ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
15
Қытайда әлемдегі алғашқы ұшқышсыз су ұшағы жасақталды
Су бетінен әуеге көтеріліп, ұшып келіп, су
бетіне қона алатын амфибия ұшақты UVS
Intelligence System компаниясының мамандары
жасап шығарды. Оның негізіне UVS өндіру
құқығын
осыдан
бұрын
сатып
алған
Италияның Colyaer Freedom S100 аса жеңіл
ұшағы алынған болатын.
UVS Intelligence System компаниясының басшысы Лю Цзиандунның
мәлімдеуінше, ұшқышсыз гидроұшақ жаппай өндіріске шығаруға әзір,
сондықтан алғашқы даналары сатып алушылардың қолына осы жылдың
аяғында тиіп қалуы ғажап емес. Оның айтуынша, компания бірқатар
компаниялармен ұшақтарды жеткізу жөнінде шарт жасасу үстінде. Олардың
бірі —жедел жеткізулермен айналысатын ірі азиялық клиент. Компания
басшысы нақты мысалдар келтірмеді, өйткені бұл кезеңде жасалып жатқан
шарттар асқан құпиялылықты талап ететіні белгілі.
U650 ұшқышсыз ұшағы деп аталатын қытайлықтардың жаңа көлігі
әуеде сағатына 180 километр жылдамдықпен он бес сағатқа дейін ұшуға
қабілетті. Оның ұшу ұзақтығы шамамен 2000 километр болса, жүк
көтергіштігі— 250 килограммды құрайды. Ұзындығы алты метр
шамасындағы гидроұшақ корпусы асқан беріктігі мен жеңіл салмақтылығын
қамтамасыз ететін көміртегі талшығынан жасалған. Ұшақ алғашқы
сынаулардан өтіп үлгерді, өйткені жасақталып жатқанына бес жылдай уақыт
болған. Алғаш рет ол әуеге 2015 жылы көтерілді, содан бері сыналып келеді.
Өз конструкциясының арқасында ол аса ықшам жолақтарға және суға
қонып, ұшып кете алады, жүк көтергіштігі аса жоғары, ал бағасы онша
қымбат емес, соған қарағанда сатып алушылары көп болуға тиісті.
Дерек көзі: https://hi-news.ru/technology/v-kitae-razrabotali-pervyj-v-mire-vodnyj-samolyot-
bespilotnik.html
ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
16
ҮИИДМБ БАСЫМ САЛАЛАЛАРЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
Асқар Мәмин Маңғыстау облысында «Нұрлы жол» және ҮИИДМБ
бағдарламаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.
2017 жылдың 5–6 қыркүйегі аралығында ҚР
Премьер-Министрінің
Бірінші
орынбасары
Асқар
Мәмин
Маңғыстау
облысындағы
қызметтік сапары кезінде "Нұрлы жол" мен
индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік
бағдарламаларының жүзеге асырылу барысын
тексерді.
Осы өңірдегі сапарының аясында Асқар Мәмин Құрық портындағы
паром кешенінде болып, екінші іске қосу кешенінің құрылысы бойынша
мәжіліс өткізді. Мәжіліске Маңғыстау облысының әкімі Ералы Түғжанов
қатысты.
Қазіргі уақытта порттың 114 нысанында жұмыстар жүріп жатыр. Паром
кешенінің автомобиль бөлігінің нысандары тұрғызылып, пирс асты теңіз
акваториясындағы тереңдікті үңгу жұмыстары аяқталуда. Батыс және шығыс
беттерінде тосқауылдағыш молдарды тұрғызу жұмыстары орындалуда.
Жоба басшылары порттың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, пирсты
пайдалануға енгізу, паром кешенінің көтерілетін автомобиль өткізу көпірін
орнықтыру жұмыстарының жайын баяндады. Ірі көлемді жүктерге арналған
қосымша айлақ құрылысы Құрық портының қуаттылығын 7 млн. тоннаға
жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күнге алғанда портқа 166 кеме бас тіреп,
756 мың тоннадан астам жүк тасымалданған. Ағымдағы жылдың аяғына
дейін жүк тасымалы 1 млн 300 мың тоннаға, келесі жылы 3 млн тоннаға және
автокөлік 15 мыңға жуықтайды деп болжанды.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары айтып өткендей,
Маңғыстау облысында «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жолдама
алған жобалардың тек өңір үшін ғана, емес жалпы ел үшін стратегиялық
маңызы жоғары. Олардың қатарында Құрық портындағы паром кешенінің,
Бейнеу — Ақжігіт және Шетпе — Ақтау автожолдарының құрылысы бар.
«Құрық паром кешенінің темір жол бөлігі 2016 жылдың желтоқсан
айында аяқталған болатын.
ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
17
Енді ағымдағы жылдың соңына дейін автомобиль өткелін аяқтап
тапсыру міндеті алға қойылды",— деп нықтады ҚР Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары.
А.Мәмин «Құрық портының екінші кезегін пайдалануға енгізу
Транскаспий дәлізі бойымен жүктердің транзитін жыл бойы жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін болады» дей келе, «барлық жұмыстарды ағымдағы
жылдың соңына дейін аяқтау» қажеттігіне ерекше тоқталып өтті.
«Маңғыстау облысының транспорттық-логистикалық әлеуеті біршама
зор. Елбасы Маңғыстау өңірінің дамуына көп көңіл бөледі. Президенттің
тапсырмасымен өңірде жаңа өнеркәсіптік өндірістер ашылып, транспорт
және туризм салаларындағы жобалар жүзеге асырылып, жаңа жұмыс
орындары жасақталуда. Осының барлығы өңір экономикасының тұрақты
дамуын қамтамасыз етуде», — деп атап көрсетті А. Мәмин.
Сондай-ақ ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Бейнеу —
Ақжігіт — Тәжен автожолын қайта құру жұмыстарының орындалу
барысымен танысты. Автотрассаны қайта құру ағымдағы жылдың шілдесінде
басталған болатын. Екінші санатты күре жол Бейнеу ауылынан бастау алып,
Өзбекстанмен арадағы шекараға дейін 85 км-ге созылып жатыр.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан автокөлік
жолдарына жүргізілген инспекция нәтижелері бойынша А. Мәмин көшпелі
мәжіліс өткізіп, мердігер ұйымдардың басшыларының есептерін тыңдады.
Қазіргі уақытта автожолды қайта құру жұмыстары толық көлемде жүріп
жатыр. Учаскелердегі жұмысқа 300-ден астам жұмысшылар мен шамамен
150 техника бірлігі тартылған.
ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары бұл автожолдың маңызды
инфрақұрылымдық нысан ретіндегі рөлін баса айтты.
«Бұл өңір үшін өте маңызды жоба. Ол Орталық Азия елдерінен Ақтау
және Құрық теңіз порттары арқылы Кавказ елдеріне, Түркия мен Еуропаға
бағыт алатын транзиттік автомобиль қозғалысын қалыптастыруға септігін
тигізетін болады», — сказал А. Мәмин «автожол құрылысын сапалы жүргізу
және оны белгіленген мерзімде тапсыру» міндетін алға тартты.
Дерек көзі: http://www.government.kz/ru/novosti/1011464-askar-mamin-proinspektiroval-
khod-realizatsii-n-rly-zhol-i-gpiir-v-mangystauskoj-oblasti.html
Достарыңызбен бөлісу: |