«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу



жүктеу 0,49 Mb.
бет3/3
Дата25.11.2017
өлшемі0,49 Mb.
#1955
1   2   3

3. Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына шағым беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

13. көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көзделген.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы _______ № _____

бұйрығына

5-қосымша
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы «28» сәуірдегі

№ 279 бұйрығына

35-қосымша



Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

«Инфляция деңгейін ескере отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі»

1 Тарау . Жалпы ережелер
1. «Инфляция деңгейін ескере отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірледі (бұдан әрі – Министрлік).

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.



2 Тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:

Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында жарияланған сәттен бастан 10 (он) күн өткеннен кейін инфляция деңгейі туралы ақпарат болмаған кезде.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны – қағаз.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі: «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1029 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркеу реестрінде № 12645 болып тіркелді) нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы тағайындау туралы хабарлама.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) тегін көрсетіледі.

8. Мемлекеттік корпорация жұмыс кестесі – дүйсенбіден сенбіні қоса алғанға дейін, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мейрам күндерінен басқа.

Қабылдау «электрондық тізім» тәртібімен, қызмт алушының тіркеу жері бойынша, тездетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9. Қызмет алушы (немесе нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша) жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға (фронт-офис) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.

Өтінішті қабыдлау кезінде жеке басын куәландыратын құжат туралы, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу туралы, мүгедектік туралы анықтаманы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) арқылы алынады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке:

жеке жүгінген кезде:

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 21 маусымдағы № 105-V Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабы 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдiктердің тұру ықтиярхаты);

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуді кәуландыратын құжат (адрестік анықтама немесе ауыл әкімінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – тұрғын-үй шаруашылығының азаматтартын есепке алу және тіркеу бойынша бөлімінің анықтамасы).

3) екінші дейңгейлі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған алушының банк шотының нөмірі туралы мәліметтер (бұдан әрі – банк шотының нөмірі туралы мәліметтер);

4) зейнетақы аннуитеті шартты жасасқан адамдар үшін сақтандыру ұйымдарымен жасаған шарттың (шарттардың) көшірмесі қоса беріледі.

Бірінші немесе екінші топ мүгедектік болып белгіленген адамдар және Заңның 31-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына, 32-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдеріне құқығы бар адамдар қосымша «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама ұсынады.

Шетел азаматтарының және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының алушылары болып табылатын, айырма төлеміне құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, азаматтығы жоқ адамдардың өтінішіне:

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге көзделмесе, шет ел паспорттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

Сенім білдірген адам жүгінген кезде:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

2) сенім білдірген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3) сенімхаттың көшірмесі немесе оның нотариат кәуландырған көшірмесі;

4) банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

Мұрагері:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

2) мұрагердің жеке басын кәуландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасын;

3) айырма төлеміне құқығы бар адамның қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат куәландырылған көшірмесін;

4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімін;

5) мұрагердің банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.

Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемін тағайындау үшін олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары:

1) қамқоршының немесе қорғаншының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұру ықтиярхаты) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

2) қамқоршылықтың немесе қорғаншылықтың белгіленгенін растайтын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынады.

Қызмет алушы барлық талап етілген құжаттарды ұсынған кезде қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі жеке басын куәландыратын құжатты берген кезде, қызмет алушы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жеке жүгінген кезде беріледі.

Мемлекеттік корпорация қабылданған шешім туралы қызмет алушының ұялы телефонына (Қазақстан Республикасының территориясында қызмет етеді) sms-хабар жіберу арқылы қызмет алушыны хабардар етеді.

10. Қызмет алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның (фронт-офис) қызметкерімен осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

Тиіті төлемді тағайындау немесе айырманы тағайындау үшін өтініш беру фактісін растайтын ақпараттық жүйеден мәліметтерді алған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты өтініш берушіге кейінге қалдырмай береді.
3 -тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қызметті берушінің басшының атына немесе Мемлекеттік корпорация басшының атына шағым беріледі.

Шағым көрсетілетін қызмет берушінің, Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы пошта бойынша не қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызмет берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Қызмет көрсету кезінде қызметкер дөрекілік көрсеткен жағдайда шағым Мемлекеттік корпорация басшысына беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол және почта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелгені (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелу күні шағымның екінші экземплярында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады.

Көрсетілетін қызмет берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не қызмет берушінің немесе Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы шағыммен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.



4 -тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар
13. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге асыру мүмкіндігін немесе еңбек ету қабiлетiнен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайы көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсында көрсетілген:

1) Министрлік – www.mzsr.gov.kz, Бөлім «Мемлекеттік қызметтер»;

2) Мемлекеттік корпорация – www.con.gov.kz.

15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.goscorp.kz интернет- ресурсында көрсетілген.

«Инфляция деңгейін ескере отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттік көрсетілетін

қызметтің стандартына

1-қосымша

Нысан
Ауданның коды ______________

Қазақстан Республикасы


______________ облысы (қала) бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментіне

Өтініш

азамат (ша)

_____________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толық)


Туған күні «_____» _____________ 19____жыл, мекенжайында тұратын:

______________________________________________________________


Менің жеке зейнетақы шотым __________________________________

Менің жеке сәйкестендіру нөмірім ________________________________


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:

№___________________________________________________________

Берген мекеме ________________________________________________

Берілген кезі _______________________________________________

Банктік реквизиттер: ___________________________________________

Банк атауы _______________________________________________

Банк шот № _______________________________________________

Шоттың түрі: ағымдағы _________________________________________

Маған инфляция деңгейін ескере отырып,

_______________________________________________________________

(міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауды сұраймын.

Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы үшін жауапты боламын.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотының болуы және ________________________________________ міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді сұратуды өтінемін.

Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Инфляция деңгейін ескере отырып, (міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет)) сомасы және ұялы телефонға sms-хабарлар жіберу жолымен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) үшін шешім қабылдау туралы хабарламаға келісім беремін.

Өтініш берушінің байланыс деректері:

үйінің телефоны _________ ұялы телефоны _____________ Е-маil ______________________________________________________________

өтінішті беру күні: 20_____ жылғы «__________» _______________________

Өтініш берушінің қолы ____________________
Азамат (ша) ___________________________________________ өтініші

20___ жылы «___» № ____________ қабылданды,


құжатты қабылдаған адамның (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)), лауазымы және қолы: _______________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:



Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескертпе

















































----------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)

Азамат (ша) ______________ өтініші № __________ болып тіркелді.

Құжаттарды қабылдаған күн _____________________

Құжаттарды қабылдаған адамның (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)), лауазымы және қолы: _______

_______________________
«Инфляция деңгейін ескере отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттік көрсетілетін

қызметтің стандартына

2-қосымша
Нысан

____ ҚОЛХАТ


Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша инфляцияның деңгейін ескере отырып айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы ______________________________________________

(жарналар түрін көрсету қажет)



20 ___ жылы «__» ___________

Азамат (ша)

_______________________________________________________________
                ( өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) )
Туған күні «____» ________________ ____ жыл
Асырап алушы ______________________________________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Өтініш берген күні 20 ___ жылы «__» ___________ № _______________
________________________________________________________________
Толық емес құжаттар пакеті ұсынылған себеппен, өтінішті қабылдаудан бас тартылды. Ақпараттық жүйедегі мәліметтер, төлем тағайындауға қажет құқықтың болмауы

__________________________________________________________________


(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және жауапты тұлғаның лауазымы)
«Инфляция деңгейін ескере отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттік көрсетілетін

қызметтің стандартына

3-қосымша
Нысан
Өтінішті қабылдаудан бас тарту

ҚОЛХАТ
             ______________________________________________
                                 (
жарналар түрін көрсету қажет)

20 ___ жылы «__» ___________



Азамат (ша) _______________________________________________________________
               (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))
Туған күні «____» ________________ ____ жыл
Өтініш берген күні 20 ___ жылы «__» ___________ № _______________

Ақпараттық жүйе бойынша орталық атқарушы орган нысанды тағайындау, төлей және өтініш беру расталды

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________



(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және жауапты тұлғаның лауазым
жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау