Еліміздегі және шетелдегі ғылым мен технологиялардағы қызықты



жүктеу 306,85 Kb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата14.05.2018
өлшемі306,85 Kb.
#12749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



18 

М.Құл-Мұхаммед  Павлодар  облысы  ҮИИДМБ  кәсіпорындарын 

аралап шықты. 

 

«Нұр  Отан»  партиясы  Төрағасының  Бірінші 



орынбасары  Павлодар  облысына  іссапармен 

келді.  Мұхтар  Құл-Мұхаммед  Индустриялық-

инновациялық 

дамудың 


мемлекеттік 

бағдарламасы 

аясында 

салынған 

кәсіпорындардың жұмысымен танысты. 

Партияның  баспасөз  қызметі  хабарлағандай,  Төрағаның  Бірінші 

орынбасары  қызметтік  сапар  барысында  Павлодар  түсті  металлургия 

колледжі  жанындағы  Студенттер  үйінде  болып,  сонымен  қатар  «Margulan 

center»  -  Павлодар  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  ғылыми 

бөлімшесінде  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  бойынша  Орта  Ертіс 

бойының белгілі билеушісі Сұлтанбет Сұлтанның ағаш усадьбасын қалпына 

келтіруді аяқтау жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрді. 

Павлодар 

облысы 


– 

Қазақстанның 

басты 

индустриялық 



орталықтарының  бірі.  ИИДМБ  екінші  бесжылдығының  аясында  өңірде 

инвестиция  көлемі  1  триллион  теңгеден  асатын  35  жоба жүзеге  асырылуда. 

Бұл жерде шағын және орта бизнес те мемлекеттік қолдауға ие болып отыр. 

Айталық,  нәтижелі  жұмыспен  қамту  және  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту 

бағдарламасын  іске  асыруға  2017  жылы  облыста  3  млрд.теңгеден  астам 

қаражат бөлінген. Павлодар облысында ағымдағы жылда барлығы 23 мыңнан 

астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. 

Мұхтар  Құл-Мұхаммед  Павлодар  облысының  әкімі  Болат  Бакауовпен 

бірге  «Павлодар»  арнайы  экономикалық  аймақ аумағын аралап  шықты.  Бұл 

жерде  алты  инновациялық  өндіріс  жолға  қойылған,  тағы  алтауы  жасақталу 

кезеңінде тұр. 

Қалайыланған  алюминийдің  құймалар  түріндегі  бірінші  сынақтық 

партиясын  жақында  «Гиссенхауз»  ЖШС  конвейерден  шығарды.  Бұл 

кәсіпорын  өте  ерекше  және    перспективалы  болып  саналады.  Сұйық 

алюминий  бұл  жерге  тікелей  Қазақстан  электролиз  зауытынан  келіп  түседі, 

оған  түрлі  арнайы  қоспалар  қоса  отырып,  алуан  түрлі  сұранысқа  ие 

өнімдерді, соның ішінде профиль, фольга, автомобиль дискілерін және тағы 

басқа өнімдерді алуға болады.  




ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



19 

Бұл жерде айта кететін жайт, кәсіпорын аумағында диск жасау цехын 

салу  туралы  келісімге  қол  жеткізілді  -  оған  осы  өнімнің  ресейлік  ірі 

өндірушілерінің  бірі  келісімін  берді.  Бизнес-жоспарды  қарап  шыққанда, 

жиынтықтаушы  бөлшектерді  Қазақстанда  жасау,  күтілетін  қаржы 

салымдарын есепке алғанның өзінде өте тиімді екені анықталды. 

Қазақстандық  нарықтың  40%-на  дейінгі  қажеттіліктерін  қамтамасыз 

ете алатын тағы бір заманауи кәсіпорын -ол «АгроХимПрогресс» ЖШС. Ол 

да  «Павлодар»  АЭА  аумағында  орналасқан  және  индустриялық-

инновациялық  даму  бағдарламасының  арқасында  пайда  болды.  Бұл  жерде 

минералдық  тыңайтқыштар,  өсімдіктерді  қорғаудың  химиялық  құралдары, 

қара шегірткеге қарсы биодәрмектер, сондай-ақ көпжылдық арамшөптермен 

белсенді  күресуге  арналған  глифосат  гербициді  шығарылады.  Бұл  жобаның 

жалпы  құны  3,2  млрд.теңге,  ал  оның  ерекшелігі  асқан  экологиялық 

қауіпсіздігі  болып  табылады,  зауыттың  барлық  цехтары  зиянды 

шығарындылар мен химиялық булардың 99,99%-на дейін тұтып қалатын су-

газ реакторымен жабдықталған. 

Мемлекеттік 

бағдарламаларды 

жүзеге 


асыру 

аясындағы 

кәсіпорындардың  жұмысымен  танысқаннан  кейін  «Нұр  Отан»  партиясы 

Төрағасының  Бірінші  орынбасары  Елбасының  Павлодар  өңірінің  осылай 

қарыштап дамуындағы рөлі ерекше екенін айтып өтті. 

«Елбасының  көрегендігінен  туындаған  Бағдарламалардың  әр  өңірге 

қандай игі істер алып келгенін осы Павлодар облысының мысалынан көруге 

болады. Осы жылдың өзінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша өңірге 61 

миллиард теңге бөлініп, бір ғана арнайы экономикалық аумақтың аумағында 

6 инновациялық зауыт салынды. Осындай жайт бұрын-соңды болған ба еді? 

Ешқашан  болған  емес.  Сондықтан  Елбасының  сенімін  ақтау  үшін,  оның 

қамқорлығына, назарына алынған әр игілікті қызғыштай қоруымыз керек», - 

деп қорытты Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмысшылармен кездескен сәтінде. 

Павлодар  облысы  өңірінің  индустриялық  кәсіпорындары  үшін 

кадрларды  даярлау  жұмысы  да  жүйелі  жолға  қойылған.  «Нұр  Отан» 

партиясы  Төрағасының  Бірінші  орынбасары  түсті  металлургия  колледжінің 

студенттерімен  кездесті.  Бұл  жерде  металлургия  саласына  қажетті  кәсіби 

жұмысшыларды  нарықта  үлкен  сұранысқа  ие  токарь,  слесарь,  электр-газ 

дәнекерлеушісі,  электр  монтері,  техник-металлург  және  басқа  да 

мамандықтар бойынша даярлайды.  




ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



20 

Диплом  алған  түлектер  «Қазақстан  алюминийі»,  «Қазақстан 

Электролиз  Зауыты»,  «Қазақмыс  корпорациясы»  сияқты  ірі  кәсіпорындарға 

жұмысқа тұрады.  

 

Дерек көзі: https://strategy2050.kz/ru/news/48033



 

 

 



FUNтастика – ФАНТАСТИКА ШЕГІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 

 

 



Ресей  ғалымдары  жасанды  бұлшықет  өндіруге  арналған 

материалды ойлап тапты 

 

Ғалымдар  жасанды  бұлшықет  жасақтаумен 



бірнеше  жылдардан  бері  айналысуда.  Толыққанды 

бұлшықет 

ұлпасын 

табу 


арқылы 

қозғалу 


мүмкіндіктері  шектеулі  жандарға  арналған  озық 

технологиялық  протездер  құрастырып,  олардың 

өмірін  біршама  оңайлатуға  болатыны  сөзсіз. 

Мұндай  мақсатқа  арналған  жаңа  жеңіл  әрі  берік 

материал 

«МИСиС» 


ҰЗТУ 

ғалымдарының 

ізденгіштігінің арқасында пайда болды. 

Адамға жасанды бұлшықет енгізу кезіндегі негізгі кедергі сол -мұндай 

бұлшықет  құрылымында  қолданылатын  материалдардың  көпшілігі  өте  улы. 

Алайда  ресейлік  оқымыстылар  молекулаларының  тізбегі  ұзартылған  

полиэтилен  негізінде  бұлшықет  тұрғызуға  болатынын  бірнеше  тәжірибелер 

арқылы  дәлелдеп  шықты.  «МИСиС»  ҰЗТУ  ғалымдары  полиэтиленді 

көміртегілі  нанотүтіктермен  бекіндіріп,  осының  арқасында  оның  тозуға 

қарсы тұру қабілеті 2 есе артып, қызмет ету мерзімі 15 жылға ұзарды. 

Алынған  затты  шикізат  ретінде  жасанды  бұлшықет  өндірісінде  ғана 

емес, сонымен қатар басқа салаларда пайдалануға болады, өйткені ол суыған 

кезде  тарылып,  қызған  кезде  ісініп,  бұлшықеттің  жиырылуына 

ұқсайтындықтан,  сүйек  жамауға  да  пайдаланып  көруге  болады.  «МИСиС» 

ҰЗТУ  сарапшылары  сүйек  алмастырғыш  ойлап  тапты    —  оның  сыртқы 

қабаты  тұтас  болғанымен,  ішкі  қабаты  кеуекті,  яғни  сүйектің  биологиялық 

құрылымына ұқсайды.  



жүктеу 306,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау