туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы
мәліметтер.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер"
бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.";
1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа
редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.";
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30
минут.";
9-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның
лицензиясы бар
ұйымдарда, "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесінде банк шоттың нөмірі
туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы
мәліметтер;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:
еңбек кітапшасы;
еңбек кітапшасы болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кітапшасында тиісті
жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер, әртүрлі оқулар болған кезде архив
мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар;
бiлiмi туралы құжат;
әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген
туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы
анықтама).
Болуына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:
"Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы
туралы анықтама;
әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;
бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және бөгде
адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он
алты жасқа дейінгі мүгедекке күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың
шешімі;
бұрынғы кеңестiк мекемелер, Қазақстан Республикасы мекемелері, халықаралық ұйым
қызметкерi жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;
әскери қызметшiнiң, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері жұбайының (зайыбының)
жұмысқа орналасу мүмкiндiгi жоқ жерлерде тұрғанын растайтын құжат.
Жұмыс істемейтін ананың жас балаларға күтім көрсеткенін растау үшін мына
құжаттардың біреуі (болуына қарай) ұсынылады:
балалардың жеке басын растайтын құжат;
балалардың неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не
некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін
өзгерткен кезде);
балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
орта-кәсіптік немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың
оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;
балалардың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
балалардың қайтыс болуы туралы куәлік (немесе азаматтық хал актілерін жазу
органдары берген қайтыс болуы туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу
туралы анықтама);
Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық)
белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.";
1-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына
әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу,
жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған
баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның
күтіміне байланысты табысынан айырылу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.";
8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"ЖАО-да – Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек
тәртібінде көрсетіледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.";