3) мемлекеттік немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен
көрсетілетін қызметті алушының және онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің
жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адамның
куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;
4) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы егемендік алған сәтте
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғанын белгілейтін, сондай-ақ, Қазақстан
Республикасынан тыс жерде туған ұлты қазақ балаларына құжаттардың көшірмелері;
5) отбасы отағасына, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне жеке сәйкестендіру нөмірі
берілгені туралы анықтаманың көшірмесі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар екенін
растайтын (бар болса) өзге де құжаттар қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатында қазақ ұлтына
жататыны туралы
ақпарат болмаған жағдайда, оларға көрсетілетін қызметті алушының және
тұрақты тұру мақсатында тарихи отаны Қазақстан Республикасына келген, Республикасы
егемендік алған кезде одан тыс жерлерде тұрақты тұрған онымен бірге көшіп келген отбасы
мүшелерінің, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс
жерлерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларының этникалық қазақтарға
жатқызылғанын растайтын құжаттардың (аттестат, диплом, білімі туралы куәлік, еңбек
кітапшасы және тағы басқалар) көшірмелері беріледі.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан
кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаян мен фотосуреттен басқа) көрсетілетін қызметті
алушыға қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін
қызметті алушыға:
көрсетілетін қызметті берушіде – тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның
тегі мен аты-жөні көрсетілген өтінішті тіркеу туралы хабарлама;
Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат
беріледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.";
1-қосымша осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында
немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс
берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің
www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде
орналастырылған.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің
www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде
орналастырылған.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар
қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi
капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай
сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке
немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің
www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде
орналастырылған".";
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 20 және 21-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда
жазылсын;
осы бұйрыққа 22, 23, 24-қосымшаларға сәйкес 34, 35, 36-қосымшалармен
толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Стратегиялық даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның
қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмелерінің бір
данасын "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық
актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;