ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
21
Ол қатты күйінде араластыру және жылумен сығымдау әдістерін
біріктіру көмегімен алынған, ал кеуектерді түзу үшін аса қауіпті сұйықтық
пайдаланылды. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, «МИСиС»
ҰЗТУ композиттік материалдардың ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми
қызметкері Федор Сенатов атап көрсеткендей, «мұндай материалды кесу өте
оңай, бұл хирургтар үшін өте қолайлы. Ол тіпті пішінді есте сақтау
қабілетіне ие, яғни оны қысып, сығымдап, сосын босататын болсақ, ол
орнында тұрып өзінің бұрынғы қалпына келеді. Осылайша күрделі
операцияны жеңілдетіп, оған жұмсалатын уақытты қысқартуға болады».
Дерек
көзі:
https://hi-news.ru/technology/rossijskie-uchenye-sozdali-material-dlya
proizvodstva-iskusstvennyx-myshc.html
Нақты уақыт аясында жасушалар мен органдардың 3D-бейнесін
көрсете алатын жаңа микроскоп
Мадридтегі ІІІ Карлос Университетінің ғалымдары
зерттелетін нысандардың үшөлшемді модельдерін
тез
алу
мүмкіндігін
жасақтады.
Олар
құрастырған микроскоппен, мысалы, балықтың
жүрегі қалай соғып тұрғанын көріп, сол жерде
оның
жүрегінің
жиырылуының
үшөлшемді
реконструкциясын алуға болады.
Бұл құрал секундына 200 кадр түсіруге мүмкіндік береді, аппараттың
осыған ұқсас құрылғылардан артықшылығы осында -ғалымдардың сөзіне
сенетін болсақ, басқа заманауи құралдар секундына небары бес сурет түсіре
алады. Аппарат төрт лазермен жабдықталған, алайда алты лазерге дейін
көбейтуге болады. Осы лазерлердің арқасында әртүрлі типтегі жасушаларды
жарықпен қарауға болады, басқа жасушаны қарау үшін лазерлерді
ауыстырып отырудың қажеті жоқ.
Үшөлшемді модельді құру үшін, микроскоп суреттерді әртүрлі
позициялардан түсіреді, сондықтан осы күрделі үрдіске қатысатын барлық
лазерлер, камералар, сүзгілер мен қозғалтқыштар аппарат жұмысын ретке
салып отыратын арнайы бағдарламалық жабдықтамамен басқарылады,
жасақтаушылар оны «QI-scope» деп атайды.
ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
22
Ғалымдардың айтуынша, микроскоп ағзаларды еш жарақаттамай, тірі
күйінде тиімді зерттеуге мүмкіндік береді.
Дерек көзі: https://hi-news.ru/technology/novyj-mikroskop-sozdayot-3d-izobrazheniya-kletok-
i-organov-v-realnom-vremeni.html
Робот симфониялық оркестр дирижерінің рөлін атқарып шықты
Бүгінгі таңда роботтарды кез-келген салада
кездестіруге
болады.
Олар
әуежайларда
жолаушыларға
қызмет
көрсетуде,
науқас
қарияларды күтіп-бағады, бургерлерге арналған
котлеттерді қуырады, курьер болып жұмыс
жасайды, тіпті мұхит түбіне де сүңгіп жүр.
Алайда симфониялық оркестрді шебер басқара
алатын дирижер робот туралы бұрын естіп пе
едіңіз? Италияның Пиза қаласында орналасқан
Верди Театрында осындай адам сенгісіз концерт өтті. Бұл жолы
оркестрдің жұмысына ABB швейцариялық компаниясының мамандары
ойлап тапқан YuMi роботы басшылық етті.
Концертті тамашалауға әртүрлі елдерден 800-ден астам көрермен
жиналды. Өйткені өзіңіз ойлап қараңыз: әйгілі театрдың сахнасында аты
аңызға айналған тенор Андреа Бочеллидің қасында екі қолы бар машина
дирижер таяқшаларын күнде сермей бермейді ғой. Концерттік бағдарлама
«Үміт лебі: Страдиваридан роботтарға дейін» деп аталды, осы атауының өзі
көрермендерді көзсіз баурап алды. Қонақтар қатарында YuMi роботын жасап
шығарған АВВ компаниясы директорының өзі де болды.
Швейцариялық инженерлерді ғажайып мақтаныш сезімі кернеді,
өйткені оның манипуляторлары аса дәл, қимылдары біркелкі әрі тез,
дирижёрлік таяқшаларды нағыз дирижерден кем меңгермеген. Бастапқыда
YuMi жаңа буынның өнеркәсіптік роботы ретінде ойластырылған болатын,
алайда соңынан жасақтаушылар оның қабілеті әлдеқайда жоғары екенін
байқады. Маэстро Бочелли концерттен соң алған әсерлерімен былай бөлісті:
«Роботпен бір сахнада тұру мен үшін өте қызық болды. Мен
дирижердің жұмысын роботқа сеніп тапсыруға болатынын түсіндім.
ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
23
Осындай игілікті ойлап тапқан инженерлерге деген құрметім өте зор.
Жасақтаушылар тобын шын жүректен құттықтаймын!"
Дерек көзі: https://hi-news.ru/entertainment/robot-ispolnil-rol-dirizhyora-simfonicheskogo-
orkestra.html
Бионикалық линза: көздің көруін қалпына келтіріп, ерекше қабілет
сыйлайтын имплант
Көптеген
фантастикалық
шығармалардан
келешекте адамдардың ағзасына бионикалық
бөлшектерді енгізуге болатыны туралы көп
оқыған едік. Ал осы қиялдың орындалуы тым
жақын екенін елестете де алмайтынбыз.
Айталық, Ocumetics Technology Corporation
канадалық компаниясы қазіргі кезде көзілдірік
және контактілі линзаны алмастыра алатын Bionic Lens құрылғысын
клиникалық сынаудан өткізді. Оның үстіне бионикалық линзаға дәл қазір
тапсырыс бере аласыз.
Bionic Lens — бұл көз жанарын, көзбұршағын алмастыра алатын
имплант. Бұл имплантантты көзге енгізу техникасының бұған дейін
қолданылып жүрген жасанды көзбұршағын орнату операциясынан еш
айырмашылығы жоқ деуге болады. Имплантациядан кейін линза көзінің тор
қабығы сау жандардың көру қабілетіндегі кез-келген ауытқушылықтарды
түзете алады. Осылайша Bionic Lens адамның көру қабілеті өзгерген
жағдайда көз ішіне енгізілетін «динамикалық» линза болып табылады. Оның
қалай әрекет ететініне тоқталатын болсақ, Bionic Lens цилиарлық
бұлшықетке жалғанған кезде әртүрлі қашықтықтан көру фокусын түзете
алады. Бір таңқаларлығы сол, жасақтаушылардың айтуынша, фокустау
диапазоны кәдімгі көзбұршағымен салыстырғанда әлдеқайда кең, ал
бионикалық линзаның жұмысына қуат 100 есе аз шығындалады. Яғни
линзаны басқаратын бұлшықет ешқашан шаршамайды деген сөз.
Бірақ мұнымен тоқталмаймыз! Bionic Lens көмегімен адам шағын
нысандарды (мысалы, автомобиль нөмірін) 30 метр қашықтықтан көзіне еш
күш түсірместен, айқын көре алады.
Достарыңызбен бөлісу: |