Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
жоба
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІН ОДАН ӘРІ ЖАҢҒЫРТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Астана, 2017
1. КІРІСПЕ
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі 2021 жылға дейін одан әрі күшейту өзгерістерді шаралары (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылы 24 сәуірдегі № 396 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін Әлеуметтік даму тұжырымдамасын шске асыру үшін әзірленді.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер 2009 жылы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен бастау алды.
Жаңғыртудың бірінші кезеңінде (2010 – 2013 ж.) жалпы оналтудың қызметтерін көрсетуден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ауысу жүзеге асырылған соған сәйкес нормативтік құқықтық актілер әзірленді.
Екінші кезеңде (2014 – 2017 ж.) әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде демонополизацияландыру қамтамасыз етілді. Азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын таңдау құқығы беріліп қызмет алушылардың шығындарды бірлесіп, өтеу қағидаты енгізілді.
Үшінші кезеңде (2018-2021 ж.) әлеуметтік қызмет көрсетудің қолжетімділігін кеңейту мақсатында жұмыс істеп тұрған ірі интернат-үйлерді деинституционализацияландыру, шағын жинақталған ұйымдардың желісін кеңейту, көрсетілетін қызмет бөлігінде монетизациялауды енгізу, сондай-ақ жүйені ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету жоспарланған болатын.
Осы Тұжырымдама жаңғыртудың үшінші кезеңінде жүйедегі өзгерістердің негізгі басымдықтары мен тетіктерін айқындайды. Ол алдыңғы кезеңдердегі өзгерістердің нәтижелері мен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытудың әлемдік үдерістерін ескере отырып әзірленген.
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қалыптасуы өтпелі кезеңнің қиын жағдайларында жүргізілді. Тарихи қысқа мерзімде әлеуметтік қолдаудың ескі тетіктері халықтың әлеуметтік жағынан ең аз қамтылған және осал топтарының қажеттігін қанағаттандыруға бағытталған өмірге бейімделген жүйелерге ауыстырылды. Алайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде патерналистік тәсілдер мен мемлекеттің басым рөлі сақталып қалды.
Әлеуметтік қорғау жүйесін нарықтық экономикаға сәйкестендіру және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін 2009 жылдан әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту басталды.
Халықаралық тәжірибені ескере отырып
а) мемлекет кепілдік берген және тегін негізде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тізбесі жүйеленді және белгіленді. Оған әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-экономикалық қызметтер енгізілді.
б) көрсетілетін қызметтерді көлемі, сапасы мен мерзімі және оларды көрсету үшін қажетті еңбек және қаржы ресурстарын айқындайтын арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары әзірленді.
(2009 жылы қолданысқа психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты енгізілді, 2010 жылы – осы аурулармен ауыратын 18 жастан асқан адамдарға, 2011жылы – тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен қарт адамдарға, 2012 жылы – белгілі тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға, 2016 жылы – адам саудасы құрбандарына, 2017 жылдан бастап – тұрмыстық-зомбылық құрбандарына).
Бір мезгілде Қазақ тағамтану академиясының ұсынымдарына сәйкес қосымша тамақтану енгізілді; дәрі-дәрмекпен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жақсартылды.
в) институционалдық өзгерістер жүргізілді және әлеуметтік қызмет көрсетудің қолжетімділігін кеңейткен қызмет көрсетудің жаңа нысандары дамытылды. 2008 жылы психоневрологиялық аурулары бар балаларға интернат-үйлерде 2,5 мыңға жуық бала болса, 2 мың бала осы интернаттарға кезекте тұрған. Қазіргі уақытта:
- жұмыс істеп тұрған 110 стационарлық интернат-үйдің базасында 50-ден астам күндізгі стационар ашылып, оның қызметтерімен 5 мыңнан астам бала мен 18 жастан асқан адамдар қамтылған. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің соны бір жарым есеге көбейген. Бүгін олар 43,7 мыңға жуық қарт адамдар мен мүгедектерге және 13 мың астам мүгедек балаға қызмет көрсетеді;
- 3 мыңға жуық мүгедек балаға жартылай стационар жағдайында және үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге әлеуметтік тапсырыс алған үкіметтік емес ұйымдарда қызмет көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек көрсетуге жеке меншік секторы тартылған, волонтерлер қозғалысы дамуда.
Нәтижесінде әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж адамдарда қызмет көрсету жағдайына байланысты әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын таңдау мүмкіндігі пайда болды.
Қабылданған шаралар отбасылық дәстүрді күшейтті. Тіршілік әрекетін толықішінара және қалпына келтіру үшін әлеуеті бар бұрын интернат үйлерде болған алты жүзден астам бала өз отбасыларына қайтарылды. Бүгінгі олар күндізгі бөлімшелерде қызмет алуды жалғастыруда.
Реформалаудың тағы да маңызды салдарының бірі балалардың ата-аналарын жұмыспен қамту проблемасы шешім тапты.
г) қаржыландыру тәсімі өзгертілді. 2009 жылға дейін мамандандырылған мекемелер нормативтік шығындардың негізінде емес, шығыстар схемасына сәйкес қаржыландырылған. Жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай бөлінетін қаражат көлемінде айтарлықтай өңірлік
айырмашылықтар орын алған (мысалы, психоневрологиялық ауруы бар адамдарға арналған интернаті-үйлерде қызмет көрсету құны 1 164 теңгеден Маңғыстау облысында 3 781 теңгеге дейін Астана қаласында тұрақсызданған).
Бүгінгі таңда қаржыландыру көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері мен көлеміне және қызмет алушылардың санына қарай жүргізіледі. Бұл өңірлік айырмашылықтарды жоюға (ғимараттарды ұстау мен шығындарды) және арнаулы мекемелердің халыққа әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мемлекет міндеттемелерін жүзеге асыруға бөлінетін ресурстарды тиімді жоспарлауға және мақсатты бөлу бөлігіндегі құқығын кеңейтуге мүмкіндік берді..
Әлеуметтік қызмет көрсету тұтынушыларының кірісінің саралануын есепке ала отырып көрсетілген әлеуметтік қызмет үшін ақыны қоспағанда клиенттермен бірлесіп төлеу жүйесі енгізілді.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап интернат-үйлерде толық мемлекеттің қамқорлығындағы адамдардың зейнетақылары мен жәрдемақылары 70%-ы оларды ұстау бойынша шығындарға бағытталады. Бұл ретте пациенттерде қалатын зейнетақының мөлшері зейнетақының төменгі мөлшерінен ал мүгедектерде – күн көріс деңгейінің мөлшерінен кем болмауға тиіс деп белгіленген.
д) әлеуметтік мекемелердің персонал құрамы өзгертілді және кеңейтілді.
Алдында онда кіші медициналық персонал мен тәрбиешілер басым болған. Қазіргі уақытта әлеуметтік мекемелердің кадрлық құрамына көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалайтын әлеуметтік жұмыс бойынша консультанттар мен әлеуметтік қызметкерлер кіреді.
Қабылданған шараларға қарамастан әлеуметтік қызмет көрсетуде шешімін таппаған бірқатар проблемалар орын алуда.
Бірінші. Әлеуметтік қызмет көрсетуде өтінімдік қағидат басым.
Бул жағдайда әлеуметтік көмекті өз жағдайын қиын деп қабылдайтын азаматтар ғана алады, ал тиісті мекемелерге өтінішпен бармаған қолдауға мұқтаж, азаматтар әлеуметтік қызметті алмайды. «Өтініш бойынша» жұмыс адам өміріндегі қиын жағдай қалыптасқанын және оны шешу үшін елеулі күш қажет екенің білдіреді. Профилактикалық кезең тыс қалып, жағымсыз үрдістің дамуын еңсеру үшін мүмкіндік бар бастапқы кезеңде осы жағдайда жұмыс істеу мүмкіндігі ескерілмейді.
Бірқатар жағдайда бұл кейбір әлеуметтік қызметі тутынушылардың масылдығына және отбасында әлеуметтік проблемалар мен өмірдегі қиын жағдайдың сақталуына алып келеді.
Екінші. Қызметтердің қолжетімсіздігі мен сапасының төмендегі сақталуда (басым көпшілігі ауылдық жерлердегі тұрғындар үшін).
Қазіргі уақытта әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының 71 %-ы ірі қалалар мен аудан орталықтарында орналасқан. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі қызмет көрсетілетін 48,7 % -ы адамдардың ауылдық жерлерде тұрады, онда үйде қызмет көрсету бөлімшелері басым. Оларда, әлеуметтік мүгедектерді қоршаған ортаға (өзін-өзі күту дағдысы) алғашқы бейімдеу қамтамасыз етіледі, кіріктіру жүргізілмейді.
Осығай байланыстыда жүйенің институционалдық база одан әрі дамытуға, қызмет алушыларды олардың жеке мүмкіндіктеріне қарай үшін категориялауға және көрсетілетін қызметтің атаулы сипатын күшейту бағытталған шараларды қабылдау күтілуде.
Үшінші – тарифтік жүйе жетілдірілмеген.
Тарифтер арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету түрлері бойынша белгіленіп қызметтер көрсететін және оларды көрсету үшін жағдай жасайтын мекемелердің түрлеріне байланысты сараланып. Бұл жартылай стационарлық режимде үйде осындай қызметтер көрсететін мекемелерге қарағанда стационарлық типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелер көрсететін қызметтердің қымбатырақ болуына әкеліп соқты.
Бұдан басқа бүгінгі таңда тарифтер қызмет көрсететін ұйымдардың нақты шығындарын көрсетпейді. Бір жағынан, бұл нормативтік құқықтық базада тарифтерді қайта қарау тетіктерінің қарастырылмауымен, ал екінші жағынан – ұйымның арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету түрлері үшін автоматтандырылған мониторинг жүйесінің және ұйымның шығындарын есепке алу жүйесінің болмауына байланысты.
Мұндай тәртіптің сақталуы жартылай стационарлық режимге немесе үйде қызмет көрсетуге бағытталған жеке меншік мекемелерді тартуға кедергі жасауда.
Төртінші – әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігінің төмендегі.
Кәсіби стандарттардың болмауына байланысты осы уақытқа дейін өмірлік қиын жағдайдағы адамдардың қажеттілігін айқындайтын әлеуметтік қызметкерлерді дайындаудың және осы санаттағы азаматтардың тікелей күтімімен әлеуметтік қызметкерлердің оқу бағдарламалары әзірленбеген. Бұл көрсетілетін қызметтің құрылымына тікелей әсер етеді. Былтырғы жылы жалпы қызмет көрсету көлемі бойынша мүгедектердің тіршілік әрекетін қолдауға ғана бағытталған мамандандырылған қызметтің үлесі ____%-ды құрады. Мұндай үдеріс жеткілікті қалпына келтіру әлеуеті бар адамдарды нақты әлеуметтендіруді қамтамасыз ете алмайды.
Еңбек ақысының салыстырмалы төмен деңгейі сақталуда және қазіргі уақытта қолданыстағы ынталандыру жүйесі жетілдірілмеген. Әлеуметтік мекемелердегі жұмыс тартымсыз және абыройсыз.
Бесінші – жергілікті атқарушы органдардың құрылымлық бөлімшелері жұмысы тиімділігінің төмендігі.
Қазіргі уақытта өңірлердегі басқарушы ұйымдар болып әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың басқармалары (облыстарда) және бөлімдері (аудандар мен қалаларда) (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) болып табылады.Олар әлеуметтік заңнаманы іске қамтамасыз етеді, өңірлік әлеуметтік бағдарламалар жобаларын әзірлейді профилактикалық оларды қаржыландыруды жүзеге асырады.
Осы органдарда мүгедектермен, егде жастағы адамдармен және өмірдлік қиын жағдай тап болған азаматтармен (отбасылармен) жұмыс жасауға басым көңіл бөлу қалыптасқан. Бұл жұмыстағы өтініш беру қағидаттарының тікелей салдары. Негізінде басқа контингент назардан тыс қалып қояды, атап айтсақ және жұмыстармен қамтылуға жас отбасылар. Әлеуметтік турғыдан өмірдегі қиын жағдайдың алдын алу оны еңсергеннен маңыздырақ. Ол үшін шығындар аз кетеді.
Осы қызметке «собес» ретінде көзқарастың қалыптасуы кездейсоқтық емес. Онда көмекке тек аса қажеттілік жағдайда және егде жасқа келгендеғана өтініш жасайды.
Әлеуметтік қызметті халыққа қызмет көрсету процесін басқаруының тиімді жүйесіне айналдыру үшін жалпылама оларға ребрендинг жүргізу қажет.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуге үшінші кезеңде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі өзгеріс бағытталған.
Олар халықаралық тәжірибені, отандық практика мен Қазақстан Республикасы халқының қажеттіліктерін ескере отырып жүргізіледі.
3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРАКТИКАҒА ШОЛУ
Соңғы жылдары әлемдік қауымдастықтың бірқатар елдерінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалау көрсетілетін қызметтің атаулы сипатын күшейтуге, олардың түрлері мен көрсету нысандарын кеңейтуге бағытталған.
Әлеуметтік қызмет көрсетуде
1) жеке тәсіл басымдыққа (жеке-тұлғалық және отбасылық), немесе топтарға жасы бойынша қалыптастылған бағдарлану, (балалардың, жастардың, қарттардың), жынысы, қызығушылығы бойынша немесе оларды біртиптік қызмет көрсету үшін;
ұқсас мәселелер (бұрынғы сотталғандардың, маскүнемдер, наркомандар және т.б.); ұқсас мәселелер бойынша қалыптастылған,
2) индивидуумның қоршаған орта мәнінде әлеуметтік бейімделуіне және оны оналтуға бағытталған кешенді қызмет көрсету;
3) әлеуметтік көмек көрстеуді көмекке мұқтаж азаматтардың тұрғылықты жерлеріне жақындату қауымда (тұрғылықты жері бойынша қауымдық байланысты күшейтуге бағытталған кешенді қызмет көрсету, тұрғылықты жері бойынша адамдардың ағымды психологиялық климат жасау, сондай-ақ қатар түрлі жергілікті бастамаларға, өзара жәрдем жасау ұйымдастыруға жәрдемдесу және т.б.).
Әлеуметтік қызметтің басым бағыттары, әлеуметтік қызмет көрсетудің нысандары мен түрлері елдер арасында ерекшеленеді және сол немесе өзге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жағдайларына байланысты өзгереді. Көбінесе, бұл:
а) қызмет алушыларға өздері таңдаған ұйымдарда қызмет алу үшін ақшалай жәрдемақы немесе азаматтарға ваучер беру (Аувстрия, Литва, Нидерланды, Финляндия, Швеция);
б) үйде әлеуметтік қызметтерді ұсыну. Бұл ретте қызмет көрсететін адамдар үшін ақпараттық және консультативтік көмек көрсету, әртүрлі жеңілдіктер (икемді жұмыс режимі, төленетін демалыс, осы санаттағы азаматтарды күтуге кеткен уақытты еңбек өтіліне қосу), сондай-ақ күтім жөнінде арнайы жәрдемақы көзделген (Австрия, Ұлыбритания, Германия, Нидерланды, Финляндия, Жапония);
в)
- үй жағдайында;
- интернатта;
- гериатриялық клиникада (Германия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Швеция);
тұратын қарттарға гериатриялық көмекті кезең-кезеңімен көрсету
г) әртүрлі жағдайдағы стационар, жартылай стационар немесе күндіз болу– сыйымдылығы шағын үйлерде әлеуметтік қызмет көрсету (Англия, Германия, Испания, Литва, Чехия, Швеция).
Бұл ретте, азаматтарда қызмет түрлері мен оларды алу нысандарын дербес таңдауға құқығы бар.
Тұтастай алғанда, әлемдік тәжірибені талдау көрсеткендей, әртүрлі нысандағы және оларды көрсететін қызмет көрсету түрлерін үйлестіретін мамандандырылған және кешенді модельдер әлеуметтік қызмет көрсетудің неғұрлым тиімді әрі қаржылық орнықты жүйелері болып әлеуметтік қызмет көрсетудің неғұрлым тиімді әрі қаржылық орнықты жүйелері болып табылады.
4. ҮШІНШІ КЕЗЕҢДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРІСТЕРІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытудың негізгі мақсаты ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық тетіктерін жаңғырту негізінде мұқтаж азаматтар үшін әлеуметтік қызмет көрсетудің нұсқалық нысандары мен түрлерінің сапасы мен қолжетімділігің қажетті және жеткілікті деңгейіне жету болып табылады.
Өзгерістердің міндеттері:
әлеуметтік қызмет көрсетудің өтінімдіктен анықтау қағидатына көшуі;
қоғамның және әрбір азаматтың заманауи талаптарға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;
өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың өздерін әлеуметтік қосылумен(дағдарыс жағдайынан шығудағы көмекті енжар қабылдаудан ортақ қатысуға) қамтамасыз ету.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғыртудың негізгі қағидаттары:
атаулылық;
қолжетімділік;
еріктілік;
адамгершілік;
құпиялылық;
профилактикалық бағыттылық;
кешенділік;
әлеуметтік әрекеттесу (қаржыландырудың өзгеріп отыратын қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, әлеуметтік стандарттарды қайта қарау);
мемлекеттің, азаматтық қоғам институттарының, әлеуметтік жауапты бизнестің және әлеуметтік қызметтерді алушылардың ынтымақты жауапкершілігі.
Жаңғыртудың негізгі бағыттары:
әлеуметтік қызмет көрсету жүйесімен азаматтардың қамтылуын кеңейту және оларға ұсынатын қызметтердің атаулылығын күшейту;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын жаңарту;
әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;
жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік қызмет ребрендингі;
әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі өзгерістерін кадрлық қамтамасыз ету;
Бірыңғай әлеуметтік қызмет көрсету ақпараттық жүйесін құру;
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.
4.1. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесімен азаматтардың қамтуын кеңейту және оларға ұсынылатын қызметтердің атаулығын күшейту.
Көрсетілетін қызметтердің атаулылығын және қолжетімділігін күшейту үшін әлеуметтік қызмет көрсету критерийлері қайта қаралады.
Мыналар:
- жасын, тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін, өмірлік қиын жағдайдың түрлері мен жеке қажеттіліктерін есепке ала отырып, өмірлік қиын жағдайға душар болған азаматтарды қызмет алушылардың санатына, жеке-тұлғалық және отбасылық деңгейде және/немесе арнайы топтарға бөлу,
- азаматтардың жекелеген санаттарының тіршілік әрекеті мен әлеуметтік интеграциясын қолдауға бағытталған жалпы бейіндегі, мамандандырылған және кешенді қызметтердің қажетті түрлерін таңдауға сараланған тәсіл жоспарлануда.
әлеуметтік қызмет көрсетуді жаңа жағдайда ұйымдастыруда онда мемлекет, азаматтың және отбасының ынтымақы қатысуына негізделетін болады.
Осы мақсатта
а) азаматтардың өздерінің әлеуметтік қосылуын жандандыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Бұл адамның жеке белсенділігін ынталандыру, билік өкілеттіктері берілгендермен қатар азаматтарға (отбасына) өз мәселелерін шешуге қатысу мүмкіндігін беру, сондай-ақ азаматтың өзіне деген сенімділігін және өз құқықтарын қорғай алу қабілетін дамыту мақсатында оларды қолдауды білдіреді;
б) үйде қызметтер алу мүмкіндігі кеңейтіледі. Бұл ретте, үйінде қызмет көрсетілетін адамдарға қазіргідегідей жалпы бейіндегі қызметтер ғана емес, сондай-ақ олардың жеке жағдайы мен қажеттіліктеріне байланысты мамандандырылған және кешенді қызметтер ұсынылады.
Жалпы бейіндегі қызметтерді көрсетуге жұмыспен қамтылмаған отбасы мүшелері кеңінен тартылатын болады. Оларға азаматтардың жекелеген санаттарымен жұмыс жасау бойынша тиісті деңгейде білім, білік және дағдыларын алу үшін тегін оқу курстары ұйымдастырылады. Үйде күтім көрсетуді ынталандыру туралы мәселе қаралатын болады.
Үйде қызмет көрсетуқызметтік алатын адамдар олардың тұратын жері бойынша медициналық-әлеуметтік ұйымдарға міндетті түрде бекітіледі. Олардың тіршілік әрекетін және/немесе әлеуметтік интеграциясын қолдауға бағытталған мамандандырылған және кешенді қызметтер көрсетілетін болады.
Үйде көрсетілетін қызметтерді дамыту азаматтардың нысаналысанаттарына олардың үйреншікті ортасында болыға мүмкіндігін береді және қоршаған ортаға уақтылы және тез бейімделу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
в) әлеуметтік қызмет көрсетудің нұсқалық нысандары мен түрлерін одан әрі кеңейтуге жағдай жасалатын болады.
Осы мақсатта:
интернат-үйлердеге мүгедек балаларға фостерлық (немесе патронаттық) күтім енгізу. Белгілі бір күндерге (айларға) балалар қонақ және/немесе қабылдаушы отбасына тұруға жіберіледі. Бұл олардың әртүрлі жағдайда тұруға бейімделуін жақсартып және әртүрлі ортада еркін сезінуге, өзіне-өзі қызмет көрсетуге қажетті дағдыларын қалыптастырады.
Қонақ немесе қабылдаушы отбасы мүгедек балаларды уақытша алуға тілек білдірген жеке тұлғалар немесе отбасы болуы мүмкін.
Тұруға тиісті жағдайының және мүгедек балаларға қызмет көрсету бойынша отбасы мүшелерінің практикалық тәжірибесінің болуы және/немесе отбасы мүшелерінің медициналық-әлеуметтік ұйымдарда азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызмет көрсетудің тиісті курстарын өту мұндай күтімге қатысудың міндетті шарттары болып табылады.
әлеуметтік қызмет көрсетуде көпсалалы шағын үйлер құру.
Олар көбінесе отбасының, мемлекеттің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, және қайырымдылық ұйымдарның, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың, коммерциялық сектордың әріптестік технологияларын енгізіле отырып ауылдық елді мекендерде құрылатын болады;
Әлеуметтік қызмет көрсететін шағын үй типтері мен оларда кешенді және мамандандырылған қызмет көрсету шарттары қызмет көрсетілетін азаматтардың санаттарына және олардың жеке қажеттіліктеріне байланысты жергілікті атқарушы органдар айқындайтын болады.
Әлеуметтік қызмет көрсетудің мұндай нысаны мыналарды көздейді:
- біріншіден, мұқтаж азаматтардың тұратын жеріне қарамастан арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін алуға қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
- екіншіден, қызмет көрсететін персоналдың және қызмет көрсетілетін тұлғалардың салыстырмалы шағын контингентінің санын ұлғайту есебінен ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді;
- үшіншіден, шағын интернат-үйлер арасында азаматтардың нысаналы санаттарын қайта бөлу және әлеуметтік қызмет көрсетудің өзге де нысандарын пайдалану есебінен ірі интернат-үйлерді кезең-кезеңімен институционализациясыздандыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
әлеуметтік қызмет көрсету нарығын дамыту және әлеуметтік қызмет көрсету саласына жеке инвестицияларды тарту. Бұл осы саладағы отандық және шетелдік озық тәжірибені енгізумен сүйемелденетін болады.
Бұл ретте мемлекет әлеуметтік қызмет тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ете отырып,өзінің реттеуші және бақылаушы рөлін сақтап қалады.
«мобильді қызметтер» қызметін енгізу. Бұл қызмет профилактикасы және мән-жайларды шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына компенсаторлық-техникалық, арнаулы гигиеналық құралдарды жеткізу үшін жасалады. Негізгі орындаушылар «ахуал кураторлары» - мобильді әлеуметтік қызметкерлер мен почта қызметінің қызметкерлері болады.
Бұл әлеуметтік қызмет қажеттіліктердің есепке алынып, техникалық компенсаторлық, міндетті гигиеналық құралдарды мұқтаж адамдардың уақтылы алуын қамтамасыз етеді .
4.2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын жаңарту
Әлеуметтік қызмет көрсетудің нұсқалық нысандарын кеңейту әлеуметтік қызмет көрсету кезінде біркелкі тәсілдер мен шешімдерді талап етеді. Бұл ретте, әдістемелер мен технологияларға біріздендірілген тәсіл әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының түрлеріне емес, ұсыналатын арнаулы әлеуметтік қызметтер түрлеріне қарай жүзеге асырылатын болады.
Осыған байланысты қолданыстағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары қайта қаралып, жалпы бейінді қызметтердің бірыңғай стандарттары және кешенді қызмет көрсетудің бірыңғай тәсілдері әзірленетін болады. Онда қызмет алушылардың тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесіне не өмірлік қиын жағдайдың түрлеріне байланысты әлеуметтік қызметкерлердің іс-әрекетінің қадамдық алгоритмі ұсынылатын болады.
Әзірленетін стандарттар ұсынылатын қызметтің көлемі, мерзімі және шарттарын, қызмет құнын (жан басына шаққандағы норматив), ұсынатын қызмет нәтижелерінің сапа көрсеткіштері мен бағасын айқындайтын болады. Олар өмір сүру деңгейінің өсуін, жаңа технологияларды енгізуді және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну тәжірибесін ескере отырып, қайта қаралады.
Стандарттар сапаны бақылаудың және әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсартудың негізі болмақ.
4.3. Тарифтік саясатты жетілдіру
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің тиімді жұмыс істеуінің негізі айқын және ашық тарифтік және келісім шарттық саясат болады.
Тарифтік саясатты жоспарлау, қалыптастыру және іске асыру әлеуметтік бағдарлануды және шығындарды басқаруды ескере отырып, жетілдірілетін болады.
Жоспарланып отырған өзгерістер қайта құрулар аясында
Бірінші. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтері қайта қаралатын болады. Халықаралық және отандық тәжірибені ескере отырып, тарифтер мемлекет кепілдендірген қызметтің түрлері бойынша белгіленеді. Жалпы бейіндегі қызметтер бойынша бірыңғай тарифтер бекітіледі; кешенді қызметтер бойынша аралас тарифтерді қалыртастыру мүмкіндігі зерделенуде.
Маңыздысы қызметтерді жеткізушілердің нақты шығындары тарифтердің негізі болып табылады.
Қызметтерді жеткізушілердің нақты шығындар есебі арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету және олар бойынша шығыстар есебінің дербес электрондық картасын кезең-кезеңімен енгізу негізінде жүзеге асыру жоспарлануда.
Ақпараттандыру жүйесі және қызмет алушылардың (әлеуметтік қызметтер көрсету тарихы) электрондық жеке карталарын кезең-кезеңмен енгізу негізінде әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың шығыстар мониторингі жүйесі іске асырылады. Бұл нақты шығындар негізінде тарифтік саясаттың ашықтығы мен тиімділігін едәуір арттырады.
Әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қызметтердің тарифтеріне жаңа технологияларды енгізуді ынталандыруды үшін негізгі құралдарды жаңартуға шығыстар кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл жеке инвестицияларды тартуды және МЖӘ-ні дамытуды ынталандыратын болады.
Екінші. Келісімшарт жүйесін жаңарту және мемлекеттік сатып алудың жаңа тетіктерін енгізу жоспарлануда.
Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарынан қызметтерді сатып алу конкурстық негізде жүзеге асырылатын болады.
Бұл ретте бірінші кезеңде әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының арасынан белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес қызмет жеткізушілерді іріктеу жүзеге асырылатын болады. Оның нәтижелері бойынша республикалық қызмет берушілердің базасы құрылады.
Екінші кезеңде азаматтардың белгілі бір санатына қызмет көрсетуге конкурс көрсетілген қызметтердің қолжетімділігін, сапасын, тиімділігін және құнын ескере отырып, іріктелген қызмет берушілердің арасында жүргізіледі.
Конкурс нәтижесі бойынша қызмет көрсетуге мерзімді келісімшарттар жасалатын болады (бюджеттік кезеңге сәйкес бір жылға, не үш жылға).
Азаматтардың жекелеген санаттары үшін мамандандырылған қызметтерді ұсынатын мемлекеттік ұйымдар арнайы мемлекеттік тапсырма негізінде әлеуметтік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын болады. Арнайы мемлекеттік тапсырма қызметтердің түрлері мен санын, қаржыландыру көлемін ғана емес, және де қызмет тұтынушыларының тіршілік әрекетін қолдау индикаторларын айқындайтын болады.
Үшінші. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған адамдарға ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көлемін басқару және бақылау жүйесі жаңартылатын болады.
Қызметтерге мұқтаждың және қаржыландыру көлемі өмірлік қиын жағдайға душар болған адамдардың саны мен құрамын, олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жыл сайын анықталатын болады. Осы мақсатта жүйенің ақпараттандырылуына қарай
кезең-кезеңімен енгізілетін қызмет тұтынушыларының жеке электрондық карталарын қолдану жоспарланып отыр.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін, олардың қолжетімділігі мен құнын басқару және бақылау мемлекеттік органдардың функциясы болып қалады.
Төртінші. Жоғарыда аталғандармен бір уақытта мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың жекелеген түрлерін кезең-кезеңімен монетизациялау жүзеге асырылатын болады. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету не компенсаторлық техникалық оңалту құралдарын сатып алу үшін аударылатын барлық төлем түрлеріне «Әлеуметтік карта» бірыңғай төлемі енгізілетін болады.
4.4. Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік қызметің ребрендингі
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту әлеуметтік қызмет көрсетуді әкімшілендіруге жаңа талаптар қояды. Жергілікті қызмет көрсетуді тиімді басқару үшін мыналар жоспарланып отыр:
а) қызмет көрсетудің өтінімдіктен анықтау тәсіліне көшу. Осы мақсатта жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж азаматтар және/немесе отбасы құрамын айқындауда әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары арасындағы конкурстарды жыл сайын өткізетін болады.
Тексеру қорытындысы бойынша Азаматтардың әлеуметтік тіркелімі құрылады. Онда арнаулы әлеуметтік қызмет ушылар және оларға әлеуметтік қызмет көрсету туралы дербестендірілген ақпарат болады. Ол қызмет тұтынушылардың табиғи қозғалысын және құрамының өзгеруін ескере отырып, жүйелі түрде толықтырылып отырады. Тіркелімнің деректі негізінде жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті, оларды қаржыландырудың қажетті көлемін анықтайды және атаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
б) әлеуметтік бағдарламаларды тікелей қаржыландыруды көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алумен ауыстыру. Әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті жеткілікті қанағаттандыруды мемлекеттік және жеке меншік секторлары ұйымдарының арасындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру конкурсы негізінде қамтамасыз ету жоспарлануда.
в) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну үдерісін автоматтандыру (әлеуметтік төлемдерді тағайындау және беруді қоса алғанда). Әлеуметтік тіркелім орталық мемлекеттік органдардың және әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының ақпараттық жүйелерімен біріктіріліп мүмкіндік мыналарға береді:
1) азаматтар
- халыққа қызмет көрсету орталықтары мен жұмыспен қамту орталықтары арқылы ақпарат алуға немесе жергілікті атқарушы органдарға қызмет көрсетуге өтініш беруге. Шалғай елді мекендерде Қазпочта филиалдары мен интернет-ресурстары арқылы ақпарат пен қызметтерге қолжеткізуге болады;
Қабылдауға онлайн режимінде жазылып әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары мен олар ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтер түрлері туралы ақпарат алуға, әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар мен қызмет көрсететін мамандарды таңдауға;
«Әлеуметтік карта» бірыңғай төлем карточкасынан әлеуметтік төлемдерді алуға.
2) әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары
- қызмет алушылардың қажеттіліктері және ұсынылатын қызметтердің түрлері туралы шұғыл ақпарат алуға;
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысуға құжаттарды ұсынуға;
- әлеуметтік қызмет көрсетудің нақты шығындары туралы автоматтандырылған режимде ақпарат ұсынуға.
3) жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері
- арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік сатып алуды жүргізуге;
- азаматтардың әлеуметтік қызметтермен қамтылуына мониторинг жүргізуге, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен нәтижелерін баылауға, ұсынылатын қызметтердің белгіленген стандарттарға сәйкестігі мен көрсетілетін қызметтердің нақты шығындардың есебін жүргізуге;
- әлеуметтік төлемдерді «Әлеуметтік карта» бірыңғай төлем картасына аударуға және оны мақсатты пайдаланудыңмониторингін жүргізуге.
г) жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің және Жұмыспен қамту орталықтарының функцияларын белгілеу. «Бірыңғай терезе» қағидатын сақтау, қызмет алуға өтініш беру рәсімдерін жеңілдету, сондай-ақ әлеуметтік және кәсіптік оңалтудың сабақтастығын қамтамасыз ету үшін, азаматтардың атаулы әлеуметтік қолдау алуға өтініштері, ТЖК-ны тағайындау туралы шешімдердің жобалары және жеке жұмысқа орналасу картасын әзірлеуді Жұмыспен қамту орталығы жүзеге асыратын болады.
Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері
Дербес жұмысқа орналастырудың карталарын жүзеге асыруды орындау туралы Жұмыспен қамту орталықтарының ақпараты негізінде
- жұмыссыздар мәртебесін беретін және оларды тіркейді немесе тіркеуден шығаратын болар;
- азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды, тоқтатуды және қалпына келтіруді.
Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ақпараттық жүйелерді дайындауды және оларды біріктіруді ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
4.5. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің өзгерістерін кадрлық қамтамасыз ету
Қадрлық қамтамасыз ету,әлеуметтік қызмет жумыскерлерун қайта пішімдеу іріктеу және форматтау даярлау, олардың жұмысының тиімділігі, адами қасиеттері мәселелері әлеуметтік қызметтерді азаматтарға тиісті көлемде және жоғары сапамен ұсыну кепілдігін қамтамасыз етуде өте маңызды.
Әлеуметтік қызметтерге сұраныстың өсуімен оларды көрсету мүмкіндігінің кеңейюімен қатар кадрлармен қамтамасыз етуде алғашқы қадам әлеуметтік қызметкерлердің мұқтаждығын жоспарлау болып табылады. Ол саланы дамытудағы стратегиялық мемлекеттік жоспарларға және әлеуметтік қызмет көрсету субъектілерінің сұранысын зерттеуге негізделеді.
Қажет персонал құрамын ескеру маңызды. Егер бүгін қызметкерлер құрамында орта кәсіптік білімі бар мамандар басым болса, кейін құрылымдық өзгерістерге байланысты жоғары білімі бар әртүрлі бейіндегі мамандарға (әлеуметтік консультанттар, психологтар, педагогика, құқық, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, геронтология саласындағы мамандар) қажеттілік туады және халықтың суранысына сәйкес үнемі өзгеріп отырады.
Қызметкерлерді іріктеуді жетілдіру мақсатында персоналдық лауазымдық міндеттерін анықтауда және біліктілік талаптарын қайта қарауда тәсілдемелер қайта қарастырылады.
Атап айтқанда, үйде немесе жұмыстың жартылай режимін қолдайтын ұйымдарда жалпы бейінді, мамандандырылған және кешенді қызмет көрсететін қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары қайта қаралады.
Бұл жағдайда ескірген штат нормативтері мен стандарттары, қолданылатын технологияларға, стандартталған операциялық рәсімдерге және пациенттердің қажеттіліктеріне сәйкес, адам ресурстары мен еңбек шығындарын икемді жоспарлау мүмкіндігіне көшу жүзеге асырылатын болады.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі қызметкерлеріне үздіксіз кәсіби білім беру жүйесі дамытылатын болады.
Осы мақсатта үздіксіз кәсіптік білім беру стандарттары медицина қызметкерлерінің құзыреттіліктерін тәуелсіз бағалау жүйесімен тығыз байланыста әзірленетін болады.
Өнім берушілер мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен әлеуметтік қызметкерлердің, дайындалып жатқан кадрлардың білім деңгейіне, дағдылары мен шеберлігіне жұмыс берушілердің талаптары көрсетілген кәсіптік стандарттар әзірленеді.
Кәсіптік стандарттар базасында кадрларды даярлау және қайта даярлауды қамтамасыз ететін ұйымдардың білім беру стандарттары қайта қаралатын болады.
Білім беру ұйымдары түлектерінің біліктілігін бағалау үшін тәуелсіз біліктілікті бағалау жүйесі енгізілетін болады. Оның нәтижелері бойынша сүйене отырып, мамандарға әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарында әлеуметтiк қызметкерлер әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында ретiнде жұмыс iстеуге құқық беретiн сертификаттар берiледi.
Әрбір үш жылда әлеуметтік қызметкерлер қайта даярлықтан өтеді, не қысқа мерзімді курстарда біліктілігін арттырады және білімдері, дағдылары мен қабілеттері туралы сертификаттарды растайды.
Қазіргі уақытта жүйеде жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер үшін қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады және осы сертификаттарды беру үшін тәуелсіз бағалау жүргізіледі.
Әсіресе жас мамандар үшін әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында бейімделу мен тәлімгерлік қағидаттары мен тетіктері (патронаж); білікті және жақсы жұмыс істейтін мамандарды сақтау тетіктері әзірленеді.
Ынталандыруды күшейту мақсатында қызметкерлердің еңбекақысы жетілдіріледі. Еңбекақы төлеу мен қызметтің түпкі нәтижесі байланысын орнату үшін қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, лауазымдық міндеттерін сапалы орындау үшін ынталандыруды қалыптастыратын әлеуметтік сала мамандарының кәсіби қызметінің нәтижелілік көрсеткіштері жүйесі әзірленетін болады.
Еңбекақы төлеу мамандардың дағдылары мен қабілетін бағалауға, кәсіби құзыреттілік деңгейіне және еңбек міндеттерін орындау сапасына байланысты болады.
Әлеуметтік қызметкерлерге, әсіресе ауылдық жерлердегі жас мамандарға әлеуметтік қолдауды ұсыну мүмкіндігі қарастырылуда.
Материалдық емес ынталандыру ретінде жұмыс берушінің есебінен оқыту мүмкіндіктері, үздіксіз карыралық пен кәсіптік өсуді, қолайлы ұйымдық мәдениетті, жұмыс орындарының қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз ету белсенді түрде қолданылатын болады.
Әлеуметтік қызметкерлердің Бірыңғай дерекқоры құрылады. Онда әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігі, олар көрсететін қызмет түрлері, оларды усыну деңгейі мен жұмыс нәтижелері туралы ақпарат қамтылады.
Бірыңғай база тұтынушыларға әлеуметтік қызметкерлерді таңдау құқығын беруді қамтамасыз етеді, бұл олардың жалақысының деңгейіне және әлеуметтік қызметкерлер арасындағы бәсекелестікті дамытуға әсер етуге тиіс.
4.6. Әлеуметтік қызмет көрсетудің Бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру
Жүйені ақпараттандыру мақсатында әлеуметтік-еңбек саласының Бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту жоспарланып:
а) қиын өмірлік жағдайдың сипаты мен ерекшеліктері, қызмет алушының өмірін шектеу дәрежесі, оның әлеуметтік қызмет қөрсету деген қажеттілігі және әлеуметтік қызмет ұйымдары көрсететін қызметтердің көлемі қамтып көрсетілген «Қызметтерді алушының жеке электронды карталарын» әзірлеу;
б) қажеттіліктерді ескере отырып, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамыту және қаржыландыруды анықтау үшін «Жоспарлау» шағын жүйесін әзірлеу;
в) қызмет көрсетушілердің әлеуетті қызмет көрсетушілерінің тізілімдері, оларға қойылатын ең төмен талаптар, конкурсқа іріктелуден откен және қатысқан жеткізушілердің тізбесі ұсынылатын «Қызмет көрсетушілер» шағын жүйесін әзірлеу;
г) келісімшарт жасалып, олардың жұмысы бағаланған қызмет жеткізушілері туралы ақпаратты қамтитын «Келісімшарттау» шағын жүйесін дамыту;
д) әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі қызметкерлердің саны, олардың мәртебесі, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі туралы ақпаратты көздейді «Кадлар» шағын жүйесін дамыту;
е) әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының нақты шығындарын және жұмыстың негізгі нәтижелерін ескеру үшін «Мониторинг» шағын жүйесін әзірлеу қамтамасыз етіледі;
.
Әлеуметтік қызмет көрсетудің бірыңғай ақпараттық жүйесі эталондық базаларды қолдайтын ақпараттық жүйелері орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктіріледі.
Жүйенің жоспарланған ақпараттандырылды
азаматтардың қызметтерге қажеттілігін,
жүргізуге қызмет усынатын ұйымдардың нақты шығындарының есеп жүргізуге
мемлекеттік сатып алу мен қызмет көрсетуді ұйымдастыру процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
4.7. Нормативті-құқықтық базаны жетілдіру
Жоспарланған шараларды іске асыру арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді:
-азаматтардың қиын өмір сүру деңгейін ескере отырып, санаттарын топтастыруды;
-әлеуметтік қызметтердің балама түрлерін дамытуды;
-жаңа тарифтік саясатты енгізуді;
-арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бірыңғай стандарттарын әзірлеуді;
-әлеуметтік қызметкерлерді оқыту және қайта даярлау жүйесін қайта қарауды;
-әлеуметтік қызметтердің Бірыңғай ақпараттық жүйесін құруды;
-арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуды көздейді.
4.8. Қорытынды (күтілетін нәтижелер).
Тұжырымдаманы іске асыру мыналарды қамтамасыз етеді:
қиын өмірлік жағдайлардағы азаматтардың қажеттіліктерін саралауды ескере отырып, сапалы әлеуметтік қызметтер көрсетудің қолжетімділігі мен атаулылығын;
қиын өмірлік жағдайлардағы азаматтардың өздерінің әлеуметтік қатыстыруын, дағдарыстан шығу үшін жәрдемдесуді енжар қабылдаудан бірлесіп қатысуды;
институционализациясыздандыруға және отбасында тұру құқығын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік қызметтердің балама түрлерін енгізу арқылы аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету аясын кеңейту;
әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңа тәсілдер мен әлеуметтік қызмет көрсетудің нұсқалық нысандарын қолдану арқылы әкімшілендіру әлеуметтік қызметтер әдіснамасын оңтайландыруды;
үздіксіз кәсіби білім мен тәуелсіз біліктілік бағалау жүйесі негізінде кәсіби кадрларды қалыптастыру;
қызмет көрсету сапасына бағытталған қиын өмірлік жағдайлардағы азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін ескере отырып шығындарды басқару жүйесін енгізу;
Әлеуметтік қызметтердің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қажеттіліктер мен шығыстарды үздіксіз және кешенді талдау.
Әлеуметтік қызметтерді жетілдіру азаматтардың сапалы әлеуметтік қызметтерге құқықтарын толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |