ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
9
Көктемде Hyperloop One көлік жүйесінің Еуропада салынуы мүмкін
нұсқалары көрсетілген жоспарды ұсынды. Бұл жоспарда Эстония мен
Финляндия астаналарын біріктіретін суасты бағдары да қамтылған.
Осылайша, оны екі жақ та болашақта іске асыруға ниетті және де осыдан
бұрын Hyperloop One Финляндияның билік өкілдерімен аталмыш келіссөздер
жасаған болатын.
Дегенмен, екі жақ ешқандай да нақты мерзімдер туралы
келіспегендіктен, келісімшартты алдын ала келісімшарт деп атауға болады,
ал оған қол қою — Эстония мен Hyperloop One өзара ынтымақтастыққа
мүдделі болуын көрсету. Эстония үкіметіне құрылысты бастау мүмкін
болғанға дейін әлі де көптеген мәселелерді шешуіне, ал Hyperloop One
компаниясы барлық сынақтарды аяқтауына және дайын капсулалар мен
вакуумды тоннелдер шығара бастауына тура келеді.
Дереккөз: https://hi-news.ru/technology/estoniya-zainteresovalas-hyperloop.html
ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Еуропада Passenger Drone ұшатын таксиді сынақтан өткізді
Passenger Drone компаниясының әзірлеушілері
өздерінің
жолаушыларға
арналған
ұшатын
аппаратын сынақтан өткізе бастады, олардың
айтуынша, бұл аппарат Ehang 184 және
Volocopter-ге лайықты бәсекелес бола алуы мүмкін.
Алайда соңғы аталғандарды әзірлеушілер өздерінің
жобаларын Дубайда көрсетуді алға жылжытуда
ал Passenger Drone ұшатын таксиді
Еуропада
сынақтан өткізуде.
Passenger Drone-ні жасаушылар әзірлемелерінің ұшуын көрсететін
бейнекөріністі жіберуді ұсынды. Әзірше аппараттың өзіндігінен ұшуы
қауіпсіз емес, сондықтан да, бірінші рет үшін жолаушы дроны пилотпен
басқарылды.
ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
10
Ол аппараттың аэродинамикалық мүмкіндіктерін бағалап, негізгі
жүйелерін ұшу кезінде байқап көрді. Дронның ақырғы нұсқасынан басқару
элементтерін алып тастамайды, содықтан да ол өздігінен де, сонымен қатар
пилоттың басқаруымен де ұша алады.
Аппараттың кабинасы тікұшақ кабинасына ұқсас келеді, бірақ одан
айырмашылығы ұшатын такси өз электр жетегімен жабдықталған он алты
қозғалтқыштың көмегімен ұшады. Бұл дронға сағатына 50 километрге жуық
жылдамдықпен шамамен жарты сағат ұшуға мүмкіндік береді. Әзірлеушілер
ұшу ұзақтығын арттыру үшін бұдан да көлемді аккумуляторларды қолдануға
болатындығын, алайда бұл нұсқаның жақсы бола алмайтындығын атайды,
өйткені ол кезде аппараттың салмағы ғана емес, оның құны да артады.
Әзірге ұшатын такси ең алғашқы сынақ сатыларынан өтуде, сондықтан
оның ұшуының алғашқы көрсетулері келесі жылдың басында ғана өткізіледі.
Оның құны туралы, сериялы шығарылымын қашан күтуге болатындығы
туралы әзірлеушілер ештеңе айтпайды.
Дереккөз: https://hi-news.ru/technology/v-evrope-protestirovali-letayushhee-taksi-passenger-
drone.html
Күн батареясындағы «ақылды» сағаттар әзірленді
Смарт-сағаттар өзінің барлық артықшылықтары
кезінде кемшіліктердің тұтастай бір қатарын да
иеленген. Олардың біреуі — автономиялылығы. Күн
сайын оларды шешуге және арнаулы тоқтан
қуаттау үшін тұғырықшаға қоюға тура келеді. Ол
орын алады. Құтырынады. Оның үстіне олар
қуатталу кезінде барлық модельдердің бәрін бірдей
толыққанды пайдалану мүмкін емес.
Сондықтан Kickstarter-де пайда болған жаңа жоба проблеманы күн
батареяларының көмгімен шешуге уәде етеді, осының арқасында смарт-
сағаттар тағып жүрген кезде өздері қуатталатын болады.
Әзірлеушілер сағаттар проблемаларсыз жұмыс істеуі үшін олардың күн
сәулесінде күніне бар-жоғы бір сағаттай болуы жеткілікті екендігін
хабарлайды. Бұл ретте серуендеуге шығу мүлдем міндетті емес, өйткені үй-
ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
11
жайға өтетін күн жарығы да жарамды болады. Сағат батареяларын күннің
көмегімен қуаттау мүмкіндігі жоқтар үшін жинақталымында шағын
индукциялық қуаттағыш болады.
Сағаттарда дисплей жоқ, бірақ олар пайдаланушының ұйқысы мен
сергектік сатыларын қадағалай біледі, хабарламаны смартфонға шығаруға
немесе оқиғалар туралы сағаттық белгілеулерде орналасқан жарықтық
диодтардың жыпылықтауымен хабарлауға қабілетті. Науқанның аяқталуына
дейін әлі де үш апта бар екендігіне қарамастан, гаджетті әзірлеушілер оларға
бастапқыда талап етілгеннен екі есе көп ақша жинап үлгерді. Жобаның іске
асырылуы да жуық арада болатын сияқты.
Күн батареялары бар сағаттар бұрынырақта да шығарылған болатын,
бірақ нақ осы Lunar жұмысы толықтай күн энергиясымен қамтамасыз
етілетін смарт-сағаттардың алғашқы моделіне айналды.
Дереккөз:
https://hi-news.ru/technology/razrabotany-umnye-chasy-na-
solnechnoj-bataree.html
BMW Tesla Model S-ке бәсекелесін ұсынды
Электромобильдер айтарлықтай баяғыда таң-
тамаша болудан қалды және тұтынушылық
нарыққа біртіндеп еніп келеді. Электрокарлар
арасында ең белгілі модельдердің бірі еш шүбәсіз,
Tesla Model S болып табылады. Алайда мүлдем
жуырда Илон Маскінің туындысында автомобиль
алыбы BMW-нің жаңа электромобилі түрінде
елеулі бәсекелес пайда болуы мүмкін.
Tesla Model S-пен «бір алаңда ойнауды» көбі байқап көрген болатын.
Бұл өзінің Leaf-ымен Nissan және Chevrolet Bolt, сондай-ақ дәрежесі
төменірек әзірлеушілер стартаптарының тұтастай бір шоғыры еді. Бірақ
олардың бәрінде классикалық төрт есікті седаннан ерекшеленетін шанақ
үлгісі бар. BMW-нің жаңа автомобилі нақ осы сыныпта көрсетілетін болады.
Қазіргі сәттің өзінде Model S-тің болашақ бәсекелесінің тұжырымы дайын
болды . Ол i Vision Dynamics атауын алды.
Достарыңызбен бөлісу: |