М.Вебер әлеуметтік топтарды зерттеді. Ол топтарды ең алдымен беделіне, мәртебесіне,қадіріне және жай-күйіне, жағдай-тұрмысына қарай бөлді,олардың арасындағы дау-дамайды, жанжалды дұрыс бейнелеп көрсетті. Ол сонымен қатар Маркстің пролетариат диктатурусы туралы ілімін өткір сынға алды. М.Вебер саяси әлеуметтануды дамытуға да үлкен үлес қосты.Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол саяси билікті 3 түрге бөлді: 1)харизматикалық ; 2)дәстүрлік; 3)бюрократтық. Харизматикалық үстем ету – яғни соқыр сезіммен көсемге сенуге негізделген. Дәстүрлік – дәстүр мен салтқа негізделген; ал, бюрократтық деп ресми қызметтегі адамдардың, азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде атқаратын үстем ету формасы.Осыдан барып «бюрократизм» деген ұнамсыз ұғым пайда болды. Бюрократизм – істің мәніне немқұрайлы формальды қарау, істі көпке созу.Екінші жағынан, мұның өзі бюрократтық кәсіби деңгейі мен адамгершілік қасиеттерінің төмендігін, қызмет тәжірибесінің кемдігін дәлелдейді. М.Вебер әлеуметтік стратификация теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана емес, сонымен бірге оған саяси және статус, престиж, өлшемдері қолданылады.Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды. Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің даму жолында негізгі төрт кезеңнен өтті: 1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болды. Бұл кезеңде ол философиядан бөлініп шығып, қоғам, адам, осылардың дамуы туралы мәселелерді зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады. 2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды. 3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтитын кезеңде әлеуметтануөтендегң өзінің теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламент және президент сайлауларының қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп отырады. 4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |