ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН
МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ
СҰРАҚ-КІТАПШАСЫ
11-СЫНЫП
9024-НҰСҚА
Сектор 3
9
0
2
4
Аты жөні ___________________________________________________________________
Қала (облыс) _______________________________________________________________
Аудан ______________________________________________________________________
Мектеп _______________________________________Сынып ______________________
Оқушының қолы____________________
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Сұрақ-кітапшасы Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, Физика, Биология пәндерінің тест нұсқаларынан тұрады.
Тест сынағына берілетін уақыт – 120 минут (2 сағат).
Жауап беру кезінде кез келген пәннен бастауға болады.
Тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс.
Таңдаған жауабыңызды жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеңіз.
Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтырыңыз.
Есептеу жұмыстары үшін сұрақ-кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.
Сынақ кезінде:
аудиториядан рұқсатсыз шығуға;
орын ауыстыруға;
сұрақ кітапшасын ауыстыруға, көшіруге;
тест мазмұнын және дұрыс жауаптар кілттерін табатын мәліметті пайдалануға;
ақпараттық мәліметтер, электронды жазба кітапшаларын, калькулятор, ұялы телефондар, пейджерлер және басқа да байланыс құралдарын қолдануға
қатаң тыйым салынады.
Қазақ тілі
1. Тұрақты сөз тіркесі
A) куә болу
B) бас ұру
C) қолын жуу
D) ұйқысы қану
E) ілмекті ілу
|
2. Тура мағынадағы сөз
A) қатты кісі
B) қатты кетті
C) қатты жел
D) қолы қатты
E) қатты ағаш
|
3. Диалект сөз қатысқан сөйлем
A) Дүкеннен біресе тоқаш, біресе сүт тасып жүргені.
B) Аушылар итбалық бар жерді іздейді.
C) Моңғол әскерлері жайында әңгіме шертті.
D)Ауыл адамдары құрапатта бас қосты.
E) Біз бір күнгі жолда сол түйелерді аралап өттік.
|
4. Түйе шаруашылығына байланысты кәсіби сөз
A) шуда
B) жүйек
C) қоза
D) көсек
E) алқап
|
5. Басқа тілден енген аралас буынды сөз
A) тыныс
B) дәптер
C) мұғалім
D) баспасөз
E) мылтық
|
6. У дауыссыз болып қолданған сөз
A) уық
B) уыт
C) уран
D) уыз
E) уақыт
|
7. Біріккен сөз
A) жапырақ
B) қасқыр
C) қосымша
D) қарасан
E) жоңышқа
|
8. Түбір сөз
A) сенім
B) білім
C) бедел
D) құрам
E) сөздік
|
9. Есімше жұрнағы жалғанған сөз
A) кебек ұшырды
B) қарамақ болды
C) бармақ басты
D) сырмақ тікті
E) құймақ пісірді
|
10. Дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған еліктеу сөз
A) шолп
B) кілт
C) лып
D) жарқ
E) жалт
|
11. Етістік түбірден жасалған зат есім
A) байлық
B) айтыс
C) жаңалық
D) шындық
E) ерлік
|
12. Қатыстық сын есім қатысқан сөйлем
A) Сағыммен көкке ұшады торғындай бу.
B) Мен бүгін аппақ шашы бар ақсақалды атамын.
C) Алтын күн күміс суға нұрын бүркеді.
D) О, шіркін, адамның бәрі сен сияқты адал болса ғой.
E) Көз байланып кетті, ауыл тым-тырыс.
|
13. Сөйлемдегі сан есімнің қызметі
Ол екеуінің төрт әнін бүкіл ауыл жатқа біледі.
A) баяндауыш
B) бастауыш
C) толықтауыш
D) пысықтауыш
E) анықтауыш
|
14. Сұраулы сөйлем
A) Абайжан-ау, қайдағыны айтқыздың ғой
B) О да бір қызық дәурен екен-ау
C) Күздігүні бұл өзенде ел отырмаушы ма еді
D) Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай
E) Қараңғыда жақын жіберу қауіпті, байқа
|
15. Сұрау есімдігінен жасалған сөйлем
A) Ол жер жаяуға біраз жер емес пе?
B) - Теңіз деген осы ма?- деп қараймын.
C) Бөрінің бірі арасына кіріп кетті ме?
D) Құтылар күн бар ма екен бұл қырсықтан?
E) Біздің ауылдан қонақ осылай аттанғанын қашан көрдің?
|
16. Төлеу сөзге лайық сөйлем
A) Дүние бір ұйқысы қанып оянған жас баладай балғын да ерке.
B) "Арман деген - көп белес, біріне шықсаң, бірі бар",- дейді Ғ.Мұстафин.
C) Асан әкесінің көп жылдардан бері Жарасбайдың жылқысын бағатынын айтты.
D) Әр үйдің төбесінде кергіштеп тізген қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян терілері бұлаңдайды.
E) Би-шешендер даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған.
|
17. Іс атаулы мақсатынан белгілі болса, мақсаты ұлы болса, іс те ұлы деп аталады.Сөйлем түрі
A) жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас
B) бірыңғай жарыспалы
C) аралас құрмалас
D) әр алуан жарыспалы
E) сатылы көп бағыныңқы сабақтас
|
18. Қыстырма сөзге қатысты қойылатын тыныс белгі
A) Мен оның сөзінен нақтылықты байқаймын.
B) Байқаймын басымды үнсіз шайқаймын.
C) Ауылдың аңғарын, ауылдың ұшқан түтінін байқаймын.
D) Ақсақалдың сөзі байқаймын ойландырған сияқты.
E) Екі көзім төрт болғанша байқаймын.
|
19. Автор сөзі төл сөздің ортасында тұрған жағдайда сызықшаның қойылуы
A) төл сөзден кейін.
B) төл сөздің алдынан.
C) автор сөзінің алдынан.
D) автор сөзінен кейін.
E) автор сөзінің екі жағынан.
|
20. Көркем әдебиет стилінің тілдік құралдарын анықтаңыз.
A) ғылыми терминдер, хабарлы сөйлемдер, диалог.
B) кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, даяр тіркестер.
C) риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза.
D) ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары.
E) қарапайым сөздер мен сұраулы, лепті сөйлемдер.
|
Қазақ тілі пәнінен сынақ аяқталды
Қазақстан тарихы
1. Ежелгі Қазақстанда мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасқан кезеңі
A) неолит
B) мезолит
C) қола дәуірі
D) темір дәуірі
E) энеолит
|
2. Мустье дәуірінде игеріле бастаған Қазақстандағы аймақ:
A) шығыс, солтүстік
B) оңтүстік, батыс
C) батыс, шығыс
D) шығыс, орталық
E) солтүстік, орталық
|
3. Мемлекет билеушісін темір дәуірінде «Тәңірқұты» деп атаған тайпа:
A) үйсін
B) сақ
C) қаңлы
D) ғұн
E) сармат
|
4. Темір дәуірінде Қазақстандағы Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында дамыған шаруашылық:
A) бау-бақша
B) көшпелі
C) жартылай отырықшы
D) жартылай көшпелі
E) отырықшы шаруашылық
|
5. IX ғасырдың соңында Сырдың орта және төменгі ағысында құрылған мемлекет:
A) Түргеш
B) Қарлұқ
C) Қарахан
D) Оғыз
E) Түрік
|
6. Б.з.б 138 ж. Батыс елдеріне елшілік жіберген император:
A) У-Ди
B) Юстиниан
C) Шэн
D) Земарх
E) Сюань-Цзянь
|
7. Моңғол империясында өкімет билігінің жоғарғы органы:
A) Жарғы
B) Хандық
C) Қағандық
D) Құрылтай
E) Жасақ
|
8. Қазақ халқының, қазақ жүздерінің пайда болуы туралы айтылатын аңыз:
A) Тарих
B) Алаша хан
C) Жошы хан
D) Оғызнама
E) Шыңғыснама
|
9. Әбілхайырдың билігін мойындамаған сұлтандар:
A) Бұрындық пен Есенбұға
B) Жәнібек пен Керей
C) Барақ пен Керей
D) Тоғылық Темір мен Керей
E) Жәнібек пен Ұрыс
|
10. Бүкілқазақ хандығының бас қосқан кеңесі:
A) Хандық
B) Құрылтай
C) Жиын
D) Қағандық
E) Орда
|
11. Әбілғазы Бахадурдің шығармасы:
A) "Шежірелер жинағы"
B) "Түрік шежіресі"
C) "Шыңғыснама"
D) "Бабырнама"
E) "Тарих"
|
12. 1791-1794 жылдары Кіші жүзді билеген хан:
A) Шерғазы
B) Есім
C) Қаратай
D) Ералы
E) Айшуақ
|
13. XIX ғасырдағы Ішкі Орданың соңғы ханы:
A) Бөкей
B) Қаратай
C) Айшуақ
D) Жәңгір
E) Шерғазы
|
14. Қазақстанда XX ғасырдың басында ереуілдердің жаппай етек алуына әсер еткен оқиға:
A) бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
B) бірінші орыс революциясының лебі
C) шетелдіктердің кәсіпорындарды сатып жіберуі
D) шетелдіктердің қазақтардың жерін сатып алуы
E) жұмысшылардың саяси санасының өсуі
|
15. Бұланты шайқасы болған жердің атауы:
A) Аңырақай
B) Орбұлақ
C) Қалмақ қырылған
D) Қалмақтардың аңырауы
E) Ойрантөбе
|
16. 1932 жылы көктеміне қарай аяқтау белгіленген саясат
A) ұжымдастыру
B) жаңа экономикалық саясат
C) жер-су реформасы
D) әскери коммунизм
E) индустрияландыру
|
17. Сталинград шайқасына қатысқан Қазақстандық батыр:
A) Ғ.Сафиуллин
B) Т.Тоқтаров
C) С.Нұрмағанбетов
D) М.Ғабдуллин
E) С.Рыков
|
18. Есімдері XX сьезден кейін ақталған ақындар:
A) М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ш.Құдайбердіұлы
B) Қ.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, К.Кеңесбаев
C) Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов
D) С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров
E) М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, Ш.Құдайбердіұлы
|
19. Республикаға көлемі 13,8 млн сомның тауары сырттан әкелінген уақыт
A) 1985 ж.
B) 1987 ж.
C) 1986 ж.
D) 1988 ж.
E) 1989 ж.
|
20. КСРО халық депутаттарының I сьезі болған жыл:
A) 1989 ж.
B) 1990 ж.
C) 1986 ж.
D) 1987 ж.
E) 1991 ж.
|
Қазақстан тарихы пәнінен сынақ аяқталды
Физика
1. Векторлық шама
A) масса
B) температура
C) жылдамдық
D) жол
E) тығыздық
|
2. Дене жердің жасанды серігі болу үшін оған берілетін жылдамдық
A) ≈ 6 км/с
B) ≈ 8 км/с
C) ≈ 4 км/с
D) ≈ 10 км/с
E) ≈ 2 км/с
|
3. Ашық ғарыштағы ғарышкер ғарыш кемесіне ешнәрсенің көмегінсіз оралуы мүмкін егер
A) жылдамдық тұрақсыз энергияның сақталу заңы орындалса
B) масса тұрақсыз импульстің сақталу заңы орындалса
C) салмақ тұрақты энергияның сақталу заңы орындалса
D) жылдамдық тұрақты импульстің сақталу заңы орындалса
E) масса тұрақты импульстің сақталу заңы орындалса
|
4. Массасы m, жылдамдығы υ вагон, массасы 2 m қозғалмайтын вагонға келіп соқтығысады және оған тіркеледі. Соқтығысқаннан кейінгі вагондар жылдамдығы
A) υ/2
B) 2 υ
C) υ
D) υ/3
E) 3 υ
|
5. Молекулалардың қозғалысын жылдамдық бойынша таралуын сипаттаған
A) Архимед
B) Максвелл
C) Галилей
D) Ньютон
E) Штерн
|
6. Конденсаторға 5мкКл заряд берсек, оның сыйымдылығы 5 мкФ-қа тең болады. Осы кезде конденсатор астарындағы кернеу
A) 4 В
B) 4·104В
C) 1В
D) 4·106В
E) 1·102В
|
7. Бойль-Мариотт заңы
A)
B)
C)
D)
E)
|
8. Дене температурасы 25 ºС-ден 75 ºС дейін артса, онда орташа кинетикалық энергиясының өзгерісі
A) өзгермейді
B) 3 есе кемиді
C) 3 есе артады
D) 6 есе артады
E) 6 есе кемиді
|
9. Жылу құбылыстарына таралған энергияның сақталу және түрлену заңы
A) термодинамиканың үшінші заңы.
B) термодинамиканың екінші заңы.
C) термодинамиканың бірінші заңы.
D) энергияның сақталу заңы.
E) энергияның түрлену заңы.
|
10. Газ адиабаталық жолмен сығылғанда 750 Дж жұмыс жасалса, оның ішкі энергиясының өзгерісі
A) 750 Дж
B) 605 Дж
C) 375 Дж
D) 0
E) 950 Дж
|
11. Оттек молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/с болса, температурасы (M(О2)=32 г/моль, R=8,31 Дж/кг∙моль)
A) ≈260 К
B) ≈320 К
C) ≈300 К
D) ≈480 К
E) ≈250 К
|
12. С1=2 мкФ, С2=4 мкФ, С3=1 мкФ, С4=2 мкФ, С5=6 мкФ болса, суретте көрсетілгенконденсатор батареясының электр сыйымдылығын анықта
A) 1,5мкФ
B) 0,5мкФ
C) 5 мкФ
D) 2,5мкФ
E) 1 мкФ
|
Достарыңызбен бөлісу: |