7.3 Жұмысты орындау тәртібі
Бұл жұмысты орындау үшін келесі аспаптар мен материалдар қажет:
а) «Сақина және шар» аспабы;
б) электрлік плита;
в) термометр;
г) глицерин және тальк;
д) пышақтар;
е) мұнайлы битум
Жұмсарту температурасын 7.2 суретте көрсетілген «Сақина және шар» әдісімен анықтаймыз. Ол үш диск орнатылған металды тағаннан тұрады. Екі астынғы дисктер қашықтықта орналасқан. Ортаншы дискіде екі тесік бар, оларға ішкі диаметрі 15,88 мм және ұзындығы 6,25 мм жезді жүзікті орнатады.
Битум мен сақинаны ауада 30 минут ұстайды, ал битумның артығын пышақпен кеседі. Үстіңгі дискінің ортасында термометр орнатылатын тесік бар. Термометрдің сынапты шаригі 5 сақина діңгейіне сәйкес болуы керек. Битумның бетіне сынақ өткізу үшін әр сақинаның ортасына салмағы
3,45...3,55 г және диаметрі 9,53 мм тең болаттан жасалған шарикті орнатады.
Осыдан кейін, таған мен сақиналарды сумен толтырылған шыны түтікке салады да, термометрді орнатып шыны түтікті электр плитасына қояды. Қыздыру кезінде битум жұмсарады және бір температура кезінде салмақтың әсерінен шарик пен битум түседі де төменгі дискімен жанасады. Жанасу кезіндегі температураны битумның жұмсару температурасы ретінде қабылдаймыз. Оны, екі тәжірибенің орташа арифметикалық мәнін алып есептейді.
1- термометр; 2- шар; 3- сақина; 4- «сақина және шар» аспабы;
5-түтік; 6- су; 7- термометр мен дискілерді бекітетін таған.
7.2 Сурет – Суы мен түтікке батырылған «сақина және шар» аспабы
Есептеулер нәтижесін 7.1 кестеге еңгіземіз.
Жұмсару температура бойынша битум маркасын анықтаймыз.
7.1 Кесте – Есептеулер мен өлшеулер нәтижелері
8 Зертханалық жұмыс
Осциллографтың көмегімен материалдардың магниттік қасиеттерін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: Осциллографтың көмегімен ферромагниттік үлгінің гистерезистік тұзағын алу және зерттелетін үлгінің магниттік сипаттамаларын зерттеу.
8.1 Жалпы мәліметтер
Материалдардың негізгі қасиеті, ол ферромагнетик емес материалға қарағанда, олардың магнит индукциясының В шамасы магнит өрістің кернеулігі Н шамасының бір мәні кезінде маңызды үлкен болады.
Ферромагнетиктерді кеңістікке еңгізгенде, оның атомдары біркелкі қалыпқа болады, осының салдарынан қосымша магниттік индукция ағыны пайда болды.
Ферромагнетик материалдағы нәтижелі магнит өрісін сипаттайтын магнит индукциясының В шамасы магнит өрісінің кернеулігінен Н тәуілді болды. Магнит өрісінің кернеулігі магниттеу тогымен және сол ток жерінен өткізгіштіктің құралымымен анықталады. Магниттік индукцияның В магнит өрісінің кернеулігінен Н тәуелділігі қисығымен беріледі.
Магниттік материалдардың тұрақты магнит өрісінде анықталған сипаттамасы статикалық, ал айнымалы магнит өрісінде анықталған сипаттамасы динамикалық деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |