 



 

 



ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



26 

Tesla  электромобильдердің  батареяларын  жүріп  келе  жатып 

ауыстыру технологиясына патент алды. 

 

Tesla  компаниясы  ұсынған  патенттік  өтінімде 



жолда 

немесе 


трейлерде 

жабдықталатын 

портативті  станция  сипатталған,  ол  жерде 

жүргізуші  өз  акккумуляторын  жаңасымен  тез  әрі 

сапалы 

ауыстыратын 



болады. 

Процестің 

сипаттамасына  сүйенетін  болсақ,  ол  жартылай 

автоматтандырылып,  ауыстыру  рәсімі  он  бес 

минуттан артыққа созылмайды. 

Tesla патентінде жолдардың бойына немесе жылжымалы трейлерлерде 

орналастырылып,  арнайы  көтергіш  механизммен  жабдықталған  шағын 

қызмет  көрсету  станциялары  сипатталған.  Осының  арқасында  станция 

қызметкерлері  көлік  иелерінің  қалауымен  аккумуляторды  жүріп  келе 

жатқанда да ауыстырып, жүргізушінің уақытын үнемдейтін болады. 

Осыдан  үш  жыл  бұрын  Tesla  осыған  ұқсас  станцияға  патент  алған 

болатын,  ол  кезде  ол  толығымен  автономды  болады  деп  қарастырылған,  ал 

жаңа  патенттегі  ауыстыру  рәсімі  толықтай  автоматтандырылмағанына 

қарамастан, батареяны ауыстыру үшін бір маман жеткілікті. 

Бұл  станция  Model  S  және  Model  X  автокөліктеріне  қызмет  көрсете 

алатыны нақтыланды, ал Model 3 көлігінде батарея электрокар салоны ішіне 

орнатылатындықтан,  оны  ауыстыру  үшін  кресло  мен  электромобиль  еденін 

бөлшектеу қажет болады. 

Бұл станция автомобиль батареясы істен шығып немесе жөндеу қажет 

болатын  жағдайда  қажетке  жарайтын  болады,  ал  аккумуляторды 

қуаттандыру  үшін  жай  Supercharger  станциясы  да  жеткілікті,  ол 

аккумуляторды  бір  сағаттан  астам  уақытта  толығымен  қуаттандырып 

шығарады.  

 

Дерек көзі: https://hi-news.ru/technology/tesla-zapatentovala-texnologiyu-zameny-batarej-



elektromobilej-na-letu.html 

 

 



 


ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



27 

ӨНІМДІК ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 

Levi’s «ақылды» күртесі жақында сатылымға шықпақ. 



 

2017 жылы көктемде Google Advanced Technology 

бөлімшесі мен Levi’s  бірігіп, велосипед тебушілер 

мен  белсенді  өмір  салтын  ұстанатын  басқа  да 

адамдарға  арналған  "ойлы"  джинсы  күртені 

жасақтағандарын 

жариялады. 

Ол 


кезде 

жасақтаулар  аяқтала  бастаған  болса,  ал  енді 

қазір Levi’s жаңа киім үлгісі жақында сатылымға 

шығатынын хабарлады.  

Оны  2  қазаннан  бастап  кейбір  фирмалық  дүкендерден  және  Levi.com 

сайтынан сатып алуға болады. 

Бұл  күрте  кәдімгі  матадан  тігілген,  ешқандай  супертехнологиялармен 

жабдықталмаған. Ішіне ешқандай сымдар мен нанохабаршылар өткізілмеген. 

Оның  сол  жақ  жеңінің  ұшында  арнайы  хабаршы  орналасқан,  соның 

көмегімен  күртенің  иесі  өз  смартфонын  күрте  сыртынан  басқара  алады. 

Смартфонмен  өзара  әрекеттесу  үшін  қол  қимылдары  мен  тактильді  кері 

байланыс пайдаланылады. 

Манжетке жай қол тигізу арқылы электронды поштаны алуға, қоңырау 

шалуға,  аудиоплеерді  тоқтатып  қоюға  немесе  навигаторды  ашуға  болады. 

Басқару  iOS  және  Android  үшін  құрылған  арнайы  Jacquard  app 

қосымшасының  көмегімен  жүзеге  асырылады.  Күрте  Android  6  және  оның 

жаңа  нұсқаларымен,  iPhone  6  және  оның  жаңа  нұсқаларымен  жұмыс  жасай 

алады,  iOS  10  немесе  iOS  11  негізіндегі  смартфондар  үшін  де  жарамды. 

«Виндафондардың»  иелеріне  қиындау  болады,  өйткені  жасақтаушылар 

оларды  ескермепті.  Өкінішті  жағдай.  Өз  смартфоныңыз  бен  күртенің 

үйлесімділігін арнайы сайттан тексере аласыз. 

Levi’s Commuter күртесінің бағасы жеткізу құнын есепке алмағанда — 

350 доллар. 

 

Дерек 



көзі: 

https://hi-news.ru/technology/umnaya-kurtka-ot-levis-skoro-poyavitsya-v-

prodazhe.html 



жүктеу 306,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау