Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту



жүктеу 1,94 Mb.
бет1/4
Дата30.05.2018
өлшемі1,94 Mb.
#18430
  1   2   3   4

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –

Қазақстан дамуының басты бағыты»

2012 жылғы 27 қаңтардағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы

Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және насихаттау жөніндегі

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының

әдістемелік ұсынымдары

I. КІРІСПЕ
Осы әдістемелік ұсынымдар экономиканы нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және насихаттау мақсатында әзірленді.

Әдістемелік ұсынымдар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша кең түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізудің қажеттілігімен талап етіледі және таяу болашақтағы партия қызметінің негізгі бағыттарымен, оның қазақстандық қоғамдағы жұмылдырушы және топтастырушы рөлінің артуымен сәйкес келеді.

Президенттің Жолдауы елдің дамуының бұрын қабылданған стратегиялық құжаттарын – «Қазақстан-2030» Стратегиясын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын қазіргі жағдайларды ескере отырып нақтылай түседі. Жолдау «Нұр Отан» партиясының алдына, партияның 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын және «Қазақстан. 2017 Мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» «Нұр Отан» ХДП сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асырумен қатар, жаңа міндеттер қояды.

Әдістемелік ұсынымдар партияның иедологиялық активінің ақпараттық-түсіндіру, саяси-бұқаралық және насихат жұмыстарында көмекші құрал болып табылады.

Әдістемелік ұсынымдар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бастамашылық еткен Қазақстанның дамуының 10 басым бағытының мазмұнын ашып көрсетеді.
II. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ, БҰЛ – ЭКОНОМИКАНЫ НЫҒАЙТУДЫҢ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРДЫҢ ЖАҢА МІНДЕТТЕРІ
Табысты экономикалық даму мен қоғамдық игілікті қамтамасыз етудің арасындағы ұтымды тепе-теңдікті таба білудің Қазақстан үшін өмірлік маңызы бар.

Қазіргі әлемдегі бұл түбірлі мәселе әлеуметтік-экономикалық жаңғырту. Бұл таяудағы онжылдықтағы Қазақстанның дамуының басты бағыты. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы дәл осы тақырыпқа арналған.

Сол үшін Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың 10 негізгі бағытын ұсынды.
Бірінші. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы
Жұмыспен қамту әлеуметтік қорғаудың негізгі түрі болып табылады. Бұл қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттырудың басты құралы.

Халықты жұмыспен қамту проблемасы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың басталуымен ерекше өзекті бола түсті. Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу үшін Мемлекет басшысы 2009 жылы Үкіметке қолда бар орындарды сақтап, жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі арнаулы Жол картасын әзірлеп, жүзеге асыруды тапсырды. Жол картасына енгізілген іс-шараларды қаржыландыруға 2009-2012 жылдары 342 миллиардтан астам теңге бөлінген болатын. Соның нәтижесінде 392 мың адамды жұмысқа орналастыруға қол жеткізілді. Одан басқа, атқарушы биліктің жергілікті органдары тағы да 109 мың адамды әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз етті. Алғаш рет жас мамандардың арасындағы жұмыссыздық деңгейі елдегі жұмыссыздықтың жалпы көрсеткішінен төмен болды.

Халықты жұмыспен қамтудың Жол картасын жүзеге асыру әлеуметтік инфрақұрылымды айтарлықтай жаңартуға мүмкіндік берді: коммуналдық шаруашылықтың 1,5 мыңнан астам объектілеріне жөндеу жүргізілді; 400-ден астам ауылдық елді мекендер абаттандырылды; 5 мың шақырым шамасындағы жол табандары күрделі жөндеуден өтті; әлеуметтік салалардың жүздеген объектілері ағымдағы және күрделі жөндеуге қаражат алды.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат 2020 жылға дейінгі бизнестің Жол картасын жүзеге асыру және Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде жалғасын табатын болады. Атап айтқанда, тек қана жаңа объектілер құрылысына 200 мыңнан астам адам тартылады.

Сонымен бірге, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты неғұрлым тиімді жүзеге асыруға мынадай проблемалар кедергі келтіреді:


  • еңбек нарығының жеткілікті түрде теңгерімді болмауы (мысалы, жұмыссыздық болу кезінде вакансиялар болады, талап етілетін әртүрлі мамандықтар бойынша білікті кадрлардың тапшылығы байқалады, және басқалар);

  • тұрғындардың құрылымында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі зор (2,7 млн. адам шамасында), олардың 71 пайызы ауылдық жерлерде тұрады;

  • нысаналы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санының 35 пайызын жұмысқа қабілетті адамдар құрайды, олардың еңбек кірістерін алу мүмкіндігі бар;

  • жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар басымдықпен уақытша жұмыс беру нысанында жүзеге асырылады;

  • кәсіби оқыту жүйесі жеткілікті түрде тиімді болып табылмайды, және басқалар.

Жоғарыда айтылғандарды ескере келіп, Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011 жылғы 28 қаңтардағы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 2011 жылғы 1 мамырға дейін қағидатты түрде жаңа халықты жұмыспен қамту стратегиясын әзірлеп, қабылдауды тапсырды.

Аталған тапсырмаға сәйкес 2020 жылға дейінгі жұмыспен қамту бағдарламасы әзірленді, оның қанатқақты нұсқасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап іске асырыла бастады. Бағдарламаны іске қосудың сынақтан өту кезеңінің өзінде 60 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыруға қол жеткізілді. Ендігі жерде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын кең ауқымда жүзеге асыру басталады. Бағдарламамен 1,5 миллионға дейін адамды қамту көзделген. Бұл елдегі кедейлік деңгейін 6 пайызға дейін төмендетуге және жұмыссыздықты 5,5 пайыз деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Президент өз Жолдауында атап көрсеткендей, Бағдарлама, алдымен оқыту мен жұмысқа орналастырудың тиімді жүйесін жасау; ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту; еңбек резервтерінің ұтымдылығын арттыру сияқты маңызды міндеттерді шешуге жәрдемдесуге арналған.

Бағдарламаға қатысушылар техникалық немесе кәсіби білім беру мекемелерінде өзі үшін жаңа мамандықты игеру мүмкіндігіне ие болады. Одан басқа, 6 айға дейін оқыту мерзімімен кадрларды қайта дайындау курстары және 3 айлық бағдарламамен біліктілікті арттыру курстары жұмыс істей бастайды. Бағдарламаның бұл бөлігі, бірінші кезекте өз бетінше жұмыс істейтіндерге, жұмыссыздар мен аз қамтылған азаматтарға есептелген. Бұл ретте ауыл жастарына басымдық берілетін болады.

Тегін оқытудан басқа, Бағдарламаға қатысушылардың оқу орнына дейінгі және кері қайтатын жолының шығындарына, жатақханада тұрғаны немесе тұрғын үй жалдағаны үшін өтемақы төленеді. Олар ай сайын шәкіртақы алып тұрады.

Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында елдің бүкіл инвестициялық жобаларының жүзеге асырылуы ескеріле отырып, ағымдағы және перспективадағы жұмыс орындарының жалпы ұлттық деректер базасы жасалып, іске қосылатын болады.

Мемлекет жұмыс берушіге кадрларды дайындауға кеткен шығындарына 70 пайызға дейін өтемақы төлеу арқылы Бағдарламаға қатысушыларды оқыту мен жұмысқа орналастыруға дайын екенін білдірген кәсіпорындар мен ұйымдарға қолдау көрсетеді.

Өз бетінше жұмыс істейтіндердің, жұмыссыздар мен аз қамтылғандардың үлкен бөлігі ауылдық жерлерде тұратындығы және тұрғылықты жері бойынша тұрақты жалдамалы жұмыс орынын құру олар үшін проблема тудыратындығы ескеріліп, Бағдарламаның екінші бағыты ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу шараларын көздейді.

Аталған бағытты жүзеге асырудың негізгі тетіктері шағын несиелеу болады. Бағдарлама бес жылдан аспайтын мерзімге 3 миллион теңгеге дейін шағын несие беруді көздейді. Бұл ретте пайыздарды және негізгі қарызды төлеу бойынша 18 айға дейін мерзімді ұзарту көзделген.

Шағын несиелеу шағын несие ұйымдары немесе конкурстық іріктеуден өткен несие серіктестіктері арқылы іске асырылатын болады. Жұмыспен қамту органдарымен келісім бойынша олар Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын қаржыландыру туралы мәселені шешеді.

Шағын несие ұйымдары мен несие серіктестіктеріне қаржы, несиені беру сәтіндегі мемлекеттік құнды қағаздардың орташа кірістілігі ескеріле отырып, жоғары емес өлшеммен бөлінеді.

Бағдарламаның осы бағытына қатысуға тілек білдіргендерге консультативтік көмек, бизнес-жоспарды жасау көмегі, кәсіпкерлік негізіне міндетті тегін оқу жәрдемі көрсетіледі.

Ауылдық жерде шағын бизнесті дамыту үшін басқа да көмек көзделген, ол – кәсіпкерлік объектілерін құру үшін қажетті инфрақұрылымның құрылысы. Жол салу шығындарын, жылу- және сумен жабдықтауды, кәріздік, телефон және электр желілерді жүргізуді мемлекет өз мойынына алуға дайын. Бірақ мынадай екі шарт сақталған жағдайда: жоғарыда аталған инфрақұрылым нақты орын құрылысының жоспарына сәйкес болуға, ал жұмыстың құны бизнес-жобаның өзінің құнынан артпауға тиіс.

Жұмысқа орналасуға немесе өз ісімен айналысуға нақты мүмкіндігі болмаған алғашқы екі бағытқа қатысушыларға Бағдарлама бойынша басқа өңірден жұмыс ұсынылады.

Бұл ретте жұмыссыз немесе өз бетінше жұмыс істейтін үміткер қоныс аудару үшін экономикалық әлеуеті төмен елді мекенде тұруға тиіс, ал оның кірісі бірге тұратын әрбір отбасы мүшесіне бөлгенде ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аспауы керек. Алғашқы екі бағыттағы сияқты ауылдық жерде тұратын жас отбасыларын басымдық беріледі.

Бағдарлама бойынша әзірге бір ауданның немесе облыстың шегінде қоныс аудару мүмкіндігі бар. Бұл орайда бағдарламада қоныс аударуды субсидиялау және тұрпатты тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға беру көзделген. Бұл тұрғын үй мемлекет есебінен салынатын болады.

Іс жүзінде қоныс аударғаннан кейін қатысушылар жаңа тұрғылықты жерінде оқудан және психологиялық бейімделуден өте алады. Содан кейін олар жаңа тұрғылықты жері бойынша бағдарламаның бірінші және екінші бағыттарына қосыла алады.

Еңбекке қабілетті азаматтарға нысаналы әлеуметтік көмек, тек олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларына қатысқан жағдайларда ғана берілетін болады, нысаналы әлеуметтік көмек берудің шарттары мен мерзімділігі әлеуметтік келісім-шартта көрсетіледі.

Әлеуметтік келісім-шарт екі жақтың құқықтары мен міндеттемелерін заңды түрде бекітеді. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларына қатысудан бас тартқан немесе келісім-шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, олар нысаналы әлеуметтік көмек алу құқынан айырылады, бірақ та бұл ретте отбасы нысаналы әлеуметтік көмек алу құқығын сақтап қалады.

Екінші. Қол жетімді баспана
Соңғы 11 жылдың ішінде ғана Қазақстанның тұрғын үй қоры 36 миллион шаршы метрге ұлғайды. 1 миллионнан астам азаматтар өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында Үкімет 2009-2011 жылдары елімізде тұрғын үйді іске қосудың айтарлықтай жоғары қарқынын сақтап қала алды (жылына орташа 6 миллион шаршы метр шамасында).

Тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау практикасы жалғасын табатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республикада бұрынғыша жыл сайын 6 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үйді іске қосу жоспарланып отыр.

Қазіргі кезде тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдаудың 3 негізгі бағыттары айқындалған:

- жергілікті атқарушы органдардың арзан баспаналар құрылысын салуы, ол тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесін пайдалану арқылы сатылады;

- құрылысты және ипотекалық несиелеуді қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді қорландыру;

- инженерлік коммуникациялар құрылысы.



Бірінші бағыт бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2011-2013 жылдары бастапқыда  20 миллион теңге бөлу жоспарланған. Бұл сома одан әрі айтарлықтай ұлғайтылды.

Осы сызба бойынша Тұрғын үй құрылысжинақбанкі белгілі бір баға мен жайлы да ыңғайлылық класында  баспана сатып алуға тілек білдірген салымшылардың пулін қалыптастырып, тұрғын үй құрылысын салу үшін жергілікті органдарға тапсырыс береді.

Жергілікті атқарушы орган республикалық бюджеттен түсетін кредиттер есебінен тұрғын үй құрылысын салуды ұйымдастырады. Ол үшін тендер өткізіп, мердігерді анықтайды және инженерлік инфрақұрылымдар жүргізілген жер телімдерін бөледі.

Тұрғын үйді пайдалануға бергеннен кейін жергілікті атқарушы орган Банкі салымшысымен сату-сатып алу келісім-шартын жасасады.

Тұрғын үй құрылыс жинақбанкі салымшы қабылдау-тапсыру актісі бойынша пәтерді қабылдап алғаннан кейін, өз кезегінде жергілікті атқарушы органға тұрғын үйді салғаны үшін қаржы аударады.  Жергілікті атқарушы орган республикалық бюджеттен алған кредитін өтейді. Салымшы қарызын толық өтегенше келісім-шартқа сәйкес 4 пайыздық тиімді ставкамен Тұрғын үй құрылыс жинақбанкіне пәтерін кепілдікке береді. 

Екінші бағыт бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы коммерциялық тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелуді қаржыландырудың қадам жасау жоспары көзделген.

Банк құрылысты салушылардың өтінімі негізінде қаржыландыру үшін құрылыс жобаларының тізбесін жасайды, оны әкімшілікпен келіседі. Одан кейін тиісті өтінімді Үкіметте бекіту үшін «Самұрық-Қазына» қорына жібереді. Тізімді және банктің қаржыландыру шарттарын бекіту туралы Үкіметтің қаулысы шыққаннан кейін «Самұрық-Қазына» қоры келісілген депозитті объектілердің «нөлдік циклының» құрылысын (құнының 50 %) қоса қаржыландыру үшін банкке орналастырады. «Нөлдік циклының» құрылысы аяқталған соң банк сатып алушылардың пулін қалыптастырады және объектінің құрылысын және сатып алушылардың пуліне бара-бар ипотеканы аяқтау үшін «Самұрық-Қазына» қорына өтінім беріледі.

Осы сызбаны іске асыру нәтижесінде 2012 жылы 1,7 млн. шаршы метр коммерциялық баспана салу көзделуде.



Үшінші бағыт – бұл инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысы. Инженерлік желілер құрылысы тұрғын үй салу ауданында, соның ішінде жеке тұрғын үй салу ауданында да  жүзеге асырылады. 

Одан басқа, 20 жылдың ішінде бірінші рет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Студенттік тұрғын үй» бағдарламасы іске қосылады. Ол студенттерді жатақханамен қамтамасыз етудің байырғы мәселесін шешуге арналған. 2012 жылдың өзінде Астана мен Алматыда тиісінше 10 және 20 мың орынға лайықталған студенттер қалашықтарының құрылысы басталады.

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арналған осы Жолдауында жарты миллиондық жастар отбасының тұрғын үй проблемаларын шешу қажеттігіне ерекше назар аударды. Осыған байланысты ол 2012 жылғы 1 шілдеге дейін «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын әзірлеп, қабылдау міндетін қойып отыр. Аталған Бағдарлама шеңберінде жыл сайын 1 миллион шаршы метрден кем емес жалға берілетін тұрғын үй құрылысын жүргізу көзделеді. Ұзақ мерзімді жалға алудың екі бірдей тетігі қарастырылған – мүмкіндігі барлар сатып алады, және сатып алмай-ақ тұра береді. Жалға алғаны үшін төлем әл-ауқаты орташа отбасының кірісіне сай болады.

Бағдарламаны жүзеге асырудың маңызды шарттары қазіргі заманғы жоғары сапалы құрылыс материалдары мен конструкцияларын шығару жөніндегі жаңа кәсіпорындарды құру болып табылады.

Қазақстан құрылыс материалдарын шығаратын шикізаттың үлкен қорына ие. Аталған сала инвесторлар үшін тартымды. Мамандардың пікірі бойынша, 2015 жылдың өзінде ішкі нарықтың құрылыс материалдарына мұқтаждығы 80 пайыздан кем болмайды.

Мысалы, оңтүстік корей бизнесмендерінің қатысуымен Павлодар облысында «Қазақстан Алюминиі» АҚ және Ақсу ферро қоспалар зауытының қалдықтарынан бетон, тұрба және құрылыс материалдарын шығару жөніндегі зауыттың құрылысы жоспарланған. Қытай бизнесмендерінің қатысумен гипс-қатырма табақтарын шығару жөніндегі зауыт салынады. Маңғыстау облысында екі ірі цемент зауытын салудың («Каспий Цемент» ЖШС және «Ақтау Цемент Продакт» ЖШС) өзі ғана 920 жаңа жұмыс орынын ашуға мүмкіндік береді. Бұл тізбені жалғастыра беруге болады.


Үшінші. Өңірлерді дамыту
Өңірлік саясаттың міндеттері инфрақұрылымдық және институттанулық шектелулерді еңсеру, Қазақстан азаматтарына өздерінің әлеуметтік және экономикалық құқықтарын жүзеге асыруда тең мүмкіндіктер жасау және адами капиталдың дамуына жәрдемдесу, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйелерін реформалау болып табылады.

Президент өз Жолдауында Үкіметке бір саланы тірек еткен шағын қалаларды дамыту бағдарламасын дайындауды тапсырды, олар, әдеттегідей, бір ірі кәсіпорынға немесе салаға тәуелді болады. Бұл ретте бір салалы шағын қалаларды дамыту бағдарламасында әрбір нақты қаланың экономикасын әртараптандыру, әлеуметтік саласын дамыту жөніндегі шараларды көздеген жөн.

Қазақстанда 60 шақты шағын қала бар, оларға 50 мың адамнан аспайтын тұрғындары бар қалалар жатқызылады. Олардың ішінде 41 шағын қала тиісті ауылдық аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады, бұлар шағын қалалардың 68 % және ауылдық аудандардың 25 % құрайды.

Көптеген шағын қалаларды дамыту экономиканың белгілібір саласымен тікелей байланысты болды, сондықтан нақты қаладағы ахуал да осы салалардың жай-күйі мен үрдістеріне байланысты қалыптасты.

Бірсыпыра шағын қалалардың ең өткір проблемасы жұмыссыздық болып табылады. Ұзақ уақыт жұмысқа орналаспағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтқан азаматтар жұмыссыздардың арасында 60-тан 80 %-ға дейінгі мөлшерді құрайды. Осының салдарынан қалалардың экономикасын дамытудың перспективалары мен басымдықтарына байланысты, кадрлық әлеуетті жаңа сапалық негізде қайта толықтыру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туындайды.

Шағын қалалар тұрғындарының жан басына шаққандағы ақшалай кірістері орташа облыстық деңгейдің 30-80 % ғана құрайды. Ең төменгі кіріс АӨК орталығы – қалаларда, ондағы тұрғындар негізінен өздерінің жеке шаруашылығының есебінен өмір сүреді. 53 шағын қаладағы жалақы мөлшері республика бойынша орташа көрсеткіштерден төмен.

Шағын қалалардағы өнеркәсіп өндірісі бір-екі саладағы белгілі мамандану бағытымен сипатталады, ал басқа салалардың дамуы шамалы, немесе өндірістік кәсіпорындар атымен болмайды. Өндіріс көлемінің азаюы немесе қала құраушы кәсіпорынның тоқтап қалуы қаладағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жалпылама нашарлауына алып келеді.

Шағын қалалардың ең маңызды проблемасы тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін (қазандықтар, жылу, кәріз және су құбырлары тораптары, электрмен жабдықтау, тұрғын үй қоры және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер) ұсап тұру мәселесі болып табылады.

Су құбырлары мен кәріз тораптарының тозуы мәселені шегіне жеткізеді. Шағын қалалардың басым көпшілігінде су құбырлары мен кәріз жүйелері, тазалау құрылыстары жарамсыз болып қалған және қоршаған ортаны ластаудың, тұрғындарды дертке шалдықтырудың көзі болып табылады.

Шағын қалалардың коммуналдық кәсіпорындары негізінен зиянды болып табылады. Шағын қалаларға жылыту маусымын өткізу үшін жанармай, көмір, газ сатып алуға бюджеттен жыл сайын айтарлықтай демеуқаржы талап етіледі

Шағын қалаларда қираған және тұрғындары тастап кеткен тұрғын үйлердің үлкен пайызы орын алады. Халықтың өсіміне және оралмандардың келуіне байланысты оңтүстік өңірлердегі шағын қалаларда жаңа жалпы білім беретін мектептер, медициналық мекемелер салудың қажеттілігі туындайды. Дәрігерлердің, мұғалімдердің, әлеуметтік қызметкерлердің жетіспеуі байқалады.

Көбінесе қала құраушы кәсіпорынға байланысты болатын шағын қалаларға қатысты осы проблемалардың барлығы Үкімет дайындайтын арнаулы бағдарламаның шеңберінде шешілуге тиіс.

Бағдарламаны жүзеге асыру шағын қалаларға одан арғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы, халықтың тұрмыс кешуі мен кәсіпкерлікті дамыту үшін тең жағдайлар жасауға жәрдемдесетін болады. Бұл Бағдарламаның аясында шағын қалалардың кәсіпорындарында жаңа техникалық және технологиялық негізде құрылымдық қайта құрулар жүргізілуге тиіс, бұл өндіретін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болады. Шағын қалалардың жұмыс істеуінің экономикалық негізі нығаяды, тұрғындарды жұмыспен қамту артады, олардың кірістері ұлғаяды.

Өңірлік дамудың басқа да маңызды бағыты еңбек ресурстарын оларға қажеттілік болатын экономикалық өсудің үлкен әлеуеті бар өңірлерге ауыстыру болып табылады. Олардың қатарында Астана, Алматы Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалалары аталады. Бұл қалаларда ғылымды да, білім беруді де, құрылысты да дамыту қажет. Мемлекет азаматтардың мұндай өңірлерге қоныс аударуына жәрдемдесуі керек. Еңбек ресурстарының ұтымдылығын арттыру азаматтардың экономикалық әлеуеті төмен шалғайдағы ауылдық өңірлерден көшіп барудың жәрдемақы төлемін ала отырып экономикалық өсу нүктесіне қоныс аударуын көздейді.

Экономикалық әлеуеті төмен шалғайдағы ауылдық өңірлерден экономикалық өсу нүктесіне қоныс аударатын адамдар үшін жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес қоныс аударғаннан кейінгі алғашқы екі жылда жаңа тұрғылықты жерде жеңілдікті шарттармен жалға алатын тұрғын үй берілетін болады.

Еңбек ресурстарының орын ауыстыруы еңбек нарығындағы, әсіресе жастардың, мектеп және ЖОО-лар түлектерінің арасындағы шиеленісті төмендетуге, тұрғындарды халық тығыз орналасқан өңірлерден ел сирек орналасқан өңірлерге, тұруға экологиялық қауіпті өңірлерден өмір сүруге қолайлы жағдайы бар өңірлерге орналастырудың ұтымды сызбасын айқындауға мүмкіндік беретін болады. Ақыр аяғында бұл еңбек ресурстарын аумақ аралық бөлуді теңдестіреді және халықтың жұмыспен қамтылуын арттырады.

Президент өз Жолдауында Үкімет алдына Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу міндетін қойды. Жергілікті маңызды мәселелерді шешу жөніндегі өкілеттікті толық көлемде жүзеге асыру үшін қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау басымдықты міндетке айналып отыр.

Өкілеттік тізбесін одан әрі кеңейту жергілікті өзін-өзі басқарудың барлық жүйесін дамытумен, қаржылық-экономикалық дербестікті арттырумен, қалалық және ауылдық елдімекендердің жергілікті өзін-өзі басқарудың басқару тәжірибесінің өсуімен сабақтас жүруге тиіс.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық-экономикалық негізінің нығаюымен бір мезгілде қазіргі кезеңнің өзекті міндеттері – жергілікті өзін-өзі басқарудың олардың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыруы жөніндегі қызметінің тиімділігін және осыған арналған ресурстарды пайдалануының тиімділігін бағалау жүйесін жасау болып табылады. Тиісті ақпарат мемлекеттік органдарға ғана емес, сонымен бірге мамандарға, сарапшыларға, қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне және елдің әрбір азаматына қолжетімді болуға тиіс.
Төртінші. Тұрғындарға мем­ле­кеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру
Мемлекеттік қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру Қазақстандағы әкімшілік реформалардың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Президент Қазақстан халқына арналған өзінің Жолдауында мынаны ерекше атап көрсетеді, Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімін арттырудың маңызды қыры болып табылады.

Шенеуніктер мен азаматтардың мінез-құлқын өзгертуге, олардың жұмысының жауапкершілігі мен тиімділігін арттыруға мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы шешуші түрде ықпал етеді. Сондықтан Мемлекет басшысы ең маңызды міндеттердің бірі ретінде «электрондық үкіметті» дамытуды айқындап берді.

Соңғы жылдары бүкіл әлемде мемлекеттік органдардың халыққа көрсететін қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қарқынды түрде пайдаланады. Бұл бастамалар мен бағдарламалар «Электрондық үкімет» (Е-Government) атауына ие болды. Әлемдік тәжірибе мынаны көрсетеді, «электрондық үкімет» технологиясын енгізу мемлекеттік органдардың қызметін неғұрлым қолжетімді әрі шапшаң етеді және сонымен бір мезгілде олардың құнын азайтады.

«Электрондық үкімет», бұл – интернет-портал түріндегі біртұтас ресурс (көрсетілетін қызметтері мен сервистері санының үлкендігімен, пайдаланушылардың көп санының кіруімен танылатын веб-сайттар), одан кез келген тілек білдіруші мемлекеттік органдар мен заңнамалар туралы қажетті ресми ақпаратты таба алады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметтерін пайдаланып, on-line режимінде салықтар мен айыппұлдарды төлей алады.

«Электрондық үкімет» порталында әртүрлі тақырыптық бөлімдерде (экономика, білім беру, денсаулық сақтау бойынша, және басқа) берілген барлығы 2 мыңнан астам ақпараттық қызмет жалпыға қолжетімді болып табылады.

Сонымен бірге, портал, бұған дейін айтылғандай, тек ақпараттық ресурс қана емес. Оны пайдаланушыларға мемлекеттік органдардың әртүрлі электрондық қызметтері ұсынылады. Бүгінгі күні «Электрондық үкімет» порталында 74 интерактивті қызметтер көрсетіледі.

Мысалы, виртуальды режимде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын және өз қызметiн үлгiлiк жарғы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тіркеуге болады. Мемлекеттік алымдарды төлеу үшін банкке барып, кезекте тұрудың қажеттілігі жоқ. Қызметке ақы төлеуді төлем кәртішкесімен бірден порталдан жүргізуге болады. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті бір күнде алуға болса, ал өтінім беру рәсімін портал арқылы ұсыну санаулы минуттарды ғана алады.

on-line режимінде бұқаралық ақпарат құралын тіркеуге, мұрағат анықтамасын алуға, апостилирлік құжаттарға өтінім беруге және мемлекеттік органдардың қызметтерімен байланысты басқа да көптеген рәсімдерді іске асыруға болады.

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес 2012 жылдың соңына дейін әлеу­меттік маңызы бар мемлекеттік қызмет­тердің 60 пайызы, соның ішінде лицензиялардың барлық түрлері, тек қана элек­тронды түрде болуға тиіс.

2013 жылдан бастап мемлекеттен барлық рұқсат етушілік құжаттарды да қазақстандықтар электронды түрде немесе Халыққа қызмет көрсету орта­лық­тары арқылы алады.
Халыққа қызмет көрсету орта­лық­тарының қарауына авто­көлікті тір­кеу және жүргізуші куәліктерін тапсыру мәселе­лері де беріледі.

«Электрондық үкімет» Қазақстанда барған сайын кең таралып отыр, оның қызметтері мен сервистеріне сұраныс артып келеді. БҰҰ-ның рейтінгісіне сәйкес «Электрондық үкіметтің» даму индексі бойынша зерттеулер жүргізілген 192 елдің ішінде біздің еліміз 46-шы орынды алады (2010 жылғы дерек).

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттырудың және экономиканы жаңғыртудың тағы бір маңызды қыры тұтастай алғанда әкімшілік рәсімдерді қысқарту болып табылады.

Президенттің тапсырмасы бойынша рұқсат алу құжаттарының тізбесі қазірдің өзінде 30 пайызға қысқартылды. Үкімет тарапынан лицензиялар мен рұқсат алулардың барлық түрлерін үштен бірге қысқартатын заң жобасы әзірленді.

Атап айтқанда, 2011 жылғы 15 шілдедегі «Рұқсат алу жүйесін жетілдіру жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңымен анықталған 1 015 тұжырымның ішінен 348 рұқсат алуды алып тастау қарастырылған.

Рұқсат алудың әралуан түрлерін қысқартудан басқа, заңмен әртүрлі рәсімдерді қысқарту көзделеді. Бұл лицензиялар алу кезінде мемлекеттік органдардың келісімін алуға арналған «бір терезе» қағидатын тарату жолымен іске асырылады; «үндемей қалу – келіскендіктің белгісі» қағидатын бәріне рұқсат алу ретінде қолдану; лицензияларды берудің бірыңғай мерзімін белгілеу (15 жұмыс күнінен артық емес); ұсынылған құжаттар жиынтығын екі апта мерзімде тексеру; құжаттарды міндетті түрде нотариалдық куәландыруды алып тастау.

Аталған шаралар лицензиялық-рұқсат алу құжаттар айналымын жылына 800 мыңнан астам бірлікке қысқартуға әкеледі деп күтілуде.

Президент Қазақстан халқына арналған осы Жолдауында рұқсат беру заңнамасының жаңа қағидаттарын енгізу міндеттерін алға қойып отыр.

Қазіргі уақытта «Рұқсат беру құжаттары мәселелері және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы әзірленіп, Парламентке енгізілді.

Атап айтқанда, өмір сүруге және азаматтарға тікелей қауіп төндірумен байланысты емес, ақпараттық сипаты бар және бақыланатын саланың мониторингісі үшін қажетті рұқсат берулерді мәлімделген тәртіпке көшіру көзделеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру саласында оларды кәсіпкерлік қызметтің қауіптілік деңгейіне қарай санаттарға бөліп, лицензиялар мен рұқсат берулердің түбегейлі тізбесін бірыңғай заңда айқындау көзделеді.

Лицензиялық-рұқсат беру жүйесін реформалау барлық рұқсат берулерді электрондық қалыпқа көшірумен қатар жүретін болады. Бұл мақсаттарда қазіргі уақытта енгізіліп жатқан «Е-лицензиялаудан» «Е-рұқсат алуға дейінгі» функцияларды рұқсат алудың шарттары мен тәртібін айқындауға сараланған тәсілді ескере отырып, кеңейту қарастырылады.

Бұл жаңашылдықтардың бәрі халықтың компьютерлік сауаттылығының жоғары деңгейін талап етеді. Президент Қазақстан халқыны арналған өзінің Жолдауында бұған ерекше назар аударады. Ол барлық қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсенді түрде игеруге шақырады.


жүктеу 1,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау