Әлеуметтік нақтылықтың негізгі элементі-әлеуметтік фактілер, осылардың жиынтығынан қоғам құралады. Осы фактілер әлеуметтанудың пәнін құрайды. Оның басты мақсаты қоғамдағы құбылыстарға түрткі болатын заңдылықтарды ашып, тұжырымдау. Э.Дюркгейм қоғамды ерекше субстанция ретінде қарастырады, оны топтық сана мен топтық мінез-құлық ерекшеліктерімен салыстыра отырып түсіндірген.Э.Дюркгеймнің әлеуметік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық теориясы құрайды. Э.Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі – ұжымдық сана. Яғни әр қоғамда тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлердің, көзқарастардың, моральдық ережелердің жиынтығы болады. Қоғам дамуының ХІХғ. Аяғы мен ХХғ. Басындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Э.Дюркгейм ұжымдық санадағы өзгерістерге тоқталған. Оның пікірінше экономикалық байланыстар әлеуметтік ұйымдастыруды қоғамдық еңбектің бөлінуін қамтамасыз етеді. Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізінде социологизм постулатына сүйене отырып, адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себебін анықтауға тырысады. Оның ойынша, адамның өзіне қол жұмсау әрекеті қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына байланысты болмақ. Нақтылай айтсақ, оның тамыры ұжымдық байланыстардың деңгейі мен шапшаңдығына және әлеуметтік интеграцияның негізінде тетігінде жатыр. Э.Дюркгейм мынадай тамаша қорытындыға келеді: қоғамның даму деңгейі және интеграциясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын өзі қиюшылық әрекеті төмен болады және керісіншеде де солай. Осындай тұжырыммен ол әрбір әлеуметтік топтардағы өзін-өзі өлтірушіліктің түрліше деңгейін ашып берді. Ол өзін-өзі өлтірушіліктің төрт типін анықтап берді, олар: эгоисттік, альтуристтік, экономикалық және фатолисттік. Э.Дюркгеймнің бұл теориялық еңбегі қылмыстық істердің және девианттық мінез-құлық әлеуметтануының негізін салды. Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізінде социологизм постулатына сүйене отырып, адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себебін анықтауға тырысады. Оның ойынша, адамның өзіне қол жұмсау әрекеті қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына байланысты болмақ. Нақтылай айтсақ, оның тамыры ұжымдық байланыстардың деңгейі мен шапшаңдығына және әлеуметтік интеграцияның негізінде тетігінде жатыр. Э.Дюркгейм мынадай тамаша қорытындыға келеді: қоғамның даму деңгейі және интеграциясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын өзі қиюшылық әрекеті төмен болады және керісіншеде де солай. Осындай тұжырыммен ол әрбір әлеуметтік топтардағы өзін-өзі өлтірушіліктің түрліше деңгейін ашып берді. Ол өзін-өзі өлтірушіліктің төрт типін анықтап берді, олар: эгоисттік, альтуристтік, экономикалық және фатолисттік. Э.Дюркгеймнің бұл теориялық еңбегі қылмыстық істердің және девианттық мінез-құлық әлеуметтануының негізін салды.
Достарыңызбен бөлісу: |