«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу


Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат



жүктеу 0,49 Mb.
бет2/3
Дата25.11.2017
өлшемі0,49 Mb.
#1955
1   2   3

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын басшылылққа ала отырып, __________________ әкімдігінің (мекен жайы көрсету) халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нда көзделген тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттар топтамасының толық еместігіне көңіл бөле отырып, «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тартады.



Жоқ құжаттардың атауы:

  1. ________________________________________;

  2. ________________________________________;

  3. ….

Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бір данадан 2 данада жасалады.
_______________________________ ____________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

(халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері)

Телефоны__________


Алдым: Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/көрсетілетін қызметті алушының қолы ____________________________________________________
20__ жылғы «___» _________.

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы __ __________

№ __ бұйрығына

2-қосымша
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 279 бұйрығына

28-қосымша



«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді

шараларына қатысуға жолдамалар беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту орталықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың берген сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні.

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру, ол мыналарды:

1) жұмысқа орналасуға жолдама беруді;

2) кәсіптік оқытуға жолдама беруді;

3) азаматтардың және оралмандардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесуге жолдама беруді:

кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

микрокредит беру;

4) жастар практикасына жолдама беруді;

5) әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама беруді;

6) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жолдама беруді;

7) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарына жолдама беруді;

8) қоғамдық жұмыстарға жолдама беруді;

9) тегін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуді қамтиды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған;

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, оралмандар үшін – оралман куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін);

білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса);

еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);

қоныс аударушылар үшін – қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу туралы өңірлік комиссияның шешімі;

Азаматтардың және оралмандардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу кезінде:

тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімінің анықтамасы);

жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту үшін бизнес-ұсыныс;

жоба үшін жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуға және (немесе) жетіспейтінін салуға және (немесе) жабдықты сатып алуға оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға өтінімді (қажет болған жағдайда) қоса бере отырып, өтініш;

Жеке iсiн кеңейтуді жоспарлап жүрген адамдар төлем қабiлеттiлiгiн (адамға қызмет көрсетiлетiн екiншi деңгейдегi банктiң немесе оның филиалының қол қойылған және мөр басылған адамның банктiң немесе оның филиалының алдындағы (адам бiрнеше екiншi деңгейдегі банктiң немесе олардың филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осы банктердiң әрқайсысынан берiледi) мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берген күннiң алдында үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы анықтамасының түпнұсқасы) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесуге:

отбасының құрамы туралы мәліметтер;

көшуге субсидия тағайындау және қызметтік тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (жатақханадан бөлме) беру үшін;

шыққан жерінен қоныс аударуға жолдамасы;

көрсетілетін қызметті алушының және оның отбасы мүшелерінің келген жері бойынша жылжымайтын мүлкі жоқ (бар) екені туралы анықтама;

жұмыс берушімен жасалған еңбек шарты (бар болса).

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды

адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)

шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алатын мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімнің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының «1414» телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету статусы туралы ақпаратты, көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көзделген.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы « »

№ бұйрығына

3-қосымша


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 279 бұйрығына

31-қосымша



«Ақталған адамға куәлік беру»

мемлекеттік қызметінің стандарты
1. Жалпы ережелер

1. «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

4. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

өтініштің Мемлекеттік корпорацияда тіркелген сәтінен бастап бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның маманы қабылданған құжаттар топтамасын уәкілетті органға жолдайды;

уәкілетті орган Мемлекеттік корпорациядан құжаттар топтамасын қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға куәлікті немесе «телнұсқа» мөртаңбасы басылатын куәліктің телнұсқасын жолдайды.

Мемлекеттік корпорация маманының құжаттар топтамасын қабылдап алған және куәлікті беру (куәліктің телнұсқасын) күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут;

қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 қаулысымен бекітілген нысандағы куәлік немесе оның телнұсқасы болып табылады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысанда ақталған адамға куәлік беру туралы өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі;

3) өкілі арқылы жүгінген жағдайда - оның өкілеттіктерін растайтын құжат;

4) өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр фотосурет;

Салыстырып тексеру үшін құжаттың төлнұсқасы және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты ұсынуы, оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.

Құжаттар топтамасы толық болған жағдайда Мемлекеттік корпорация маманы куәлік алуға үміткер адамдардың өтініштерін электронды журналда тіркейді.

Тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаты көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттар топтамасын қабылдағанын растайтын құжат болып табылады.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттік корпорация қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.


4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

2) Мемлекеттік корпорацияның – www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414» Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары – www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.


«Ақталған адамға

куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша


____________________________________

(уәкілетті органның атауы)

____________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә (бар болса))

____________________________________

(тұратын мекенжайы)



Ақталған адамның куәлігін (телнұсқасын) беру туралы өтініш
«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маған жеңілдіктерге құқықты растайтын ақталған адамның куәлігін (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын.

Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттардың төлнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын.

Куәлікті беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.


20___жылғы «__» _______ __________________

(өтініш берушінің қолы)


Құжаттарды: ___________________________________________ қабылдады.

(құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)


20___жылғы «__» ________ ______________________________

(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)


_____________________

«Ақталған адамға

куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Нысан
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат
Азамат (ша) ________________________________________________________

(өтініш берушінің аты, тегі, әкесінің аты (бар болса))


Өтініш бері күні 20 ___ жылғы «___» _______________
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 19-бабына сәйкес ақталған адамның бірыңғай үлгідегі куәлігін беруге қажетті құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған себепті өтінішті қабылдаудан бас тартылады

____________________________________________________________________________________________________________________________________

(Мемлекеттік корпорация маманының аты, тегі, әкесінің аты (бар болса))
____________________

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы «__» __________

№ __ бұйрығына



4-қосымша

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 279 бұйрығына



34-қосымша

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту орталықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

көрсетілетін қызметті беруші;

www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын ұсынған сәттен, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 1 (бір) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы хабарлама.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіліп. сақталады.

7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

көрсетілетін қызметті берушінің – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде орналастырылған;

өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.

мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, оралмандар үшін – оралман куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін).

порталда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының дербес деректері автоматтандырылған ақпараттық жүйеге жауапты адамның ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында енгізіледі;



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау