«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет23/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

8)  қабырғалардағы,  датчиктегі,  атқарушы  механизмдердегі,  панельдердегі  және  ӛзге 

жазуларды, таңбалауды орындау; 

9) қалқандарды, панельдерді қысылған ауамен үрлеу. 

394.  Жұмыс  істейтін  жабықтарда  орналасқан  және  әртүрлі  цехтарда  орналасқан 

құрастырмаларда  жылу  автоматикасы  мен  ӛлшеу  құрылғыларымен  барлық  жұмыстар, 

жұмыс жасалатын цехтың ауысым бастығының рұқсатымен жүргізіледі. 

395. Жылу автоматикасы мен ӛлшеу құрылғыларында жұмысқа рұқсат беруші наряд 

бойынша технологиялық цехтың (учаскенің) жедел персоналы болып табылады. Ауысым 

кезекші  персоналы  болмаған  кезде,  сондай-ақ  аумақтық  алшақтағы  объектілерде  жұмыс 

кезінде  наряд  бойынша  жұмысқа  рұқсат  беруші  IV  топтағы  жұмыс  ӛндіруші  болуы 

мүмкін. 

  

  

5. Диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарын пайдалану кезіндегі 

қауіпсіздік 

Кәбілді байланыс желісі 

  

396. Жоғары кернеулі КБЖ-ны сынау кезінде сыналатын учаске шектетіледі. Сынауға 



жатпайтын  КБЖ  учаскелерінде  сынау  кернеуінің  туындауын  болдырмау  үшін  олардың 

арасындағы барлық жалғамалар ажыратылады. 

397.  КБЖ  әр  ұштарында  оқшаулаудың  электрлік  тӛзімділігін  сынау  кезінде  болған 

жұмысшыларға ӛз араларында байланысы болуы қажет. 

398.  КБЖ  алыс  ұшындағы  телефон  аппараты  жұптың  телефон  байланысы  үшін 

бӛлінген әр талсымға тұйықталған бӛлгіш конденсаторлар (сыйымдылығы 0,1 мкФ және 

жұмыс  кернеуі  5-6  кВ)  арқылы  сынау  жүргізгенге  дейін  тұйықталуы  тиіс.  Телефон 

аппаратын  және  конденсаторларды  шұңқырдан  тыс  немесе  диэлектрлік  резеңке 

кілемшемен  жабылған  ағаш  тұғырықтағы  құдыққа  орналастыру  қажет.  Телефонмен 

сӛйлесулер  кәбілде  сынақ  кернеуі  жоқ  болғанда  және  жұмыстарға  жауапты  басшыдан 

шақыру  алғанда  жүргізілуі  тиіс.  Сынау  кезінде  телефон  аппаратына  және  сынау  кезінде 

жалғағыш сымға дейін жанасуға рұқсат берілмейді. 

399.  Сынау  уақытында  жұмыс  басшысынан  телефон  аппараты  ажыратылады,  оны 

сынағаннан және кәбілден заряд алынғаннан кейін қосады. 

400.  Кәбілге  сынау  кернеуін  берер  алдында  жұмыс  басшысы  сынақ  басталғандығы 

туралы бригада мүшелеріне телефон арқылы ескертуі қажет. 

401.  Бокстарда  және  кәбілдің  тарамдалған  ұштарында  қандай  да  бір  айырып-

тұйықтауға, сондай-ақ сынау кезінде кәбілге жақындасуға жол берілмейді. 

402. КБЖ-де жылжымалы аспаппен ӛлшеуді кемінде екі адам жүргізеді, олардың бірі - 

IV топтан, екіншісі - III топтан болуы қажет. 

403.  Электрлі  беру  желісіне  және  электрлендірілген  темір  жолдарына  қауіпті  әсерге 

шалдыққан  КБЖ-ны  электрлік  ӛлшеуді  электр  қорғағыш  құралдарды  қолдана  отырып 

жүргізу қажет. 

404.  Кәбілді  тотығудан  қорғау  құрылғысына  және  қорғау  құрылғыларын  кезбе 

тоқтарға  тұйықтауды,  сондай-ақ  катодты  қондырғыда  қондырғыдан  кернеуді  алмай 

жүргізілетін жұмыстарды диэлектрлі қолғаптармен орындау қажет. 

405.  Дренажды  қондырғыны  жӛндеуді  оны  жанасушы  желі  мен  кәбіл  жағынан 

ажыратқаннан  және  электрленген  темір  жолдың  және  қалалық  электр  құралдарының 

(трамвайлар  мен  троллейбустар)  байланыс  желісі  жағынан  дренажды  кәбілді  жерге 

тұйықтаудан кейін орындауға рұқсат етіледі. 

406. КҚҚ-да қызмет етуге III топтағы қызметкерлерге рұқсат беріледі. 

407.  КҚҚ-дағы  барлық  жұмыстар  нұсқау  бойынша  қондырғы  ажыратылғаннан  және 

кернеу алынғаннан кейін жүргізіледі. 



408. Кептіру блогы мен автоматиканың алдыңғы, артқы және бүйір панельдерін алуға 

және жұмысқа кірісуге КҚҚ-дан кернеу алынған соң 15 минут ӛткеннен кейін ғана рұқсат 

етіледі. 

Кептіру блогы мен автоматикада жұмыс істеу кезінде диэлектрлік резеңке кілемшені 

пайдалану қажет. 

409.  Тұрақты  және  айнымалы  тоқпен  қашықтықтан  қорек  алатын  қызмет 

кӛрсетпейтін  күшейткіш  пункті  (бұдан  әрі  -  ҚКП)  КБЖ-де  мынандай  жұмыс  түрлерінде 

ажыратылады: 

1) монтаждау, демонтаждау және кәбілді қайта тӛсеу; 

2) зақымдалған телефон байланысын жӛндеу; 

3) кәбілге ӛлшеу жүргізу. 

410.  ҚКП-ның  қашықтықтан  қоректендіру  ДТБҚ  кезекшісінің  ӛтінімі  бойынша 

ажыратылады,  ол  қызмет  кӛрсетуші  пункт  (бұдан  әрі  -  ҚККП)  кезекшісінің  немесе 

бастығының  атына  беріледі.  Ӛтінімде  кәбілдің  атауы,  учаске  және  жұмыс  сипаты, 

жұмыстың  басталу  және  аяқталу  уақыты,  қашықтықтан  қоректендіру  түрі,  жұмыс 

басшысының тегі кӛрсетіледі. 

411.  ҚКП-ны  қашықтықтан  қоректендіру  күшейтілген  қоректендіру  пунктінде  бұған 

ӛкілетті тұлғадан келісім алғаннан кейін ҚККП кезекшісі немесе бастығы ажыратады. 

Қашықтықтан  қоректендіру  кернеуін  алу  кӛмегімен  кілттер  мен  түймешелерге 

«Қосуға болмайды! Желіде жұмыс істелуде» деген плакат ілінеді. 

Қашықтықтан қоректендіруді беру тізбегіне тиісті имек тұтқаларды, сақтағыштарды, 

аппаратураның конструкциясына байланысты басқа да бӛліктерді алу арқылы үзік жасау 

қажет. Бұл ретте диэлектрлік қолғаптарды пайдалану керек. 

412.  Қашықтықтан  қоректендірумен  бір  мезгілде  кәбілден  теле  басқару  мен  дабыл 

құрылғысын  қоректендіру  алынады  және  олардың  қабаттарына  «Қосуға  болмайды! 

Желіде жұмыс істелуде» деген плакаттар ілінеді. 

413.  ҚКП  жұмыс  жүргізуге  келісім  алған  соң  жұмыс  басшысы  жӛндеуге  жататын 

кәбілді анықтауы, ондағы кернеудің жоқтығын тексеруі және оны разрядтауы қажет. Бұл 

операцияларды қорғаушы кӛзілдірік пен диэлектрлік қолғап киіп орындау қажет. 

414.  ҚКП  кәбіліндегі  жұмыстың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  қашықтықтан 

қоректендіруді  қабылдау  тізбегіне  қосымша  үзілістер  жасалады.  Коаксильді  жұптарда 

қашықтықтан  қоректендіру  тізбегінде  кӛрінетін  үзіліс  сүзгілер  қабаты  мен 

автотрансформаторлы  блок  арасында  тұрған  тиісті  имек  тұтқаларын  алумен  жүзеге 

асырылады,  сондай-ақ  симметриялық  жұптарда  -  қосымша  тіреуде  орналасқан  бокстағы 

имек тұтқаларын алумен жүзеге асырылады. Алуға жататын имек тұтқалар мен айырлар 

бояуы ерекше болады. 



  

  

Қызмет көрсетілмейтін күшейтілген пункттердің аппаратурасы 

  

415. ҚКП-дегі барлық жұмыстарды бригада жүргізуі қажет, онда жұмыс ӛндірушісі III 



топтан болуы тиіс. 

416.  Тұрақты  желдеткіші  жоқ  ҚКП  камераларын  жұмыс  алдында  және  жұмыс 

уақытында желдетіп отыру қажет. Жұмыс жүргізген кезде камера ашық болуы тиіс. 

Желдеткішпен  жабдықталған  ҚКП-де  жұмыс  кезінде  желдеткіш  каналдары  ашық 

болуы тиіс. 

417.  Қашықтықтан  қоректендіру  аппаратурасын  сынау  алдында  барлық  ҚКП  мен 

оларды қоректендіруші ҚККП арасында телефон байланысы қамтамасыз етіледі. 

418.  Аппаратурадан  жекелеген  платаларды  алу  тек  жұмыс  басшысының  келісімімен 

қашықтықтан  қоректендіру  кернеуі  алғаннан  кейін  ғана  рұқсат  етіледі.  Кернеудегі 

аппаратураны жӛндеуге рұқсат берілмейді. 



  


жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау