Электртехникалық материалтану



жүктеу 4,72 Mb.
бет47/59
Дата04.12.2017
өлшемі4,72 Mb.
#3075
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59

5 Зертханалық жұмыс
Трансформаторлық майдың және сұйық диэлектриктердің электрлік беріктігін анықтау

Жұмыс мақсаты: сұйық диэлектриктердің тесіп өту құбылысының физикалық негіздерін оқып үйрену. Трансформаторлық майды электр беріктігіне сынаған кезде тәжірибелік дағды алу және әдісті меңгеру. Жоғары вольтты жабдықтарда қолдану үшін майдың жарамдылығын және жұмыс кернеуінің шамасын анықтау.
5.1.1 Жалпы мәліметтер

Сұйық диэлектриктер (мұнай майлары, совол, октал, калории – 2, кремний және фторорганикалық сұйықтар) газдарға қарағанда жоғары электр беріктікпен ерекшеленеді. Сұйық диэлектриктерді тесіп өтудің келесі негізгі түрлері бар:

а) иондалған тесіп өту (максималды тазартылған сұйықтар үшін);

б) жылулық тесіп өту (техникалық сұйықтар үшін);

в) электр өрісі күшімен молекулаларын бұзумен шартталған электрлік тесіп өту.

Диэлектрлік сұйықтардың көпшілігі электр жабдықта жұмыс істегенде салқындататын және доға өшіретін ортаның электр оқшалауламасы функцияларын орындайды.

Сұйық диэлектриктер гигроскопты және ауа оттегінің, жоғары температура мен күн сәулесінің әсерінен әсіресе жылтырсырлы оқшаулама және металдармен жанасқанда тотығады. Бұл жағдайда пайда болатын және сырттан әкелінген қоспалар (әсіресе су, целлюлозды талшықтар, тұздар, сілтілер мен қышқылдар) электр беріктігін тез төмендетеді және электроқшаулама сұйықтардың тесіп өту механизмін күрделендіреді.

Электртехникасында трансформатор майы ең көп қолданылады (оның түрлері: конденсаторлы, кабельді), шекті типті метандық

Cn H(2n + 2), мұнайлы Cn H2n және хош иісті Cn H(2n + 2) сұйықты көміртектілердің қоспаларын өзімен көрсетеді және мұнайды өткізуінің бір фракциясының өнімі болып келеді.

Трансформатор майы – түссізден қою сарыға дейін түсті сұйық зат. Метанды және мұнайлы көміртектілердің негізінде ароматиктің үлкен пайыздық мөлшері бар майға қарағанда электр өрісінің әсеріне су тұрақты, бірақ тотығуға артығырақ тұрақты. Сондықтан, бұл майды трансформаторлардың жұмысында қолдану орынды болады, мұндағы электр өрісінің жұмыстық кернеулігі Еж оқшауламада үлкен емес, бактың жеткілікті толық емес, ал қыздыру температурасы едәуір болуы мүмкін.

Құрамында хош иісті көміртектілердің пайыздық мөлшері жоғары трансформатор майы, электр өрісінің әсер етуіне арттығырақ тұрақты, өйткені ароматиканың еркін байланыстары кезінде бөлінетін сутегін байланыстырады да, осымен газ бөлінуді тоқтатады. Сондықтан мұндай майды конденсаторларға сіңдіру немесе құю үшін қолдану орнықты, мұндағы кернеулік үлкен, ал ауаның жіберілуі конденсатор банкаларының жақсы қымтау әсерінен жойылады.

Көміртектілердің процесі газдардың пайда болуына және тұнбаның түсуіне әкеледі, ал қышқылдану процестерге әкелетін майды қыздыру қышқылдықтың өсуіне әкеледі, бұл соңғы кезде майдың электр қасиеттерін нашарлатады.

Басқа сұйық диэлектриктер сияқты, трансформатор майы өзінің электроқшаулағыш қасиеттерін қалпына келтіре алады. Бұл мақсатта электржабдықты қалыпты жұмыс істеуімен қамтамасыз ету үшін май сапасын кезеңді тексереді, керек кезде қоспалардан тазарады және құрғатады. Мемлекеттік стандарт жаңа майларда tgσ мәнін келесі шамалармен шектейді:

а) Т = 20о С болғанда, 0,15 ... 0,3 % көп емес;

б) Т = 70о С болғанда, 2,0 ... 2,5 % көп емес.

Епр электр беріктігі, оның оқшаулама қасиеттерін анықтайтын трансформатор майының ең маңызды сипаттамаларының бірі болып келеді және келесі формула бойынша анықталады


(5.1)
Uпр тесіп өту кернеуінің шамасы электродтардың пішіні мен өлшемінен, олардың арасындағы d қашықтықтығынан, сұйық диэлектриктің қысымы мен температурасынан, жұмсалған кернеуден және май ластануының дәрежесінен тәуелді.

Трансформатор майының электр беріктігімен едәуір дәрежеде май толтырылған аппараттарын тесіп өту кернеуін анықтайтындықтан, тәжірибеде электр беріктікті жаңа (жұмыс істемеген) сияқты, пайдаланып жатқан май үшін де анықтайды.

Трансформаторлық майдың электр беріктігінің нормалары 5.1 кестеде берілген.

5.1. Кесте Майдың сипаттамасы



Жұмыс істейтін кернеуі аппараттар үшін, кВ.

кВ/2,5 мм төмен болмайтын майдың электрлік беріктігі (стандартты әдіс).

Құрылғаннан кейінгі таза құрғақ май

Эксплуатациядағы май

6 кВ және төмен

35 кВ.


110 және 220 кВ.

330 кВ және жоғары.



25

30

40



50

20

25

35



45

Сынауды алу үшін, трансформаторлық майдың сынауы жауапты операция болып келеді және тек қана жазда құрғақ және қыста суық күндерде, 1 литрден кіші емес әдейі ыдыста (шыны, фарфорды) өткізіледі.

Жуылған ыдысты 110о С температура бойынша 2 сағаттан кем емес шкафта кептіреді, одан кейін баяу салқындатып, тығынмен жабады. Сынауды алғанша оларды ашуға рұқсат етілмейді. Сынауды алудың алдында кранды жақсылап тазартады және жуады (ол үшін кран арқылы 1,5 литр майды ағызады). Одан кейін банканы екі рет шаяды, үстіне дейін толтырады және жақсылап жабады. Ыдыстың температурасы ағызылатын майдың температурасынан 3 ... 5о С көп болмауы керек, ал сынақ кезінде бөлменің температурасына сәйкес болуы керек.

5.1.2 Трансформаторлық майды тесіп өтуге сынау. Электрлік беріктікке электроқшаулама сұйықтың, сонымен қатар трансформаторлық майдың сынауы АНМ – 80, АНН – 70, АМН – 60 аппараттарда өткізілуі мүмкін АНМ – 80 аппараттың принципиалды сызбасы 5.1-суретте көрсетілген.



1 – бұғаттауыш түйіспе; 2 – кернеудің реттегіші; 3 – автоматты ажыратқыш; 4 – жоғарывольтты трансформатор; 5 – майды сынау үшін арналған ыдыс.


5.1 Сурет – АИМ – 80 аппаратының принципиалды сызбасы
Қақпақ арқылы аппаратқа бекітілетін әдейі ыдысқа (0,5 л сыйымдылықпен) сыналатын май құйылады. 5.2 суретте көрсетілген диаметрі 2,5 мм келетін жездің екеуінен және қола электродтан құралатын ыдыстың ішіне разрядтауыш өндірілген. Ыдыс құрылғаннан кейін қақпақ жабылады, аппарат қосылады және электродтарда 1 ... 2 кВ/с жылдамдықпен кернеуді 0-ден тесіп өту мағынасына дейін көтереді.

Электродтар разрядтауыштарының арасында пайда болатын тесіп өту электрлік доға бойынша анықталады. Барлығы 6 сынақ өткізіледі, бірақ сынаудың тесіп өту кернеуі үшін ақырғы бес сынақтың орташа арифметикалық мәні алынады.



Әр тесіп өтуден кейін сынаудың келесі сынаққа өту дайындығы өндіріледі. Осы мақсатпен шыны таяқшамен разрядтауыштан күйюдің іздерін және газдың көпіршігін жояды, ал электродтан ысты. Майды араластырғанан кейін оны 5 ... 6 минут аралығында тұндыру керек және осыдан кейін келесі сынау орындалады.

5.2 Сурет – Сынау ыдысы


Сынаудың қорытындысын 5.2 кестеге еңгіземіз.

5.2. Кесте-Өлшемнің және есептеудің қорытындылары



Сынақтың №

1

2

3

4

5

6

Опр орташа мәні.

Тесіп өту кернеуі, кВ.























жүктеу 4,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау