Мәмс бойынша алдын-ала түсіндіру жұмыстары



жүктеу 34,05 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.11.2017
өлшемі34,05 Kb.
#2431


МӘМС бойынша алдын-ала түсіндіру жұмыстары  

 

 

2018  жылғы  1  қаңтарда  Қазақстанда  міндетті  әлеуметтік 

медициналық  сақтандыру  (МӘМС)  қызмет  етеді.  Алдыңғы  қатарлы 

халықаралық тәжірибені ескере отырып, сондай-ақ мемлекеттің, жұмыс 

берушінің және әрбір адамның ынтымақтас жауапкершілігінің негізінде 

өңделген медициналық сақтандыру жүйесін елімізде енгізу туралы бүгін 

Алтай Құжатұлы

 

Сыздықов 

баяндайды.

 

-



 

Алтай  Құжатұлы

,    міндетті  әлеуметтік  медициналық 

сақтандырудың мақсаты қандай?

 

 

-    МӘМС-ды  енгізу  табыс  деңгейі  әр  түрлі  адамдардың  сапалы 

медициналық  көмекке  тең  дәрежедегі  қолжетімділігін  қамтамасыз  етуге 

арналған  қаржылай  түсімдерді  қайта  бөлудің  қажеттілігімен    қабылданған. 

Сонымен  қатар  мемлекет  экономикалық  тұрғыдан  белсенді  емес  тұрғындар 

үшін  төлемді  іске  асыратын  болады.  Жұмыс  берушілер  –  жалдамалы 

жұмысшылары үшін, салық органдарында тіркелген жұмысшылар мен өзін-

өзі жұмыспен қамтушы азаматтар өздері үшін төлемді іске асырады.

 

 



Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

 

 



-  Айтқанымдай-ақ,  МӘМС  мемлекеттің,  жұмыс  берушінің  және  әрбір 

адамның  ынтымақтас  жауапкершілігіне  негізделген.  Жаңа  медициналық 

сақтандыру  оны  аз  қажетсінетін  адамнан  мұқтаж  адамға  қаражатты  әділ 

бөліп  үлестіру  үрдісі  бойынша  қызмет  ететін  болады.  «Бүгін  сен  өзгелерге 

жәрдемдесесің  –  ертең  бәрі  саған  жәрдемдеседі»  деген  ынтымақтас 

жауапкершілік үрдісі жұмыс істейді. 

 



№3  ПҚА  жаттықтырушылары-медицина  қызметкерлері 

м

едициналық  сақтандыру

  жұмыстарын  түсіндіру  бойынша  қандай 

жұмыс атқарады? 

-  Біз,  медицина  қызметкерлері,  МӘМС  мәселелерінде  ақпаратты  біле 

отырып,  реформаны  енгізу  бойынша  түсіндіру  жұмыстарын  жүргіземіз. 

Ауруханада ақпараттық тобы құрылды, ол халыққа медициналық сақтандыру 

азаматтарға  қолжетімді  ем  алу,  сапалы  медициналық  көмек,  тегін  және 

қолжетімді  дәрі-дәрмектер  мен  мүддеңізді  қорғау  жөнінде  түсіндіреді.  Біз 

медициналық  сақтандыру  жағдайында  қандай  медициналық  көмек  түрлері 

көрсетіледі,

  ал  қандай  қызмет  түрлерін  тегін  медициналық  көмектің 

кепілдендірілген көлемі шеңберінде алуға болатының түсіндіреміз. 



 

-  МӘМС  жаттықтырушыларының  тұрғындармен  кездесулері 

қалай өтіп жатыр? 

 

-  №3  ПҚА  ақпараттық  топ  мүшелерінің  барлығы  МӘМС  бойынша 



оқудан  өтіп,  енді  медицина  қызметкерлер,  емделушілер,  емделушілерге 

келушілер алдында сөз сөйлейді. Әңгімелесу барысында көптеген тұрғындар 

қызығушылық білдіреді, ал кейбірі келе жатқан өзгерістерге күмәнсіздік пен 

сенімсіздікпен  қарайды.  Әр  медицина  қызметкері  сақтандырудың  жаңа 

моделі  туралы  сұрақтарына  жауап  беру  үшін,  жеткілікті  ақпаратты 

меңгерген.  Жарты  жыл  ішінде  біздің  жаттықтырушылар  Павлодар 




қаласының  өнеркәсіп  кәсіпорындарында,  сауда  орындарында  және  басқа  да 

мекемелерде болды. 



 

-  Түсіндірме  жұмыстарын  жүргізу  үшін,  медицина  қызметкерлері 

өздері барлық мәселелер бойынша хабардар болуы тиіс, солай емес пе? 

- Иә, сіз дұрыс айтасыз. Медицина қызметкерлері халықтың қай санаты 

жарна  төлеуден  босатылады,    шетел  азаматтарына  қандай  медициналық 

көмек  көрсетіледі  және  басқа  да  көптеген  сұрақтарды  білулері  тиіс.  №3 

Павлодар  қалалық  ауруханасының  МӘМС  жаттықтырушылары  дәрігерлік 

және  мейірбикелік  конференциялар  жүргізеді,  ай  сайын  медицина 

қызметкерлеріне  ҚР  азаматтары  мен  шетелдіктерге  қызмет  көрсету 

мәселелері  жөнінде  міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  аясында 

оқыту  семинарларын  өткізеді.  Мысалы,  өткен  семинарда  МӘМС 

жаттықтырушысы  аурухананың  эпидемиолог-дәрігері  Л.  Каримова  шетел 

азаматтарының  ауруханада  медициналық  көмек  алуына  немесе  оларға 

көрсетiлген  медициналық  көмек  үшiн  төлемдерді  жүзеге асыру  мәселелерін 

егжей-тегжейлі қарастырды. 

-  Алтай Құжатұлы, азаматта медициналық  сақтандырудың  барын 

қалай анықтауға болады? 

 

-  Азаматта  МӘМС  жүйесіне  қол  жетімдік  бар  екендігін  білу  үшін 



медициналық  ұйым  қызметкерлеріне  оның  ЖСН  бірыңғай  электронды 

мәліметтер  базасына  енгізсе  болғаны.  Егер  аударымдар  жүргізілетін  болса, 

онда  өтініш  білдіруші  сақтандырумен  ұсынылатын  барлық  қызмет 

спекторларына  пайдалану  құқығына  ие  болады. Егер  жоқ  болса,  оған 

медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлемі  шеңберінде  көмек 

көрсетіледі, ал қалған шығыстарды өзі төлейді. 

 



МӘМС 

тиімділігі 

немен 

бекітіледі? 

Медициналық 

сақтандырудың  осындай  моделін  таңдауда  қандай  аргументтер 

маңызды орын алды?

 

 



-  Сақтандыру  мәдениетінің  дамуымен,  денсаулық  сақтау  саласында 

салық  төлеу  және  игілікті  жарату  айқындығы  маңызды  арттырылатын 

болады.  Әрбір  тұрғын  үшін  медициналық  көмекке  қолжетімділікте  теңдікті 

қамтамасыз ететін бірыңғай медициналық көмек пакеті әрекет ететін болады. 

Бұл  медициналық  қызмет  сапасын  арттыруға,  медициналық  ұйымдардың 

жоғары  бәсекелестігін  қамтамасыз  етуге,  денсаулық  сақтау  саласына  жаңа 

технологияларды  енгізуге  жағдай  туғызады.  Бұдан  басқа,  денсаулық  сақтау 

саласының жоғарғы тиімділігі тұсында әкімшілік шығындары төмендетілетін 

болады.  Аймақтар  бойынша  қаражатты  үлестірудің  және  тауар 

жеткізушілерден  медициналық  көмекті  сатып  алудың  бірыңғай  ережелері  

жұмыс істейтін болады.

 

 



-  Бұрынғы  аббревиатураға  қарағанда  (ФОМС),  қазіргі  нұсқада 

«әлеуметтік»  сөзі  бар.  Бұл  МӘМС-дың  маңызды  ерекшеліктерінің  бірі 

денсаулық  қорғау  саласындағы  тұрғындарды  әлеуметтік  қорғаумен 

бекітіледі дегенді білдірмей ме?

 

 

- Иә, МӘМС барлық сақтандырылған азаматтарға, жынысына, жасына, 

әлеуметтік  статусына,  тұрғылықты  мекенжайына  және  табыстарына 




қарамастан,  медициналық  және  дәрілік  көмекке  тең  дәрежедегі 

қолжетімділікке кепілдік береді.

 

 

- Айтыңызшы, жарна төлеуден кімдер босатылады?



 

 

-  «Міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  туралы»  Заңның  28 

бабы 4 тармағына сәйкес, мемлекет келесі жағдайларда төлем жасайды, егер 

мына  санаттардың  біріне  кіретін  болса,   



 

автоматты  түрде  медициналық 

сақтандыру қорының қатысушысы бола алады

:  балалар, көп балалы аналар, 

Ұлы  Отан  соғысының  ардагерлері  мен  мүгедектері,  мүгедектер,  жұмыссыз 

адамдар  түрінде  тіркелген  тұлғалар,    интернатта  тәрбиеленушілер,    күндізгі 

оқыту  бөлімінде  оқитын  тұлғалар,  босануға,  нәрестені  асырап  алуға 

байланысты,  бала  3  жасқа  толғанша  оны  күту  бойынша  демалыстағы 

тұлғалар  демалыстағы  тұлғалар,  жұмыс  істемейтін  жүкті  әйелдер, 

зейнеткерлер,    жұмыс  істемейтін  оралмандар

қылмыстық-атқару 



(пенитенциарлық)  жүйесі  мекемелерінде  (қауіпсіздігі  барынша  төмен 

мекемелерді  қоспағанда)  сот  үкімі  бойынша  жазасын  өтеп  жүрген  адамдар, 

уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар. 

Бұған  қоса,  әскери  қызметкерлер,  арнаулы  мемлекеттік  органдардың 

қызметкерлері,  құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлері  жарна  төлеуден 

босатылады. 



 

-  Алтай Құжатұлы, мазмұнды әңгімеңізге рахмет.

 

Сұхбаттасқан К. АПАЕВ 



 

 

жүктеу 34,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау