Еліміздегі және шетелдегі ғылым мен технологиялардағы қызықты



жүктеу 306,85 Kb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата14.05.2018
өлшемі306,85 Kb.
#12749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



12 

Компания  басшылығы  әзірше  өзінің  жаңа  электрокарының  түпкілікті 

аталуын хабарламай отыр, бірақ автоның  BMW i5 атауын алатыны жөнінде 

болжам бар. 

Автоның сериялық өндіріске  шығарылуының нақты мерзімдері  әзірше 

белгісіз,  бірақ  BMW  компаниясының  өкілдері  жаңа  модельдің  2025  жылға 

жоспарланған  кең  көлемді  жаңартудың  бір  бөлігіне  айналатынын  растауда. 

Бұл жаңартудың шеңберінде 25 электрокар ұсынылатын болады, олардың 12-

сі  толықтай  электрлік,  ал  қалғандары  гибридтік  автомобильдердің  өкілдері 

болмақшы. 

Техникалық сипаттамаларына келетін болсақ, BMW i Vision Dynamics 

сапарының  алыстығы    аккумуляторларды  қосымша  қуаттаусыз  600 

километрді  құрайды,  электромобильдің  ең  жоғары  жылдамдығы  200 

километр  сағат  белгісінде  шектелетін  болса,  ал  0-ден  100  километр  сағатқа 

дейін екпін алуды BMW  туындысы 4 секундтың ішінде орындай алады. Егер  

i  Vision  Dynamics  дизайны  туралы  айтар  болсақ,  онда  бұл  жерде  Tesla-ның 

ықпалы айқын байқалады. Мұндай шешім елдің бәрінің талғамына сай келе 

бермесе  де,  ұзын  дөңгелектік  базамен  үйлескен  шанаптың  қалқыма,  бірақ 

агрессивті  сызықтары  өзіне  назар  аудартады.  BMW  Group  Desig  вице-

президенті Эдриан ван Хойдонк айтқандай: 

«Біздің BMW i3 және BMW i8 электрлік автомобильдердің пайдалануға 

қолайлы  қалалық  және  спорттық  нұсқалары  болып  табылады,    ал  BMW  i 

Vision  Dynamics  аралық  аймақты  иеленеді  және  өзінде  BMW 

автомобильдерінің  барлық  негізгі    белгілерін  —  жоғары  серпінді,  сәнділік 

пен жайлылықты үйлестіретін болады». 

 

Дереккөз:



 

https://hi-news.ru/auto/bmw-predstavila-konkurenta-tesla-model-s.html 

 

 

 



 

 

 



 

 

 




ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



13 

Сервис Lyft автоұшқышы бар  таксиді  Сан-Францискода іске қосады 

 

 

Әзірше  Uber жүргізушісіз таксиді  2020 жылға қарай 



іске  қосуды  жоспарлап  жатқан  кезде  басқа 

компаниялар да жұмыссыз қарап отырған жоқ. Uber 

–дің  аса  ірі  бәсекелестерінің  бірі  Сервис  Lyft  өте 

жуыр 


уақытта 

өздерінің 

жүргізушісіз 

автомобильдеріне 

ие 

болатындығы 



туралы 

жариялады. Бұл үшін компания автоұшқыштарға  

арналған  бағдарламалық  қамтымды  әзірлеуге  мамандандырылған  Drive.ai 

стартабымен шартқа қол қойды. 

Автоұшқышы 

бар 


алғашқы 

машиналар 

Сан-Францискодан 

жолаушылар  тасымалдауды  бастайды,  бірақ  Lyft-тың  жүргізушісіз 

автомобильдерге жаппай көшуіне үміттенудің керегі жоқ — әзірше олар бар-

жоғы  бірнеше  дана  ғана  болады.  Ұшқышсыз  таксиге  қосымша  арқылы 

тапсырыс беруге болады, бірақ бұл жерде де өзгешіліктер бар: егерде әлдебір 

нәрсе  ойдағыдай  болмаған  жағдайға  салонда  бәрібір  жүргізуші  отыратын 

болады, сондықтан таксишілермен әңгімелесуді ұнататындардың уақытынан 

бұрын бекерге көңілдері қалмағаны дұрыс. 

Бұған қоса, компания өкілдері болашақта автономды автомобильдерге 

толықтай көшуді жоспарлап та отырған жоқ, өйткені  сервис такси — бұл А 

нүктесінен Б нүктесіне сапар ғана емес, бұл жерде адам факторы да маңызды. 

Жүргізуші  жасанды  зият  немесе  автоұшқыш  үшін  қолжетімсіз  көптеген 

нәрселерді жасай алады. 

Солай  болғанмен  де,    Lyft  өздігінен  жүргізу  жүйелеріне  арналған 

автоұшқыштар  мен  карталар  әзірлеушілермен  ынтымақтасуда.  Осы  жылғы 

шілдеде  компания    Lvl5  стартапымен  бірлескен  жұмысын  бастады.    Lyft 

жүргізушілері  жолды  бейнетіркегіштерге  түсіретін  болады,  ал  Lvl5 

әзірлеушілері  жүргізушілер  түсірген  бейнекөріністі  өздерінің  үшөлшемді 

карталарын жасау үшін қолданады. 

 

Дереккөз: 



https://hi-news.ru/technology/servis-lyft-zapustit-taksi-s-avtopilotom-v-san-

francisko.html 

 

 

 




ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР 

 

 



14 

Panasonic компаниясы мөлдір  OLED-теледидарын көрсетті  

 

 

Халықаралық    IFA  2017  көрмесінің  шеңберінде 



электроника  өндіруші  жапондық  Panasonic 

көпшілікке  бірінші  рет  OLED-ұяқалыбы  бар 

мөлдір теледидардың алғашқы үлгісін көрсетті. 

Жапондықтардың  өздері  бұл  технологияны 

«ақылды шыны» деп атайды.

  

Әзірше  бұған  ұқсас  қалқаншаларды  нақты  қай  жерде  пайдалануға 



болатынын  көз  алдына  келтіру  айтарлықтай  күрделі,  өйткені  олардан 

телесериалдар  мен  фильмдерді  көру  қолайлы  бола  қоймайды.  Алайда 

мамандар болашақта оларды ақылды жиһазға, әртүрлі тұрмыстық техникаға 

кіріктіруге,  сондай-ақ  интерьердің  безендірулері  ретінде  пайдалануға 

болатындығына сенімді. 

Мөлдір теледидар экранының шешілуі 2160 нүктеге 3840-ты құрайды, 

бұл Ultra HD стандартына эквивалентті. Құрылғы толыққанды мультимедиа-

орталықтың  барлық  функцияларын,  Интернетке  шығу,  музыка  тыңдау, 

сондай-ақ  дауыстық  пәрмендерді  ажырата  білу  мүмкіндігін  иеленген. 

Panasonic 

компаниясының 

көрмелік 

стендісінде 

теледидар 

әдемі 

демонұсқаны  көрсетті,  ал  құрылғының  астына  әртүрлі  анимацияларды 



бейнелеген қосымша экран орналастырылды. Экранның артына да келушілер 

қалқаншаның  мөлдірлігін  бағалауы  үшін  екі  мөлдір  шыны  пирамида 

орналастырылды. 

 

Дереккөз: 



https://hi-news.ru/technology/video-kompaniya-panasonic-prodemonstrirovala-

prozrachnyj-oled-televizor.html 

 

 

 



 

 

 




жүктеу 306,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау